Информатика пәнін оқытуда ойын технологияларын қолдану (Баяндама)



жүктеу 275,77 Kb.
Дата09.03.2018
өлшемі275,77 Kb.
#12040

Жоспары:
І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім

1. Жаңа инновациялық технологиялар түрлері

2. Ойын технологиясы

3. Информатика сабағында ойын технологиясын қолдану

4. Интеллектуальды ойын элементтерін қолдану

5.Сыныптан тыс шаралар кезінде ойын технологиясын пайдалану

ІІІ.Қорытынды


Кіріспе


 Қазіргі кезеңде дербес компьютердің ғылымда, техникада,экономикада тіпті өндірістің кез келген саласында кеңінен қолданыла бастауымен оның маңызы туралы айтып, ешкімді таң қалдыра алмайсың. Елімізде қазіргі әлеуметттік-экономикалық  даму жағдайы да компьютерлік технологияны жаппай пайдаланумен сипаттталады.

         Информатиканы  оқытудың  негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік қасиетін қалыптастырып, оларды белсенді, әрі толыққанды өмірге және ақпаратттық қоғам ортасындағы жұмысқа дайындау болып табылады.

          Информатика пәнін оқытуда мұғалім балалардың ой – өрісі мен танымдық қабілеттерін дамыту, өз ойын жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру мақсатында жаңа   технологияларды кеңінен қолданған дұрыс.

Еліміздің - жас ұрпаққа заман талабына сай білім беру әр ұстаздан шығармашылықпен жұмыс істеуді, үлкен ізденісті талап етеді. Оқушының жеке тұлғасын, оның рухани әлемін, қабілеті мен ынтасын дамыту бүгінгі таңдағы негізгі мәселенің бірі. Оның себебі оқушы өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге, өз бетінше алған білімдерін тәжірибеде, өмірде пайдалануды үйренбеген. Сол үшін де оқушының өзіне сенімін арттыру, шығармашылығын дамыту мақсатында мұғалімнің әр сабағы әр түрлі, жан-жақты болуы керек. Сабақ мазмұнының теориялық-практикалық құндылықтары жоғары болған сайын оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу өте тиімді жүргізіледі. Мұғалімнің әр сабағы оқушының сезіміне, ынтасына әсер етуі керек. Ол үшін сабақ құрылымы көп түрлі оқыту әдістерімен, мұғалімнің дайындығы, ізденісі жоғары деңгейде болуы керек. Оқушыларға білім негізін меңгертудің әдіс- тәсілдері сан-алуан.Оны таңдап алу мұғалімнің шеберлігіне байланысты.

Оқушының пәнге деген қызығушылығын артттыру- мұғалімнің өз еңбегін ұтымды ұйымдастыра отырып, жаңа сабақ үлгілерімен оқушыларды зерттеушілікке баулу, оқушыларға сұрақ қою, эксперименттік тапсырмаларды шешу,танымдық ойындар ұйымдастыру арқылы іске асады.

Осыған байланысты іс-тәжірибемде мынадай қағидаларға сүйенемін:



  • оқушыларға сапалы білім бере отырып, өз бетінше жұмыс істеуге үйрету;

  • оқушылармен жекелей, жұптық, топтық жұмыстар жүргізу;

  • оқушының компютерлік сауаттылығын жетілдіру;

  • оқушылардың шығармашылық ой-өрісін дамыту.

Олай болса, информатика пәнін оқытуда қазіргі заманғы жаңа технологияларды қолдана отырып, соның ішінде ойын технологияларын қолдану заман талабы және оқушы мен мұғалім арасындағы жақсы байланыс. Міне, оқушыларды білімдендіру және пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында - информатика пәнін оқытуда ойын технологияларын қолдану жайында төмендегіше баяндаймын.

Информатиканы оқытудың негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік қасиетін қалыптастырып, оларды белсенді, әрі толыққанды өмірге және ақпаратттық қоғам ортасындағы жұмысқа дайындау болып табылады.


1. Жаңа инновациялық технология түрлері.

Информатика пәнін оқытуда мұғалім балалардың ой – өрісі мен танымдық қабілеттерін дамыту, өз ойын жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру мақсатында жаңа технологияларды кеңінен қолданған дұрыс.


Жаңа ақпараттық технология құралдарын информатика пәнінің кіріктірілген сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылық, интеллектуальдық қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға қолдану білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді.

Бүгінгі таңда жаңа инновациялық технологиялардың көптеген түрлері қолданысқа ие болуда:

  • Жобалау, саралап оқыту технологиясы

  • Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы

  • Модуьдік, деңгейлеп оқыту технологиясы

  • Сатылай комплексті талдау технологиясы

  • Компьютерлік оқыту технологиясы

  • Ойын технологиясы

  • Білім берудегі интерактивтілік технологиясы және т.б.

Инновациялық технологияларды тиімді қолдану нәтижесінде төмендегі жетістектерге жетуге болады:

1. Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі

2. Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыру мүмкіндігі артады.

3. Олардың әрқайсының деңгейін анықтап, оларды бақылауға мүмкіндік аласың.

4. Оқушылардың ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді.

5. Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық еркіндігі артады.

6. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады.


Жоғарыда аталған жаңа технологиялардың ішінде ойын технологиясының алар орны ерекше. Сабақтың бір кезеңінде осы технологияның элементтерін қолдану – өте тиімді әдіс. Ойын арқылы оқушының білімі мен бейімін, жеке тұлғалық қасиет-қабілеттерін арттыру мүмкіндіктері зерттелген. [ №3, 9 бет]

Ойын элементтерін білім беру үрдісінде қолданғанда төмендегідей әдістемелік талаптарға сүйенген жөн:



  • Ойынға кіріспес бұрын оның жүргізілу тәртібі мен шартын оқушыларға әбден түсіндіру;

  • Ойынға сыныптағы , топтағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету;

  • Ойын түрлерін тақырыптық бағдарламаға сай іріктеп алу;

  • Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, сын тұрғысынан ойлана білуіне жетелеу;

  • Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.

  • Қарапайым ойыннан күрделі ойынға көшу;

  • Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет;

  • Белсенді қатысқан оқушыларды мақтап, мадақтау;

  • Үлгерімі төмен оқушыларға ақыл-кеңес беру.

2. Ойын технологиясы.

Ойын технологиясы дегеніміз – педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын- оқу үрдісіндегі оқытудың әр формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Ойын элементтерінің сабақ барысында басты мақсаты – білім беруді ойынмен ұштастыру. Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды. Ойын бір қарағанда қарапайым, жеңіл құбылыс сияқты көрінгенімен, ол ұжымдық әрекет. Ойындардың қажеттілегін іріктеп ала білу- ұстаз шеберлігіне байланысты.

Информатика пәнін оқытуда ойын технологияларын қолдану қазіргі информатика пәнінде рөлі зор. Себебі біз оқушыларды сан қырынан дамыта білу үшін, ойын түрлерін қолдануымыз қажет.


Қазіргі кезде мемлекетіміздің алдында білімді де іскер, ғылымға қабілетті заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу мәселесі тұр. Яғни мемлекет, соның ішінде адамзат заманға сай білім мен білікті меңгеруі қажет. Осы орайда заман талабына сай ұрпақ тәрбиесін жүзеге асыру үшін жаңа дамыта оқыту технологиялары, соның ішінде ойын технологияларының маңызы зор. Еліміздің білім беру жүйесінің жаңарып, толыға түсуі заман талабынан туындап отыр. Жас ұрпақ – еліміздің тірегі, ертеңіміздің кепілі. Сондықтан оларға саналы тәрбие мен сапалы білім беру мұғалімдердің басты міндеті. Олар жан – жақты жетілген білімді әртүрлі әдістемелерді меңгерген, шығармашылықпен жұмыс жасай алатын шеберлік иесі болуға тиіс. Ұстаз кәсіби білімін үнемі жетілдіріп отыруы керек. Қазіргі таңда еліміз дарынды балалар тәрбиелеуде зор көңіл бөлініп отыр. Сондықтан оқыту мен дамытудың жаңа мазмұнын құруға, оның әдістемелік жүйесін іздестіру мәселелеріне мән берілуде. Балалардың интеллектуалды қабілеттерін анықтау және дамыту үрдісі орталықтың құрылымдық бөлімшелерінде әрбіреуінде бірегей білім беру ортасын құру арқылы жүзеге асады. Оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін анықтап, оны одан әрі дамытуда дамыта отырып оқыту технологиясының маңызы зор.
3. Информатика сабағында ойын технологиясын қолдану.

Оқушылардың тану қызметін жоғарылату мәселесі оқытудың тәжірбиесі теориясында әрдайым көкейкесті мәселе болды. Іздену жолдары арқылы оқытушылар (ұстаздар) әр түрлі оқыту әдістерін меңгеріп, іскерлік және дидактикалық ойындар мен жаңа технологияларды қолданып келеді. Педагогикалық ойын айқын қойылған мақсатпен, оған сәйкес педагогикалық нәтижесімен, оқу-танымдық бағытпен ерекшеленеді. Ойын арқылы оқыту – кәсіби қызметін, адамгершілік қарым-қатынастармен және жеке қиындықтармен сабақтас мәселелердің шешімін табуға мүмкіндік береді. Оқу үрдісінде ойын технологияларын енгізу барысында құндылық бағыттар мен кәсіби қызметтің негіздері қалыптасып, әлеуметтік өзара әрекеттесу сәті іске қосылады. Ойын функциялары: үйлесімділік, болжамдылық, әлеуметтік түзету(коррекция).



Негізінен, ойын көпшілігіне 4 қасиет тән:

  • Оқушының таңдауы бойынша ғана қабылданатын, қызмет үрдісінің өзінен жақсы әсер алуға мүмкіндік беретін (нәтижеге байланысты емес) еркін дамытушы қызмет;

  • Қызықты фактілерді, қосымша ақпараттарды өз бетінше іздеуге бағытталған қызметтің белсенді, шығармашылық түрі;

  • Жарысу, бәсекелестік, жеңіске жету талабы мен нәтижені жақсартуға деген талпыныс, эмоционалды қызмет;

  • Ойын мазмұны мен оның барысының логикалық бірізділігін көрсететін ережелердің болуы.

Ойын негізіндегі оқу үрдісі құрылымын кезеңдер түрінде көрсетуге болады:

1. Проблемалық ахуал жасау;

2. Ойын барысы;

3. Ойын нәтижелерін қорытындылау.

Осылай, сабақтарда ойын технологияларын сауатты қолдану – арнайы білім мақсаттарынан басқа оқушылардың жеке тұлғалық, эмоционалдық, коммуникативтік мәселелерінің шешімін табуға, педагог пен бала арасындағы қарым-қатынастарды жақсартуға ықпал етеді. Педагогикалық қызметте ойын технологияларын қолдану – құзыреттіліктер негіздерін қалыптастырудың жолдары. Ойын технологияларының сан алуандығынан бірінші кезекте кестеде көрсетілгендері қолдану қажет деп санаймын:

№1 кесте


Информатика сабағында ойын ахуалын жасау үшін оқу материалын келесі түрде көрсетуге болады:



  • Мультимедиа презентациялары, интерактивті прораммалар;

  • Графикалық түрдегі демонстрациялық және үлестірме материалдар;

  • Бейне, аудио немесе мультипликациялық фрагменттер.

Оқушының алдында, экранда пайда болатын ертегідей қаһармандар, қиял-ғажайып қалалар, виртуальды кейіпкерлер оған ақпараттық құзыреттіліктің қалыптасу үрдістеріне белсене кіруге көмектеседі:

-берілген ақпараттың ішінен қойылған міндетті шешуге қажетті ақпаратты бөліп алу қабілеттілігі;

-графикалық түрде ұсынылған қарапайым ақпаратты мәтін ақпаратына айналдыру;

-берілген презентацияда ұсынылған мәліметтің жеткіліксіздігін көрсете отырып, сұрақтар қою.

Бүгінгі таңда көптеген компьютерлік мультимедиалық программалар, компьютерлік дидактикалық ойындар мен оларды құрудың тәсілдері бар. Мұндай ойындар оқу материалдардың есте сақталуы мен ұғынылуына жақсы ықпал етеді. Осындай түрлі ойындар оқушы қиялын ғана дамытпай, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Оқушы өз мүмкіндіктерін ашып, жаңалыққа, бәсекелестікке ұмтылады.

Ашық сабақ (бұл ашық сабақ 8 сыныпта ұйымдастырылған болатын).


Сынып 8

Күні: 21.11. 2016ж.

Пәні: информатика

Сабақтың тақырыбы:

Шеткері құрылғылар(компьютердің қосымша құрылғылары).Шеткері құрылғыларды орнату, драйверлер.

Жалпы мақсаттар:

Компьютердің қосымша құрылғылары туралы және қосымша құрылғыларды орнату драйверлері туралы түсінік беру. 
Оқушылардың компьютерлік сауаттылықтарын дамыту. Құрылғылармен өз бетінше жұмыс жасай алуға бейімдеу. 



Ресурстар:

Информатика 8-сынып, дидактикалық материалдар, интерактивті тақта, үлестірме материалдар,ДК.

Әдіс-тәсілдер:

Тәсілі: жұптық, топтық

Әдісі:АКТ, Блум, диалог.

Оқыту нәтижесі:

Компьютердің қосымша құрылғылары туралы түсінік қалыптасады. Компьютердің негізгі және қосымша құрылғылардың қызметі туралы мағлұмат алып, ақпараттық сауаттылықтары артады. 

Дерек көздер:

Ақпараттық коммуникациялық технология(АКТ), Интерактивті тақта, Mic.Word бағдарламасы. Оқулық беттері, ресурс парақтары. 

Сабақтың барысы:

Уақыты:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушының іс-әрекеті:

Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды түгендеу.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Топқа бөлу .



5 мин

1.Кіріспе.
2.Ұйымдастыру кезеңі.
3. Топқа бөлу :

1.«Флешка »

2.«Планшет»



Мұғаліммен сәлемдесу.
Таратылған кескіндерді құрастыру арқылы бөліну.



Білу:


2 мин

Сәйкестендіру

Джон Фон Нейманның принциптері



Жеке орындайды

Түсіну :


5 мин

Жаңа сабақ.
Тақырыпты жеке оқып, топта талқылау керектігі айтылады.

Оқушылар тақырыпты өз бетімен оқып, тобымен талқылайды.

Қолдану :


8 мин

Барлық порттарынан ажыратылған компьютер және қосымша құрылғылар беріледі.


Топ болып компьютерді жинақтап, іске қосады

Талдау :

7 мин

Іске қосылған компьютерге қосымша құрылғыларды орнатады.

Ауызша жауап береді

Жинақтау :


5 мин


Сілтеме бойынша тапсырманы орындау

http://LearningApps.org/watch?v=p3xh5imek16

ДК-де орындайды.



Бағалау:

10 мин

Эссе жазу.

1 топ.«Менің болашақ компьютерім»

2 топ. «Менің ерекше құрылғым»


Тақырып бойынша өз ойларын дәптерлеріне жазады.

Уй тапсырмасы:

1 мин

§10.Шеткері құрылғылар.(компьютердің қосымша құрылғылары) Шеткері құрылғыларды орнату, драйверлер.

Тест 52- бет




Үй тапсырмасын белгілеп алады.

Кері байланыс:

2 мин

  1. Компьютерге қосылатын құрылғылар ... .

  2. Шеткері құрылғылардың топтары: ... .

  3. Драйвер - ... .

Берілген сөйлемдерді ауызша толықтырады.



4. Интеллектуальды ойын элементтерін қолдану.

Информатика пәнінде интеллектуалды ойын элементтерін қолдану барысында қазіргі өмір талабына сай компьютерлік сауаттылықты жылдам дамыта отырып, педагогикалық – психологиялық әдістемелік бастапқы дайындықты қалыптастырмайынша балалар өз білім деңгейін көтере алмайды. Қоғамды ақпараттандыру жағдайында оқушының жеке тұлғасын қалыптастырып, ақпараттық қоғамда өмір сүруіне, сонымен қатар оның ақпарат ағымында дұрыс бағдар жасап, тиімді шешім қабылдауына қажет жаңа ақпараттық технологияларды таңдап алу және оны қолдану қабілетін қалыптастыруда информатика пәнінің алатын орыны зор екені белгілі. Қазіргі сабақ – бұл өзіндік көрсеткіштермен ерекшеленетін мұғалім мен оқушының біріккен қызметі. Осыған сүйене келе информатика пәнінде өзіндік ерекшелігіне қарай оқушылардың теориялық білімі және практикалық жұмыс істеу дағдыларын бөліп алуға болады. Теориялық білімді тексеру үшін ауызша сұрау, жазбаша бақылау, тестілеу сияқты дәстүрлі бақылау түрлерін, ал практикалық дағдыны бағалау үшін практикалық жұмысты қолдануға болады. Жалпы сабақта оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыратын ойын элементтерін пайдалану өте тиімді. Интеллектуалды ойын элементтерін информатика пәнінде қолдану арқылы қазіргі заман талабына сай ақпараттық мәдениеттілік пен компьютерлік сауаттылықты жылдам дамыта отырып педагогикалық-психологиялық әдістемелік бастапқы дайындықты қалыптастырмайынша оқушылар өз білім деңгейін көтере алмайды.Әлемдік жаһандану мен ақпаратандыру дәуірінде оқушының жеке тұлғасын қалыптастырып, ақпараттық қоғамда өмір сүруіне, сонымен қатар оның ақпарат ағымында дұрыс бағдар жасап, тиімді шешім қабылдауына қажет жаңа ақпараттық технологияларды таңдап алу және оны қолдану . Мұғалімнің мақсаты сабақ беру кезінде ең озық оқыту тәсілдері мен дағыдыларын қалыптастыру жолдарын және оның тиімділігі мен артықшылық мүмкіндіктеріне көз жеткізу. Мұғалім сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды (компьютер, интерактивті тақтаны) қолдана отырып білім берсе, оқушылардың пәнге деген арта түсері анық. [Информатика негіздері №1, 37 б]

Жаңа технологияның ішіне ойын технологиясы кіріктірілген. Ойын технологиясын пайдалана отырып, оқушыларды сапалы білім алуға бағыттаймыз. Информатиканы оқыту барысында оқушылардың білімін бақылау үшін осы дәстүрлі әдістермен қатар бақылаудың дәстүрден тыс түрлері, рефераттар, конкурстық жобалар, әртүрлі танымдық, интеллектуалдық ойындар, әр түрлі компьютерлік сайыстарда қолдануға болады.

Информатика пәні бойынша оқушылардың білімін бақылауға, жаңа білім беруге болатын пайдаланған ойындардан мысал келтірсем;

Пән бойынша материалды түсінгенінтексеру, бекітукезеңінде, сонымен қатар жаңа ұғымдарды үйрету барысындапайдалануға тиімді ойындардан мысал келтірсем:
«Білім биржасы»   іскерлік ойыны негізінде  деңгейлеп оқыту технологиясы жатыр. Ойын барысы төмендегідей: Аctivstudio немесе  Power Point бағдарламасында «5», «4», «3»  сандары жазылған батырма жазылады да, оқушылар өз білім деңгейі мен мүмкіншіліктерін ескере отырып, сәйкес бағасы жазылған сұрақтарға жауап береді. Жауаптар «акциялармен»  бағаланады. Жауаптың толық әрі анықтығына қарай «оқушы-акционер»  түрлі-түсті  акция қағаздарын алады. Мысалы, толық емес жауап –сары, ал  дұрыс, бірақ толық емес жауап –қызыл акциямен, дұрыс әрі нақты жауап –жасыл акциялармен белгіленеді. Акциялар өз құны бойынша бағаланып отырады.

«Пікірлер  генерациясы»  да осы деңгейлік  дифференциалдау  технологиясының негізінде  құрылады. Білім беру үрдісінде Венн диаграмасын 1 тараудан 2-тарауға ауысқанда программалардың ұқсастығы мен айырмашылығын ажырату үшін қолданған өте қолайлы. Бір қарағанда қарапайым болып көрінетін «кубизмді» де сабақтың  соңында бекіту ретінде қолдануға болады. Мысалы, 7-сыныпта «Paint графикалық редакторларының құралдары»  тақырыбын өткенде  кубиктің қырларына жазу арқылы оқушылардың  сайман атаулары мен қызметінің есте қалуына ықпал жасауға болады.

Мәселен  оқушының өткен  тақырыптарды  қалай меңгергенін тексеру үшін сабақ беру үрдісінде дидактикалық «Инфо-домино» ойынын қолданамын. Бұл ойынды   интерактивті тақтада  электронды нұсқа түрінде  немесе қағаз  түрінде  қолдануға болады. Сыныпты 2-3  топқа бөліп, әр топқа  тақырып бойынша  домино ұсынылады. Доминоның көлемі  ортасынан тік сызықпен бөлінген 5х10 см  төрт бұрышты  қатты қағаздан тұрады. Оның оң жақ бөлігіне сұрақ жазылса, ал сол бөлігіне жауап  жазылады. Бірінші үлестірме бетшенің сол жағы бос, оң бөлігіне сұрақ жазылады. Ал ең бірінші доминоның сол бөлігінде  жауап болса, оң жағы бос болуы қажет. Әр топ өзінің үлестірме беттерін араластырып, доминоны сұрақтың сәйкес  жауаптары бойынша құрайды. Сұрақтың  жауабы сәйкес келген жағдайда ғана домино ойыны ойналады. Егер қандай да бір үлестірме бет артық қалып қойса, демек топ мүшелері бір жерден қате жібергенін білуге болады. Доминотізбегі:





Қосарланған дөңгелек ойыны. Сынып екі топқа 5оқушыдан бөлініп, орындықтарымен қос дөңгелек жасап отырады.Ойын барысында ішкі дөңгелектегі оқушылар орнында отырып, сыртқы дөңгелектегі оқушылар орындарын ауыстырып отырады.Мұғалім бақылау сұрақтары жазылған үлестірмелі беттерді таратады. 1 минут уақыт ішінде оқушы өзінің үлестірме бетіндегі сұрақтың жауабын білмесе әріптес-оқушыдан білмегенін сұрап алуға мүмкіндігі бар. Уақыт болғанда арнайы гонг соғылып, сыртқы  «дөңгелекте» отырған оқушылар бір орынға жылжып, ауысып отырады. Ойын осылайша жалғасады, яғни ойын барысында балалар  бір-біріне өзара көмектесіп, қиналған сұрақтардың жауаптарын бірігіп  іздейді. Бір айналым жасалынып болған соң  ойын  тоқтатылып, мұғалім үлестірмелі бет   бойынша   оқушыларға   сұрақтар   қояды. Әр оқушы кімге көмектесіп, өзі кімнен көмек алғанын баяндайды.Ойын арқылы оқушылардың бойында қайырымдылық  пен ұжымдық бірлік қасиеттері қалыптасады.

5.Сыныптан тыс шаралар кезінде ойын технологияларын пайдалану. Мұнда өзімнің оқушылармен бірлесе өткізген сыныптан тыс шаралардың бірнешеуін ұсынғым келеді. Интеллектуальды ойындарды ұйымдастыру кезінде ойын технолгиясының маңызы зор. Себебі, ойындардың өздері ойын технологиясымен біте қайнаса байланысқан.

1.ХХІ ғасыр көшбасшысы инттелектуальды ойыны (8 сынып оқушыларымен өткізілген)

Құрметті ұстаздар, оқушылар, зияткерлік ойыншылар! Бүгінгі физика-математика және информатика апталығына байланысты өткізілгелі отырған «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойынына қош келдіңіздер.



Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан,- дей келе ойынға қатысушыларды қол соғып қошеметтеп ортаға шақырамыз.

Ойыншыларымызға өздерінің әділ бағаларын беретін әділқазыларымызды сайлап алайық. Әділқазылар: Есқұлова Ж, Махметова Г

Ал енді көптен күткен ойынымызға кезек бере отырып,ойыншыларымызға сәттілік тілейік.

Ойынның кезеңдерін таныстырып өтейін:



  • 1 кезең БӘЙГЕ

  • 2 кезең ПОЛИГЛОТ

  • 3 кезең ҒАЖАЙЫП ТӨРТТІК

  • 4 кезең ЖОРҒА Ойын шарты мынадай:

1 кезең Бәйгеде сұрақтар берілген оған оқушылар бірінші болып тетікті басқан оқушы жауап береді. Егер де ал жауап бере алмаса келесі тетікті басқан оқушы жауап бере алады. Әр жауап 3 баллдан есептеледі. Ұпайы аз бір оқушы ойыннан шығарылады.

2 кезең «Полиглотта» әртүрлі сұрақтар берілген оған оқушылар қазақ-орыс-ағылшын тілінде жауап беруге тиіс. Қазақ және орыс тілдерінің жауаптарына бір-бір балдан беріледі, ағылшын тілінде жауап берілген жауапқа 3 балл беріледі. Толық жауапқа 5 бал. 1 кезеңде балы аз бір оқушы келесі 2 кезеңге өте алмайды.

3 кезең «Ғажайып төрттікте» оқушылар әр тор көзден өзі білем деген тор көзді таңдап, егерде жауап берген жағдайда сол балдық жүйе беріледі. 2 кезеңде қалған 3 оқушыдан балы аз біреуі ойыннан шығады.

4 кезең «Жорғада» балы жоғары 2 оқушы қалып сайысқа түседі. «Жорға» ережесі бойынша оқушылар жеке-жеке сұрақтарға жауап беруге тиіс.

Ойынның шарты түсінікті, олай ойынға кезекті береміз.



1-кезең Бәйге.

1 кезең бойынша ұпай санын есептеу үшін, сөз кезегі әділқазыларымызға беріледі. Ұпайы аз 1 ойыншымызды ойынымыздан шығарып саламыз.



2-кезең «Полиглот».

Әділқазылар бағасын береді. Ойынымыздың шарты бойынша ұпай саны 1 оқушымыз ойыннан шығады.

Ең қиынын жарыстың,

Озып шыққын жарысып. Келесі кезең «Ғажайып төрттік».



(Слайд бойынша тапсырмаларға (сұрақтарға) жауап беріледі.) Оқушылар әр тор көзден өзі білем деген тор көзді таңдап, егерде жауап берген жағдайда сол балдық жүйе беріледі..

Бұл кезең аяқталды. Сөз кезегін әділқазыларға береміз, ұпайды есептеу бойынша

3 ойыншыдан ұпайлары аз 1 ойыншы ойыннан шығады.

Келесі кезең «Жорға».



«Жорғада» балы жоғары 2 оқушы қалып сайысқа түседі. «Жорға» ережесі бойынша оқушылар жеке-жеке сұрақтарға жауап беруге тиіс.

Құрметті ойыншылар бұл кезең мәресіне жетті. Ендігі кезекті ойынымызды қорытындылауы үшін әділқазыларға береміз. Қоытынды арқылы жеңімпазды марапаттау.

Жеңімпаздар І және ІІ орындарға ие болады. Ойынымыз аяқталды. Келесі апталықта жүздескеше достар!

2. 5 – 6 сыныптар үшін: «Не? Қайда? Қашан?» ойыны. Ойын үш кезеңнен тұрады.

1 – кезеңде ойынға қатысатын 6 баланы таңдап алу. Мұнда сұрақтарға нақты әрі тез жауап беретін балаларды таңдау керек. 2 – кезеңде сұрақтар логикалық есептер. 3 – кезең компьютерлік техника информатикаға байланысты сұрақтар қою.


3. «Даналық ағашы» ойыны. Оқушылар мәтінді жылдам әрі мұқият оқып шығуы керек. Оқыған мәтінге байланысты оқушылар сұрақтар құрастырып мұғалім алдындағы қорапшаға салуы керек. Мәтінді қайтадан мұқият оқып шығып қорапшадағы сұрақтарға кезектенсе жауап береді. Қалған оқушылар құрастырылған сұрақты және жауапты бағалайды. Мұғалім ең жақсы жауап пен ұтымды құрастырылған сұрақты анықтайды.
Осындай ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, әрі түсінікті болады. Ойын сабақтары оқушылардың өздігінен жұмыс істеуге, ойлау қабілетін дамытуға үйретеді. Ойын кезінде балалардың достық сезімін оятып, бір - біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Балаларды жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке, әдептілікке тәрбиелеуге болады. Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі.
Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:
- Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден түсіндіру.
- Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету.
- Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу.
- Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.
- Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.
- Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу.
- Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет
Сыныптан тыс шаралар оқушылардың ойлау қабілетін, танымдық қызметін және пәнге деген қызығушылығын, ынталарын арттырады. Сонымен қоса білім сапасының артуына да көмегін тигізеді.

Қорытынды
Қорытынды ретінде мінеки, жоғарыда баяндалып айтылған жағдайлардан түйіндегенім:

Ойын барысында оқушылар өзара пікір алмасады, оқу материалдарын жылдам және жақсырақ игереді, қиындықтарды бірге шешеді. Мұндай жағдайда, барлық балалар алға жылжиды, білімдері терең балалардың тежелмеуін, білімі төмен балалардың алға ұмтылуына мүмкіндік береді. Әсіресе оқушылар әрбір жаңа тақырыптан кейін «Сен – маған, мен – саған» ойынын ойнағанды ұнатады. Бұл ойында оқушы өзі дайындап келген сұрағын жолдасына қояды, егер жолдасы дұрыс жауап бере алмаса жауабын өзі айтып, қосымша ұпай алады. 2. Өзара қатынасу, сөйлесу адам тұлғасын, ақыл - ойын дамытудың маңызды факторы екенін өз тәжірибемнен көріп отырмын. Алғашқы кезде немқұрайлы, тақтадан көшіріп қана отырған кейбір оқушылар қазіргі жағдайда сабаққа ынталы қатысатын болды. Дәстүрлі ұйымдастырылған оқу процесіне қарағанда ойынға қатыса отырып неғұрлым аз шаршайды, өз қызметінен жағымды эмоциялар алады.

«Сабақ – мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің айнасы»,- деп көрегендікпен әйгілі ағартушы А.Сухомлинский тұжырымдаған болатын. Сондықтан сабақ беру дегеніміз –әр тұрлі педагогикалық тәсілдер жиыны, тұрақты шығармашылық ізденіс деп ойлаймын.

Әрбір мұғалім өз жұмыс тәсілдері мен формасын, өз педагогикалық технологиясын таңдай отырып, балалардың білімін жетілдіру бағытында еңбек етуі керек. Ағартушы Д.Пойаның мынадай қанатты сөздері бар: «Мұғалім өз тауарын өткізе алатын сатушы тәрізді болуы тиіс, ол тауарын әдемілеп көрсете білуі керек».

Информатика пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы өте зор. Сондықтан, ізденген ұстаздан ғана шығармашыл, дарынды шәкірттің шығары анық.

Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Информатика негіздері журналы, №1, 2014

2. Информатика негіздері журналы, №3, 2014

3. Информатика негіздері журналы, №3, 9 бет, 2014

4. Информатика негіздері №5 -2010 жыл

5. Интернет материалдары

6. Информатика оқулығы, 8 сынып



7. Информатика негіздері №2, 2014 жыл



жүктеу 275,77 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау