«Әуе кемесін ұшу пайдалану» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Әуе кемесін ұшу пайдалану»



жүктеу 201,15 Kb.
Дата20.05.2018
өлшемі201,15 Kb.
#14590



Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация министрінің

2013 жылғы «20» қарашадағы № 913 бұйрығымен бекітілген

«Әуе кемесін ұшу пайдалану» кәсіби стандарты

1. Жалпы бөлім
1. «Әуе кемесін ұшу пайдалану» кәсіби стандарты (бұдан әрі - КС) «Әуе кемесі саласындағы қызмет» кәсіби қызмет саласындағы біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайды және:

1) еңбек саласы мен кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеуге;

2) даярлау, біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу талаптарын регламенттеуге;

3) персоналды аттестаттау және сертификаттау кезінде жұмысшылардың құзыреттерін бағалау талаптарын регламенттеуге арналған.

2. КС негізгі пайдаланушылары:

1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;

2) ұйымдардың басшылары, ұйымдардың персоналын басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;

3) білім берудің мемлекеттік бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;

4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар болып табылады.

3. КС негізінде біліктілік сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулықтар, ұйымдардың үлгілік оқыту бағдарламалары, үлгілік оқыту жоспарлары, ұжымдық стандарттар әзірленеді.

4. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) біліктілік – қызметкердің еңбек қызметінің белгілі бір түрі шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;

2) біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметтерінің стандартты еместігі, жауапкершілігі және дербестілігі параметрлері бойынша жүктелетін қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;

3) еңбек заттары – белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталған зат;

4) еңбек құралдары – жұмысшының еңбек заттарын бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдар;

5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функциялары мен оларды орындауға қажетті құзыреттіктердің тұтас жиынымен құралған кәсіби қызмет саласының құрамдас бөлігі;

6) еңбек функциясы – бизнес-үдеріспен анықталатын және оларды орындауға қажетті құзыреттердің болуын болжамайтын еңбек қызметінің біріктірілген және дербес жиынтығын көрсететін еңбек қызметі түрлерінің бір бөлігі;

7) кәсіби қызмет саласы – жалпы интеграциялық негізі (міндеті, нысандары, технологиялары, соның ішінде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) бар және ұқсас еңбек функциялары мен оларды орындайтын құзыреттіліктерінің болжалды жиынынан тұратын саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;

8) кәсіби стандарттың бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, қатысымды дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасы тұратын кәсіби стандарттың құрылымдық элементі;

9) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;

10) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі және тәжірибесін қолдану қабілеті;

11) лауазым – лауазымдық уәкілеттіктер және лауазымдық міндеттер шеңберін жүктейтін жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;

12) міндет – нақты бір еңбек заттары мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;

13) сала – өндіретін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен жұмыс жасаушылардың кәсіби біліктері ортақ ұйымдар жиынтығы;

14) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ) – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;

15) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;

16) функционалдық карта – сол немесе өзге де кәсіби қызмет саласы шеңберінде белгілі бір қызмет түрін орындайтын жұмысшының еңбек функциялары мен міндеттерінің құрылымдық сипаттамасы.

2. КС паспорты
5. КС паспорты мынаны анықтайды:

1) экономикалық қызмет түрі (кәсіптік қызмет саласы):

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуші (бұдан әрі – 03-2007 ҚР МЖ) «51.10 Әуе жолаушылар көлігі»;

2) экономикалық қызмет түрінің (кәсіптік қызмет саласының) негізгі мақсаты:

әуе көлігімен тасымалдауға жататын қызметті қамтамасыз ету;

3) осы КС 1-қосымшасына сәйкес біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері.




3. Еңбек қызметі түрлерінің (кәсіптің) карточкалары
1-параграф «Коммерциялық пилот»

6. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:

1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5, СБШ бойынша – 5;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптаушы базалық тобы бойынша (бұдан әрі – ҚР 01-2005 МЖ): 3143 «Ұшақ командирлері, пилоттары және ұқсас кәсіптер мамандары»;

3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: пилот;

4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - әуе кемесін басқару процесін жүзеге асыру;

5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіптік білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. «Коммерциялық пилоттың» еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 1-кестесінде келтірілген.

2-параграф «Желілік пилот»

7. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:

1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5, СБШ бойынша – 5;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптаушы базалық тобы бойынша (бұдан әрі – ҚР 01-2005 МЖ): 3143 «Ұшақ командирлері, пилоттары және ұқсас кәсіптер мамандары»;

3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: пилот;

4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - әуе кемесін басқару процесін жүзеге асыру;

5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіптік білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. «Желілік пилоттың» еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» 2-кестесінде келтірілген.

4. КС бірліктерінің тізбесі
8. КС бірліктерінің тізімі осы КС 3-қосымшасының 1, 2-кестелерінде келтірілген және шифр мен КС бірліктері атауларынан тұрады.

5. КС бірліктерінің сипаттамасы
9. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасының
1, 2-кестелерінде келтірілген.

6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері
10. Осы КС негізінде мамандардың кәсіптік дайындығын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы ұйымдармен сертификаттар беріледі.

11. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері сертификат алу үшін игеру қажет болатын осы КС 3-қосымшасында көзделген КС бірліктерінің тізбесіне сәйкес анықталады.



7. КС әзірлеушілері, келісу парағы, сараптамасы және тіркелуі
12. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі болып табылады.

13. КС келісу парағы осы КС 5-қосымшасында көрсетілген.

«Ұшу пайдалану»

кәсіби стандартына

1-қосымша



Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері


р/с


Қызмет түрінің атауы

Еңбек нарығының тенденцияларын ескерумен кәсіптің атауы

ҚР МЖ 01-2005 сәйкес кәсіптің атауы

ҰБШ біліктілік деңгейі

БТБА бойынша разряды



ӘК басқару

Коммерциялық пилот

Пилот

5

-



Желілік пилот

Желілік пилот

Пилот


Аға пилот

Екінші пилот



5

-

Ескертпе: БТБА – жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы;

ӘК – әуе кемесі.



«Ұшу пайдалану»

кәсіби стандартына

2-қосымша


1-кесте
1. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Коммерциялық пилоттың еңбек жағдайларына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар



Кәсібі бойынша ықтимал

жұмыс орындары



Авиациялық сала ұйымдары

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

Жоғары деңгейдегі авиациялық шуылдар;

дірілдің жоғары деңгейі;

ұшу, қону, биіктікке бет алу және қонуға төмендеу барысындағы атмосфералық қысымның тербелісі;

АЖЖ – сәулелену;

радиациялық (табиғи) сәулелендіру;

түнгі уақыттағы жұмыс;

еңбек қауырттығы;

сағаттық белдеудің күрт ілгерілеуі және климаттық аймақтардың тез ауысуы



Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

Жасы – 18 жастан кіші емес;

бiрiншi сыныпты қолданыстағы медициналық қорытындының болуы;

пилоттың қолданыстағы куәлігі (ATPL, CPL)


СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білім алу және оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

5

Кәсіби білім

Ұшақта кемінде 200 сағат ұшуы немесе ұшақ пилоты ретінде бекітілген бағдарлама бойынша дайындық курсынан өту барысында кемінде 150 сағат ұшуы болуы тиіс.

Тікұшақта кемінде 150 сағат ұшуы немесе тікұшақ пилоты ретінде бекітілген бағдарлама бойынша дайындық курсынан өту барысында кемінде 100 сағат ұшуы болуы тиіс


2-кесте
2. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Желілік пилоттың еңбек жағдайларына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар




Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары

Авиациялық сала ұйымдары

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

Жоғары деңгейдегі авиациялық шуылдар;

дірілдің жоғары деңгейі;

ұшу, қону, биіктікке бет алу және қонуға төмендеу барысындағы атмосфералық қысымның тербелісі;

АЖЖ – сәулелену;

радиациялық (табиғи) сәулелендіру;

түнгі уақыттағы жұмыс;

еңбек қауырттығы;

сағаттық белдеудің күрт ілгерілеуі және климаттық аймақтардың тез ауысуы



Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

Жасы – 21 жастан кіші емес;

бiрiншi сыныпты қолданыстағы медициналық қорытындының болуы;

«ұшақ» әуе кемесінің түрі туралы біліктілік белгісі бар желілік пилот (ATPL) куәлігінің болуы;

«тікұшақ» әуе кемесінің түрі туралы біліктілік белгісі бар желілік пилот (ATPL) куәлігінің болуы



СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білім алу және оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

5

Кәсіби білім

Тренажерде 100 сағаттан аспайтын ұшуды қоса алғанда, ұшақ пилоты ретінде ұшақта кемінде 1500 сағат ұшуы;

Тренажерде 100 сағаттан аспайтын ұшуды қоса алғанда, тікұшақ пилоты ретінде тікұшақта кемінде 1000 сағат ұшуы;


«Ұшу пайдалану»

кәсіби стандартына

3-қосымша


КС бірліктерінің тізімі
1-кесте


  1. «Коммерциялық пилот» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі




Шифр

Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы

Ф 1

ӘК басқару

2-кесте
2. Еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі



«Желілік пилот»


Шифр

Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы

Ф 1

ӘК басқару

Ескертпе: Ф – функция.

9 «Ұшу пайдалану»

кәсіби стандартына

4-қосымша


КС бірліктерінің сипаты
1-кесте
1. «Коммерциялық пилот» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі


Шифр

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

Шеберлігі және дағдылары

Білімі

Ф1

ӘК

ӘК басқаруға қатысты ережелер мен қағидалар;

ӘК қызмет көрсету ережелері;

ӘК, тиісті түрдегі әуе кемелерінің жүйелері мен қозғалтқыштарына техникалық қызмет көрсету ережелері;

Аэронавигациялық карталар, аспаптар және навигациялық құралдар;



М 1-1 ӘК басқару

Жабдықтың және әуе кемелерінің тиісті түрлері жүйелерінің жарамдылығын тексеру машықтары;

Ұшу алды дайындық жасау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 31 желтоқсанындағы № 1512 «Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы» Қаулысымен бекітілген Жолаушыларға қызмет көрсету ережелері» бойынша ұшуларды орындау машықтары,

Ұшу жоспарларын дайындау әрі толтыру барысында маршрут бойынша ұшуды жоспарлау машықтары;

Пайдалану жағдайында қауіп-қатер факторлары мен қателерді анықтау және бақылау машықтары;



Қазақстан Республикасының 2010 жылдың 15 шілдесіндегі «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Заңын білу;

Коммерциялық авиация пилотына қатысты қағидалар мен ережелер, пилоттар және әуе қозғалысына қызмет көрсету қағидаларын білу;

Қозғалтқыштардың, жүйелердің және аспаптық жабдықтардың пайдаланылуы және жұмыс принциптерін білу;

Әуе кемелерінің және қозғалтқыштардың тиісті түрлерінің пайдаланылу шектеулерін қамтитын құжаттарды білу (ұшу пайдалануы бойынша нұсқау);

Әуе кемелеріне, әуе кемелерінің тиісті түрлерінің жүйелері мен қозғалтқыштарына техникалық қызмет көрсету қағидаларын білу;














Барлық маневрлерді бір қалыпты және дәл орындау машықтары;

ұшуда бақылауды және қадағалауды білікті жүзеге асыру машықтары;

әуе кемесін басқаруды ұшу немесе маневр жасау схемасын дәл орындауды қамтамасыз ететіндей түрде үнемі жүзеге асыру;

авиациялық, метеорологиялық ақпарларды, карталар мен болжамдарды қолдану;

аэронавигациялық ақпаратты (AIP, NOTAM), авиациялық кодтар мен қысқартуларды қолдану.


Жүктеменiң және салмақты бөлудiң ұшу-техникалық сипаттамаларға және әуе кемесiн басқару сипаттамаларына, салмақ пен орталықтың есептеудiң орындалуына әсер етуiн білу;

Әуе қозғалысына қызмет көрсету ережелерін білу;

Биіктік өлшеуішті орнату тәртібін білу;

Қауiп-қатерлер мен қателер факторларын бақылау принциптерін қоса алғандағы адамның мүмкiндiктерiн білу;

Авиациялық метеорология; тиiстi аудандардың климатологиясы және оның авиацияға, төмен және жоғары қысым аудандарының ауысуына, атмосфералық фронттардың құрылымына, маршрут бойынша ұшу, ұшып шығу және қону шарттарына әсер ететiн ерекше ауа райы құбылыстарының туындауы мен сипаттамаларына тигізетін әсерін білу;

Мұз басу себептерi, тану және салдарлары, фронтальды аймаққа кiру тәртiбi, қауiптi метеожағдайлары бар ауданды айналып өтуді білу;

Аэронавигациялық карталар, аспаптар және навигациялық құралдар, тиісті навигациялық жүйелердің, борттық қызмет көрсету жабдығы жұмыстарының принциптері мен сипаттамаларын білу; Пайдаланылу жағдайында қауiп-қатер

















факторларын және қателерді бақылау әдістерін білу;

Аэронавигациялық ақпарат (AIP, NOTAM), авиациялық кодтар және қысқартуларды білу;

Сақтық шаралары және авариялық жағдайдағы іс-қимылдарды білу;

Жүктерді тасымалдаудың пайдалану ережелері, қауіпті жүктерді тасымалдаудың ықтимал қатерлерін білу;

Әуе кемесіне отырғызу және одан түсіру барысындағы сақтық шараларын қоса алғанда, жолаушыларға қойылатын қауіпсіздік бойынша талаптар және нұсқаулық тәжірибесін білу;

Ұшу негіздерін білу;

Шолып ұшу барысында байланыс жасау және фразеология жүргізу қағидалары, байланыс істен шыққан кездегі іс-қимылдар;

Тікұшақтар үшін – сыртқы аспадағы жүктердің әсері;

Тiкұшақтар үшiн – құйынды шеңбер режимi, жер резонансы, шығып кеткен қалқандағы ақау, серпiндi лақтыру және басқа да қауiптi жағдайлар трансмиссиялары, шолып қарау метеорологиялық жағдайларында ұшу кезiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ету.


2-кесте
2. «Желілік пилот» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі


Шифр

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

Шеберлігі және дағдылары

Білімі

Ф 1

ӘК

ӘК басқаруға қатысты ережелер мен қағидалар;

ӘК қызмет көрсету ережелері;

ӘК, тиісті түрдегі әуе кемелерінің жүйелері мен қозғалтқыштарына техникалық қызмет көрсету ережелері;

Аэронавигациялық карталар, спаптар және навигациялық құралдар;



М 1-1 ӘК басқару

Жабдықтың және әуе кемелерінің тиісті түрлері жүйелерінің жарамдылығын тексеру машықтары;

Ұшудың пайдалану жоспарын әзірлеу және ӘҚҚ ұшу жоспарын тапсыру машықтары;

Ұшудың барлық кезеңдерінде ұшулар мен маневрлерді орындау машықтары;

Ерекше және авариялық жағдайларда іс-қимылдар әрі жабдықтың істен шығуымен және жарамсыздықтарымен байланысты маневрлерді орындау машықтары;

метеорологиялық ақпарат алу және пайдалану машықтары; биiктiктi өлшеу; ұшу алдында және ұшу кезінде пилоттық етуді, экипаж мүшелерінің іс-әрекеттерін үйлестіру бойынша міндеттерді бөлуді және бақылау карталарын пайдалануды қосқанда, экипажда өзара әрекеттесу машықтары;

Қауiп-қатер факторларын мен



Қазақстан Республикасының 2010 жылдың 15 шілдесіндегі «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Заңын білу;

Электрлік, гидравликалық жүйелердің, ауа үрлеу жүйелерінің және әуе кемесінің басқа жүйелерінің, жалпы сипаттамалары және шектеулерін білу, автопилот және автотұрақтандыруды қоса алғанда, ұшуды басқару жүйелері;

Әуе кемелері қозғалтқыштарының жұмыс принциптері, пайдалану ережелері және шектеулерін білу;

Атмосфералық жағдайлардың қозғалтқыштардың сипаттамаларына тигізетін әсерін білу;

Пилотаждық аспаптар, компастар, бұрылыс қателігі және жеделдету әсерінің салдарынан жіберілген

қателіктер; гироскопиялық аспаптар, пайдалану шектеулері және прецессияның әсер етуін білу;

Түрлi пилотаждық аспаптар мен электрондық индикаторлар iстен














қателерді анықтау және бақылау;

Ұшақты қолмен басқаруды бірқалыпты әрі мүлтіксіз жүзеге асыру машықтары;

Ұшақты ұшудың тиісті кезеңіне сәйкес автоматтандыру режимінде жүргізу машықтары;

Ұшудың барлық кезеңдерінде әуе кемесін қалыпты, ерекше және авариялық жағдайларда жүргізу машықтары;

авиациялық метеорологиялық жиынтықтарды, карталар мен болжамдарды түсiну және қолдану машықтары; ұшу алдында және ұшу уақытында метеорологиялық ақпараттар алу және пайдалану машықтары;

аэронавигациялық ақпаратты пайдалану машықтары;

Ұшу, қону параметрлерін және басқа сипаттамаларды пайдалану және іс жүзінде қолдану машықтары;

Ұшу алдында ұшуды жоспарлау және маршрут бойынша жедел жоспарлау, ұшу жоспарларын дайындау және тапсыру машықтары;

Әуе кемесін және навигацияны


шыққан кездегі ережелер мен iс-қимылдар тәртiбiн білу;

Жүктеменiң және салмақты бөлудiң ұшу-техникалық сипаттамаларға және әуе кемесiн басқару сипаттамаларына, салмақ пен орталықтың есептеудiң орындалуына әсер етуiн білу;

Ұшып көтерілу, қону және басқа сипаттамалардың параметрлері;

Қауiп-қатерлер мен қателер факторларын бақылау қағидаттарын қоса алғанда адамның мүмкiндiктерi; Авиациялық метрология, климатология,төмен және жоғары қысымды аудандарды, ағындардың құрылымдарын араластыру, көтерiлiп ұшу, маршрут бойынша ұшу және қону жағдайларына әсер ететiн ауа райының ерекше құбылыстарының туындауы және олардың сипаттамаларын білу;

Мұз басу себептерi, тану және салдарлары, фронтальды аймаққа кiру тәртiбi, қауiптi метеожағдайлары бар ауданды айналып өту;

Аэронавигациялық карталарды, радионавигациялық құралдарды және аймақтық навигация жүйелердi, ұзақтығы үлкен маршруттар бойынша ұшуға қатысты ерекше навигациялық талаптар,















басқаруға қажетті авиациялық электрондық және аспаптық жабдықты пайдалану машықтары;

Ұшу, маршрут бойынша ұшу, қонуға төмендеу және қону кезеңінде қолданылатын навигациялық жүйелерді пайдалану машықтары;

Аэронавигациялық құжаттаманы (AIP, NOTAM), авиациялық кодтарды және қысқартуларды түсіну және пайдалану машықтары.


Әуе кемесін және навигацияны басқару үшін қажетті авиациялық электрондық және аспаптық жабдықтың пайдаланылу сенімділігі;

Ұшып көтерілу, маршрут бойынша ұшу, қонуға төмендеу және қону кезеңінде қолданылатын навигациялық жүйелердің дәлдігі және сенімділігі;

Автономды навигациялық жүйелердiң және сыртқы құралдарға бағдарланған жүйелердiң қағидаттары мен сипаттамалары, борттық жабдықтардың жұмыстары;

Пайдаланылу жағдайындағы қауiп-қатер факторлары мен қателерді бақылау әдістері;

Аэронавигациялық ақпарат (AIP, NOTAM), авиациялық кодтар және қысқартулар;

Сақтық шаралары және авариялық жағдайдағы іс-қимылдар, ұшудың қауіпсіздік ережелері;

Жүк тасымалдарының және қауіпті жүктерді тасымалдаудың пайдалану ережелері;

Әуе кемесіне отырғызу және одан түсіру барысындағы сақтық шараларын қоса алғанда, жолаушыларға қойылатын қауіпсіздік бойынша талаптар және нұсқаулық тәжірибесі;

Тiкұшақтар үшiн – «құйынды шеңбер»

















режимi, жер резонансы, шығып кеткен қалқандағы ақау, серпiндi лақтыру және басқа да қауiптi жағдайлар трансмиссиялары, шолып қарау метеорологиялық жағдайларында ұшу кезiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;

Сыртқы iлiнудегi жүктердiң басқару сипаттамасына әсерi;

Ұшу негіздері;

Байланыс жасау және фразеология жүргізу қағидалары, байланыс бұзылған кездегі іс-қимылдар;

Экипаж мүшелерінің еңбекке қабілеттілігін жоғалту жағдайындағы іс-қимылдар.


Ескертпе: М – міндет.

16
«Ұшу пайдалану»

кәсіби стандартына

5-қосымша


Келісу парағы


Ұйымның атауы

Келісілген мерзімі

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі




Осы КС ___________________________________________________ тіркелді.

Кәсіптік стандарттардың реестріне №__________________________тіркелді.

Хат (хаттама) № ___________ Күні__________________




жүктеу 201,15 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау