Қазақстан республикасының инвестициялар және даму министрі


-бөлім. Штурман куәлігін беру үшін кәсіптік даярдаудың үлгілік бағдарламасы



жүктеу 7,77 Mb.
бет4/24
Дата20.11.2018
өлшемі7,77 Mb.
#21886
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

13-бөлім. Штурман куәлігін беру үшін кәсіптік даярдаудың үлгілік бағдарламасы
247. Ұшқыштар құрамының куәлігі бар авиация персоналы ішінен штурмандарды дайындау кезінде дайындау көлемі кемінде 200 сағат болады.

248. Кандидатты оқыту штурман куәлігінің иегеріне ұсынылатын құқықтарға сәйкес келетін білім деңгейін игеруді және көрсетуді қамтамасыз етеді, Үлгілік бағдарламаның 18-қосымшасында келтірілген.


14-бөлім. Бортинженер (бортмеханик) куәлігін беру үшін кәсіптік дайындаудың үлгілік бағдарламасы
249. Теориялық дайындау көлемі – кемінде 200 сағат.

250. Ұшуға даярлау көлемі – кемінде 100 сағат.

251. Кандидатты оқыту бортинженер (бортмеханик) куәлігінің иегеріне берілетін құқықтарға сәйкес келетін теориялық білім деңгейін игеруді және көрсетуді қамтамасыз етеді, Үлгілік барғдарламаның 19-қосымшасы.

252. Кандидат бортинженер куәлігі иегеріне, тым болмағанда келесі салаларда, берілетін құқықтарға сәйкес келетін білім деңгейін көрсетеді:

1) навигация негіздері, ӘК жүйелерінің жұмыс және пайдалану тәртібі;

2) метеорологияның пайдалану аспектілері;

3) адами фактор, қауіп және қателерді басқару.
15-бөлім. Бортрадист куәлігін беру үшін кәсіптік дайындаудың үлгілік бағдарламасы
253. Бортрадисті кәсіптік дайындаудың жалпы көлемі сәйкес біліктілік талаптарымен анықталады және АОО-мен немесе азаматтық авиация кәсіпорнымен әзірленеді.

254. Радиотелефон байланысын жүргізу және фразеология ережелерін білу және қолдану талаптары ӘК пилоттары куәлігін беру талаптарына ұқсас.



16-бөлім. Қайта даярлаудың және кәсіптік деңгейді қолдаудың үлгілік бағдарламасы
1-параграф.LAPL (MHG) немесе (Ag) куәлігін алу үшін пилоттарды қайта даярлау
255. LAPL (MHG) немесе (Ag) куәлігін беру үшін ӘК-нің басқа түрі куәлігінің иегеріне төмендегілерді қоса алғанда, егер олардың қолдану мерзімі аяқталмаған болса (Үлгілік бағдарламаның 272-тарм, қараңыз), жалпы пәндер бойынша теориялық сабақтар мен емтихандары есептеледі:

1) әуе заңнамасы;

2) авиациядағы адами фактор;

3) авиациялық метеорология;

4) байланыс құралдары. Радиоалмасу жүргізу және VFR фразеология ережелері;

5) апаттық-құтқару дайындығы.

256. Жоғарыда келтірілген тармақтың әрекетін шектемей, LAPL (MHG) немесе (Ag) куәлігін беру үшін, ӘК-нің басқа түрі куәлігінің иегері төмендегі арнайы пәндер бойынша емтихандарды қоса алғанда, кемінде 25 сағат көлемінде теориялық даярлықтан өтуі тиіс:

1) ӘК-нің практикалық аэродинамикасы;

2) әуе навигациясы;

3) ӘК құрылымы және оны ұшуда пайдалану;

4) күштік қондырғының құрылымы және оны ұшуда пайдалану;

5) әуе кемесінің электрлік, аспаптық және радионавигациялық жабдықтары және оларды ұшуда пайдалану;

6) пайдалану тәртібі. Ұшуда пайдалану бойынша нұсқау;

7) ӘК-ні техникалық дайындау және пайдалануды ұйымдастыру ережелері.

257. Ұшуға даярлау 8 сағаты нұсқаушымен және кемінде 2 сағаты өз бетінше ұшудан тұратын кемінде 10 сағаттан тұрады.

258. Қайта даярлау бойынша сынақтар мен емтихандар қорытындысы пилот куәлігіндегі біліктілік (рейтинг) және ерекше белгілерді ұзартуғанегіз бола алмайды.



2-параграф.LAPL(А) және PPL(А)&(H) куәліктерін алу үшін пилоттарды қайта даярлау
259. LAPL немесе PPL санатты куәлікті беру үшін, ӘК-нің басқа түрі куәлігінің иегеріне жалпы пәндер бойынша теориялық сабақтары мен емтихандары, егер олардың қолдану мерзімі төмендегілерді қоса алғанда аяқталмаса (Үлгілік бағдарламалардың 272-тарм. қараңыз), толығымен есептеледі:

1) әуе заңнамасы;

2) авиациядағы адами фактор;

3) авиациялық метеорология;

4) байланыс құралдары. Радиоалмасу жүргізу және VFR фразеология ережелері;

5) апаттық-құтқару дайындығы.

260. Жоғарыда көрсетілген тармақтың әрекетін шектемей, LAPL немесе PPL санатты куәлікті беру үшін,әуе кемесінің басқа түрі куәлігінің иегері төмендегі арнайы пәндер бойынша, емтихандарды қоса алғанда, кемінде 50 сағат көлемінде теориялық даярлықтан өтуі тиіс:

1) әуе кемесінің практикалық аэродинамикасы;

2) әуе навигациясы;

3) әуе кемесінің құрылымы және оны ұшуда пайдалану;

4) күштік қондырғының құрылымы және оны ұшуда пайдалану;

5) әуе кемесінің электрлік, аспаптық және радионавигациялық жабдықтары және оларды ұшуда пайдалану;

6) пайдалану тәртібі. Ұшуда пайдалану бойынша нұсқау;

7) ӘК-ні техникалық дайындау және пайдалануды ұйымдастыру ережелері.

261. PPL (А) санатты куәлікті беру үшін, LAPL(А) санатының иегеріне теориялық сабақтар мен емтихан бағалары толығымен есептеледі. Ұшуға даярлыққа кемінде 5 сағат, оның ішінде өз бетінше ұшу – 2 сағат.

262. LAPL(А), PPL (А) немесе PPL(H) санатты куәлігін беру үшін LAPL (MHG) немесе (Ag) куәлігі иегерінің ӘК-нің басқа түріне ұшу даярлығы кемінде 25 сағат ұшудан тұрады, соның ішінде:

1) қиын режимдер мен аспаптар бойынша ұшуларды қоса алғанда нұсқаушымен кемінде 15 сағат;

2) кемінде 5 сағат өз бетінше ұшу, және

3) бағыттар бойынша кемінде 2 ұшу, соның ішінде қашықтығы кемінде 270 км болатын бағыт бойынша ұшу әуеайлағы болып табылмайтын 2 түрлі әуеайлақта толық тоқтауға дейін қону арқылы 1 (бір) өз бетінше (solo) ұшу.

263. Басқару үшін екі пилоттың болуын талап ететін ұшу салмағы 5 700 кг және одан төмен болатын поршенді қозғалтқышты ашық жеңіл ұшаққа LAPL(А) куәлігі иегерін дайындау кемінде 50 сағат көлемінде теориялық дайындықтан және сертификатталған АОО-да 10 сағат көлемінде ұшу даярлығынан тұрады, соның ішінде:

1) кемінде 8 сағат нұсқаушымен және

2) өз бетінше 10 ұшу мен қонуды қоса алғанда кемінде 2 сағат өз бетінше ұшу.

264. Ұшу шеберлігін тексергеннен кейін кандидат ұшу салмағы 5 700 кг және одан төмен болатын бірқозғалтқышты поршенді ұшақта пилот міндеттерін орындай алады.

265. LAPL(А) немесе PPL (А) санаты куәлігінің иегерін ұшақтың бір түрінен бір поршенді қозғалтқышпен екінші түріне ұшу даярлығына нұсқаушымен кемінде 10 ұшу мен қонуды, және өз бетінше 10 ұшу мен қонуды қоса алғанда, кемінде 3 сағат жатады.

266. «Бірқозғалтқышты поршенді ұшақ - SEP» біліктілік белгісі бар LAPL(А) немесе PPL (А) куәлігі бар кандидат бір пилотты жеңіл ұшақтарда «көпқозғалтқышты поршенді ұшақ - MEP» біліктілік белгісін алу үшін ұзақтығы кемінде 5 сағат болатын ұшу даярлығынан өтеді, соның ішінде нұсқаушымен:

1) көпқозғалтқышты ұшақтың қиын режимде ұшуы кемінде 1 сағат; және

2) қозғалтқыштың істен шығу тәртібі мен ассиметриялық ұшу әдістемесі бойынша ұшу даярлығы кемінде 3 сағат;

3) шеңбер бойынша өз бетінше кемінде 1 сағат ұшу.

267. Бұл жағдайда арнайы пәндер бойынша теориялық дайындық кемінде 8 сағатты құрауы тиіс.

268. «Бірқозғалтқышты поршенді ұшақ - SEP» біліктілік белгісі бар LAPL(А), PPL (А) немесе CPL(A) куәлігі иегерінің бірқозғалтқышты поршенді ұшақтың жаңа түріне қайта даярлау кезіндегі ұшу даярлығы кемінде 3 сағаттан тұрады.Бұл жағдайда арнайы пәндер бойынша теориялық даярлау ұшақ құрылымының және қозғалтқышының модификациясына байланысты болады және кемінде 6 сағатты құрайды.

269. «Көпқозғалтқышты поршенді ұшақ - MEP» біліктілік белгісі бар LAPL(А), PPL (А) немесе CPL(A) куәлігі иегерінің көпқозғалтқышты поршенді ұшақтың жаңа түріне қайта даярлау кезіндегі ұшу даярлығы кемінде 3 сағаттан тұрады. Бұл жағдайда арнайы пәндер бойынша теориялық даярлау ұшақ құрылымының және қозғалтқышының модификациясына байланысты болады және кемінде 6 сағатты құрайды.

270. PPL(Н) санаты куәлігі иегерінің тікұшақтың басқа түріне ұшу даярлығы кемінде 10 сағатты құрайды, соның ішінде, кем дегенде, нұсқаушымен 7 сағат және кемінде өз бетінше 2 сағат.

271. ӘК-нің жеңіл және аса жеңіл түрінің бірінде «ұшу нұсқаушысы» біліктілік белгісінің иегері жеңіл және аса жеңіл ӘК-нің басқа түріне қайта даярланғаннан кейін, ӘКК ретінде кемінде 100 сағат ұшудан кейін және сертификатталған АОО-да осы ӘК түрінде тиісті ұшу тексеруінен өткеннен кейін, ӘК-нің осы түрінде ұшу нұсқаушысы қызметін атқарады.

272. Бұдан бұрын Қазақстан аумағында қолданылмаған жеңіл және аса жеңіл әуе кемелері түрлерін өз бетінше игеруге әрекеттегі ұшу нұсқаушылары жіберіледі, оларда:

1) ӘКК ретінде кемінде 100 сағат ұшу және қолданыстағы кемінде 3 жыл болған «ұшу нұсқаушысы» біліктілік белгісі болуы тиіс;

2) ӘК-нің кемінде үш түрін игеруі тиіс.

273.Бұл жағдайда ұшу даярлығына кемінде 5 сағат, соның ішінде қиын режимде кемінде 2 сағат ұшу уақыты кіруі тиіс.

274. Қайта даярлау бойынша сынақ пен емтихан қорытындылары пилот куәлігіндегі біліктілік (рейтингтік) және ерекше белгілердің мерзімін ұзартуға негіз бола алмайды.


3-параграф. CPL және АТPL пилоттарын қайта даярлау
275.CPL(А), АТPL (А) немесе CPL(Н), АТPL (Н)санатты куәліктің иегеріне әуе кемесінің басқа түрін басқару құқығын алу үшін әуе кемелерінің түрлері арасындағы айырмашылықты ескере отырып, бекітілген бағдарламаларға сәйкес теориялық пәндер бойынша қайта даярлаудан өту қажет.

276. Бұл жағдайда жалпы пәндер бойынша теориялық сабақтар мен емтихандар, егер олардың мерзімі аяқталмаған болса (осы Үлгілік бағдарламаның 272-тарм. қараңыз), толық есепке алынады, соның ішінде:

1) әуе заңнамасы;

2) авиациядағы адами фактор;

3) авиациялық метеорология;

4) байланыс құралдары. Радиоалмасу жүргізу, IFR және VFR фразеология ережелері;

5) апаттық-құтқару дайындығы.

277. Кандидат тиісті әуе кемесі түрінің келесі арнайы пәндері бойынша теориялық дайындықтан өтуі тиіс – ӘК жөніндегі жалпы білімі:

1) әуе кемесінің құрылымы және жүйелері;

2) күштік қондырғы және авариялық жабдық;

3) аспаптық және электррадиожабдық;

4) ӘК-нің түріне байланысты ұшу сипаттамасы;

5) ұшуда пайдалану ережелері, пайдалану тәртібі және

6) ұшу қағидасы (ӘК практикалық динамикасы);

7) әуе навигациясы.

278. Бұл жағдайда ӘК-нің бір түрінен басқа түріне ұшу даярлығына бекітілген бағдарлама бойынша кемінде 100 сағат кіреді.

279. Қайта даярлау бойынша сынақтар мен емтихандар қорытындысы пилот куәлігіндегі біліктілік (рейтинг) және ерекше белгілерді ұзартуға негіз бола алмайды.
4-параграф. Кәсіптік деңгейін қолдау
287. Авиация персоналының кәсіптік деңгейін қолдау бойынша бағдарламалар тізбесі осы Ережелердің 20-қосымшасына сәйкес оқу курстарының Үлгілік бағдарламасының тиісті бөлімдері негізінде әзірленеді.

288. Авиация персоналының кәсіптік деңгейін қолдау курсын өту мерзімі Үлгілік бағдарламаның 20-қосымшасында көрсетілген.

289. Кәсіптік деңгейді қолдау бойынша талаптар пәндер бойынша сынақтар мен емтихандар (тестілеу) тапсыра отырып, күндізгі немесе қашықтан оқу арқылы қанағаттандырылады.

290. Ұшу нұсқаушыларының кәсіптік деңгейін қолдау курсы бойынша бағдарламаға келесі міндетті теориялық пәндер тізбесі кіреді:

1) әуе заңнамасы;

2) оқыту және оқу әдісі;

3) авиациялық педагогика негіздері;

4) авиациялық психология негіздері;

5) ұшуды оқыту әдістемесі;

6) ұшу жұмысын ұйымдастыру;

7) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

8) ұшу-оқу дайындығындағы адами фактор;

9) экипаж ресурсын басқару әдісі;

10) ұшу қызметіндегі CFIT мәселесі;

11) ұшу ақпаратын жинау құралдарының деректерін талдаудың заманауи әдістері;

12) ұшу негіздері, ӘК құрылымы және күштік қондырғы, ӘК жүйелері және басқа арнайы пәндер бойынша жалпы білім.

291.Кәсіптік деңгейді қолдау бойынша сынақтар мен емтихандар қорытындысы біліктілік және ерекше белгілерді (рейтингтерді) ұзарту үшін 24 ай ішінде жарамды.

17-бөлім. Әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығын қолдау бойынша қызметкерлерді кәсіптік дайындаудың үлгілік бағдарламасы
309. Әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығын қолдау бойынша қызметкерлерді кәсіптік дайындаудың үлгілік бағдарламасы (бұдан әрі осы бөлімше шегінде – «Үлгілік бағдарлама») аталған қызметкерлердің кәсіптік дайындалуы қажет болған жағдайда және негіздеме бойынша ұлғайтылу көлемін реттейді. Пәндердің модульдері мен тақырыбы осы Ережелердің 21-қосымшасында берілген («модульдер үйлесімі»).

310. «А», «В1», «В2» және «В3» санатты/қосымша санатты ӘК ТҚ және Ж бойынша маманның куәлігін алуға кандидаттар үшін бастапқы даярлық/теориялық оқу пайызы келесі кесте талаптарымен анықталады:




Санаты

ұзақтығы (60 мин бойыныша сағатпен)

Теориялық оқу көлемі (%)

А1

800

30-дан 35-ке дейін

А2

650

30-дан 35-ке дейін

А3

800

30-дан 35-ке дейін

А4

800

30-дан 35-ке дейін

В1.1

2400

50-ден 60-қа дейін

В1.2

2000

50-ден 60-қа дейін

В1.3

2400

50-ден 60-қа дейін

В1.4

2400

50-ден 60-қа дейін

В2

2400

50-ден 60-қа дейін

В3

500

50-ден 60-қа дейін

АОО-да оқу кезінде теориялық оқудың практикалық оқуға қатынасы (пропорциясы) осы тармақ кестесінің талаптары шегінде қалады, ал бағдарламаны және оның жеке модульдерін өз бетінше оқу кезінде практикалық оқудың ұзақтығына талап қойылмайды.

311. «А», «В1», «В2» и «В3» санатты/қосымша санатты ӘК ТҚ және Ж маманы куәлігін алуға кандидаттарға бастапқы даярлау бағдарламасын одан кейін емтихан алуға құқығы бар уәкілетті органда немесе АОО-да емтихан тапсыра отырып, өз бетінше игеруге болады. Бастапқы дайындық емтихандарының стандарты осы Ережелердің 22-қосымшасында берілген.

312. ӘК ТҚ жөніндегі маман куәлігінің бір санаты/қосымша санатынан екіншісіне ауысқан кезде, маман:

1. АОО-да дайындықтан өтеді немесе куәліктің сұратылған санаты/қосымша санатына арналған бағдарлама модульдерін осы Ережелердің 21-қосымшасына сәйкес осы санат/қосымша санат үшін міндетті модулі шегінде деңгей айырмашылығының көлемін, сонымен қоса куәліктің өзі үміттенген санатында жеткіліксіз модульдерді өз бетінше оқиды, содан кейін емтихан тапсырады, және

2. «Авиация персоналы куәлігін беру және мерзімін ұзарту ережелерінде» талаптарында берілген ӘК ТҚ практикалық тәжірибесін алады және дәлелдейді, ал оның алу талаптары «Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі мамандарға қойылатын біліктілік талаптарында» арқылы алады.

313. Пәндердің оқу ұзақтығы белгіленген осы Ережелердің 309-тармағындағы модульдерден басқа, АОО әрбір модуль шегінде, оқу ұзақтығын анықтайды және пәндерді белгілейді.

314. Кейбір модульдер үшін теориялық элементті оқыту ұзақтығы келесі талаптармен анықталады:




Модуль

ұзақтығы / емтихан

«10-модуль. Қазақстандық және халықаралық авиациялық заңнама» / «Module 10. Kazakhstan and International Aviation Legislation»

3 күн (18 сағат) /

емтиханмен



«9-модуль. ӘК-ге техникалық қызмет көрсетуге қарай адамның мүмкіндіктері» / «Module 9. Human Factors»

  1. күн (12 сағат) / емтиханмен

315. Осы Ережеде ӘК ТҚ жөніндегі маман куәлігін алуға кандидаттың немесе осындай куәлік иегерінің оған біліктілік белгісін енгізуі үшін ие болуы тиіс құзыретінің деңгейі анықталады.

316. Осы Ережеде ӘК ТҚ жөніндегі маманды бастапқы дайындау үшін оқытудың басқа түрлеріне арналған оқу бағдарламасын әзірлеуде өзгертілмейтін модульдік қағидат ұсынылған.

317. Осы Ережеде «А», «В1», «В2» және «В3» санатты (қосымша санат) авиациялық қызметкерлердің куәлігін алу мақсатында бастапқы дайындауды аяқтағаннан кейін оқушы сәйкес келуі тиіс базалық білім (индикатор) немесе осындай куәлікке «В1», «В2», «В3», «С» санатты біліктілік белгісі бар білім деңгейімен белгіленеді (1,2 және 3). ӘК түріне оқыту кезінде білім деңгейін анықтау кезінде, сонымен бірге «А» санатты механик міндеттерін орындауға оқыту кезіндегі теориялық бөлімінде осы Ереженің 24-қосымшасында анықталған, ал бастапқы дайындық үшін – 333-тармақ қолданылады.

320. Бастапқы дайындаудың базалық білім индикаторы сәйкес белгілері және мақсаттарымен ажыратылады:

1) 1-деңгей –оқу пәнінің негізгі элементтерімен танысу, бұл жағдайда кандидат:

оқу пәнінің базалық элементтерімен танысуы тиіс;

жалпы сөздер мен мысалдарды қолдана отырып, оқу пәніне қарапайым сипаттама бере алады;

оқу пәніне тән терминдерді пайдалана алады.

2) 2-деңгей –оқу пәнінің теориялық және практикалық аспектілері бойынша жалпы білімі және осы білімін қолдана алу қабілеті, бұл жағдайда кандидат:

оқу пәнінің теориялық негіздерін түсіне алуы тиіс;

қолданылатын оқу пәніне мысал келтіре отырып, жалпы сипаттама бере алуы тиіс;

оқу пәнін сипаттау кезінде математикалық формулаларды физикалық заңдармен байланыстыра отырып, қолдану;

оқу пәнін сипаттау кезінде эскиз, суреттерді және сызбаларды оқып, түсіне алуы тиіс;

егжей-тегжейлі процедураларды пайдалана отырып, өз білімін тәжірибеде қолдана алуы тиіс.

3) 3-деңгей –оқу пәнінің теориялық және практикалық аспектілері бойынша білімін тереңдету және білімінің жеке элементтерін логикалық және жан-жақты үлгіде біріктіріп, қолдану, бұл жағдайда кандидат:

оқу пәнінің теориясын және басқа пәндермен байланысын білуі тиіс;

теориялық негіздерді және өзіндік мысалдарды қолдана отырып, оқу пәнін егжей-тегжейлі сипаттай алуы тиіс;

оқу пәніне қатысты математикалық формулаларды түсініп, қолдана алуы тиіс;

оқу пәнін сипаттайтын эскиз, қарапайым суреттерді және сызбаларды оқып, түсініп, дайындай алады;

өндірушінің нұсқаулығын қолдана отырып, өз білімін тәжірибеде қолдана алады;

түрлі дереккөзден және өлшем түрінен алған өз әрекетінің нәтижесін түсініп, қажетінше өз әрекетін түзете алады.

321. Әуе кемелерінің ұшу жарамдылығын қолдаумен айналысатын авиация қызметкерлерін оқыту және емтихан алу стандарттары осы «Үлгілік бағдарламаның» тиісті қосымшаларында берілген және оған төмендегілер кіреді:

1) «Бастапқы дайындық емтиханының стандарты» осы «Үлгілік бағдарламаның» 23-қосымшасында берілген;

2) «ӘК түріне оқыту, емтихан жүргізу – тәжірибелік тағылымдамадан өту» осы «Үлгілік бағдарламаның» 24-қосымшасында берілген;

3) Әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығын қолдаумен айналысатын авиация персоналын «Қайта дайындау және кәсіптік деңгейін қолдау курстарының стандарты» 25-қосымшада берілген.

322. ӘК-нің ұшуға жарамдылығын қолдау жөніндегіперсоналға арналған курс бағдарламасы осы «Үлгілік бағдарламаның» тиісті қосымшаларында берілген және оған төмендегілер кіреді:

1) «Отын бактары қауіпсіздігі / CDCCL — 1 және 2-фазалар / Fuel Tank Safety / CDCCL – Phases 1 and 2» (26-қосымша).



  1. «Электр сымдары және электрлік қосылыстар жүйесі - EWIS» / «Electrical Wiring Interconnection System, EWIS» (27-қосымша).

  2. «Адамның ӘК-ге техникалық қызмет көрсетуге қатысты мүмкіндіктері – бастапқы дайындық» / «Initial Human Factors» - (28-қосымша).

  3. «ETOPS ережелері бойынша ұшуларды орындайтын ӘК-ні техникалық пайдалану» / «ETOPS maintenance» (29-қосымша).

  4. «Шетелдік ӘК қауіпсіздігін бағалау (SAFA)» / «Safety Assessment of Foreign Aircraft, SAFA» (30-қосымша).

  5. «ӘК-ге сервистік қызмет көрсету міндеттеріне оқыту» / «ACFT Service Tasks Training» (31-қосымша).

  6. «А» санатты куәлік иегеріне орындауға анықталған міндеттерді практикалық орындауға оқыту» / «Cat A Tasks Training» (32-қосымша).

  7. «Адамның ӘК-ге техникалық қызмет көрсетуге қатысты мүмкіндіктері – кәсіптік деңгейді қолдау» / «Human Factors - Continuation Training» (33-қосымша).

  8. «Авиациялық заңнама - кәсіптік деңгейді қолдау» / «Aviation Legislation - Continuation Training» (34-қосымша).

  9. «Отын багының қауіпсіздігі / CDCCL – кәсіптік деңгейді қолдау» / «Fuel Tank Safety / CDCCL Continuation Training» (35-қосымша).

  10. «ӘК-ге ТҚ және Ж жөніндегі ұйымдардың аудиті кезінде анықталған ӘК-ге ТҚ және Ж-дегі қателер, ескертулер, ӘК-ге ТҚ және Ж-ге қатысты авиациялық оқиғалар мен жағдайлар материалдары және оларда жасалған ұсыныстар» (36-қосымша).

  11. «Электр сымдары және электрлік қосылыстар жүйесі (EWIS) – кәсіптік деңгейді қолдау» / «Electrical Wiring Interconnection System (EWIS) - Continuation Training» (37-қосымша).

  12. «ӘК-мен (XXXXX –ӘК түрі көрсетіледі) қозғалтқыштармен (YYYYY –қозғалтқыш түрі көрсетіледі) жалпы танысу курсы» / «General Aircraft Familiarization Course ХХХХХ (YYYYY)». (38-қосымша).

  13. «ӘК-ге сервистік қызмет және/немесе техникалық күтім көрсететін мамандардың кәсіби деңгейін қолдау / Continuation Training». (39-қосымша).

  14. «ӘК ТКЖ мамандарының кәсіби деңгейін қолдау курстарының минималды тізбесі және олардың алғашқы дайындық курстарының тізбесі». (40-қосымша).

  15. «АТЖ және ТКЖ ұйымының персоналы мен ӘК ұшу жарамдылығына қолдау көрсету персоналы біліктілігінің типтік бағдарламасы». (41-қосымша).

  16. «Авиациялық ішкі аудитор / Aviation Internal Auditor». (42-қосымша).

  17. «Азаматтық әуе кемелерімен қауіпті жүкті тасымалдау ережелері / Dangerous goods regulations». (43-қосымша).

  18. «Азаматтық әуе кемелерінде қауіпті жүкті тасымалдау ережелері — кәсіби деңгейді қолдау» / «Dangerous Goods Regulations – Recurrent Training». (44-қосымша).

  19. «В1 санатындағы персонал үшін ТВ2-117 қозғалтқыштары бар МИ-8Т; ТВ3-117ВМ қозғалтқыштары бар МИ-8МТВ-1 (Ми-172) ӘК бойынша оқыту бағдарламасы». (45-қосымша).

  20. «В1 санатындағы персонал үшін ТВ2-117 қозғалтқыштары бар Ми-8Т; ТВ3-117ВМ қозғалтқыштары бар Ми-8МТВ-1 (Ми-172) ӘК-де жүргізілетін тәжірибелік тағылымдама бағдарламасы». (46-қосымша).

  21. «В2 санатындағы персонал үшін ТВ2-117 қозғалтқыштары бар МИ-8Т; ТВ3-117ВМ қозғалтқыштары бар МИ-8МТВ-1 (Ми-172) ӘК бойынша оқыту бағдарламасы». (47-қосымша).

  22. «В2 санатындағы персонал үшін ТВ2-117 қозғалтқыштары бар МИ-8Т; ТВ3-117ВМ қозғалтқыштары бар Ми-8МТВ-1 (Ми-172) ӘК-де жүргізілетін тәжірибелік тағылымдама бағдарламасы». (48-қосымша).

  23. «В1 санатындағы персонал үшін ГТД-350 қозғалтқышы бар МИ-2 ӘК бойынша оқыту бағдарламасы». (49-қосымша).

  24. «В1 санатындағы персонал үшін ГТД-350 қозғалтқышы бар МИ-2 ӘК-де жүргізілетін тәжірибелік тағылымдама бағдарламасы». (50-қосымша).

В2 санатындағы персонал үшін ГТД-350 қозғалтқышы бар МИ-2 ӘК бойынша оқыту бағдарламасы». (51-қосымша).

  1. «В2 санатындағы персонал үшін ГТД-350 қозғалтқышы бар МИ-2 ӘК-де жүргізілетін тәжірибелік тағылымдама бағдарламасы. (52-қосымша)».

  2. «В1 санатындағы персонал үшін ТВ3-117ВМА қозғалтқыштары бар КА-32А11ВС ӘК бойынша оқыту бағдарламасы.(53-қосымша)».

  3. «В1 санатындағы персонал үшін ТВ3-117ВМА қозғалтқыштары бар КА-32А11ВС ӘК-де жүргізілетін тәжірибелік тағылымдама бағдарламасы». (54-қосымша).

  4. «В2 санатындағы персонал үшін ТВ3-117ВМА қозғалтқыштары бар КА-32А11ВС ӘК бойынша оқыту бағдарламасы». (55-қосымша).

  5. «В2 санатындағы КА-32А11ВС ӘК-де жүргізілетін тәжірибелік тағылымдама бағдарламасы». (56-қосымша).

  6. «В1 санатындағы персонал үшін ТВ2-117 қозғалтқыштары бар МИ-8Т; ТВ3-117ВМ қозғалтқыштары бар Ми-171; ТВ3-117ВМ қозғалтқыштары бар Ми-171Е ӘК бойынша оқыту бағдарламасы». (57-қосымша).

  7. «В1 санатындағы персонал үшін ТВ2-117 қозғалтқыштары бар МИ-8Т; ТВ3-117ВМ қозғалтқыштары бар Ми-171; ТВ3-117ВМ қозғалтқыштары бар Ми-171Е ӘК-де жүргізілетін тәжірибелік тағылымдама бағдарламасы». (58-қосымша).

  8. «В2 санатындағы персонал үшін ТВ2-117 қозғалтқыштары бар МИ-8Т; ТВ3-117ВМ қозғалтқыштары бар Ми-171; ТВ3-117ВМ қозғалтқыштары бар МИ-171Е ӘК бойынша оқыту бағдарламасы». (59-қосымша).

  9. «В2 санатындағы персонал үшін ТВ2-117 қозғалтқыштары бар МИ-8Т; ТВ3-117ВМ қозғалтқыштары бар МИ-171; ТВ3-117ВМ қозғалтқыштары бар МИ-171Е ӘК-де жүргізілетін тәжірибелік тағылымдама бағдарламасы». (60-қосымша).

  10. «В1 санатындағы персонал үшін Д-136 қозғалтқыштары бар МИ-26Т ӘК бойынша оқыту бағдарламасы». (61-қосымша).

  11. «В1 санатындағы персонал үшін Д-136 қозғалтқыштары бар МИ-26Т ӘК-де жүргізілетін тәжірибелік тағылымдама бағдарламасы». (61-қосымша). (62-қосымша).

  12. «В2 санатындағы персонал үшін Д-136 қозғалтқыштары бар МИ-26Т ӘК бойынша оқыту бағдарламасы». (63-қосымша).

  13. «В2 санатындағы персонал үшін Д-136 қозғалтқыштары бар МИ-26Т ӘК-де жүргізілетін тәжірибелік тағылымдама бағдарламасы». (64-қосымша).

  14. «В1 және В3 санаттарындағы персонал үшін АШ-62ир қозғалтқышы бар АН-2 ӘК бойынша оқыту бағдарламасы». (65-қосымша).

  15. «В1 және В3 санаттарындағы персонал үшін АШ-62ир қозғалтқышы бар АН-2 ӘК-де жүргізілетін тәжірибелік тағылымдама бағдарламасы». (66-қосымша).

  16. «В2 санатындағы персонал үшін АШ-62ир қозғалтқышы бар АН-2 ӘК бойынша оқыту бағдарламасы». (67-қосымша).

  17. «В2 санатындағы персонал үшін АШ-62ир қозғалтқышы бар АН-2 ӘК-де жүргізілетін тәжірибелік тағылымдама бағдарламасы». (68-қосымша).

  18. «В1 санатындағы персонал үшін АИ-24 қозғалтқышы бар АН-24 / АН-26 ӘК бойынша оқыту бағдарламасы». (69-қосымша).

  19. «В1 санатындағы персонал үшін АИ-24 қозғалтқышы бар АН-24 / АН-26 ӘК-де жүргізілетін тәжірибелік тағылымдама бағдарламасы». (70-қосымша).

  20. «В2 санатындағы персонал үшін АИ-24 қозғалтқышы бар АН-24 / Ан-26 ӘК бойынша оқыту бағдарламасы». (71-қосымша).

  21. «В2 санатындағы персонал үшін АИ-24 қозғалтқышы бар АН-24 / АН-26 ӘК-де жүргізілетін тәжірибелік тағылымдама бағдарламасы». (72-қосымша).

  22. «В1 санатындағы персонал үшін М-601Е қозғалтқышы бар Л-410 УВП-Э ӘК бойынша оқыту бағдарламасы». (73-қосымша).

  23. «В1 санатындағы персонал үшін М-601Е қозғалтқыштары бар Л-410 УВП-Э ӘК-де жүргізілетін тәжірибелік тағылымдама бағдарламасы». (74-қосымша).

  24. «В2 санатындағы персонал үшін М-601Е қозғалтқыштары бар Л-410 УВП-Э ӘК бойынша оқыту бағдарламасы». (75-қосымша).

  25. «В2 санатындағы персонал үшін М-601Е қозғалтқыштары бар Л-410 УВП-Э ӘК-де жүргізілетін тәжірибелік тағылымдама бағдарламасы» (76-қосымша).

323. Бастапқы дайындықты немесе ӘК түріне оқуды аяқтағаннан кейін, тиісті емтихандарды тапсырғаннан кейін және, қажет болған жағдайда, бағалаудан кейін, оқушыға әрбір игерген модуль немесе ӘК түріне / қозғалтқышқа «Recognition Cerificate»бағалау сертификаты беріледі, және де игерген ӘК түрі және қозғалтқышы бойынша сертификаттағы жазба қабылданған халықаралық қысқартуларға сәйкес келеді. «А», «В1», «В2», «B3» санаттары бойынша бастапқы дайындық бағдарламасын игеру нәтижесі бойынша сертификатта емтихан арқылы маманның игерген модульдерін көрсете отырып, бірыңғай сертификатты беруге рұқсат етіледі.

324. 336-тармақтың анықтауына жатпайтын курстарды аяқтағаннан кейін қатысушыға келесі сертификат беріледі:

1) «Certificate of Completion» курсын аяқтағаны туралы сертификат, егер курс емтихан тапсыруды қарастыратын болса, сонымен қоса практикалық тағылымдамадан өту қорытындысы бойынша (On the Job Training). Практикалық тағылымдамадан өту қорытындысы жөніндегі (On the Job Training) сертификатқа балама практикалық тағылымдамада меңгерілгенміндеттер бойынша жазба және бағалаушының біліктілік, тағайындалған бағасы жөніндегі жазба болып табылады.

2) егер курс емтихан тапсыруды қарастырмайтын болса, «Cerificate of Attendance» қатысқаны туралы сертификат беріледі.

325. Емтиханды әрбір қайта тапсырудан кейін өту балынан асатын нәтижеге қарамастан сертификатта «75%» нәтижесі жазылады.

326. ӘК-нің ұшуға жарамдылығын қолдау жөніндегі қызметкерлердің кәсіптік дайындығының түрін жіктеу кезінде келесі түсіндірулер қолданылады:




р/с

Кәсіптік дайындық түрі

анықтама

1

Бастапқы дайындық

Модульдерді оқуды және ӘК-ге ТҚ жөніндегі маман куәлігін алуды қарастыратын бастапқы кәсіптік дайындық

2

Қайта даярлау

Осы кестенің 1 және 3-тармақтарының анықтамасына жатпайтын барлық курстар

3

Кәсіптік деңгейін қолдау

        1. Курс тізбесі алдын ала уәкілетті органмен белгіленген дайындық түрі.

        2. «ӘК-ге техникалық қызмет көрсетуге қатысты адамның мүмкіндіктері – бастапқы дайындық» курсы / «Initial Human Factors»

        3. «ӘК-мен (XXXXX түрі көрсетіледі) қозғалтқышпен (YYYYY түрі көрсетіледі) жалпы танысу курсы /«General Aircraft Familiarization Course XXXXX (YYYYY)»

327. Оқушылардың білімін емтихан арқылы тексеру кезінде олардың емтиханда ақпарат көздері мен әдебиетті қолдану бөлігінде келесі қағида қолданылады:




Дайындық түрі

Ашық кітап немесе жабық кітап

Бастапқы дайындық (модульдер)

  1. Жабық кітап

ӘК түріне оқыту

  1. «В1» немесе «В2» кандидаттары техникалық құжаттаманы түсіндіретін емтихандарды алмағанда, жабық кітап.




Бастапқы дайындықты және ӘК түріне оқытуды алмағанда, кәсіптік деңгейін қолдауды қоса алғандағы барлық курстар

  1. Төмендегілермен қарастырылған жабық кітаппен емтихан тапсыру талап етілетін жағдайлардан басқа кезде, ашық кітап:

  1. осы «Үлгілік бағдарламада» берілген курс бағдарламасымен

  2. уәкілетті органмен немесе ӘК-ге ТҚ жөніндегі ұйым басшыларымен




  1. 9А және 10 бағдарлама модульдері ӘК сервистік қызмет көрсетуші механиктерге, «А», «В1», «В2», «B3», «С» санатты ӘК ТҚК бойынша куәлік иелеріне немесе куәлікке иелік етуге үміткер мамандарға қолданылады, атап айтқанда:

        1. ӘК ТҚК ұйымдастыру бойынша құрам жетекшісі мен қызметкерлер

        2. ӘК ұшу жарамдылығымен айналысатын қызметкерлер

        3. ӘК ТҚК айналысатын авиациялық қызметкердің біліктілік деңгейін анықтауға құқылы жеке тұлғалар

        4. «А», «В1», «В2», «B3» және «С» санатты мамандарды кәсіптік даярлаумен айналысатын қызметкерлер, оның ішінде ӘК сервистік қызмет көрсету бойынша механиктер және ӘК ТҚК ұйымдастыру қызметкерлерін оқытумен айналысатын қызметкерлер.

  1. 9В және 10 бағдарлама модульдері «B3» санатты ӘК ТҚК бойынша куәлігі бар немесе куәлікке иелік етуге үміткер мамандарға (кестеде «басқа қызметкер» деп белгіленген) қолданылады, соның ішінде:

              1. Жеңіл және аса жеңіл авиация ӘК ТҚК ұйымдастыру бойынша құрам жетекшісі мен қызметкерлер.

              2. Жеңіл және аса жеңіл авиация ӘК ұшу жарамдылығымен айналысатын қызметкерлер.

              3. Жеңіл және аса жеңіл авиация ӘК ТҚК айналысатын авиациялық қызметкердің біліктілік деңгейін анықтауға құқылы жеке тұлғалар

              4. «B3»» санатты жеңіл және аса жеңіл авиация ӘК ТҚК бойынша куәлік иесі немесе куәлікке иелік етуге үміткер мамандарды оқыту мен емтихан қабылдаумен айналысатын қызметкерлер.

  1. «Практикалық элемент», «практикалық оқыту», «практикалық даярлық» терминдерінің мағынасы тең дәрежеде, алайда төмендегі ескеру қажет:

  1. «Практикалық элемент» термині бастапқы даярлықта оқыту бөліктерінің белгілерінде, сол сияқты ӘК түріне оқытуда қолданылады.

  2. «Практикалық даярлық» немесе «Практикалық оқыту» - оқытылушыға ӘК немесе оның компоненттерінде операциялар немесе нақты міндеттемелерді орындауды үйретуге дағдыландыруды қарастыратын оқу түрі. Практикалық тағылымдама (On the Job Training) практикалық даярлық немесе практикалық оқыту түрі ретінде қарастырылады, жаңа «Rating» бағанына 1 жазба жазуға қажетті ӘК ТҚК бойынша маман куәлігі санатына жататын ауыр ӘК ТҚК көрсетуші мамандарға қатысты және ол ӘК ТҚК нақты жағдайында жүргізіледі. (Task Training) практикалық даярлық немесе практикалық оқыту «А» санатты ӘК сервистік қызмет көрсетуші механикке, зертханалар мен шеберханаларда ӘК компонентеріне қызмет көрсетуші мамандарға міндеттемелерді орындауға үйрету кезінде, сол сияқты супервайзерлер немесе нұсқаушыларға операциялар мен міндеттемелерді оқыту барысында дағдыландыру үшін қарастырылған.

  3. Негізгі дағдылар («Basic Skills) бірыңғай оқу бағдарламасында практикалық сабақтар болып табылады және «А», «В1», «В2» санатына қызмет көрсету бойынша мамандарға міндетті болып табылатын тастапқы оқытудың бөлігі болып табылады (осы Ережеге 22-ші қосымша).


18- бөлім. Әуе қозғалысын ұйымдастыру және қызмет көрсету қызметкерлерін кәсіптік даярлаудың үлгілік бағдарламалары
1 -параграф. Жалпы ереже


  1. Әуе қозғалысын ұйымдастыру және қызмет көрсету қызметкерлерін кәсіптік даярлаудың үлгілік бағдарламалары кәсіптік даярлау қағидаларын, тәртібін, минималды көлемін және өздігінен жұмыс істеуге жіберуді анықтайды.

  1. Әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерлері, диспетчер-нұсқаушылар, ұшу жетекшілері (ауысымның аға диспетчерлері) (бұдан әрі- ӘҚҚК);

  2. Әуе қозғалысын жоспарлау, бақылау және координациялау бойынша диспетчерлер (бұдан әрі-ӘҚЖ);

  3. Брифинг диспетчерлері (бұдан әрі – Брифинг);

  4. ӘҚҚ емтихан алушылары;

  5. аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету бойынша мамандар (маман, аэронавигациялық ақпарат бойынша маман, аэронавигациялық процедуралар дизайнері, қызметкер (бұдан әрі - АНА).

  1. Әуе қозғалысын ұйымдастыру және қызмет көрсету қызметкерлерін кәсіптік даярлағы (бұдан әрі– ӘҚҰ) қызметтік міндеттерді орындау барысында біліктілік талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

  2. Бастапқы даярлық тиісті санатты мамандардың алғашқы біліктілік білімдерін, дағдыларын алуды, сол сияқты біліктілік талаптарына сай болуын дамытуды қамтамасыз етеді.

  3. Мамандарды қайта даярлау жұмыс сипаты мен жағдайы, мамандықтың жүйе конструкциясы, мамандық, жұмыс профилі (жаңғырту немесе ауыстыру) өзгерген жағдайда, сол сияқты біліктілік белгілерін алу үшін жүргізіледі.

  4. Мамандардың кәсіптік деңгейін қолдау ұжымдық жұмыстарды қоса алғандағы білімі мен бейімділіктерін қайта қарау, пысықтау, кеңейту жүйелер мен жабдықтардағы өзгерістермен таныстыру, жаңа процедуралар мен тәжірибелерді үйрету, апаттық, қауіпті және штаттан тыс жағдайлардағы әрекеттерге үйрету, сол сияқты жұмыстан 6 айдан аса уақытқа қол үзген жағдайда кәсіптік дағдысын қалпына келтіруді қамтамасыз етеді.

  5. Ағылшын тілі саласындағы элементтер нақты диспетчерлік пункт мамандарын даярлау қажеттілігіне байланысты кәсіптік даярлау бағдарламаларына қосымша енгізіледі және оны АОО дербес анықтайды.

  6. Ағылшын тілі саласындағы бағдарламалар тыңдаушыларға олардың өздігінше білімдері мен дағдыларын ИКАО шкалалары бойынша жұмыс деңгейінде қалыптастыруды қамтамасыз етуі тиіс:

  1. Жалпы, нақты және жұмысқа қатысты сұрақтарға екі ұшты емес нақты жауап бере алу;

  2. Хабарлама алмасуда түсінбеушілікті тану және жою үшін барлық байланыс әдістерін пайдалану (мысалы, ақпаратты тексеру, растау немесе анықтау;

  3. Штаттық жұмыс жағдайында немесе белгілі байланыс міндеттемелерін орындау барысында жағдайдың қиындауы немесе болжанбаған өзгерістер орын алғанда лингвистикалық мәселелерді оңтайлы және барынша жеңіл шешу;

  4. Авиация қауымдастығына түсінікті диалект немесе акцентті қолдану.


2 -параграф. ӘҚҚ, ӘҚЖ және Брифинг қызметкерлерін бастапқы даярлау және қайта даярлау


  1. ӘҚҚК және ӘҚЖ мамандарын алғашқы дайындығы келесі кезеңдерден тұрады:

      1) теориялық дайындық;

2) жаттығу құрылғысымен дайындық;

3) практикалық дайындық.


  1. Теориялық дайындық келесі негізгі оқыту нысандары арқылы жүзеге асырылуы мүмкін:
          1) күндізгі стационарлы (кешенді, типтік);
          2) модульді;
          3) сырттай;
          4) қашықтан;
          5) құрамдас.

  2. Жаттығу құрылғысымен дайындық келесі негізгі оқыту нысандары арқылы жүзеге асырылуы мүмкін:

      1) күндізгі стационарлы (кешенді, типтік);
      2) модульді.

341. Келесі өлшемдерге сәйкес алғашқы дайындық көлемі азаматтық авиация саласындағы өкілетті органдарымен бекітілген АОО бағдарламаларына сәйкес регламенттеледі:



  1. 39 қосымшада белгіленген сәйкес салаларда ұшу құрамынан құралған ӘҚҚК диспетчерлерін бастапқы даярлауда пәндерді (пәндер мен модульдер т.с.с.) оқытуды даярлау көлемінің оқу сағаттары 600 сағаттан кем қамтылмауы тиіс және қажет жағдайда нақты диспетчерлік пункт, басқару аймағы немесе жұмыс орындары үшін ағылшын тілі элементері оқытылады;

  2. 39 қосымшада белгіленгенге сәйкес салаларда авиациялық білімі жоқ тұлғалардан құралған ӘҚҚК диспетчерлерін бастапқы даярлауда пәндерді (пәндер мен модульдер т.с.с.) оқытуды даярлау көлемінің оқу сағаттары 360 сағаттан кем қамтылмауы тиіс және қажет жағдайда нақты диспетчерлік пункт, басқару аймағы немесе жұмыс орындары үшін ағылшын тілі элементері оқытылады;

  1. ӘҚҚ мамандарының алғашқы дайындық бағдарламасына тиісті тағылымдамалық мерзім өткеннен кейін талапқа сай біліктілік белгіні алу үшін жеке алынған және сонымен қатар барлық диспетчерлік пункттерді оқытып игеру қосылуы мүмкін;

  1. ұшу құрамынан құралған ӘҚЖ және Брифинг мамандарын бастапқы даярлау барысында жалпы даярлау көлемі 260 оқу сағатынан кем болмауы қажет;

  1. авиациялық білімі жоқ және басқа да дәрежедегі авиациялық қызметкерлердің қатарындағы ӘҚЖ және Брифинг мамандарын бастапқы даярлау барысында жалпы даярлау көлемі 540 сағаттан кем болмауы қажет;

  2. ӘҚҚ диспетчерлерлік куәлік иегерлерінен құралған ӘҚЖ және Брифинг мамандарын (ӘҚҚК диспетчерлерін қайта даярлау) бастапқы даярлау барысында жалпы даярлау көлемі 36 сағаттан кем емес болуы қажет және ол Брифинг және/немесе ӘҚЖ диспетчерінің кәсіптік дәрежелерін қолдау бағдарламасы бойынша оқығандымен теңестірілуі мүмкін;

  3. ӘҚЖ диспетчерлерінің жаттығу құрылғысымен дайындық барысында жалпы даярлау осы пункттің 1)тт және 2) тт. белгіленген жалпы көлемінің 240 сағатынан кем болмауы қажет;

  1. ӘҚҚ диспетчерлерлін бастапқы даярлау барысында практикалық даярлауға тренажерлік дайындық көлемін игеру және қосымша АОО қалауына сәйкес аэронавигация объектілерін аралап танысу жатады;

  2. Тағылымдама бастапқы даярлық аяқталғаннан кейін үміткердің (тағылымдамашының) жұмыс орнында жүзеге асырылады, минималды сынақтан өту көлемі 40-қосымшада келтірілген және үміткердің (тағылымдамашының) кәсіптік қызметін іске асыратын, сол сияқты тағылымдамашының осы қызмет түрін игеру қабілетін айқындау орны диспетчерлік пункт (жұмыс орны) анықталады;

10) Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы нормативтік-құқықтық актілерімен айқындалынатын ӘҚҚК, ӘҚЖ және Брифинг қызметкерлерін кәсіптік даярлау барысында жаңа және қосымша талаптардың енгізілуінің жүзеге асуы кәсіптік даярлауда міндетті болып табылады, ал жалпы сағат саны үйлестірімді өзгереді.

342. Жаттығу құрылғысымен дайындық бастапқы даярлауда міндетті бөлім болып табылады және арнайы жаттығу құрылғы кешендерде, жеке жаттығу құрылғысында, жұмыстың практикалық дағдыларын меңгеруге және жетілдіруге мүмкіндік беретін пайдалану талаптарына сай және әуе жағдайына ұқсас жаттығу құрылғысымен жабдықтары және стендтері бар аэронавигациялық объектілерінде жүзеге асырылады.



343. ӘҚҚ диспетчерлерін бастапқы даярлау бағдарламасы аясында іске асырылатын тренажерлік дайындық барысында бір ӘҚҚ нұсқаушысы екіден артық тыңдаушыға жетекшілік жасамауы тиіс.

  1. Қосымша дағдыларды игеру мақсатында тренажерлік дайындық барысында ӘҚҚ диспетчерлерін бастапқы даярлау тыңдаушыларын ӘҚҚК тренажер операторлары ретінде жұмысқа тартуға болады.

  2. АОО-да бастапқы даярлау бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған тыңдаушыға аэронавигациялық ұйымға тағылымдамашы ретінде кіруге құқық беретін «курсант-диспетчер куәлігі» беріледі.

  3. Тағылымдама жақсы нәтижемен аяқталған жағдайда аэронавигациялық ұйымның растайтын құжаттары (хаттама, үлгілер және т.с.с) негізінде АОО тыңдаушыға оқу аяқтағаны туралы тағылымдаманың қорытынды нәтижесі көрсетілген бекітілген үлгідегі куәлік береді. Сонымен қатар АОО берілген құжаттардың сканкөшірмесін өзінде қалдырады.

  4. Тағылымдаманы (практикалық даярлық) жетістікті аяқтау ӘҚҚК диспетчері куәлігін алуға ұсынылатын тәжірбие ретінде саналады.

  5. Қайта даярлау бағдарламасы (қажет болған жағдайда) ӘҚҚК рәсімдерінің талаптарға сай теориялық оқулары, байланыстар, радиотелефониялар және фразеологиялық алмасу (штаттық, штаттық емес және апаттық), авиациялық құжаттарды пайдалану, бастапқы даярлық барысында пайдаланудың тәртіптерінің бөлімін оқытудағы көлемге байланысты көлемдік ұшудың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тәжірбиелік әдістер, сонымен қатар төменде көрсетілген біліктілік белгісінің талаптарына сай білім салаларын қамтиды және осы Үлгілік бағдарламаның 41-қосымшасында берілген.

  6. Теориялық білімдерді игергеннен кейін практикалық даярлық жүргізіледі (тағылымдамадан өту).

  7. ӘҚҚ, ӘҚЖ және Брифинг қызметкерлерін қайта даярлау келесі жағдайларда арнайы дайындық түрінде жүзеге асырылады:
         1) ӘҚҚ, ӘҚЖ жаңа рәсімдерін игеру;
         2) жаңа автоматтандырылғын ӘҚҚ, ӘҚЖ жүйелерін іске қосу;
         3) ӘҚҚ, ӘҚЖ ұйымдарының қызметін реттейтін ұлттық нормативті-құқықтық құжаттар талаптарына маңызды өзгерістер ендірілуі;
         4) ӘҚҚ, ӘҚЖ ұйымдарының қызметін реттейтін ИКАО немесе басқа да ұйымдардың ҚР АА саласында қолданылатын стандарт талаптары мен ұсынылатын тәжірбиелеріне маңызды өзгерістер ендірілуі;
         5) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылатын басқа жағдайлар.

  8. ӘҚҚ, ӘҚЖ және Брифинг қызметкерлерінің арнайы дайындығы өндірістік қажеттілікке байланысты аэронавигациялық ұйымдардың өзінде практикалық және тренажерлік дайындық үлгісінде, сонымен қатар бөлек курс, тренинг түрінде авиациялық оқу орталығында да өткізіледі. Бұл жағдайда уәкілетті органға даярлау бағдарламасын(жоспарын) бекіттіру талап етілмейді.

3-параграф. Жұмысқа рұқсатнама алу үшін тағылымдаманың
ұйымдастырылуы


  1. Тиісті кәсіптік дайындықтан өткен, бекітілген бағдарлама бойынша оқуды бітіргендігін растайтын құжаты бар тұлғаларға ғана өздігінен жұмыс істеуге рұқсатнама алу үшін тағылымдамадан өтуге рұқсат беріледі.

  2. Тағылымдама өздігінен жұмыс істеуге тиісті рұқсатнама алу мақсатында тиісті біліктілігі бар аттестатталған нұсқаушының немесе басқа да уәкілетті тұлғаның жетекшілігімен және оның үнемі бақылауында жүргізіледі.

  3. Нұсқаушы тағылымдамашы туралы объективті деректердің және жеке әңгімесінің негізінде тағылымдамадан өтуге қажетті құжаттарды оқу мерзімі, тренажерлік даярлықтың мерзімі мен мазмұны, ӘҚҚ практикасының басталу уақыты (жұмыс орнындағы процедуралар) қамтылған жеке жоспар құрады. Қажеттілік туындаған жағдайда нұсқаушы тағылымдамадан өту жоспарына өзгерістер енгізеді.

  4. Тағылымдамадан өтуге жеке жоспар дайындау барысында тағылымдамашыдан қосымша тестер алуға рұқсат етіледі.

  5. Тағылымдамадан өту жоспары тағылымдамашының локальді дайындығын қамтамасыз етуі тиіс және оның құрамы төмендегідей болуы қажет:

1) аэроайлақтың бас жоспары және оның физикалық сипаттарын оқу;

2) ӘҚҚК қызметінің ұйымдық құрылымын оқу;

3) әуе кеңістігінің құрылымын оқу;

4) диспетчерлік пункттерде ӘҚҚ жалпы технологиялық үрдісін оқу;

5) әуеайлақ бойынша мәліметтерді оқу;

6) нақты диспетчерлік пункттерде пайдаланылатын анықтамалық материалдармен танысу;

7) диспетчерлік пункттермен іргелес бақылау органдарының ұшу үйлесімдерінің тәртіптері мен маңызды қарым-қатынастарын оқу;

8) диспетчерлік пункттердің метеорологиямен қамтамасыз етуімен таныстыру;

9) әуе қозғалысына қызмет көрсету барысында ұшу қауіпсіздігінің радиотехникалық жүйелерімен таныстыру;

10) жер үсті байланыс құралдарымен таныстыру;

11) ӘҚҚ ерекшеліктерін және диспетчерлік пункттерді зерделеу (жабдықтар және оларды пайдалану);

12) нақты диспетчерлік пункттерде және фразеологиялық радиоалмасу ережелерін қолданудағы ӘҚҚ диспетчерінің жұмыс технологиясымен танысып үйрену;

13) практикалық қызмет (дайындық).


  1. Тағылымдамадан өту барысында негізгі жұмыс орнынан басқа іргелес диспетчерлік пункттердегі жұмыстармен таныстыру іске асырылады.

  2. Осыдан кейін нұсқаушы тағылымдамашының білімін тексеріп, практикалық даярлыққа бастамалық даярлығы туралы шешім қабылдайды

  3. Практикалық даярлыққа нұсқаушының әуе қозғалысына қызмет көрсетудің (жұмыс орнында) нұсқаулық көрсетілімі және тағылымдамашының аттестатталған нұсқаушының бақылауында болып ӘҚҚК диспетчері (жоспарлаушы диспетчер, әуе қозғалысын үйлестіруші және бақылаушы диспетчер ӘҚЖ), Брифинг диспетчері, ұшу жетекшісі (ауысымның аға диспетчері), ӘҚҚ нұсқаушысы ретінде жұмыс істеуі кіреді.

  4. Нұсқаушылық көрсетілім тағылымдамашының қатысуымен практикалық қызметті қамтамасыз етіп, төмендегі аталғандармен қоса жүреді:
          1) әуе жағдайының сипаттық мысалдарының түсініктемелері;
          2) әуе жағдайын бақылаудың әдістері мен процедуралары

түсініктемелері;

3) диспетчерлік шешімдерінің қабылдануы мен берілуінің түсініктемелері;


      4) ӘҚҚ барысында зейіннің үйлесуі туралы ұсыныстарымен;
      5) ӘҚҚ РТС пайдалану туралы ұсыныстары;
      6) іргелес диспетчерлік пункттермен қарым-қатынастарының тәртіптерінің ұсыныстары;

7) нақты жұмыс орнының басқа да ерекшеліктерін түсіндіру.



  1. Нұсқаушының қадағалауымен тағылымдамашының ӘҚҚК диспетчері (жоспарлаушы диспетчер, әуе қозғалысын үйлестіруші және бақылаушы диспетчер ӘҚЖ), Брифинг диспетчері, ұшу жетекшісі (ауысымның аға диспетчері), ӘҚҚ нұсқаушысы ретінде жартылай немесе толығымен диспетчердің міндеттерін атқаруы қарастырылады және төменде көрсетілгендермен қоса жүреді:

1) нұсқаушының тағылымдамашының іс-әрекеттері мен жағдайы дамуын үзіліссіз қадағалауымен;
2) тағылымдамашының нұсқаудың болдырмауына немесе жаңа нұсқауларды орындау туралы әрекеттеріне уақытылы араласуына нұсқаушының үнемі дайын болуы;
3) нұсқаушының түсініктемелер, ұсыныстар беруі және тағылымдамашыда қиындықтар туындалған жағдайда жәрдем беруі.

  1. Нұсқаушы тағылымдама аяқталғаннан кейін тиісті түрде тексеріс жүргізіп, тағылымдамашының өздігінен жұмысқа кірісуіне дайындығы туралы шешім қабылдайды.

  2. Осы диспетчерлік пункттің іргелес секторын қоспағанда басқа диспетчерлік пункттеріне ӘҚҚ кезекті рұқсатнама алу үшін тағылылымдама ӘҚҚ бастапқы рұқсатнама алғаннан кейін 6 ай уақыттан бұрын болмауы тиіс.

  3. Егер де маманда басқа немесе басқа бөлімшелер бойынша немесе іргелес сектор бойынша біліктілік белгісі болатын болса, тағылымдама мерзімі 70% төмен емес көлемге төмендетіледі.

  4. ӘҚҚК уақытша біріктірілген диспетчерлік пункттеріне жұмысқа рұқсатнама әр диспетчерлік пункттерден ӘҚҚК рұқсатнамасын алғаннан соң ғана рәсімделінеді. ӘҚҚ тұрақты біріктірілген диспетчерлік пункттеріне жұмысқа рұқсатнама біріктілген ӘҚҚК диспетчерлік пунктте тағылымдамадан өткеннен кейін ғана рәсімделінеді.

4 -параграф. ӘҚҚ диспетчер-нұсқаушыларын (on the job training instructor - OJTI) және ұшу жетекшілерін (ауысымның аға диспетчерлері) даярлау

  1. ӘҚҚ диспетчер-нұсқаушыларын даярлау бағдарламасы келесі салалардағы қажетті білімді игеруін қамтамасыз ету осы Үлгілік бағдарламаның 42-қосымшасында берілген.

  2. ӘҚҚ диспетчер-нұсқаушыларды (on-the-job-training instructor - OJTI) даярлау бағдарламасы бойынша жалпы Теориялық даярлық көлемі 36 сағаттан кем болмауы керек.

  3. Ұшу жетекшісін (ауысымның аға диспетчері) Теориялық даярлық бағдарламасы келесі салалардағы қажетті білімді игеруін қамтамасыз ету осы Үлгілік бағдарламаның 43-қосымшасында келтірілген.

  4. Ұшу жетекшісін (ауысымның аға диспетчері) Теориялық даярлық бағдарламасы бойынша жалпы Теориялық даярлық көлемі 36 сағаттан кем болмауы керек.

  5. Теориялық дайындықтардың аяқталуна қарай ұшу жетекшісінің қызметіне (ауысымның аға диспетчері) үміткер немесе ӘҚҚК нұсқаушысының (on the job training instructor - OJTI), біліктілік белгісін алуға үміткер тиісті тағылымдамадан өтуі қажет. Диспетчер-нұсқаушы және аға диспетчер (ұшу жетекшісінің міндетін атқармайтын аға диспетчер) қызметіне тағайындағанда сынақ мерзімі қажет етілмейді


5 -параграф. ӘҚҚ емтихан алушыларын даярлау және кәсіптік деңгейін қолдау (бұдан әрі – ДКДҚ)


  1. ӘҚҚ емтихан алушыларын кәсіптік даярлау азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен авиациялық қызметкерлердің біліктілік деңгейін анықтау үшін тағайындалатын жеке тұлғаларға қойылатын талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылады.

  2. ӘҚҚ емтихан алушыларын кәсіптік даярлау осы мамандық бойынша біліктілігі жоқ ӘҚҚ диспетчері куәлігінің иесін қайта даярлау және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен бекітілген кәсіптік деңгейді қолдау ретінде жүзеге асырылады.

  3. Қайта даярлау кем дегенде төмендегідей біліктілігі бар тұлғаларға жүргізіледі:

  1. әрекетті диспетчер-нұсқаушы біліктілік белгісі бар тұлға;

  2. диспетчер-нұсқаушы ретіндегі үзіліссіз жұмыс өтілі оқу кезеңінде 3 жылдан кем емес.

  1. Қайта даярлау сол сияқты бұрын осы оқуды бітірген, бірақ емтихан алушы ретінде қызмет атқармаған немесе оқу бітіргеннен кейінгі 5 жыл ішінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен ӘҚҚК емтихан алушы ретінде бекітілмеген тұлға. Осының өзінде алдыңғы пункт талаптары сақталуы тиіс.

  2. Қайта даярлауға теориялық және практикалық даярлау түрлері кіреді.

  3. ӘҚҚК емтихан алушысын Теориялық даярлық АОО-да стационарлық оқу үлгісінде жүргізіледі және оған 44-қосымшада көрсетілген бағыттарға сәйкес оқу кіреді. Теориялық даярлық бағдарламасы бойынша жалпы Теориялық даярлық көлемі 30 сағаттан кем болмауы керек.

  4. Практикалық даярлау жұмыс орнында және/немесе ӘҚҚК тренажерінде іске асырылады және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен бекітілген ӘҚҚ емтихан алушыларымен немесе аэронавигациялық қызмет провайдерлерімен немесе осындай өкілетті тағайындаған жағдайда АОО-мен жүргізіледі.

  5. ӘҚҚ емтихан алушыларды практикалық даярлауға:

  1. Емтихан алушы болуға үміткерге нұсқау беру, білім деңгейін, дағдысы мен бейімін тексеру;

  2. ӘҚҚ емтихан алушы болуға үміткерге ұйымдастыру, даярлау, жүргізу, құжаттарды ресімдеу және т.б. сияқты барлық бағалау процедураларын жариялау;

  3. ӘҚҚ емтихан алушы болуға үміткерге ұйымдастыру, даярлау, жүргізу, құжаттарды ресімдеу және т.б. сияқты барлық бағалау процедураларын көрсету;

  1. Практикалық даярлау көлемі ӘҚҚК емтихан алушымен өздігінен реттелмейді және белгіленіп бекітілмейді.

  2. ӘҚҚ емтихан алушының КДҚ курстарында теориялық даярлығы АОО-да немесе аэронавигациялық қызметтер провайдерімен келесі бағыттарда жүргізіледі:

  1. тест және тестік тапсырмалар (әзірлемелер, сүйемелдеу, сақтау, құпияны қамтамасыз ету, мысалдар және с.с.) ;

  2. нормативтік құжаттар (емтихан алушының, куәлік иелері мен оған үміткерлердің қызмет аясына қатысты реттеуші заңдарға, құжаттарға өзекті өзгерістер енгізілуі);

  3. құжаттаманы жүргізу (ресімделетін құжаттаманың белгіленген түрлерін ресімдеу, сүйемелдеу, сақтау, бүтіндігін сақтау және т.с.с;

  4. Адами фактор: адамның мүмкіндігі мен шектеулігі (алынған ақпаратты қабылдау, өңдеу және интерпретациялау, демалыс, ұйқы, жұмыс жүктемесі, күйзелу, қауіп төну және қателесу және с.с. факторлар)

  1. ӘҚҚ емтихан алушының КДҚ курстарында теориялық даярлығының жалпы көлемі 12 оқу сағатынан кем болмауы тиіс.

  2. ӘҚҚ емтихан алушының КДҚ барысындағы практикалық даярлығы жұмыс орнында және/немесе ӘҚҚ тренажерінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен бекітілген ӘҚҚК жетекші емтихан алушысының қадағалауымен жүзеге асырылады.

  3. ӘҚҚ емтихан алушысының КДҚ барысындағы практикалық даярлығына төмендегілер кіреді:

    1. КДҚ бағдарламасын оқу курсынан өтушіден емтихан алушы қызметінің негізін салушы аспектілер мен біліктілік жүйесі қағидарларына байланысты сұрақтар бойынша ӘҚҚК емтихан алушысының уәкілеттігін бағалау;

    2. Тест тапсырмаларын анықтық пен сенімділік қағидаларына сәйкес әзірлеу және талдау;

    3. КДҚ бағдарламасын оқу курсынан өтушіге тест тапсырмаларын сақтауды қамтамасыз етуге, құжаттарды жүргізу және сақтауға байланысты процедураларды көрсету.

    4. Практикалық даярлық жетекшісінің қалауы бойынша басқа да сұрақтар.


6 -параграф. ӘҚҚ, ӘҚЖ, Брифинг және диспетчер-нұсқаушылардың кәсіптік деңгейін қолдау


  1. ӘҚҚ, ӘҚЖ, Брифинг және диспетчер-нұсқаушылардың КДҚ барысындағы кәсіптік деңгейін қолдау бағдарламасына бастапқы даярлық барысында алынған білімдері мен дағдыларын және келесі қызмет үрдісінде кезігетін стандарттан тыс жағдайларды қарастыруға зер салу, авиациялық жүйедегі өзекті өзгерістерді анықтау және болуы мүмкін жағдайларда шешім қабылдауға қатысты мәселелерді талқылау кіруі қамтамасыз етілуі қажет.

  2. Бұл жағдайда бағдарламаның жалпы көлемінің 36 оқу сағатынан кем емес уақыты негізгі мазмұнға құралуы тиіс және қажет жағдайда мұнда ағылшын тілінің бөлек аспектілері қамтылуы мүмкін.

  3. КДҚ барысындағы оқыту курстар, тренингтер, семинарлар, жаттығулар, тағылымдамалар және тағы с.с түрінде, алдыңғы даярлықты есепке ала отырып, осы үлгілік нысанда көрсетілген кезеңге сәйкес ұйымдастырылуы тиіс және белгіленген кезең мерзімінде бірге жүргізілетін бір ғана курс түрінде де, жеке модуль түрінде де жүзеге асырылады.

  4. Кәсіптік деңгейді қолдау кезеңдері:

  1. ӘҚҚ диспетчерлерінің (ӘҚҚК диспетчері куәлігі бар ауысымның аға диспетчерлері, ұшу жетекшілері, ӘҚҚК диспетчер-нұсқаушылары), сол сияқты құрылымдық бөлімшелердің басшылары/мамандары) ӘҚҚК мамандығы бойынша кәсіптік деңгейін қолдау мерзімділігі әр үш жылда бір реттен кем емес;

  2. Брифинг диспетчерлері, жоспарлау диспетчерлері, әуе қозғалысын бақылау және үйлестіру диспетчерлері (ӘҚЖ), ӘҚЖ ГЦ аусымының басшысы мамандықтары бойынша әр бес жылда бір реттен кем емес (5 жылдың ішінде);

  3. ӘҚҚ қызметінің жұмысын ұйымдастыру мамандығы бойынша әрекетті ӘҚҚ диспетчерінің куәлігі жоқ ӘҚҚК қызметі немесе диспетчерлік пункт басшылары, сол сияқты ауысым жұмысын ұйымдастыру бойынша ұшу жетекшілері (ауысымның аға диспетчері) әр бес жылда бір реттен кем емес (5 жылдың ішінде);

  4. Диспетчер-нұсқаушылар методология және ересектерді оқыту қағидалары бойынша әр үш жылда бір реттен кем емес (3 жылдың ішінде);

  5. ӘҚҚ емтихан алушылары – әр үш жылда бір реттен кем емес (3 жылдың ішінде);

  1. ИКАО шкаласы бойынша ағылшын тілін меңгеру өз еркімен жүзеге асырылады, жеке және жүйелендірілген курстар, тренингтер, курстың бір бөлігі кәсіптік деңгейді қолдау бойынша болғандықтан радиотелефондық байланыстарда тілді меңгеру талаптарын орындалуы аэронавигациялық ұйымдардың саясатымен ұйымдастырылады, ал апаттық, қауіпті және штаттан тыс жағдайларда радиотелефондық байланыс жасау аспектілері кәсіптік деңгейді қолдау курсының элементтері ретінде қосылады.

  2. Кәсіптік деңгейді қолдау ӘҚҚҚК диспетчері, ҰЖ, аға диспетчер, диспетчер-нұсқаушы қызмет атқаратын құрылымдық бөлімшелерде тренажерлік даярлық түрінде жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл жағдайда АОО-ға тиісті деректерді/құжат жазбаларын/ оқыту құжаттарын ендіру аэронавигациялық ұйымда тренажерлік даярлық ретінде белгіленген АОО бағдарламасында қарастырылғаннан кем емес көлемде және тақырыпқа сай тренажерлік даярлықты жүргізген диспетчер-нұсқаушымен тиісті үлгіде толтырылып, расталып ұсынылған түпнұсқа құжаты негіз болып табылады.

  3. Жеке жағдайларда және оперативті қажеттілік жағдайында осы кәсіптік даярлау түрі жоспардан тыс, бірақ кезекті кезеңнен кеш емес мерзімде өткізілуі мүмкін.

  4. ӘҚҚ мамандарының кәсіптік дағдысын қайта қалпына келтіру келесі ретте жүзеге асырылады:

    1. алты және он екі айға дейін жұмыстан үзіліс болғанда – жұмыс істеуге рұқсатнамасы бар жұмыс орнында тренажерлік дайындықтың өткізілуі және практикалық дағдыларын тексерілуі;

    2. бір жылдан жоғары жұмыстан үзіліс болғанда - кәсіптік деңгейді қолдау, тағылымдама, тренажерлік дайындық, теориялық және тәжірбиелік дағдылардың бағдарламасы бойынша оқытылады. Маманның дайындық деңгейіне байланысты диспетчерлік пунктке белгіленген бастапқы рұқсатнамадан 70% төмен емес көлемнің төменденуі рұқсат етіледі;

  1. ӘҚЖ мамандарының кәсіптік дағдысын қайта қалпына келтіру келесі ретте жүзеге асырылады:

  1. 6 айдан 12 айға дейін жұмыстан үзіліс болғанда-жұмыс орнында практикалық дағдыларды тексеру;

  2. жұмыстан бір жылдан астам үзіліс кезінде - кәсіптік дәрежені қолдау бағдарламасы бойынша бойынша оқытып, тағылымдамадан өту, теориялық және практикалық дағдыларын тексеру. Бастапқы диспетчерлік пунктегі рұқсатнамасына белгіленген маманның дайындық деңгейіне байланысты 70% төмен емес тағылымдама көлемі қысқаруы мүмкін.

7 -параграф. Теориялық білімін, практикалық дағдылары мен шеберліктерін тексеру
390. ӘҚҚ, ӘҚЖ және Брифинг персоналдарының теориялық білімін тексеру қабылданған рейтингілік шкала бойынша қорытындысын беру және/немесе тест түрінде компьютерлік техниканы қолдану арқылы жазбаша немесе ауызша жүргізіледі.

391. Теориялық білімдерін тексеруді жүргізу куәлік/біліктілік белгісін беру/ұзарту мақсатында және мақсаты әртүрлі, түрлі рәсімді білдіретін, ішкі аттестациялық комиссия мақсатында тексеруге бөлінеді.

392. Теориялық білімдерін тексеруді осы қызмет үшін азаматтық авиация саласындағы нормативтік құжаттармен және кәсіпорынның ішкі регламентімен анықталатын, білікті мамандар жүргізеді және төмендегі жағдайларда жүзеге асырады:


    1. ӘҚҚ қызметі диспетчерінің куәлігін алған кезде,

    2. жұмысқа бастапқы рұқсат беру мақсатында;

    3. ӘҚҚ, ӘҚЖ және Брифинг диспетчерлік пункттерінің кейін біліктілік белгілерін берген (растаған) кезде;

    4. авиациялық оқиға немесе авиациялық оқыс оқиғаға әкелген бұзушылықтар кезінде;

    5. жұмыстағы бір жылдан астам үзіліс кезінде.

393. ӘҚҚ емтихан алушылары аттестаттау және/немесе басқа комиссиялар аясында авиация персоналын бағалауға байланысты өз қызметін жүзеге асырмауға тиіс. Осы қызмет куәлік/біліктілік белгісін беру/ұзарту аясында анықталады.

394. Теориялық білім төмендегідей арнайы салалар бойынша тексеріледі:

1) әуе кеңістігін пайдалану, әуе кемелерінің ұшуларына аэронавигациялық қызмет көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының заңнама негіздері;

2) әуе қозғалысына қызмет көрсету;

3) жұмыс технологиялары, радиомен алмасу ережесі және үлгілік фразеология;

4) ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету;

5) аэродинамика негіздері және әуе кемелерінің ұшу-техникалық сипаттамалары;

6) ұшуды навигациялық (штурмандық) қамтамасыз ету;

7) ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету.

395. ӘҚҚ, ӘҚЖ және Брифинг персоналдарының практикалық дағдылары мен шеберліктерін тексеру біліктілік сәйкестігін растау аясында жүзеге асырылады.

396. ӘҚҚ персоналының практикалық дағдысын тексеру төмендегіше жүзеге асырылады:

1) ӘҚҚ диспетчерінің куәлігін алған, жұмысқа бастапқы жіберген кезде;

2) кейін біліктілік белгісін берген кезде;

3) куәліктің қолдану мерзімін ұзартқан кезде;

4) авиациялық оқиға немесе авиациялық оқыс оқиғаға әкелген бұзушылықтар кезінде;

5) алты айдан астам жұмыстағы үзіліс кезінде .

397. Практикалық дағдылары мен шеберліктерін тексеру төмендегі элементтер бойынша тұрақты біліктілік белгісі (белгілері) бар диспетчерлік пунктте (секторда, жұмыс орнында) жүзеге асырылады:

1) кезекшілікті қабылдау және тапсыру;

2) әуе қозғалысына қызмет көрсету және әуе қозғалысын жоспарлау ережесін сақтау;

3) жетекші құжат талаптарын сақтау;

4) радиобайланыс және радиомен алмасу фразеологиясы ережесін сақтау (радиомен алмасуды жүзеге асыратын персонал үшін);

5) ӘҚҚ РТС қолдану;

6) аралас қызметтермен өзара әрекет ету ;

7) белгіленген құжаттаманы жүргізу.

398. ӘҚҚ диспетчерінің практикалық дағдылары мен шеберліктерін тексеру әуе қозғалысының орташа қарқындылығы (күрделілік) кезінде кемінде екі сағат көлемде диспетчерлік пунктте жүргізіледі. Көп секторлы АДО –да практикалық дағдыларын тексеру кемінде екі сағат көлемінде секторлардың біреуінде жүргізіледі.

399. ӘҚҚ диспетчерлерінің практикалық дағдысы мен шеберлігін тексеру қорытындысы алты ай бойы жарамды.

400. Ағылшын тілінде әуе қозғалысына қызмет көрсетуге жіберілген ӘҚҚ диспетчерлерінің практикалық дағдысы мен шеберлігін тексеру ағылшын және орыс тілдерінде аралас өтеді.

401. Ұшу басшылары мен аға диспетчерлердің қызметін тексеру төмендегідей элементтер бойынша жүргізіледі:

1) ауысым жұмысына нұсқама жүргізу;

2) кезекшілікті қабылдау және тапсыру;

3) Диспетчерлік ауысым ӘҚҚ персоналдарының кезекшілікті қабылдау және тапсыруын бақылау, сол сияқты жұмыс барысында ӘҚҚ диспетчерлерінің ауыстыруды ұйымдастыруды бақылау;

4) ұшуларды қамтамасыз ететін, қызметтермен өзара әрекет ету;

5) диспетчерлік ауысым жұмысына талдау жүргізу.

402. Ұшу басшыларының функциясын орындайтын, ұшу басшылары мен аға диспетчерлердің қызметін тексеруге бірнеше жұмыс ауысымы ішінде кезеңмен жүргізуге рұқсат беріледі.

403. ӘҚҚ нұсқаушысының біліктілік белгісін алу үшін практикалық дағдыларын тексеру төмендегі элементтер бойынша жүзеге асырылады:


  1. тағылымдамадан өтушінің алдын ала дайындығын ұйымдастыру, жоспарлау және жүргізу;

  2. тағылымдамадан өтушінің практикалық дайындыққа дайындығын анықтау;

  3. диспетчерлік пунктте практикалық тағылымдаманы ұйымдастыру, жоспарлау және жүргізу, және диспетчерлік жаттығу құрылғысындағы жаттығулар;

  4. белгіленген құжаттаманы жүргізу.

404. Жаттығу құрылғысындағы дайындық ӘҚҚ мамандарының практикалық дағдылары мен шеберлігін тексерудің ажырамас бөлігі болып табылады және мерзімді түрде жарты жылда бір рет, сонымен қоса төмендегі жағдайларда жүргізіледі:

  1. диспетчерлік пункттерде төмендегі көлемде дербес жұмысқа жіберілгенде:

  • рульдеу диспетчерлік пункті (РДП) – кемінде 10 сағат;

  • старттық диспетчерлік пункті (СДП) – кемінде 10 сағат;

  • жақындау диспетчерлік пункті (ЖДП) – кемінде 40 сағат;

  • шеңбер диспетчерлік пункті (ШДП) – кемінде 40 сағат;

  • мұнара диспетчерлік пункті (МДП) – кемінде 40 сағат;

  • аудандық диспетчерлік орталық (АДЦ немесе АӘҚҚҚ) – кемінде 40 сағат;

  • жергілікті диспетчерлік пункт (ЖДП) – кемінде 20 сағат.

  1. келесі біліктілік белгісін тағайындаған кезде немесе келесі дербес жұмысқа рұқсаттама алу кезінде жаттықтыру құрылғысында дайындау мерзімі қысқартылуы мүмкін, алайда жоғарыда аталған мерзімнің 70% аспайтын мерзімге;

  1. куәліктің қолдану мерзімін ұзарту (біліктілік белгісін (рұқсаттама) растау) кезінде кемінде 6 сағат көлемде;

  2. әуе қозғалысына қызмет көрсету бойынша жұмыста алты айдан асатын үзіліс кезінде кемінде 6 сағат көлемде;

  3. авиациялық оқиға немесе авиациялық оқыс оқиғаға алып келген бұзушылық кезінде кемінде 6 сағат көлемде;

  4. жаңа ӘҚҚ рәсімдерін енгізу, әуе кеңістігі құрылымындағы өзгерістер кезінде рәсімнің күрделілігіне байланысты, алайда 3 сағаттан кем болмайтын, ӘҚҚ қызметі басшысымен белгіленетін көлемде жүргізіледі;

  5. ұшу басшысының шешімі бойынша.

405. Көпсекторлы диспетчерлік пункттер үшін жаттығу құрылғысындағы дайындық секторлардың бірінде жүргізіледі.

406. ӘҚҚ ережелерін үнемі бұзуы немесе осы диспетчерлік пунктте жұмыс істеуге төселмегені анықталған жағдайда ұшу басшысы ӘҚҚ диспетчерін қосымша жаттығу құрылғысында дайындыққа жібереді.


8-параграф. Аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету жөніндегі мамандарды (бұдан әрі – АНА) бастапқы дайындау және дербес жұмысқа жіберу
407. АНА жөніндегі мамандарды бастапқы теориялық дайындау бағдарламасы ең кемінде 45-қосымшада берілген элементтерді жүзеге асыруды қамтамасыз етуі тиіс.

408. АНА жөніндегі маман ретінде жұмысқа қайта қабылданған кандидаттар дербес жұмысқа жіберу алдында бастапқы теориялық дайындықтан және жұмыс орнында тағылымдамадан өтеді.

409. АНА жөніндегі маман ретінде жұмыс жасау үшін кандидаттардың теориялық дайындығы арнайы бекітілген бағдарлама бойынша жүргізіледі, және де бұл жағдайда қолданыстағы автоматтандырылған жүйені оқуға ерекше назар аударылады.

410. АНА жөніндегі мамандар мен кандидаттарды тағылымдаман өткізу дербес жұмысқа жіберуі жоспарланып отырған АНА органының жұмыс орнында олардың тікелей жетекшісімен жүргізіледі.

411. АНА жөніндегі маман ретінде кандидаттарды дайындау сапасы мен толыққандығы, АНА жөніндегі мамандар мен кандидаттарды дербес жұмысқа жіберу үшін жауапкершілік аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету үшін жауапты орган басшысына жүктеледі.

412. АНА жөніндегі мамандарды кәсіптік дайындау бағдарламалары ИКАО стандарттары мен ұсынатын тәжірибесіне сәйкес келуі тиіс.

413. АНА жөніндегі мамандардың техникалық оқуы жүргізілуі авиациялық ұйымдармен анықталған тәртіпте регламенттелген нормативтік құжаттарға сәйкес жүргізіледі.

414. Ұшуды АНА-мен қамтамасыз етуді жақсарту және тәжірибемен алмасу мақсатында, басшылық құрамы тұлғаларының және АНА жөніндегі мамандардың ИКАО, МАК, Еуробақылау және басқа халықаралық ұйымдар өткізетін семинарларға қатысуы ұсынылады.

415. Сапаны қамтамасыз ету жүйесінің талаптарына сәйкес АНА ұйымдарын басқаратын тұлғалар нақты қызметті атқару үшін тағайындалған АНА жөніндегі мамандардың біліктілігін растайтын дағдылар жөнінде тиісті деректерді жинайды және сақтайды. АНА жөніндегі мамандардың білімі, дағдысы және біліктілігінде кемшіліктерді анықтаған жағдайда оларды жою бойынша шаралар қолданады.
9 -параграф. Аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету жөніндегі мамандарды қайта даярлау және кәсіптік деңгейін қолдау
416. Белгіленген салада кәсіптік қызметтің жаңа түрін орындау үшін орта немесе жоғары кәсіптік білімі бар мамандарды кәсіптік қайта даярлау азаматтық авиацияның орта және жоғары кәсіптік білім беру мекемелерінде қосымша кәсіптік білім беру аясында жүргізіледі.

417. АНА жөніндегі мамандар ретінде жұмыс үшін мамандарды теориялық қайта даярлау бастапқы теориялық дайындау көлемінде жүргізіледі.

418. АНА жөніндегі мамандардың кәсіптік деңгейін қолдау Қазақстан Республикасы азаматтық авиацияның сертификатталған білім беру мекемелерінде және арнайы бағдарламалар бойынша халықаралық авиациялық оқу орталықтарында үш жылда кем дегенде бір рет жүргізіледі.

419. Азаматтық авиацияның орта және жоғары кәсіптік білім берудің білім беру мекемелеріне кәсіптік даярлау бойынша авиациялық білімі бар тұлғалар, сол сияқты орта немесе жоғары кәсіптік білімі бар авиациялық емес мамандар ішінен авиациялық білімі бар адамдар жіберіледі. Жолдаманы әңгімелесу өткеннен кейін ұсыныс беру арқылы жұмыс беруші береді.

420. АНА жөніндегі мамандарды қайта даярлау төмендегі жағдайларда арнайы даярлық түрінде жүзеге асырылуы тиіс :


  1. аэронавигациялық ақпаратты өңдеудің жаңа автоматтандырылған жүйесін пайдалануға енгізу;

  2. ақпараттар (бағдарламалық жасақтама, әуеайлақтық рәсімдердің картография және дизайн жүйелері);

  3. ұлттық нормативтік-құқықтық құжаттардың талаптарын едәуір өзгерту,

  4. аэронавигациялық ақпарат қызметінің іс-әрекетін реттейтін;

  5. стандарттар талаптары мен ИКАО және /немесе басқа да ұсынатын практикалардың едәуір өзгерісі;

  6. аэронавигациялық ақпарат қызметтерінің іс-әрекетін регламенттейтін ұйымда ;

  7. Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа жағдайларда.

421. АНА мамандарын арнайы даярлау азаматтық авиацияның арнайы оқу мекемелерінде, оқу орталықтарында, сол сияқты автоматтандырылған жүйелерді (бағдарламалық жасақтама, әуеайлақтық рәсімдердің картография және дизайн жүйелері) өндірушілер базасында жүргізіледі.

422. АНА мамандарын арнайы даярлау азаматтық авиацияның арнайы оқу мекемелері, оқу орталықтары және автоматтандырылған жүйелерді (бағдарламалық жасақтама, әуеайлақтық рәсімдердің картография және дизайн жүйелері) өндірушілер әзірлеген арнайы бағдарлама бойынша жүргізіледі.

423. Аэронавигациялық рәсімдер дизайнерлері «ӘК ұшуларын жүргізу» (Doc 8168 OPS/611 (PANS-OPS) «Көзбен шолып ұшу және аспаптар бойынша ұшу сұлбаларын жасау») ІІ том ИКАО құжатының талаптарына сәйкес, авиациялық оқу орталығында аэронавигациялық рәсімдерді әзірлеу бойынша дайындықтан өткен, дайындықтан өткені туралы сертификатпен расталған, кәсібі бойынша пилот, штурман немесе әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчері, АНА жөніндегі мамандығы бойынша авиациялық мамандар болып табылады.

424. Аэронавигациялық рәсімдер дизайнерлерін даярлау бағдарламасы «Ұшу сұлбаларын әзірлеу кезінде сапамен қамтамасыз ету жөніндегі нұсқау» (Doc9906) «Ұшу сұлбаларының жобалаушыларын дайындау» (Ұшу сұлбаларының жобалаушыларын дайындау бағдарламасын әзірлеу) 2-том ИКАО құжатының талаптарына сәйкес жүргізіледі және оған төмендегілер кіреді:



  1. «ӘК ұшуларын жүргізу» (Doc 8168 OPS/611 (PANS-OPS) «Көзбен шолып ұшу және аспаптар бойынша ұшу сұлбаларын жасау») ІІ том ИКАО құжатының және әуеайлақ сұлбаларын жасау бөлігі бойынша ИКАО қосымшаларының мазмұнын білу;

  2. «ӘК ұшуларын жүргізу» (Doc 8168 OPS/611 (PANS-OPS) «Көзбен шолып ұшу және аспаптар бойынша ұшу сұлбаларын жасау») ІІ том ИКАО құжаттарының талаптарына сәйкес «Аэронавигациялық тәртіпті автоматтандырылған түрде әзірлеу» курсы бойынша арнайы теориялық даярлықтан өту, соның ішінде «Аэронавигациялық карталар» халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияның 4-қосымшасына сәйкес жариялауға аэронавигациялық карталарды ресімдеу;

  3. секторда (ағылшын тілінде аббревиатура – MSA) төменгі абсолюттік биіктік есебінде, кедергілерді аралап ұшудың абсолюттік/қатыстылық биіктігі (ағылшын тілінде аббревиатура – OCH/OCA), ұшып шығудың (SID) және аспаптар бойынша ұшып келудің (STAR) стандартты маршруттарында, аспаптар бойынша (NDB, VOR, VOR/DME, ILS, ILS/DME, 2NDB) қонуға кірудің құрал-саймандық сұлбасында, әуеайлақ ауданында қонуға көзбен шолып кіру және /немесе маневрлеу (CIRCLE TO LAND) аймағында (сұлба), схем с применением RNAV (аймақтық навигация) қолдану сұлбасында және спутниктік жүйелер негізіндегі сұлбаларда практикалық дағдылардың болуы.

425. Аэронавигациялық рәсімдер дизайнерлерін қайта даярлау бағдарламасына төмендегілер кіреді:

  1. көзбен шолып ұшу және аспаптар бойынша ұшудың әуеайлақтық сұлбаларын салу мен ресімдеуге қатысты ИКАО құжаттарына түзету енгізу және соңғы нақтылықтарды білу ;

  2. көзбен шолып ұшу және аспаптар бойынша ұшудың әуеайлақтық сұлбаларын салу дағдылары мен білімдерін тереңдету және қолдау.

426. Аэронавигациялық тәртіп дизайнерлерінің кәсіптік деңгейін қолдау үш жылда кемінде бір рет жүргізіледі.
19-бөлім. Ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету жөніндегі персоналды (авиациялық метеоролог-болжамдаушы, авиациялық метеоролог-бақылаушы және/немесе техник-метеоролог, метеорологиялық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету жөніндегі инженер-техник қызметкерлер) кәсіптік дайындаудың үлгілік бағдарламасы

1-параграф. Жалпы ережелер
427. Ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету жөніндегі персоналды кәсіптік дайындаудың осы Үлгілік бағдарламасы авиациялық метеорологиялық персоналдың (құрылымдық бөлімшелердің) кәсіптік дайындығының қағидаларын, негізгі қызметін және дербес жұмысқа жіберу тәртібін анықтайды.

428. Ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету жөніндегі персоналды кәсіптік дайындаудың осы Үлгілік бағдарламасына сәйкес жүргізілетін оқу мамандардың төмендегідей лауазымдық міндеттерін (функционалдық міндеттеріне және орындайтын жұмыстарына байланысты) орындауын қамтамасыз етеді:

Авиациялық метеоролог-болжамдаушы:

1) метеорологиялық жағдайды талдау және үздіксіз мониторингін жүзеге асыру;

2) авиация қызметі үшін маңызды метеорологиялық құбылыстар мен параметрлерді болжау;


    1. қауіпті құбылыстар туралы ескерту;

    2. метеорологиялық ақпарат және қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету;

    3. метеорологиялық құбылыстар мен параметрлердің авиация қызметіне әсерін ескере отырып, және авиация пайдаланушыларының қажеттілігіне, халықаралық ережелерге, жергілікті тәртіп пен басымдылықтарға сәйкес, өзінің жауапкершілігі аймағына кіретін аудан мен әуе кеңістігі үшін ішкі және сыртқы пайдаланушыларға метеорологиялық ақпарат беру.

Авиациялық метеоролог-бақылаушы және/немесе техник-метеоролог:

  1. метеорологиялық жағдайдың үздіксіз мониторингін жүргізу;

  2. авиация қызметі үшін маңызды метеорологиялық құбылыстар мен параметрлерге бақылау жүргізу және оларды тіркеу;

  3. метеорологиялық ақпарат сапасын қамтамасыз ету;

  4. метеорологиялық құбылыстар мен параметрлердің авиация қызметіне әсерін ескере отырып, және авиация пайдаланушыларының қажеттілігіне, халықаралық ережелерге, жергілікті тәртіп пен басымдылықтарға сәйкес, өзінің жауапкершілігі аймағына кіретін аудан мен әуе кеңістігі үшін ішкі және сыртқы пайдаланушыларға метеорологиялық ақпарат беру.

Метеорологиялық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету жөніндегі инженер-техник қызметкерлер:

  1. метеорологиялық жабдық (бастапқы датчик, аспаптар, метеорологиялық ақпаратты жинау, өңдеу және көрсету жүйелері) жұмысын мониторингілеу;

  2. төмендегілерді қоса алғанда метеорологиялық жүйелер мен жабдықтарға техникалық қызмет көрсету:

  • түзету бойынша техникалық қызмет көрсетуді орындау;

  • сақтандыру бойынша техникалық қызмет көрсетуді орындау;

  • бастапқы датчиктер мен аспаптарды калибрлеу;

  • метеорологиялық жабдықтарды тексеру алдында дайындық жұмыстарын жүргізу;

  1. метеорологиялық жүйелер мен жабдықтарды орнату;

  2. метеорологиялық жабдықтарды пайдалануға дайындау;

  3. жүйелер мен жабдықтардың жұмысқа жарамдылығын және жаңарту қажеттілігін бағалау.

429. Бастапқы дайындық мамандандыруды және, жауапкершілік аймағына кіретін аудан мен әуе кеңістігін ескере отырып оқыту, метеорологиялық құбылыстар мен параметрлердің авиация қызметіне әсерін, сонымен қоса авиациялық метеорологиялық персоналға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуі үшін авиация пайдаланушыларының қажеттілігін, халықаралық ережелер, жергілікті тәртіп пен басымдылықтарды ескере отырып, базалық бастапқы біліктілік білімі мен дағдыларын алуды және дамытуды қамтамасыз етеді.

430. Ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету персоналының кәсіптік деңгейін қолдау ұжымдық жұмыс дағдысын, жаңа процедураларды, технологиялар мен тәжірибені оқу, жүйелер мен жабдықтардағы өзгерістермен танысу, апаттық, қауіпті және штаттан тыс жағдайлардағы іс-әрекетке оқыту, сонымен қоса жұмыстағы 6 айдан асатын үзілістен кейін кәсіптік дағдыларын қалпына келтіруді қоса алғанда, бар білімі мен дағдыларын қайта қарауды, бекітуді, кеңейтуді қамтамасыз етеді.

431. Ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету персоналын қайта даярлау жұмыс сипаты (лауазымдық міндеттер бейіні өзгеру), жұмыс жағдайы (жаңа тәртіп енгізу), жүйе құрылымы (жаңарту немесе ауыстыру), мамандығы, мамандандыруы, жұмыс бағыты өзгерген кезде, сонымен қоса жүйелерді, жабдықтарды пайдалануға рұқсат алу және біліктілігі туралы жазба алу үшін жүргізіледі.

2-параграф. Ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету жөніндегі персоналды бастапқы дайындау
432. Ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету жөніндегі персоналды бастапқы дайындау олардың бейімделуі, азаматтық авиацияның метеорологиялық персоналына қойылатын талаптарға жауап беретін (№ 1083 БМҰ құжаты, 1-том – Метеорология, №49 БМҰ техникалық регламенті, 1-ТОМ) кәсіптік білім мен практикалық дағдылар алуы мақсатында жүргізіледі.

433. Авиациялық метеоролог-болжамдаушыларды бастапқы дайындау «метеорология» және «гидрометеорология» (бакалавриат, магистратура) мамандығы бойынша жоғары білімі туралы дипломы бар тұлғаларға жүргізіледі.

434. Осы Үлгілік бағдарламаны бекіткенге дейін сол кездегі белгіленген талаптарға сәйкес дербес жұмысқа рұқсаттама алған және метеорология саласында арнайы жоғары білімі туралы дипломы жоқ авиациялық метеоролог-болжамдаушылар тек Техникалық регламенттің, БМҚ-№49, 1-томына сәйкес диплом алуға байланысты оқу бағдарламасы үлгілік оқу нәтижесін қамтамасыз ететін оқу мекемелерінде метеорологтарға арналған міндетті бағдарламалар пакетіне сәйкес келетін курстарда оқығаннан кейін ғана кәсіптік деңгейді қолдау курсына (бастапқы кәсіптік дайындау ретінде) жіберіледі.

435. Авиациялық метеоролог-бақылаушыларды және/немесе техник-метеорологтарды бастапқы дайындау «метеорология» мамандығы бойынша арнайы орта білімі туралы дипломы бар тұлғаларға жүргізіледі.

436. Осы Үлгілік бағдарламаны бекіткенге дейін сол кездегі белгіленген талаптарға сәйкес дербес жұмысқа рұқсаттама алған және метеорология саласында арнайы орта білімі туралы дипломы жоқ авиациялық метеоролог-бақылаушылар (техник-метеорологтар) тек Техникалық регламенттің, БМҚ-№49, 1-томына сәйкес диплом алуға байланысты оқу бағдарламасы үлгілік оқу нәтижесін қамтамасыз ететін оқу мекемелерінде техник-метеорологтарға арналған міндетті бағдарламалар пакетіне сәйкес келетін курстарда оқығаннан кейін ғана кәсіптік деңгейді қолдау курсына (бастапқы дайындау ретінде) жіберіледі.

437. Техникалық (арнайы орта, жоғары техникалық білім, бакалавриат, магистратура) немесе электронды техника саласында кемінде 1000 сағат көлемінде мамандандырылған жоғары әскери білімі бар тұлғалар үшін бастапқы дайындық мамандарды бейімдеу, олардың метеорологиялық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету персоналына қойылатын талаптарды қанағаттандыратын кәсіптік білім мен практикалық дағды алуы мақсатында жүргізіледі.

438. Бастапқы білім, білік және дағдыны, мамандандыруды және, қажет болған жағдайда, жабдық пен жүйелердің нақты түрін оқуды қоса алғанда, метеорологиялық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету жөніндегі авиациялық маманға арналған бастапқы дайындау электронды техника саласында техникалық білімі жоқ тұлғалар үшін жүргізіледі.

439. Осы Үлгілік бағдарламада кәсіптік дайындыққа қойылатын талаптарды бекіткенге дейін дербес жұмысқа рұқсаттама алған және метеорология саласында жоғары/орта арнайы білімі туралы тиісті дипломы, ал метеорологиялық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету жөніндегі инженер-техник персоналы үшін – жоғары/орта техникалық білім туралы дипломы бар авиациялық метеоролог-болжамдаушы, авиациялық метеоролог-бақылаушы және/немесе техник-метеорологтар мен метеорологиялық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету жөніндегі инженер-техник персоналы үшін бастапқы теориялық дайындау кәсіптік деңгейді қолдау курстарында жүргізіледі.

440. Бастапқы дайындық келесі кезеңдерден тұрады:

1) теориялық дайындық;

2) практикалық дайындық.

Теориялық дайындық оқытудың келесі түрлері бойынша жүзеге асырылуы мүмкін:

1) күндізгі стационарлық (кешенді, типтік);

2) модульдік;

3) сырттай;

4) қашықтықтан;

5) құрамдастырылған.

441. Бастапқы дайындық көлемі келесі өлшемдерге сәйкес келуі тиіс:

1) «метеорология», «гидрометеорология» (бакалавр, магистратура) мамандығы бойынша жоғары білімі туралы дипломы бар авиациялық метеоролог-болжамдаушыларды бастапқы дайындау кезінде 46-қосымшада берілген салаларда дайындаудың жалпы көлемі кемінде 120 сағатты құрайды;

2) метеорология бойынша арнайы орта білімі туралы дипломы бар авиациялық метеоролог-бақылаушыларды және/немесе техник-метеорологтарды бастапқы дайындау кезінде 47-қосымшада берілген салаларда жалпы дайындық көлемі кемінде 100 сағатты құрайды;

3) электронды техника саласында кемінде 1000 сағат көлемінде мамандандырылған техникалық немесе әскери білімі бар метеорологиялық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету мамандарын бастапқы дайындау кезінде 48-қосымшада берілген салаларда жалпы дайындық көлемі кемінде 72 сағатты құрайды;

4) техникалық білімі жоқ тұлғалардан тұратын метеорологиялық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету мамандарын бастапқы дайындау кезінде жалпы дайындық көлемі электронды техника саласында кемінде 1000 сағат мамандандыру қажеттілігінен белгіленеді;

5) бастапқы дайындық бағдарламасына ағылшын тілі қажеттілігіне, стандарттардың болуына қарай, оқушылардың санатына және оларға авиациялық метеорологиялық деректерді түсіндіруге, метеорологиялық брифингтер жүргізу және пайдаланушылардың нақты қажеттілігін қанағаттандыру үшін кеңес беру үшін жеткілікті көлемде қойылатын біліктілік талаптарына байланысты енгізіледі;

6) ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету персоналын бастапқы дайындауға Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы нормативтік-құқықтық актілермен белгіленетін жаңа және қосымша талаптарды енгізу кезінде, олардың кәсіптік дайындау бағдарламасында жүзеге асырылуы міндетті болып табылады, ал жалпы сағат саны анықталып жатыр;

442. Тыңдаушылардың үлгерімін бақылау ағымдағы, аралық және қорытынды болуы мүмкін және техникалық құралдарды қолданумен, соның ішінде компьютерлік техниканы, сауалнама әдісін, тестілеу, ауызша сұрау, жазбаша бақылау жұмыстарын және т.б. пайдалана отырып, жүргізілуі мүмкін.

443. Теориялық дайындық аяқталғаннан кейін білікті тағылымдама жүргізетін нұсқаушының қадағалауымен іс жүзінде бұрын алған білімі мен дағдылары нақты біріктірілетін практикалық дайындыққа (тағылымдама) ауысу жүзеге асырылады.



жүктеу 7,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау