Қазақстан республикасының инвестициялар және даму министрі


LAPL(S) – планер жеңіл әуе кемесі ұшқышының теориялық даярлығы бойынша пәндер тақырыптары



жүктеу 7,77 Mb.
бет7/24
Дата20.11.2018
өлшемі7,77 Mb.
#21886
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24

LAPL(S) – планер жеңіл әуе кемесі ұшқышының теориялық даярлығы бойынша пәндер тақырыптары




Сабақтар атауы

Оқу пәндерінің қысқаша мазмұны

1

Қазақстан Республикасының азаматтық авиация қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілер және әуе құқығы негіздері

ИКАО конвенциясы. Конвенция қосымшалары, Ұлттық және халықаралық ұйымдар және ассоциациялар, халықаралық стандарттар және кеңес етілген тәжірибе, ұлттық және халықаралық құқық, еңбек заңнамасы, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, қоршаған ортаны қорғау, ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиация персоналға қатысты ережелер мен қағидалар. Азаматтық авиацияның ұлттық өкілетті органы: орналасқан орны және ұйымы; азаматтық авиацияқызметін ретке келтіретін қаулылар мен ережелер, ұлттық заңдар. Аса жеңіл авиация ұшқышы куәлігі иесінің құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі. Көзбен шолып ұшу ережелері.

Ұшулар қауіпсіздігі және авиациялық уақиғаларды тексеру. Негізгі анықтамалар. Мақсаттар мен тапсырмалар. Ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында қызметті ретке келтіретін нормативтік база.



Ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ӘК командирінің міндеттері. Авиациялық уақиғалардың негізгі себептері және оларды зерттеу мақсаты. Іздеу және құтқару ережелері.

2

Авиациядағы адам факторы

Авиациялық физиология және денсаулықты қалыпта ұстау негіздері. Авиациялық психология негіздері. Авиациядағы адам факторының мәселесі. Терминдер және анықтамалар. Адам қателігі. Авиациялық көлік жүйесінің қызмету барысында және ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде адам ролін зерделеу. Қауіптерді және қателіктерді басқару. Экипаж қорлары. Авиация персоналы қызметіндегі адам факторы туралы білімді қолдану.

3

Авиациялықметеорология

Негізгі метеорологиялық құбылыстарды және аэросиноптикалық процесстерді зерделеу, метеорологиялық элементтердің ұшуларды орындауға әсер етуі. Термиялық көтерілген ағымдардың пайда болу шарттары және оларды қолдану. Тік термиялық және динамикалық ағымдар. Әдістерге оқыту: авиацияға қауіпті ауа райы құбылыстарын анықтау, ұшу алдында және ұшу барысында метеорологиялық ақпаратты зерделеу және ұшуды орындау мен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүдделерінде білімін пайдалану.

4

Әуенавигациясы және ұшуларды аэронавигациялық қамтамасыз ету

Әуе навигациясының теориясы, ұшуларды аэронавигациялық қамтамасыз ету және штурмандық қатынаста ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету негізгі ережелерін зерделеу.

5

Аэродинамика негіздері және планер тәжірибелік аэродинамикасы

Аэродинамиканың және планер тәжірибелік аэродинамикасы теориялық негіздерін, ұшып көтерілу, көлденеңінен ұшу, маневрлер орындау, төмендеу, қону уақытында ауамен өзара әрекет ету барысында ұшу аппаратымен болатын процесстерді зерделеу.

6

Қалықтап ұшу техникасы және теориясы

Қалықтаудың теориялық негіздері. Көтерілген термиялық ағымда қалықтау негіздері. Қалықтап ұшудың классикалық теориясы (МАК-КРЕДИ теориясы) және оның қосымшалары. «Дельфин» стилінде ұшудың стационарлық теориясы және қалықтап ұшудың стационарлық емес негіздері. Көтерілген термиялық және таулы толқынды ағымдарда орама ағымдарында қалықтау. Бағыт бойынша қалықтап ұшу негіздері және бұлт тізбектерін қолдану. Алынған бағытқа тура келмейтін көтерілген ағымдар тізбектерін пайдалану.

7

Планер конструкциясы және оны ұшып пайдалану

Конструкциясын, планердің беріктігін және планерді ұшып пайдалану ережелерін зерделеу. Әуе кемесінің негізгі түйіндері мен агрегаттарын зерделеу.

8

Мотопланерлерге арналған авиациялық қозғалтқыштардың конструкциясы және оны ұшып пайдалану

Консрукциясын және ішкі жану авиациялық мікбасты қозғалтқышты ұшып пайдалану ережелерін оқып білу. Авиациялық жанар-жағар материалдардың жәнеарнайы сұйықтықтардың негізгі түрлерін, олардың физика-химиялық қасиеттерін зерделеу.

9

Электротехникалық,, аспаптық және радиоэлектронды жабдықтар және оларды ұшып пайдалану

Аспаптық, электротехникалық және радиоэлектрондық жабдықтарды зерделеу, олардың қандай қызмет атқаратынын, жиынтығын, ұшақта орналасуын, қызмет ету принциптерін, аспаптар мен жүйелердің, қуат құрылғыларының жұмысын бақылайтын аспаптар қызметін, ұшып пайдалану ережелерін зерделеу.

10

Пайдалану процедуралары. Ұшып пайдалану жөніндегі нұсқау.

Планерді пайдалану ережелерін және шектеулерді зерделеу және ұшу барысында ерекше жағдайлар орын алған жағдайда экипаж әрекеті.

11

VFR байланыс құралдары. Фразеология және радиоалмасуды жүргізу ережелері

Терминдерді, белгілерді зерделеу,әуе кемесі экипажы мен әуе қозғалысына қызмет көрсететін органдар арасындағы радиоалмасуды жүргізу ережелерін оқу.

12

Апаттық-құтқару даярлығы

Әуе кемесін апаттық-құтқару жабдығымен жабдықтау жөніндегі даярлық, еріксіз қону және жолаушылар мен экипаж мүшелерін эвакуациялау бойынша процедуралар. Қону орнында дербес аман қалу бойынша жаттығу.

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналын кәсіптік даярлаудың үлгілік бағдарламасына

5-қосымша
LAPL(В) – еркін аэростатында жеңіл әуе кемесі ұшқышының теориялық даярлығы бойынша пәндер тақырыптары




Сабақтар атауы

Оқу пәндерінің қысқаша мазмұны

1

Қазақстан Республикасының азаматтық авиация қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілер және әуе құқығы негіздері

ИКАО конвенциясы. Конвенция қосымшалары, Ұлттық және халықаралық ұйымдар және ассоциациялар, халықаралық стандарттар және кеңес етілген тәжірибе, ұлттық және халықаралық құқық, еңбек заңнамасы, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, қоршаған ортаны қорғау, ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиация персоналға қатысты ережелер мен қағидалар. Азаматтық авиацияның ұлттық өкілетті органы: орналасқан орны және ұйымы; азаматтық авиацияқызметін ретке келтіретін қаулылар мен ережелер, ұлттық заңдар. Аса жеңіл авиация ұшқышы куәлігі иесінің құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі. Көзбен шолып ұшу ережелері.

Ұшулар қауіпсіздігі және авиациялық уақиғаларды тексеру. Негізгі анықтамалар. Мақсаттар мен тапсырмалар. Ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында қызметті ретке келтіретін нормативтік база.



Ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ӘК командирінің міндеттері. Авиациялық уақиғалардың негізгі себептері және оларды зерттеу мақсаты. Іздеу және құтқару ережелері.

2

Авиациядағы адам факторы

Авиациялық физиология және денсаулықты қалыпта ұстау негіздері. Авиациялық психология негіздері. Авиациядағы адам факторының мәселесі. Терминдер және анықтамалар. Адам қателігі. Авиациялық көлік жүйесінің қызмету барысында және ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде адам ролін зерделеу. Қауіптерді және қателіктерді басқару. Экипаж қорлары. Авиация персоналы қызметіндегі адам факторы туралы білімді қолдану.

3

Авиациялықметеорология

Негізгі метеорологиялық құбылыстарды және аэросиноптикалық процесстерді зерделеу, метеорологиялық элементтердің ұшуларды орындауға әсер етуі. Әдістерге оқыту: авиацияға қауіпті ауа райы құбылыстарын анықтау, ұшу алдында және ұшу барысында метеорологиялық ақпаратты зерделеу және ұшуды орындау мен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүдделерінде білімін пайдалану.

4

Әуенавигациясы және ұшуларды аэронавигациялық қамтамасыз ету

Әуе навигациясының теориясы, ұшуларды аэронавигациялық қамтамасыз ету және штурмандық қатынаста ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету негізгі ережелерін зерделеу.

5

Еркін жылу аэростаты ұшуының теориялық негіздері

Аэростатика және аэростаттың көтерілу күші. Халықаралық стандартты атмосфера. Биіктік, қысым және температура арасындағы тәуелділік. Сыртқы ауа температурасы 150 С және теңіз деңгейінен Н=0 м биіктікте түрлі газдар үшін көтерілу күшінің үлесті мәндері. Көтерілу күшін ньютоннан килограммға алмастыру. Аэростат қабығынығ ішкі қысымы. Сыртқы ауа температурасы мен қабықтағы ауа температурасы арасындағы айырмашылықтан аэростаттың толық көтерілу күшінің тәуелділігі. Үлесті көтерілу күшінің мөлшері. Жылу аэростаттары мен газды аэростаттардың бір текше метр түрлі газдардың көтерілу күшінен үлесті мәні бойынша салыстырмалы нәтижелілігі. Ұшудың түрлі режімінде аэростатқа әсер ететін күштер. Жүктеу есебі. Аэростаттың жылу балансы. Аэростаттың жылу балансын теңестіру. Жылу өткізу коэфициенті және ауаның кинематикалық жабысқақтығы. Жылу шығындары. Ра толық көтерілу күші мен сыртқы ауа температурасынан отын шығынының (пропан бутан қоспасы) теориялық тәуелділігі. Аэростатикалық және қабық көлемі бойынша шынайы температура арасындағы айырмашылық.

6

Еркін жылу аэростат конструкциясы және оны ұшып пайдалану. Жер үсті жабдықтар

Аэростат классификациясы. Қабық. Шілтер. Газ жабдығы және баллондар. Гондолдар (әуе шарындағы адам отыратын орын). Аспаптық блок. Жерүсті жабдық. Жерде және ауада пайдалану ережелері.

7

Электротехникалық,, аспаптық және радиоэлектронды жабдықтар және оларды ұшып пайдалану

Аспаптық, электротехникалық және радиоэлектрондық жабдықтарды зерделеу, олардың қандай қызмет атқаратынын, жиынтығын, ұшақта орналасуын, қызмет ету принциптерін, аспаптар мен жүйелердің, қуат құрылғыларының жұмысын бақылайтын аспаптар қызметін, ұшып пайдалану ережелерін зерделеу.

8

Пайдлану процедуралары. Ұшып пайдалану жөніндегі нұсқау.

Пайдалану шектеулері және олардың физикалық маңызы. Ұшуға даярлық және есептеу. Ұшуды орындау. Ерекше жағдайларда ұшуды орындау техникасы. СТА жабдықтары мен жүйелерін пайдалану. Ұшу барысында ерекше жағдай орын алған кездегі ұшқыштың әрекеті.

9

VFR байланыс құралдары. Фразеология және радиоалмасуды жүргізу ережелері

Терминдерді, белгілерді зерделеу,әуе кемесі экипажы мен әуе қозғалысына қызмет көрсететін органдар арасындағы радиоалмасуды жүргізу ережелерін оқу.

10

Апаттық-құтқару даярлығы

Әуе кемесін апаттық-құтқару жабдығымен жабдықтау жөніндегі даярлық, еріксіз қону және жолаушылар мен экипаж мүшелерін эвакуациялау бойынша процедуралар. Қону орнында дербес аман қалу бойынша жаттығу.

11

Планерді техникалық пайдалану

Ұшу алдындағы және ұшудан кейінгі техникалық қызмет көрсету процедуралары, оперативті және кезеңдік қызмет көрсету, жөндеу, техникалық құжаттаманы жүргізу.

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналын кәсіптік даярлаудың үлгілік бағдарламасына

6-қосымша

LAPL(А) – ұшағындағы жеңіл әуе кемесі ұшқышының теориялық даярлығы бойынша пәндер тақырыптары




Сабақтар атауы

Оқу пәндерінің қысқаша мазмұны

1

Қазақстан Республикасының азаматтық авиация қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілер және әуе құқығы негіздері

ИКАО конвенциясы. Конвенция қосымшалары, Ұлттық және халықаралық ұйымдар және ассоциациялар, халықаралық стандарттар және кеңес етілген тәжірибе, ұлттық және халықаралық құқық, еңбек заңнамасы, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, қоршаған ортаны қорғау, ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиация персоналға қатысты ережелер мен қағидалар. Азаматтық авиацияның ұлттық өкілетті органы: орналасқан орны және ұйымы; азаматтық авиацияқызметін ретке келтіретін қаулылар мен ережелер, ұлттық заңдар. Аса жеңіл авиация ұшқышы куәлігі иесінің құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі. Көзбен шолып ұшу ережелері.

Ұшулар қауіпсіздігі және авиациялық уақиғаларды тексеру. Негізгі анықтамалар. Мақсаттар мен тапсырмалар. Ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында қызметті ретке келтіретін нормативтік база.



Ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ӘК командирінің міндеттері. Авиациялық уақиғалардың негізгі себептері және оларды зерттеу мақсаты. Іздеу және құтқару ережелері.

2

Авиациядағы адам факторы

Авиациялық физиология және денсаулықты қалыпта ұстау негіздері. Авиациялық психология негіздері. Авиациядағы адам факторының мәселесі. Терминдер және анықтамалар. Адам қателігі. Авиациялық көлік жүйесінің қызмету барысында және ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде адам ролін зерделеу. Қауіптерді және қателіктерді басқару. Экипаж қорлары. Авиация персоналы қызметіндегі адам факторы туралы білімді қолдану.

3

Авиациялықметеорология

Негізгі метеорологиялық құбылыстарды және аэросиноптикалық процесстерді зерделеу, метеорологиялық элементтердің ұшуларды орындауға әсер етуі. Әдістерге оқыту: авиацияға қауіпті ауа райы құбылыстарын анықтау, ұшу алдында және ұшу барысында метеорологиялық ақпаратты зерделеу және ұшуды орындау мен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүдделерінде білімін пайдалану.

4

Әуенавигациясы және ұшуларды аэронавигациялық қамтамасыз ету

Әуе навигациясының теориясы, ұшуларды аэронавигациялық қамтамасыз ету және штурмандық қатынаста ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету негізгі ережелерін зерделеу.

5

Аэродинамика негіздері және ұшақ тәжірибелік аэродинамикасы

Аэродинамиканың және ұшақ тәжірибелік аэродинамикасы теориялық негіздерін, ұшып көтерілу, көлденеңінен ұшу, маневрлер орындау, төмендеу, қону уақытында ауамен өзара әрекет ету барысында ұшу аппаратымен болатын процесстерді зерделеу.

6

Ұшақ конструкциясы және оны ұшып пайдалану.

Конструкциясын, планер беріктігін және ұшақты ұшып пайдалану ережелерін зерделеу. Әуе кемесі бекіту түйіндері мен агрегаттарының конструкциясы.

7

Авиациялық қозғалтқыштар конструкциясы және оны ұшып пайдалану

Ішкі жану авиациялық мікбасты қозғалтқышты ұшып пайдалану ережелерін және конструкциясын оқып білу. Авиациялық жанар-жағар материалдарының және арнайы сұйықтықтардың негізгі түрлерін, олардың физика-химиялық қасиеттерін оқып білу.

8

Электротехникалық, аспаптық және радиоэлектронды жабдықтар және оларды ұшып пайдалану

Аспаптық, электротехникалық және радиоэлетрондық жабдықтарды зерделеу, олардың қандай қызмет атқаратынын, жиынтығын,ұшақта орналасуын, қызмет ету принциптерін, аспаптар мен жүйелердің, қуат құрылғыларының жұмысын бақылайтын аспаптар қызметін, ұшып пайдалану ережелерін зерделеу.

9

Пайдлану процедуралары. Ұшып пайдалану жөніндегі нұсқау.

Ұшақты пайдалану ережелерін және шектеулерді зерделеу, ұшу барысында ерекше жағдайлар орын алған жағдайда экипаж әрекеті.

10

VFR байланыс құралдары. Фразеология және радиоалмасуды жүргізу ережелері

Терминдерді, белгілерді зерделеу,әуе кемесі экипажы мен әуе қозғалысына қызмет көрсететін органдар арасындағы радиоалмасуды жүргізу ережелерін оқу.

11

Апаттық-құтқару даярлығы

Әуе кемесінің апаттық-құтқару жабдығы бойынша даярлық, еріксіз қону бойынша және жолаушылар мен экипаж мүшелерін эксплуатацтялау жөніндегі процедуралар. Қону орнында дербес аман қалу бойынша жаттығу.

12

Ұшақты техникалық пайдалану

Ұшу алдындағы және ұшудан кейінгі техникалық қызмет көрсету процедуралары, оперативті және кезеңдік қызмет көрсету, жөндеу, техникалық құжаттаманы жүргізу.

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналын кәсіптік даярлаудың үлгілік бағдарламасына

7-қосымша


  1. Ұшақтағы жеке ұшқыштың теориялық даярлығы бойынша пәндер тақырыптары






Сабақтар атауы

Оқу пәндерінің қысқаша мазмұны

1

Қазақстан Республикасының азаматтық авиация қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілер және әуе құқығы негіздері

ИКАО конвенциясы. Конвенция қосымшалары, Ұлттық және халықаралық ұйымдар және ассоциациялар, халықаралық стандарттар және кеңес етілген тәжірибе, ұлттық және халықаралық құқық, еңбек заңнамасы, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, қоршаған ортаны қорғау, ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиация персоналға қатысты ережелер мен қағидалар. Азаматтық авиацияның ұлттық өкілетті органы: орналасқан орны және ұйымы; азаматтық авиацияқызметін ретке келтіретін қаулылар мен ережелер, ұлттық заңдар. Аса жеңіл авиация ұшқышы куәлігі иесінің құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі. Көзбен шолып ұшу ережелері.

Ұшулар қауіпсіздігі және авиациялық уақиғаларды тексеру. Негізгі анықтамалар. Мақсаттар мен тапсырмалар. Ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында қызметті ретке келтіретін нормативтік база.



Ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ӘК командирінің міндеттері. Авиациялық уақиғалардың негізгі себептері және оларды зерттеу мақсаты. Іздеу және құтқару ережелері.

2

Авиациядағы адам факторы

Авиациялық физиология және денсаулықты қалыпта ұстау негіздері. Авиациялық психология негіздері. Авиациядағы адам факторының мәселесі. Терминдер және анықтамалар. Адам қателігі. Авиациялық көлік жүйесінің қызмету барысында және ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде адам ролін зерделеу. Қауіптерді және қателіктерді басқару. Экипаж қорлары. Авиация персоналы қызметіндегі адам факторы туралы білімді қолдану.

3

Авиациялықметеорология

Негізгі метеорологиялық құбылыстарды және аэросиноптикалық процесстерді зерделеу, метеорологиялық элементтердің ұшуларды орындауға әсер етуі. Әдістерге оқыту: авиацияға қауіпті ауа райы құбылыстарын анықтау, ұшу алдында және ұшу барысында метеорологиялық ақпаратты зерделеу және ұшуды орындау мен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүдделерінде білімін пайдалану.

4

Әуенавигациясы және ұшуларды аэронавигациялық қамтамасыз ету

Әуе навигациясының теориясы, ұшуларды аэронавигациялық қамтамасыз ету және штурмандық қатынаста ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету негізгі ережелерін зерделеу.

5

Аэродинамика негіздері және ұшақтың тәжірибелік аэродинамикасы

Аэродинамиканың және ұшақ тәжірибелік аэродинамикасы теориялық негіздерін, ұшып көтерілу, көлденеңінен ұшу, маневрлер орындау, төмендеу, қону уақытында ауамен өзара әрекет ету барысында ұшу аппаратымен болатын процесстерді зерделеу.

6

Ұшақ конструкциясы және оны ұшып пайдалану

Конструкциясын, планер беріктігін және ұшақты ұшып пайдалану ережелерін зерделеу. Әуе кемесі бекіту түйіндері мен агрегаттарының конструкциясы.

7

Авиациялық қозғалтқыштар конструкциясы және оны ұшып пайдалану

Ішкі жану авиациялық мікбасты қозғалтқышты ұшып пайдалану ережелерін және конструкциясын оқып білу. Авиациялық жанар-жағар материалдарының және арнайы сұйықтықтардың негізгі түрлерін, олардың физика-химиялық қасиеттерін оқып білу.

8

Электротехникалық, аспаптық және радиоэлектронды жабдықтар және оларды ұшып пайдалану

Аспаптық, электротехникалық және радиоэлетрондық жабдықтарды зерделеу, олардың қандай қызмет атқаратынын, жиынтығын,ұшақта орналасуын, қызмет ету принциптерін, аспаптар мен жүйелердің, қуат құрылғыларының жұмысын бақылайтын аспаптар қызметін, ұшып пайдалану ережелерін зерделеу.

9

Пайдлану процедуралары. Ұшып пайдалану жөніндегі нұсқау.

Ұшақты пайдалану ережелерін және шектеулерді зерделеу, ұшу барысында ерекше жағдайлар орын алған жағдайда экипаж әрекеті.

10

VFR байланыс құралдары. Фразеология және радиоалмасуды жүргізу ережелері

Терминдерді, белгілерді зерделеу, ұшқыш және ӘҚҚ органдары арасындағы радиоалмасуды жүргізу ережелерін оқу.

11

Апаттық-құтқару даярлығы

Әуе кемесінің апаттық-құтқару жабдығы бойынша даярлық, еріксіз қону бойынша және жолаушылар мен экипаж мүшелерін эксплуатауиялау жөніндегі процедуралар. Қону орнында дербес аман қалу бойынша жаттығу.

12

Ұшақты техникалық пайдалану

Ұшу алдындағы және ұшудан кейінгі техникалық қызмет көрсету процедуралары, оперативті және кезеңдік қызмет көрсету, жөндеу, техникалық құжаттаманы жүргізу.



2. PPL(A)ұшу даярлығына арналған жаттығулардың үлгі ретіндегі мазмұны мен саны

Жаттығулардың нөмірленуі бірінші кезекте анықтамалық материал ретінде және оқытуды жалпы келісу мақсатында қойылған, сондықтан олардың көрсетілген тәртіпте орындалуы міндетті емес. Нақты тәртіп пен мазмұны келесі өзара байланысты факторлардан тәуелді болады:

Кандидаттың ілгері дамуы және қабілеттері;

Ұшуға әсер ететін ауа райы жағдайлары;

Қол жетімді ұшу уақыты;

Нұсқама беру техникасын түсінуінен;

Локальді пайдалану жағдайы;

Пайдаланылатын ұшаққа жаттығулардың қолданылуы сай келуінен.

1) 1.1 жаттығу: ұшақпен танысу:

Ұшақ сипаттамасы;

Кабинаның жабдықталуы;

Жүйелер;


Бақылап тексеру карталары, нұсқаулар және басқару.

2) 1.2 жаттығу: Авариялық жағдайда әрекеттерді пысықтау:

Жерде және ауада өрттің шығуы жағдайындағы әрекеттер;

Қозғалтқыштағы, кабинадағы және электр жүйесіндегі өрт;

Жүйелердің істен шығуы;

Ұшақты тастап шығу бойынша нұсқау, орын табу және авариялық жабдықтар мен шығу жолдарын пайдалану.

3) 2 жаттығу: Ұшу алдындғы даярлық және ұшудан кейінгі әрекеттер:

Ұшуға рұқсат және ұшақты қабылдау;

Пайдалану құжаттары;
қажетті жабдықтар, карталар және т.б.;
сыртқы тексерулер;
ішкі тексерулер;
қауіпсіздік белдігін, орындықты немесе бағыт рулінің басқыштарынретке келтіру;
қозғалтқышты оталдыру және қыздыру, бақылап тексеру карталары;
қуаттылығын тексеру;
қозғалтқыштың тоқтап қалуы барысында жүйелерді тексеру;
тұраққа қою, қорғау және қазық қадау (мысалы, байлап қою);
пайдалану құжатын толтыру.

4) 3 жаттығу: әуедегі нұсқау: әуедегі жаттығу.

5) 4 жаттығу: Басқару органдарының ықпалы:

Көлденең ұшу және қисая ұшу барысындағы алғашқы әсер;

Элерондар және бағыт рулінің екінші әсерлері;

Ықпал: жылдамдықтың, ауа ағымы орамының, қозғалтқыш қуатының, триммерлердің, қанат артындағы механизмдердің, өзге де басқару органдарының ықпалы;

Қоспа құрамын реттеушті, карбюратор жылуын, кабина және ауа желдеткіші жылуын пайдалану.

6) 5.1 жаттығу: Рульдеу:

Рульдеу алдында бақылап тексеру карталары;
от алдыру, жылдамдықты бақылау және тоқтау;
қозғалтқышты басқару;
қозғалыстың бағытын және бұрылуды бақылау;
шектеулі кеңістіктегі бұрылыс;
тұрақ аймағындағы процедура және сақтық шаралары;
желдің әсер етуі және басқару органдарын пайдалану;
жер үстінің әсері;
бағыт рулін пайдалану;
перон диспетчерінің сілтемелері және белгілері;
аспаптарды тексеру;
радиобайланыс процедуралары.

7) 5.2 жаттығу: Авариялық процедуралар: басқару және тежегіш құралдарының істен шығуы.

8) 6 жаттығу: Тура көлденең ұшу:

Қалыпты крейсерлік режімде тура және көлденең ұшуға қол жеткізу және оны ұстап тұру;


аса жоғары жылдамдықтағы ұшулар;
тұрақтылыққа лайық көрсету;
тангаж бойынша басқару, соның ішінде триммерді пайдалану;

Жылдамдық пен кескіндеме өзгерген жағдайда;


аспаптарды дәлдік үшін пайдалану.

9) 7-жаттығу: Биіктікті алу:

Басталуы, жинаудың қалыпты және ең жоғарғы жылдамдықты ұстап тұру және теңестіру;

Тапсырылған биіктікке шығу;


бағыт бойынша ұшу кезінде биіктікті жинау;
шығарылған жалғас қанатшалармен жинау;
жылдамдықты қалыпты жинауды қалпына келтіру;
жылдамдықты жинаудың ең жоғарғы бұрышы;
дәлдік үшін аспапты пайдалану.

10) 8-жаттығу: Төмендеу:

Басталуы, ұстап тұру және теңестіру;

Тапсырылған биіктікке шығу;

Бағыт бойынша ұшу кезінде және қозғалтқыштың тапсырылған қуатымен жоспарлау, төмендеу;

Бүйірден қисаю (ӘК-нің сәйкестүріне);

Дәлдік үшін аспаптарды пайдалану.

11) 9-жаттығу:Бұрылыстар:

тапсырылған биіктікте бұрылыстарды ұстаудың басталуы;

тік ұшуды қалпына келтіру;

бұрылыстарды орындау кезінде қателіктер;

биіктікті жинаумен бұрылыстар;

төмендеумен бұрылыстар;

тапсырылған курсқа бұрылыстар, гироскопикалық және магниттік компастарды пайдалану;

дәлдік үшін аспаптарды пайдалану.

12) 10-жаттығу.1: Төмен жылдамдықпен ұшу:

Ескерту:мақсаты – студенттің қауіпті төмен жылдамдықта әдейі ойластырылмаған ұшуды танып білу қабілетін жақсарту және ұшуды қалыпты жылдамдыққа келтіру кезінде ұшақтың тепетеңдігін ұстап тұруға қатысты тәжірибесін қамтамасыз ету.

қауіпсіздікті тексеру;

төмен жылдамдықта ұшуды жүргізу;

қауіпті аз жылдамдыққа дейін басқарылатын ұшу;

ұшуды жүйрік жылдамдығына қайтару үшін қозғалтқыштың ең жоғарғы қуатын пайдалану.

13) 10-жаттығу.2:Аудару:

қауіпсіздікті тексеру;

белгілері;

тану;

«таза» кескіндемеге аударуқозғалтқыштың ең төменгі және тапсырылған жұмыс тәртібімен шығару;



қанатқа үйілген кезде аударудан шығарып алу;

қонуға кіру үшін ұшақтың кескіндемесі кезінде аударуға жақындау және қозғалтқыштың ең төменгі және тапсырылған жұмыс тәртібі кезінде қонулар, аударудың алғашқы деңгейінен шығу.

14) 11-жаттығу: Штопордыболдырмау:

қауіпсіздікті тексеру;

аудару және штопордың алғашқы дәрежесіне шығару (қанатқа айтарлықтай үйілген кезде аудару – 45⁰шамасында)

жаттықтырушы бастаған аудару уақытында назарын басқаға аудару.

Ескерту:тым болмағанда, аударуды танып білу және штопорды болдырмау бойынша екі сағаттық ұшуда даярлау курс ішінде аяқталуы керек.

Маневрлардышектеу мәселесі қажеттігі бойынша ұшақты ұшуды пайдалану (бұдан әрі - ҰПБ)және масса мен центрлікті есептеу бойынша басшылыққа сүйіну керек.

15) 12-жаттығу: Екінші айналымға дейін ұшуды және биіктікті жинау:

Ұшар алдында тексерулер;

қарсы желге қарай ұшу;

шассидің мұрындық бағанының дөңгелегін қорғау;

бүйірлік желмен ұшу;

ұшу уақытында және ұшқаннан кейін нұсқаулық;

қысқа ҰҚЖ-нан ұшу, өнімділікті қоса алғанда жер жолағынан ұшу істері мен орындау техникалары;

шуды азайту бойынша істер.

16) 13: Айналып ұшу, қонуға бет алу, қону:

айналып ұшу істері, екінші және үшінші бұрылыстар;

қонуға бет алу және қозғалтқыштың тапсырылған жұмыс тәртібімен қону;

шассидің мұрындық бағанының дөңгелегін қорғау;

қонуға бет алу жылдамдығына және жанап өтуге желдің әсері, жалғас қанатшаны пайдалану;

бүйірдегі желмен қонуға бет алу және қону;

қонуға бет алу және ең төменгі күшпен қону;

қысқа ҰҚЖ-нан ұшу, өнімділікті қоса алғанда жер жолағынан ұшу істері мен орындау техникалары;

қонуға бет алу және жалғас қанатшаларды пайдаланбай-ақ қону;

«3 нүктеге» қону (шассидің артқы бағанымен ұшақтар үшін);

екінші айналымға кету;

шуды азайту бойынша істер.

17) 12/13-жаттығу: Авариялық жағдай:

үзілген ұшу;

ұшқаннан кейін қозғалтқыштың істен шығуы;

ұшақтың жерге дәл емес қонуы және екінші айналымға кету;

қайтадан қонуға бет алу.

18) 14-жаттығу: Бірінші өз бетінше ұшу:

Жаттықтырғыштар брифингі, ұшуды бақылау және де-брифинг;

Ескерту:айналым бойынша тікелей жеке ұшулардан кейінгі ұшулар уақытында, кейінгі істер қарастырылуы керек:

әуеайлақтық айналымға кіру және одан шығу істері;

ұшулардың жергілікті істері, шектеулер, карталарды оқу;

жетекке ұшу үшін радионавигациялық құралдарды пайдалану;

магниттік компастарды пайдаланумен айналымдар, компастың қателіктері.

19) 15-жаттығу: Тереңдетілген деңгейдегі айналымдар:

Биіктікті сақтай отырып, төмендеумен кілт бұрылыстар (қисаю бұрышы 45⁰);

бұрылыста аудару және одан шығу;

тік шығыршықты қоса алғанда, ерекше кеңістіктік жағдайдан қалпына келу.

20) 16-жаттығу: өшірілген қозғалтқышымен амалсыздан қону (өшірілген қозғалтқышқа ұқсату):

амалсыздан қону істері;

қонуға аймақтарды таңдау;

жоспарлау қашықтығы;

төмендеу жоспары;

негізгі позициялар;

қозғалтқыштың салқындауы;

істен шыққан қозғалтқышты тексерулер;

радионы пайдалану;

үшінші айналым;

қонуға бет алу;

қону;


қонғаннан кейін әрекет.

21) 17-жаттығу: сақтық шарасы мақсатында қону:

көзбен шолып ұшу биіктігінде әуеайлақтан кетудің толық істері;

сақтық шарасы мақсатында қонудың қажет болған жағдайы;

ұшудағы жағдайлар;

қону үшін алаңқайды таңдау: әуежай, пайдаланылмайтын әуежай, алаңқай;

қонуға бет алудың сызбасын орындау;

қонғаннан кейін әрекет.

22) 18-жаттығу.1: Навигация:

Ұшуды жоспарлау: нақты ауа-райы және болжам; карталардытаңдаужәнедайындық, бағытты таңдау, бақыланатын кеңістік, қауіпті және тиым салынған аймақтар, қауіпсіз биіктіктер; магниттік курстар мен ұшу уақытының есептері,отын, масса және центрлік, өнімділік өнімдері; ұшу ақпараты, NOTAM-дар, радиобайланыс жиіліктері, қосалқы әуеайлақтарды таңдау; ұшақтың құжаттамасы; ұшу туралы хабарлама, әкімшілік істері, ұшудың жоспарын беру.

Ұшып шығу: кабинада жұмысты ұйымдастыру; ұшып шығу істері – биіктікті өлшегішті орнату, курстарды орнату ісінің бақыланатын кеңістігіндегі радио байланыс істері, келудің есепті уақытының хабарламасы (ETA); биіктік пен курсты ұстау; курстар мен келу уақытының қайта есебі; ұшу журналын жүргізу; радионы пайдалану; радионавигациялық құралдарды пайдалану; ұшуды жалғастыру үшін ауа-райыминимумдары; ұшудағы шешімдер; бақыланатын әуе кеңістігіндегі ұшып өтулер; тапсырылған курстан ауытқу істері; тұрған жерді анықтау істері.

Әуеайлақ айналымына келу және кіру істері: бақыланатын кеңістіктегі радиобайланыс істері; биіктікті өлшегішті орнату; әуеайлақ айналымына кіру; қонуға бет алу сызбасы бойынша ұшу; тұраққа бұру; ұшақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары; отынмен толтыру; ұшу жоспарын жабу; ұшудан кейінгі әкімшілік істер.

23) 18.2-жаттығу: Төменгі биіктік навигациясымен және төмендетілген көрінімділік жағдайына байланысты мәселелер:

төмендеу алдындағы әрекет;

қауіптер;

карталарды оқудағы қиындықтар;

желдің және турбуленттің әсері;

жер бедері туралы ақпаратқа ие болу;

тиым салынған аймақтардан және шуды шектеу аймақтардан аулақ болу;

әуеайлақ айналымына кіру;

нашар ауа-райында қонуға бет алу және қону.

24) 18.3-жаттығу: Радионавигация:

навигацияның серіктік жүйелерін пайдалану: бағыттың нүктелерін таңдау, нүктеге немесе нүктеден ұшуды индикациялау, қателіктер туралы хабарламалар;

барлық бағытқа бағытталған азимуттық радиомаяктыпайдалану (VOR): қолданылатын жиіліктердің қол жетімділігі, AIP; таңдау жәнесәйкестендіру; OBS; «TO» және «FROM»индикациялау; CDI; радиалдыбелгілеу; радиалдыұстаужәнекөтеру; VORрадиостанциясына өту; екі VORстанциясынантұрғанорнытуралыақпараттыалу.

ADF, NDB жабдықтарын пайдалану: қолданылатын жиіліктердің қол жетімділігі, AIP; таңдау жәнесәйкестендіру; маякқа қатысты бағдарлану; жетек радиостанциясынаұшу;

Радарды пайдалану: қолданылатын жиіліктердің қол жетімділігі, AIP; радиобайланыс жүргізу істері; ұшқыштың жауапкершілігі; ұшақ жауапкершісі (transponder, SSR);

DME пайдалану: станция мен сәйкестендірудітаңдау; жұмыстар тәртібі, қашықтықты, жылдамдықты, уақытты индикациялау.

25) 19-жаттығу: Аспаптар бойынша ұшулар негіздері:

Физиологиялық сезінулер;

авиакөкжиектіпайдаланаотырыпұшу;

аспаптарды шектеу;

базалық манёврлар: түрлі жылдамдық пен кескіндемелерде тік және көлденең ұшу; биіктікті жинау және төмендеу; стандарттыбұрылыс, тапсырылған курсқа шығу; бұрылыстан биіктікті жинау және төмендеу арқылы шығу.

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналын кәсіптік даярлаудың үлгілік бағдарламасына

8-қосымша


Тікұшақтарда жеке ұшқыштарды Теориялық даярлық бойынша пән тақырыбы




Оқу пәндерінің атауы

Оқу пәндерінің қысқаша мазмұны

1

Әуе құқығы негіздері және Қазақстан Республикасы азаматтық авиация саласындағы нормативтік-құқықтық актілер

ИКАОконвенциясы. Конвенцияқосымшасы. Ұлттық және халықаралық ұйымдар мен ассоциациялар, халықаралықстандарттаржәнеұсынылатынтәжірибе, ұлттық және халықаралық құқық, еңбек заңнамасы, еңбек қауіпсіздігі және техника қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау, Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиация персоналға қатысты қағидалар мен ережелер. Азаматтық авиацияның ұлттық өкілетті органы: орналасқан жері және ұйым; азаматтық авиация қызметін реттейтін ұлттық заңдар, қаулылар мен қағидалар.

Аса жеңіл авиация ұшқышының куәлігі иесінің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі. Көзбен шолып ұшу қағидалары.



Ұшу қауіпсіздігі және авиациялық оқиғаларды тексеру.Негізгі анықтамалар. Мақсаты мен міндеттері. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында қызметті реттейтін нормативтік база. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ӘК командирінің міндеттері. Авиациялық оқиғалардың негізгі себептері және оларды тексеру мақсаты.Іздеу және құтқару қағидалары.

2

Авиациядағы адам факторы

Авиациялықфизиологиянегіздеріжәнеденсаулықтыкүту. Авиациялық психология негіздері.Авиациядағыадам факторы мәселелері.Терминдер мен анықтамалар.Адам қателігі. Авиациялық көлік жүйесінің жұмыс істеуі және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі адамның рөлін зерделеу. Қауіптер мен қателіктерді басқару.Экипаж ресурстары. Авиация персоналы қызметіндегі адамдық фактор туралы білімді қолдану.

3

Авиациялық метеорология

Негізгі метеорологиялық құбылыстар мен аэросиноптикалық істерді зерделеу, ұшуды орындауға метеорологиялық элементтердің әсері. Әдістемелерге оқыту: авиация үшін қауіпті ауа-райы құбылыстарын анықтау, ұшар алдында және ұшуда метеорологиялық ақпаратты зерделеу және ұшуды орындау және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесі үшін білімді пайдалану.

4

Әуенавигациясы және ұшуды аэронавигациялық қамтамасыз ету

Әуенавигациясы, ұшуды аэронавигациялық қамтамасыз ету теорияларының негізгі ережелерін зерделеу және штурмандық жағынан ұшудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

5

Аэродинамиканегіздерітікұшақтың тәжірибелік аэродинамикасы

Аэродинамиканың теориялық негіздері және тік ұшақтың тәжірибелік аэродинамикасын зерделеу. Тікұшаққа ұшуда және бір жерде қадалып тұруға әрекет ететін күштер. Салмақ түсіретін винт күші. Теңдестіру, тікұшақтың тұрақтылығы және басқарылуы. Тікұшақтың ұшу және қону сипаттамаларына әсер ететін факторлар, және оларды ұшуға дайындауда есепке алу. Тікұшақ центрлігін есептеу. Тікұшақтың ұшу сипаттамалары және ұшу шектеулерінің ұшу сипаттамалары. Тікұшақтың қиын жағдайда ұшуы.

6

Ұшақтың құрастырылымы және ұшуда пайдалану

Планер құрылымын және беріктігін, тікұшақты ұшуда пайдалану қағидаларын зерделеу. Тікұшақтың агрегаттары мен негізгі тораптарының құрылымы.

7

Авиациялық қозғалтқыштардың құрылымы және ұшуда пайдалану

Жалпы мәліметтер және қозғалтқыштың техникалық деректері. Авиациялық піспек пен газ турбиналық қозғалтқыштардың құрастырылымын зерделеу. Құрылғы және қозғалтқыштың қорек жүйесінің отынмен жұмыс жасауы. Қозғалтқыш жұмысын қамтамасыз ететін құрылғы жүйелері. Қозғалтқышты ұшуда пайдалану.

8

Электр техникалық, аспаптық және радиоэлектронды жабдық және оларды ұшуда пайдалану

Аспаптық, электр техникалық және радиоэлектрондық жабдықты, оның бағытын, жиынтығын және тікұшақтаорналасуын, әрекет ету принциптерін, аспаптар мен жүйелердің жұмыс істеуін, күштік қондырғы жұмыстарын бақылау аспаптарын, жабдық деректерін және ұшуда пайдалану қағидаларын зерделеу.

9

Пайдалану істері. Ұшуда пайдалану бойынша басшылық.

Шектеулерді және тікұшақты пайдалану қағидаларын ұшудаерекшежағдайтуындағандаэкипаждыңәрекетін зерделеу.

10

VFR байланыс құралдары. Радиоалмасу жүргізу және фразеологияқағидалары

Терминдерді, шартты белгілерді зерделеу, әуе кемелері экипаждары мен әуе қозғалысын ұйымдастыру органдары арасындағы радиоалмасуды жүргізу қағидаларын оқыту.

11

Авариялық –құтқаруға дайындық

Әуе кемесін апаттық-құтқару жабдықтау бойынша, амалсыздан қону және жолаушылар мен экипаж мүшелерін эвакуациялау бойынша істерге дайындау. Жергілікті жерде автономды аман қалу бойынша жаттығу.

12

Ұшақты техникалық пайдалану

Ұшар алдындағы және ұшқаннан кейінгі техникалық қызмет көрсету істері, жедел және мерзімді қызмет көрсету, жөндеу, техникалық құжаттаманы жүргізу.

жүктеу 7,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау