Жұмыс берушілердің пікірлерін мен тілектерін ескере отырып, оқыту жағдайын жақсарту бойынша және мамандарды даярлау сапасын арттыру барысында жұмыс жүргіздік. «Жұмыс берушілердің Қарму түлектерін даярлау сапасымен қанағаттануы»



жүктеу 0,52 Mb.
бет1/3
Дата14.11.2017
өлшемі0,52 Mb.
#248
  1   2   3


Құрметті студенттер, магистранттар, докторанттар! Білім сапасын бағалау және мониторинг бөлімі жұмыс берушілердің ҚарМУ түлектерін дайындау сапасына қанағаттануы тұрғысында әлеуметтік сауалнама жүргізді. Біз жұмыс берушілердің пікірлерін мен тілектерін ескере отырып, оқыту жағдайын жақсарту бойынша және мамандарды даярлау сапасын арттыру барысында жұмыс жүргіздік.

«Жұмыс берушілердің ҚарМУ түлектерін даярлау сапасымен қанағаттануы»

бойынша өткізілген ішкі әлеуметтік сауалнама нәтижелерін іске асыру ұсынымдары туралы

ақпарат


Мамандықтар

Ұсынымдар

Орындалуы туралы ақпарат

Түлектерден күтілетін құзыреттілік

Шетел филологиясы

1. Тіл теориясын оқытуға байланысты пәндерді оқу жоспарына енгізу мүмкіндігін қарастыру (бакалавриат).

1. Оқу бағдарламасына элективті пән «Оқылатын тіл теориясының негіздері» енгізілген.

шетел тілдерін оқытудың заманауи әдістемелерін меңгеруі; шетел тілін қарым-қатынас құралы ретінде пайдалануы және сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін меңгеруі;

магистрлердің ғылыми зерттеу әдіснамасын меңгеруі; магистрлердің ЖОО-да оқыту әдістемесін білуі.



Аударма ісі

1. Терминология, практикалық грамматика, фразеологияны оқытуға байланысты пәндерді оқу жоспарына енгізу мүмкіндігін қарастыру (бакалавриат).

1. Оқу бағдарламасына жаңа элективті пәндер «Фразеология және терминологияның практикалық курсы», «Практикалық фонетика және грамматика негіздері» енгізілген.

жазбаша және ауызша аударманы жүзеге асыруы; аударма жазу техникасын пайдалануы; ресми құжаттарды шетел тілінде құрастыра білуі.

Шет тілі:

екі тіл

1.Практикалық грамматиканы оқытуға байланысты пәндерді бакалаврлардың оқу жоспарына енгізу мүмкіндігін қарастыру.

2. Дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп-интернатында факультет кафедраларының филиалдарын ашу мүмкіндігін қарастыру (бакалавриат).



1. Бакалаврлардың оқу бағдарламасына ағылшын, неміс, француз тілдерінің практикалық грамматикасы бойынша элективті пән енгізілген.

2. Дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп-интернатында кафедра филиалы ашылды.



шетел тілдерін оқытудың заманауи әдістемелерін меңгеруі; аудармашы шеберлігін меңгеруі.

3. Сөйлеудің деректі негіздерін оқытуға байланысты пәндерді магистранттардың оқу жоспарына енгізу мүмкіндігін қарастыру (магистратура).


3. Бакалаврлар оқу бағдарламасына «Тілдік құбылыстарды зерттеудің танымдық принциптері» элективті пәні енгізілген.

магистрлердің ЖОО-да оқыту әдістемесін меңгеруі.


Информатика

1. Күрделілігі жоғары деңгейдегі есептерді шешу әдістерін оқытуға байланысты пәндерді оқу бағдарламасына енгізу орындылығын қарастыру (бакалавриат).

1. Оқу бағдарламасына жаңа, соның ішінде «Күрделілігі жоғары есептерді шешу технологиясы», «Олимпиада есептерін шешу» элективті курстар енгізілген.

ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдануы; заманауи аспаптық құралдарын қолдана отырып қолданбалы есептерді бағдарламалауы; заманауи оқыту әдістерін меңгеруі.

Механика

1. Заманауи пакеттермен бағдарламалық қамтамасыз ету жұмысы бойынша құзіреттілігін қалыптастыру бөлімінде бакалаврларды даярлауды күшейту (бакалавриат).

1. Оқу бағдарламасына элективті курс «Қолданбалы бағдарламалар пакеттері» енгізілген.

қолданбалы есептерді шешуге мүмкіндік беретін механикалық және математикалық модельдерді пайдалануы; механика саласын зерттеудің заманауи әдістерін білуі.


2. Ұйымдастыру процестерін басқару бойынша құзіреттілігін қалыптастыру бөлімінде магистранттарды даярлауды күшейту (магистратура).

2. Оқу бағдарламасына «Өндірістік процестерді модельдеу» элективті курс енгізілген.

ұйымдастыру процестерін басқара білуі; кәсіби ақпаратты өңдеу және компьютерлік іздеуді жүзеге асыра білуі.

Ақпараттық жүйелер

1. Деректер базасы қосымшаларын әзірлеу және Net-бағдарламалау мәселелері бойынша мамандардың теориялық дайындығын күшейту (бакалавриат).

1. Бакалавриат оқу бағдарламасына деректер базасы қосымшаларын әзірлеу және Net-бағдарламалауды оқытуға арналған жаңа элективті курстар енгізілген.

ақпараттық жүйелердің бағдарламалық-аппараттық кешендерімен жұмыс істей білуі; бағдарламалау, тестілеу, бағдарламаларды орнату.

Математика

1. Мектептегі тәрбие жұмысында жаңа технологияларды қолдану және математика пәні бойынша сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруда мамандарды даярлауды күшейту (бакалавриат).

1. Оқу бағдарламасына математика пәні бойынша сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру және мектептегі тәрбие жұмысында жаңа технологияларды қолдануда студенттердің шеберлігін дамытуға бағытталған элективті курстар енгізілген.

педагогикалық процесті басқаруы; оқытудың заманауи әдістерін меңгеруі; тәрбие шараларын ұйымдастыруы және өткізуі.

2. Кәсіби тәжірибені Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті базасында ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыру (магистратура).

2. Кәсіби тәжірибені Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-да, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде, «Математика және механика ғылыми-зерттеу институты» Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ РМК еншілес мемлекеттік кәсіпорынымен өткізуге келісім-шарттар жасалды.

магистрдің ЖОО-да оқыту әдістемесін игеруі; ғылыми және педагогикалық экспериментті жүргізе білуі.

Математикалық және компьютерлік моделдеу

1. Жоғары деңгейлі бағдарламалауды оқытуға байланысты оқу жоспарының элективті курсына енгізудің орындылығын қарастыру (бакалавриат).

Білім беру бағдарламасына жоғары деңгейлі бағдарламалауды оқытуға байланысты: «Бағдарламалау С#", " С++ тілінде объектілі-бағытталған бағдарламалау», «Қолданбалы бағдарламалар пакеттері» элективті пәндер енгізілген (бакалавриат).

компьютерлік бағдарламаларды әзірлеу; есептеу техникасының құралдарын пайдалану; деректер базасын әзірлеу; компьютерлік желілермен жұмыс (бакалавриат).

Бейнелеу өнері және сызу

1. Эксперименттік кескіндеме ерекшеліктері және сәндік-қолданбалы өнерді оқытуға байланысты оқу жоспарына пәндерді енгізу орындылығын қарастыру (бакалавриат).

Оқу бағдарламасына «Эксперименттік кескіндеме», «Сәндік-қолданбалы өнер заттарының композициясы» секілді жаңа элективті курстар енгізілген.

бейнелеу өнерінің барлық түрлерін практикалық меңгеруі; графика компьютерлік бағдарламаларды қолдануы, графикалық композиция мен сызбалар құрастыруы; оқытудың заманауи әдістерін меңгеруі.

Кәсіптік оқыту

1. Тігін бұйымдарын құрастыру және моделдеу ерекшеліктерін оқытуға байланысты оқу жоспарына пәндерді енгізудің орындылығын қарастыру (бакалавриат).

Оқу бағдарламасына «Тігін бұйымдарын құрастыру және моделдеу», «Тігін бұйымдарын дайындау технологиясы» жаңа элективті курстар енгізілген.

қазіргі заман технологиялық жабдықтарын пайдалану; оқытудың заманауи әдістерін меңгеруі.

Магистратураның оқу жоспарына сол немесе білім берудегі IT – технологиясын оқытудағы пәндерін енгізудің орындылығын қарастыру (магистратура).

Магистратураның оқу бағдарламасына білім берудегі IT – технологияларын оқытудағы пәндер енгізілген.

магистрдің ғылыми-зерттеу және эксперименталды-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыра білуі.

Дизайн

1. Пәндік дизайн саласында студенттердің теориялық дайындығын күшейту.

2. Кәсіби тәжірибені «Нұр-Әсем» баспахана базасында ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыру (бакалавриат).



1. Бакалавриат оқу бағдарламасына заттық дизайн, дизайндағы суретті оқытуға байланысты жаңа элективті курстар енгізілген.

2. Тәжірибе базалар құрамына бағдарлама түлектеріне мүдделі жұмыс берушілер болып табылатын Қарағанды қаласы «Нұр-Әсем» баспаханасы енгізілген.



көркем жобалаудың заманауи әдістерін игеруі; заттарды құрастыру бойынша мәселелерді шешуі, дайын жобалау идеяларын көрнекі материалдарда іске асыра білуі.

Көлік

1. Көлікпен жұмыс кезінде техникалық қауіпсіздік мәселелері бойынша студенттердің теориялық дайындығын күшейту.

2. Кәсіби тәжірибені «Карагандаавтотранссигнал» және «№2 Автобус паркі» кәсіпорындары базасында ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыру (бакалавриат).



1. Бакалавриат оқу бағдарламасына көлік құралдарын пайдалануда техникалық қауіпсіздікті оқытуға арналған жаңа элективті курс енгізілген.

2. Факультеттің тәжірибе базалар құрамына бағдарлама түлектеріне мүдделі жұмыс берушілер болып табылатын «Карагандаавтотранссигнал» және «№2 Автобус паркі» көлік кәсіпорындары енгізілген.





инженерлік есептеуді өткізу;

тиеу-есептік техникасын есептеу және конструкциялау;

көліктік нарық қызметіне сұранысты зерттеу.


Тасымалдауды ұйымдастыру

1. Көліктегі телемеханика негіздері бойынша студенттердің теориялық дайындығын күшейту.

2. Кәсіби тәжірибені «Карагандаавтотранссигнал» және «№2 Автобус паркі» кәсіпорындары базасында ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыру (бакалавриат).



1. Бакалавриат оқу бағдарламасына көліктегі телемеханиканы оқытуға арналған жаңа элективті курс енгізілген.

2. Факультеттің тәжірибе базалар құрамына бағдарлама түлектеріне мүдделі жұмыс берушілер болып табылатын «Карагандаавтотранссигнал» және «№2 Автобус паркі» көлік кәсіпорындары енгізілген.



көліктік өнімнің өзіндік құнын пайдалану шығындарын анықтау; көлік техникасының агрегаттар мен механизмдерінің есеп айырысуын өткізу.

Орыс тілі және әдебиеті

1. Мектептегі лексикографияны оқытудың әдістемелік мәселелерін, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін оқытуға байланысты оқу жоспарына пәндер енгізудің орындылығын қарастыру (бакалавриат).

1. Оқу бағдарламасына енгізілген жаңа элективті курстар, соның ішінде «Лексикография в контексте методики преподавания русского языка», «Технология использования лексикографических источников на уроках русского языка», «Актуальные проблемы формирования профессиональной компетенции учителя-словесника».


педагогикалық процесті басқаруы, заманауи оқыту әдістерін меңгеруі, тәрбие шараларын ұйымдастыруы мен өткізуі; зерттеу жұмысының нәтижелерін қорыта білу; магистрлердің ЖОО-да оқыту әдістемесін білуі.

Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі

орыс тілі мен әдебиеті

1. Оқу үрдісінде қостілділікті дамытуға, іскерлік қарым-қатынас мәселелерін оқытуға байланысты оқу жоспарына пәндерді енгізу орындылығын қарастыру (бакалавриат).

1. Оқу бағдарламасына енгізілген жаңа элективті курстар, соның ішінде «Іскерлік қарым-қатынастың лингвистикалық негіздері», «Оқыту қостілділігінің әдістемелік негіздері».

басқа тілді оқушыларға орыс тілін оқытудағы заманауи әдістерін меңгеруі; қазақ және орыс тілдері грамматикасының салыстырмалы талдауын орындай алуы; қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеруі; тәрбие шараларын ұйымдастыруы мен өткізуі.

Қазақ тілі мен әдебиеті

1. Қазіргі қазақ әдебиетін оқытуға байланысты оқу жоспарына пәндерді енгізудің орындылығын қарастыру (бакалавриат).

1. Оқу бағдарламасына енгізілген жаңа элективті курстар, соның ішінде «ХХІ ғасыр қазақ әдебиеті», «Қазақ прозасының типологиясы».

педагогикалық процесті басқару, тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, оқытудың заманауи технологияларын меңгеруі, магистрдің ЖОО-да оқыту әдістемесін меңгеруі; ғылыми әдістерді қолдану.

Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі

қазақ тілі мен әдебиеті

1. Қазіргі қазақ тіліндегі кірме лексика, салыстырмалы грамматика, қазіргі қазақ әдебиетін оқытуға байланысты оқу жоспарына пәндерді енгізудің орындылығын қарастыру (бакалавриат).

1. Оқу бағдарламасына енгізілген жаңа элективті курстар, соның ішінде «ХХІ ғасыр қазақ әдебиеті», «Қазақ прозасының типологиясы», «Қазақ тіліндегі кірме сөздер мәселесі», «Салыстырмалы грамматика».

басқа тілді оқушыларға орыс тілін оқытудағы заманауи әдістерін меңгеруі; қазақ және орыс тілдері грамматикасына салыстырмалы талдау жасау; қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеруі; тәрбие шараларын ұйымдастыруы мен өткізуі.

Филология

(қазақ және орыс)

1. Мәдениетаралық қарым-қатынас және БАҚ тілі саласындағы мамандарды даярлауды күшейту (орыс филология бакалаврлары үшін).

2. Н.Нұрмақов атындағы дарынды балаларға арналған мектепте қазақ тіл білімі кафедрасы филиалын ашудың орындылығын қарастыру (қазақ филология бакалаврлары үшін).

3. Әдебиеттану зерттеуін жүргізу мәселелері бойынша мамандарды даярлауды күшейту (орыс филология магистратурасы үшін).

4. Кәсіби тәжірибені Қарағанды гуманитарлық колледжі, Қарағанды банк колледжі базасында ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыру (қазақ филология магистратурасы үшін).



1. Бакалавриат оқу бағдарламасына мәдениетаралық қарым-қатынас және БАҚ тілін оқытуға арналған жаңа элективті курстар енгізілген.

2. Н.Нұрмақов атындағы дарынды балаларға арналған мектепте қазақ тіл білімі кафедрасы филиалы ашылған.

3. Магистратура оқу бағдарламасына элективті пән «Қазіргі әдебиеттану зерттеуінің әдістері» енгізілген.

4. Факультеттің тәжірибе базалар құрамында жұмыс берушілер ретінде, Қарағанды гуманитарлық колледжі, Қарағанды банк колледжі бар.



тілдік және әдеби фактілерді кешенді талдай білуі; ғылыми тұжырымдамалар мен көркем мәтінді интерпретациялау және талдау; ақпараттық технологияларды меңгеруі.

Журналистика

1. Компьютерлік бейнемонтаж және пішімді хабар тарату мәселелері бойынша мамандармен теориялық дайындауды күшейту (бакалавриат).

1. Оқу бағдарламасына компьютерлік бейнемонтаж және компьютерлік технологияларды, заманауи пішімді хабар таратуды оқытуға байланысты жаңа элективті пәндер енгізілген.

Қазақстан баспасы және теле- радиокомпанияларының жұмыс ерекшеліктерін, журналист этикасын, публицистиканың жанрлық ерекшеліктерін, ақпарат алу тәсілдерін білуі.

2. Кәсіби тәжірибені Теміртау қ., «Сфера» телерадиокомпаниясы және «Дженерал Пауэр» баспасөз-қызметі компаниясында ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыру (магистратура).

Жұмыс берушілердің пікірін ескере отырып, журналистика кафедрасының тәжірибе базасы құрамына жұмыс берушілер ретінде Теміртау қ., «Сфера» телерадиокомпаниясы мен «Дженерал Пауэр» баспасөз- қызметі компаниясы енгізілген.

- ғылыми зерттеулер жүргізу принциптерін меңгеруі.

Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану

1. Әлеуметтік жұмыстың әлемдік тәжірибесін, балалар мен отбасын әлеуметтік қорғау әдістерін оқытуға байланысты оқу жоспарына пәндерді енгізудің орындылығын қарастыру (бакалавриат).

1. Оқу бағдарламасына енгізілген жаңа элективті курстар, соның ішінде «Балалық шақ пен отбасын әлеуметтік қорғау технологиясы», «Шетелдегі әлеуметтік-педагогикалық жұмыс».

әр түрлі әлеуметтік топқа жататын адамдармен іскерлік қарым-қатынас;

түзету, өзін-өзі бақылау және рефлексияны жүзеге асыруы.



Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

1. Отбасы тәрбиесінің педагогикасын, денсаулық сақтау технологияларын оқытуға байланысты оқу жоспарына пәндерді енгізудің орындылығын қарастыру (бакалавриат).

1. Оқу бағдарламасына енгізілген жаңа элективті курстар, соның ішінде «Мектепке дейінгі мекемелердегі денсаулық сақтау технологиялары», «Отбасы тәрбиесінің педагогикасы», «Баланың ерте жастан даму ерекшеліктері және дамыту ортаны ұйымдастыру».

мектепке дейінгі балалардың танымдық әрекеттерін дамыту; қарым-қатынас мәдениеті мен мектепке дейінгі балаларды оқытудың заманауи әдістерін меңгеруі; магистрлердің ғылыми жоба әркеттерін жүзеге асыра білуі; магистрлердің ЖОО-да оқыту әдістемесін білуі.

Дефектология

1. Инклюзивті білім беру ерекшеліктерін, күрделі кемістігі бар балаларды дамыту ерекшеліктерін оқытуға байланысты оқу жоспарына пәндерді енгізудің орындылығын қарастыру (бакалавриат).

1. Оқу бағдарламасына енгізілген жаңа элективті курстар, соның ішінде «Күрделі кемістігі бар балалардың психофизикалық дамуы», «Инклюзивті білім беру негіздері».

баланың көру, есту, сөйлеу, ақыл-ойының бұзылуымен танымдық әрекетін түзете білуі; мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік бейімдеу, қайта оңалту жұмысын жүргізу, логопедтік көмек көрсетуі.

Бастауыш оқытудың педагогикасы және әдістемесі

1. Оқу орындарында зерттеу жұмысын ұйымдастыруға байланысты магистранттарының оқу жоспарына пәндерді енгізу мүмкіндігін қарастыру (магистратура).

1. Магистратураның оқу бағдарламасына оқу орындарында зерттеу жұмысын ұйымдастыруға байланысты элективті курс енгізілген.

магистранттардың ЖОО-да оқыту әдістемесін білуі.

Педагогика және психология

1. Саран гуманитарлық-техникалық колледжінде кафедра филиалын ашудың орындылығын қарастыру (магистратура).

1. Саран гуманитарлы-техникалық колледжі базасында кафедра филиалы ашылды.

зерттеу және басқару жұмыстарын жүзеге асыра білуі; жоғары мектепте оқыту әдістемесін меңгеруі.

Әлеуметтік жұмыс

1. Әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби бейімдеуге оқытуға байланысты магистранттардың оқу жоспарына пәндерді енгізу мүмкіндігін қарастыру.

2. Кәсіби тәжірибені «Қарағанды облысының әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасы» ММ базасында ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыру (магистратура).



1. Магистратураның оқу бағдарламасына әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби бейімдеуге оқытуға байланысты элективті курс енгізілді.

2. Магистранттар тәжірибе базасы тізіміне «Қарағанды облысының әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамтуды үйлестіру Басқармасы» енгізілді.



ғылыми-зерттеу жұмысына мониторинг жүргізе білуі; басқару әдістерін меңгеруі, әлеуметтік салада модельдеу және болжау жасай білуі.

Бастапқы әскери дайындық

1. Қазақстан Қарулы күштерінің нормативтік базасын, әскери гигиенаны оқытуға байланысты оқу жоспарына пәндерді енгізудің орындылығын қарастыру (бакалавриат).

1. Оқу бағдарламасына жаңа элективті курстар енгізілген, соның ішінде «Әскери гигиена», «Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің нормативтік құжаттары».

тактикалық, саптық дайындық, оқ ату бойынша сабақ өткізуі, әскери-патриоттық сипаттағы іс-шаралар өткізуі.

1. Әскери-инженерлік өнерді оқытуға байланысты магистратураның оқу жоспарына пәндерді енгізудің орындылығын қарастыру (магистратура).

1. Магистратураның оқу бағдарламасына әскери-инженерлік өнерді оқытуға байланысты пәндер енгізілген.

магистранттардың ЖОО-да оқыту әдістемесін білуі.

Дене мәдениеті және спорт

1. Спорттық ұйымдарды басқару және оқу орындарда денсаулық сақтау технологияларын қолдануды оқытуға байланысты оқу жоспарына пәндерді енгізу мүмкіндігін қарастыру (магистратура).

1. Магистратураның оқу жоспарына спорттық ұйымдарды басқару және оқу орындарда денсаулық сақтау технологияларын қолдануды оқытуға байланысты элективті пәндер енгізілген. Мысалы, «Денешынықтыру және спорттық ұйымдар қызметін құқықтық қамтамасыз ету мен менеджменті», «Оқу орындарында денсаулық сақтау технологиялары».

жоғары мектепте оқыту әдістемесін білуі.

Тарих

1. Қазақ зиялыларының еңбектеріндегі тәуелсіздік идеясының дамуы, саяси қуғын-сүргін тарихы бойынша мамандармен теориялық дайындықты күшейту (бакалавриат 5В01). «Алаш» партиясы қозғалысының тарихын зерттеу, Қазақстанның Ресейге қосылу мәселелерін оқытуға байланысты оқу жоспарына пәндерді енгізудің орындылығын қарастыру (бакалавриат 5В02).

1. Бакалавриат оқу бағдарламасына қазақ зиялыларының еңбектеріндегі тәуелсіздік идеясының дамуына, саяси қуғын-сүргін тарихына арналған жаңа элективті курстар енгізілген (5В01 үшін); «Қазақстанның Ресейге қосылу мәселелері», ««Алаш» партиясы қозғалысының тарихы» (5В02 үшін).

әлеуметтік-маңызды процестерді талдау;

тарих ғылымының әдістерін пайдалануы (5В01); оқытудың заманауи технологияларын меңгеруі, тәрбие шараларын ұйымдастыруы және өткізуі (5В02).



жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау