Қазақстан республикасының инвестициялар және даму министрі


-бөлімше. Еркін жылу аэростатымен ұшатын жеңіл әуе кемелері пилоттарының бастапқы даярлық бағдарламасы- Light aircraft pilot licenсe –LAPL (В)



жүктеу 7,77 Mb.
бет3/24
Дата20.11.2018
өлшемі7,77 Mb.
#21886
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

4-бөлімше. Еркін жылу аэростатымен ұшатын жеңіл әуе кемелері
пилоттарының бастапқы даярлық бағдарламасы- Light aircraft pilot licenсe –LAPL (В)




1-параграф. Теориялық даярлық



56. Теориялық даярлау оқу сағаттары пәндер мен тақырыптар бойынша бөлінген оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі. Оқу сабақтарының жалпы көлемі 100 сағаттан кем болмауы керек.

57. Авиациялық оқу орталығы еркін жылу аэростатындағы даярлау бағдарламасын жасаған кезде, егер ол ұшу қауіпсіздігін арттыру талаптарына негізделген болса, оқу сағаттарының көлемі мен пәндер санын ұлғайтуға құқылы. Еркін жылу аэростатымен ұшатын жеңіл авиация пилоттарының теориялық даярлығы бойынша пәндер тақырыбы осы Үлгілік бағдарламаның 5-қосымшасында берілген.


     

2-параграф. Еркін жылу аэростаты гондолындағы жаттығу құрылғысы



58. Осы бағдарлама әуе кемесі типінде кешенді жаттығу құрылғысы болмаған жағдайда ұшу оқытулары оқытылатын еркін жылу аэростаты гондолында жаттығу үшін неғұрылым аз тапсырмалар көлемін белгілейді. Еркін жылу аэростаты гондолындағы жалпы жаттығулар көлемі 3 сағаттан кем болмауы тиіс.

59. Еркін жылу аэростаты гондолындағы жаттығу бағдарламасы жаттығуларды жеке тапсырмалар бойынша бөліп қарастырады.

№ 1 тапсырма. Еркін жылу аэростатын пайдалану;

№ 2 тапсырма. Еркін жылу аэростатының ұшу техникасы;

№ 3 тапсырма Ұшу кезіндегі айрықша жағдайлар.

60. Пилот-нұсқаушының тапсырмалар бойынша жаттығу көлемін көбейтуге құқы бар.

3-параграф. Жердегі даярлық



61. Жердегі жаттығулардың ең төменгі көлемі – 16 сағат.
      Жердегі даярлық жаттығуларының тақырыптары:


  1. Оқу-ұшу даярлықтары бағдарламасымен танысу;

  2. Әуеайлақта ұшу өндірісі бойынша нұсқаулықты зерттеу;

  3. Ұшу ауданын зерттеу;

  4. ӘҚҚ диспетчерімен арадағы радиоалмасу фразеологияларын өңдеу;

  5. Ұшу ауданының метеорологиялық ерекшеліктерін зерттеу;

  6. Экипаждың өзара әрекет ету және жұмыс технологиясы бойынша нұсқаулығын зерттеу;

  7. Апаттық-құтқару жабдықтары мен оларды қолдану ережелерін зерттеу;

  8. Пилоттың жерде және техникалық қызмет көрсетулерін зерттеу;

  9. Ұшу алдындағы даярлық жүргізу ережелерін зерттеу;

  10. Ұшу картасын даярлау. Көзбен шолу арқылы бағыт белгілеу ережелері;

  11. Студент-пилоттың оқыту ұшуларын орындауға даярлығын тексеру.



4-параграф. Ұшу даярлығы
62. Студент-пилот 1, 2 және 3 параграфтарында көрсетілген алғашқы ұшу даярлық бағдарламасына теориялық, жаттығу құрылғылары және жердегі даярлықтардан өткеннен кейін ғана жіберіледі.

63. LAPL (В) -ға үміткердің еркін жылу аэростатында кемі 16 сағат ұшу даярлығы болуы керек, оның ішінде кем дегенде:



  1. 12 сағат пилот-нұсқаушымен бірге ұшу;

  2. 10 толықтырулар мен 20 ұшу және қону;

  3. 1 рет ең кемі 30 минут жеке өзі ұшу.

64. LAPL (В) ұшу даярлығы бағдарламасы қатерлер және қателер факторларын басқару принциптерін есепке алуы тиіс, сондай-ақ оның құрамында:
      1) ұшу алдындағы даярлық, оның ішінде жүктеу есептеулері, ұшу ауданының әуе және метеорологиялық жағдайы туралы нұсқаулық, ұшуалды даярлық және қабықшасына қызмет көрсетулер;

2) экипаж бен жолаушыларға нұсқау беру;

3) қабықты ыстық ауамен толтыру және адам топтарын басқару;
      4) аэростатты сыртқы көзге көрінетін бағдарларды пайдалана отырып басқару;
       5) желдің әртүрлі жағдайында ұшу;

6) кіші және жоғары биіктерге ұшу;

7) желдің әртүрлі жағдайларында жерге қондыру;

8) көзбен көрінетін бағдарларды қолдану арқылы маршрутпен ұшу, жолды есептеп шығару және сандық навигациялық құралдарды қолдану;


      9) ұшудың айрықша жағдайларындағы әрекет, оның ішінде аэростат жабдықтарының істен шығуының ұқсас кезінде;

10) әуе қозғалысы ережелерін, байланыс және фразеологияласы рәсімдерін сақтау;

11) табиғат қорғау аумақтарынан және жер телімдері иелерімен жанжалдық қатынастарға барудан бойларын аулақ ұстау.
      65. Оқу-ұшу бағдарламаларының әрбір жаттығулары студент-пилоттан ұшу шеберлігін ұдайы арттырып отыруды: нақты жағдайды сезіну және ұшу кезіндегі байқағыштық, келіп жатқан ақпараттарды жан-жақты талдау және оңтайлы шешімдер қабылдауды талап етеді.


5-бөлімше. Ұшақтарда ұшатын жеңіл әуе кемелері пилоттарын бастапқы даярлаудың типтік бағдарламасы - Light aircraft pilot licenсe–LAPL (A)




  1. параграф. Теориялық даярлық



66. Теориялық даярлау оқу сағаттары пәндер мен тақырыптар бойынша бөлінген оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі. Оқу сабақтарының жалпы көлемі 150 сағаттан кем болмауы керек.

67. Авиациялық оқу орталығы нақты ұшақ типіне арналған даярлау бағдарламасынжасаған кезде, егер ол ұшу қауіпсіздігін арттыру талаптарына негізделген болса, оқу сағаттарының көлемі мен пәндер санын ұлғайтуға құқылы. Жеңіл ұшақтар пилоттарын теориялық даярлығы бойынша пәндер тақырыбы осы Үлгілік бағдарламаның 6-қосымшасында берілген.


     

2 - параграф. Жаттығу құрылғыларымен дайындық немесе кабинадағы жаттығу құрылғысы
68. Осы бағдарлама әуе кемесі типіндегі кешенді жаттығу құрылғысы болмаған жағдайда, ұшу оқытулары өткізілетін ұшақтың кабинасында жаттығу үшін неғұрылым аз тапсырмалар көлемін белгілейді.
      69. Ұшақтың кабинасында оқытылатын жалпы жаттығулар көлемі 6 сағаттан кем болмауы тиіс.

70. Ұшақтың кабинасында жаттығу бағдарламасы жаттығуларды жеке тапсырмалар бойынша бөліп қарастырады.

№ 1Тапсырма. Ұшақты пайдалану

№ 2Тапсырма. Ұшақтың ұшу техникасы

№ 3Тапсырма. Ұшу кезіндегі айрықша жағдайлар

71. Пилот-нұсқаушының тапсырмалар бойынша жаттығу көлемін көбейтуге құқы бар.

3 - параграф. Жердегі даярлық


72. Жердегі жаттығулардың ең төменгі көлемі – 16 сағат. Жердегі даярлық жаттығуларының тақырыптары:

  1. Оқу-ұшу даярлықтары бағдарламасымен танысу;

  2. Әуеайлақта ұшу өндірісі бойынша нұсқаулықты зерттеу;

  3. Ұшу ауданын зерттеу;

  4. ӘҚҚ диспетчерімен арадағы радиоалмасу фразеологияларын өңдеу;

  5. Ұшу ауданының метеорологиялық ерекшеліктерін зерттеу;

  6. Экипаждың өзара әрекет ету және жұмыс технологиясы бойынша нұсқаулығын зерттеу;

  7. Апаттық-құтқару жабдықтары мен оларды қолдану ережелерін зерттеу;

  8. Пилоттың жерде және техникалық қызмет көрсетулерін зерттеу;

  9. Ұшу алдындағы даярлық жүргізу ережелерін зерттеу;

  10. Ұшу картасын даярлау. Көзбен шолу арқылы бағыт белгілеу ережелері;

  11. Студент-пилоттың оқыту ұшуларын орындауға даярлығын тексеру.


4-Параграф. Ұшу даярлықтары
73. Студент-пилот 1, 2 және 3 параграфтарда көрсетілген алғашқы ұшу даярлық бағдарламасына теориялық, жаттығу құрылғысы және жердегі даярлықтардан өткеннен кейін ғана жіберіледі.

74. LAPL (А) үміткердің ұшақта кемі 40 сағат ұшу даярлығы болуы керек, оның ішінде:

1) Жеке өзінің ұшу даярлығын тексеру үшін ұшақта пилот-нұсқаушымен 25 сағат, оның ішінде нұсқаушы үміткер төмендегіден кем емес ұшу тәжрибесін алуды қамтамасыз етеді:

құралдар бойынша 1,5 сағат, оның ішінде сәйкесінше құралдармен жабдықталған ұшақта көлденең жазықтықта 180º айналуды орындау;

1,5 сағат ең төменгі жылдамдықта, құлаудың бастапқы және үдей түсетін кезеңдерін анықтау және одан шығару, ауа ағысына тап болудың алдын алу;

маршруттар бойынша 2 ұшу, оның ішінде ұшу әуеайлағы болып табылмайтын 2 түрлі әуеайлақтарда толық тоқтағанға дейінгі қонумен 270 км-ден кем емес қашықтықтағы маршрут бойынша 1 (бір ) ұшу.



  1. 5 сағаттан кем емес жеке шабуыл (SOLO);

  2. бағыт бойынша 4 сағаттан кем емес жеке шабуыл, оның ішінде ұшу әуеайлағы болып табылмайтын 2 түрлі әуеайлақтарда толық тоқтағанға дейінгі қонумен 270 км-ден кем емес қашықтықтағы маршрут бойынша 1 (бір ) ұшу.
          75. Ұшу даярлығы бағдарламасы қатерлер және қателер факторларын басқару принциптерін есепке алуы тиіс, сондай-ақ оның құрамында:


1) ұшу алдындағы даярлық, оның ішінде ӘК салмағы мен орталықтандыру есептеулері, ұшу алдындағы тексеру және ӘК-ға қызмет көрсету;
      2) қозғалыс және ұшулардың әуеайлақтық сызбаларын, соқтығысып қалудан сақтандырудың шаралары мен процедураларын зерттеу;
      3) ӘК-ні сыртқы көзге көрінетін бағдарларды қолдана отырып басқару;

4) өте төмен әуе жылдамдығындағы ұшулар, құлаудың бастапқы және үдей түсетін кезеңдерін анықтау және одан шығару, ауа ағысына тап болудың алдын алу;



5) өте жоғары әуе жылдамдығындағы ұшулар, жоспарлау кезінде оны анықтау және қауіптен шығару, шұғыл бұрылыс пен одан шығару;
      6) қалыпты және бүйірлеп жел соғып тұрған кезде ұшу және қону; планерді іске қосудың түрлі әдістері;

7) ӘК-нің ерекше ұшу сипаттамалар (қысқа жолақтан ұшу және кедергілерден өту, шектеулі жолаққа қондыру);

8) көзбен көрінетін бағдарларды пайдалану бойынша маршрутпен ұшу, жолды есептеп шығару және радионавигациялық құралдарды қолдану;     
      9) төтенше операциялар кезінде ұшудың айрықша жағдайларындағы әрекет, оның ішінде борт жабдықтарының істен шығуының ұқсас кезінде;
      10) қону және ұшу, бақыланатын әуеайлақтың транзитімен ұшып өту, әуе қозғалысына қызмет көрсету ережелерін, байланыс және фразеология рәсімдерін сақтау.

76. Оқу-ұшу бағдарламаларының әрбір жаттығулары студент-пилоттан ұшу шеберлігін ұдайы арттырып отыруды: нақты жағдайды сезіну және ұшу кезіндегі байқағыштық, келіп жатқан ақпараттарды жан-жақты талдау және оңтайлы шешім қабылдауды талап етеді.


6-бөлім. Ұшақтарда ұшатын жеке пилоттарды бастапқы даярлау бағдарламасы - Рrivatе pilot licenсe–PPL (A)
Параграф 1. Теориялық даярлық
77. Теориялық даярлау оқу сағаттары пәндер мен тақырыптар бойынша бөлінген оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі. Оқу сабақтарының жалпы көлемі 150 сағаттан кем емес.

  1. Авиациялық оқу орталығы нақты ұшақ түрінде дайындау Бағдарламасын әзірлеген кезде, егер ол ұшу қауіпсіздігін арттыру талаптарына негізделген болса, оқу сағаттары мен пәндер санын ұлғайтуға құқылы болады. Тікұшақтарда ұшатын жеке пилоттардың теориялық даярлығы бойынша пәндер тақырыбы осы Үлгілік бағдарламаның 8-қосымшасында келтірілген.


2 -Параграф. Жаттығу құрылғысында даярлау немесе кабина ішіндегі жаттығу


  1. Осы бағдарлама, тиісті ұшақтың кешенді жаттығу құрылғысы болмаған жағдайда, ұшу кезінде оқыту жүргізілетін ұшақ кабинасында жаттығу жүргізу үшін тапсырмалардың неғұрлым аз көлемін анықтайды.

  2. Ұшақ кабинасында оқытылатын жалпы жаттығулар көлемі 6 сағаттан кем болмауы тиіс.

  3. Ұшақ кабинасындағы жаттығу бағдарламасы жаттығуларды тапсырмалар бойынша бөліп қарастырады:

№ 1 тапсырма. Ұшақты пайдалану;

№ 2 тапсырма. Ұшақта ұшу техникасы;

№ 3 тапсырма. Ұшу кезіндегі айрықша жағдайлар.


  1. Ұшу нұсқаушының тапсырмалар бойынша жаттығу көлемін ұлғайтуға құқы бар.


Параграф 3. Жердегі даярлық


  1. Жердегі даярлықтың ең төменгі көлемі – 16 сағат. Жердегі даярлық жаттығуларының тақырыптары:

    1. оқу-ұшу даярлықтары бағдарламасымен танысу;

    2. әуеайлақта ұшуларды жүргізу бойынша нұсқаулықты зерттеу;

    3. ұшу ауданын зерттеу;

    4. ӘҚҚ диспетчерімен арадағы радиоалмасу фразеологияларын өңдеу;

    5. Ұшу ауданының метеорологиялық ерекшеліктерін зерттеу;

    6. Экипаждың өзара әрекет ету және жұмыс технологиясы бойынша нұсқаулығын зерттеу;

    7. Апаттық-құтқару жабдықтары мен оларды қолдану ережелерiн зерттеу;

    8. Пилоттың жерде және техникалық қызмет көрсетулерiн зерттеу;

    9. Ұшу алдындағы даярлық жүргiзу ережелерiн зерттеу;

    10. Ұшу картасын даярлау. Көзбен шолу арқылы бағыт белгiлеу ережелерi;

11) Студент-пилоттың жаттығу ұшуларын орындауға шығу даярлығын тексеру .
Параграф 4. Ұшу даярлықтары


  1. Кандидат 1, 2 және 3- параграфтарда көрсетiлген алғашқы ұшу даярлық бағдарламасына теориялық, жаттығу және жердегi даярлықтардан өткеннен кейiн ғана жiберiледi.

  2. PPL (А)-ға үміткердің ұшақтарда кемі 45 сағат ұшу даярлығы болуы керек, оның ішінде кем дегенде:

    1. Жеке өзінің ұшу даярлығын тексеру үшін ұшақта нұсқаушымен 25 сағат қосарлы басқарумен, оның ішінде нұсқаушы үміткердің ұшу тәжірибесін алуын қамтамасыз етеді:

Тиісті аспаптармен жабдықталған ұшақта көлденең жазықтықта 180º бұрылысты қосқанда, аспаптар бойынша 3 сағаттан кем емес;

өте төмен әуе жылдамдығында 2 сағаттан кем емес, құлаудың бастапқы және үдей түсетiн кезеңдерiн анықтау және одан шығару, ауа ағысына тап болудың алдын алу;



кемi 5 сағат маршрут бойынша ұшу, оның iшiнде 1 (бiр) маршруттың қашықтығы 270 км-дан кем болмауы және өзi ұшып шыққан әуежайдан айрықша бөлек басқа 2 әуежайға қонуы және толықтай тоқтауы керек.

    1. кемі 5 сағат жеке ұшуы (SOLO);

    1. кемi 5 сағат маршрут бойынша ұшу, оның iшiнде 1 (бiр) маршруттың қашықтығы 270 км-дан кем болмауы және өзi ұшып шыққан әуеайлақтан айрықша бөлек басқа 2 әуежайға қонуы және толықтай тоқтауы керек.

  1. Ұшу даярлығы бағдарламасы қауіпті басқару факторларын есепке алуы тиiс, сондай-ақ оны құрамында:

  1. ұшу алдындағы даярлық, оның iшiнде ӘК жүктеу есептеулерi мен орталық бiлiгi, ӘК ұшуалды даярлығы мен қызмет көрсетулер;

  2. қозғалыс және ұшулардың әуеайлақтық сызбаларын, соқтығысып қалудан сақтандырудың шаралары мен процедураларын зерттеу;

  3. ӘК сыртқы көзге көрiнетiн бағдарлар бойынша басқару;

  4. Қауіпті ең төменгі әуе жылдамдығында ұшу, құлаудың бастапқы және үдей түсетiн кезеңдерiн анықтау және одан шығару, ауа ағысына тап болудың алдын алу;

  5. ұшуды өте жоғары әуе жылдамдығында басқару, жоспарлау кезiнде оны анықтау және қауiптен шығару, шұғыл бұрылыс пен одан шығару;

  6. қалыпты және бүйiрлеп жел соғып тұрған кезде ұшу және қону;

  7. ӘК ерекше ұшу сипаттамалары (қысқа жолақтан ұшу және кедергiлерден өту, шектеулi жолаққа қондыру);

  8. құралдар бойынша ұшу, оның iшiнде 180о бұрылу ;

  9. көрiнетiн бағдарларды пайдалану бойынша маршрутпен ұшу, жолды есептеп шығару, сандық және радионавигациялық құралдарды қолдану;

  10. айрықша жағдайда ұшуға әрекет ету, төтенше операциялар, оның iшiнде борт жабдығының iстен шығуын да қарастыру;

  11. бақылау әуеайлағына ұшып келу және кету, соқпай өте шығу, әуе қозғалысына қызмет көрсету ережелерiн сақтау, байланыс және фразеологиялар процедуралары .

  1. Оқу-ұшу бағдарламаларының әрбiр жаттығулары студент-пилоттан ұшу шеберлiгiн ұдайы арттырып отыруды талап етедi: нақты жағдайды сезiну және ұшу кезiндегi байқағыштық, келiп жатқан ақпараттарды жан-жақты талдау және оңтайлы шешiм қабылдау. Ұшақтарда жеке пилоттарды ұшуға дайындау бойынша жаттығулардың үлгілік мазмұны мен саны Үлгілік бағдармалардың 7-қосымшасында келтірілген.


7-бөлімше. Тікұшақтарда ұшатын жеке пилоттарды бастапқы даярлау бағдарламасы - Рrivate pilot licenсe - PPL (Н)
Параграф 1. Теориялық даярлау     


  1. Теориялық даярлау оқу сағаттары пәндер мен тақырыптар бойынша бөлінген оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі. Оқу сабақтарының жалпы көлемі 150 сағаттан кем емес.

  2. Авиациялық оқу орталығы нақты тікұшақ түрінде дайындау Бағдарламасын әзірлеген кезде, егер ол ұшу қауіпсіздігін арттыру талаптарына негізделген болса, оқу сағаттары мен пәндер санын ұлғайтуға құқылы болады. Ұшақтарда ұшатын жеке пилттардың теориялық даярлығы бойынша пәндер тақырыбы осы Үлгілік бағдарламаның 7-қосымшасында келтірілген.


Параграф 2. Жаттығу құрылғысында даярлау немесе кабина ішіндегі жаттығу


  1. Осы бағдарлама, әуе кемесі түрінің кешенді жаттығу құрылғысы болмаған жағдайда, тікұшақ кабинасында жаттығу жүргізу үшін тапсырмалардың неғұрлым аз көлемін анықтайды. Тікұшақ кабинасындағы жалпы жаттығулар көлемі 6 сағаттан кем болмауы тиіс.

  2. Тікұшақ кабинасындағы жаттығу бағдарламасы жаттығуларды тапсырмалар бойынша бөліп қарастырады:

№ 1 тапсырма. Тікұшақты пайдалану;

№ 2 тапсырма. Тікұшақта ұшу техникасы;

№ 3 тапсырма. Ұшу кезіндегі айрықша жағдайлар.


  1. Ұшу нұсқаушысының тапсырмалар бойынша жаттығу көлемін ұлғайтуға құқы бар.


Параграф 3. Жердегі даярлық


  1. Жердегі даярлықтың ең төменгі көлемі – 16 сағат. Жердегі даярлық жаттығуларының тақырыптары:

    1. оқу-ұшу даярлықтары бағдарламасымен танысу;

    2. әуеайлақта ұшуларды жүргізу бойынша нұсқаулықты зерттеу;

    3. ұшу ауданын зерттеу;

    4. ӘҚҚ диспетчерімен арадағы радиоалмасу фразеологияларын өңдеу;

    5. Ұшу ауданының метеорологиялық ерекшеліктерін зерттеу;

    6. Экипаждың өзара әрекет ету және жұмыс технологиясы бойынша нұсқаулығын зерттеу;

    7. Апаттық-құтқару жабдықтары мен оларды қолдану ережелерiн зерттеу;

    8. Апаттық-құтқару жабдықтары мен оларды қолдану ережелерiн зерттеу;

    9. Ұшу алдындағы даярлық жүргiзу ережелерiн зерттеу;

    10. Ұшу картасын даярлау. Көзбен шолу арқылы бағыт белгiлеу ережелерi;

    11. Студент-пилоттың жаттығу ұшуларын орындауға шығу даярлығын тексеру .

Параграф 4. Ұшу даярлықтары


  1. Кандидат 1, 2 және 3- параграфтарда көрсетiлген алғашқы ұшу даярлық бағдарламасына теориялық, жаттығу және жердегi даярлықтардан өткеннен кейiн ғана жiберiледi.

  2. PPL (Н)-ға үміткердің тікұшақтарда кемі 45 сағат ұшу даярлығы болуы керек, оның ішінде кем дегенде:

  1. Жеке өзінің ұшу даярлығын тексеру үшін тікұшақта ұшу нұсқаушысымен 25 сағат, оның ішінде:

тиісті аспаптармен жабдықталған тікұшақта көлденең жазықтықта 180º бұрылысты қосқанда, аспаптар бойынша 3 сағаттан кем емес жаттығу;

қауіпті ең төменгі әуе жылдамдығында 1 сағат жаттығу, ротордың айналуының бәсеңдеу кезеңдерiн анықтау және одан шығару, бастапқы дәрежеде құйындатып айналуды анықтау және қорытынды жасау;



маршрут бойынша 2 сағат ұшу, оның ішінде 1 (бiр) маршруттың қашықтығы 185 км-дан кем болмауы және өзi ұшып шыққан әуеайлақтан айрықша бөлек басқа 2 түрлі әуеайлаққа қонуы және толықтай тоқтауы керек.

  1. кемінде 5 сағат өздігінен ұшу (SOLO);

  2. маршрут бойынша өздігінен кемінде 5 сағат ұшу, оның ішінде 1 (бiр) маршруттың қашықтығы 185 км-дан кем болмауы және өзi ұшып шыққан әуеайлақтан айрықша бөлек басқа 2 түрлі әуеайлаққа қонуы және толықтай тоқтауы керек.

  1. Осы жағдайда ұшуға даярлықтың 45 сағатының 35 сағаты студент-пилоттың жеке пилот Куәлігін алуға дайындығын тексеру үшін қолданған тікұшақтың сол түрінде аяқталуы тиіс.

  2. Ұшу даярлығы қауiп-қатер және жаңылыс факторларын басқару қағидаларын ескере отыруы керек, соның iшiнде :

  1. ұшу алдындағы дайындық, соған қоса салмақ пен ортаны көздеу есебi, ұшар алдындағы тексеру мен тiкұшаққа қызмет көрсету;

  2. қозғалыс пен ұшудың әуеайлақтық кестесiн зерттеу, қақтығысудың алдын-алу бойынша iс-шаралары мен тәртiптерiн зерттеу;

  3. тікұшақты сыртқы көзге көрiнетiн бағдарлар бойынша басқару

  4. ұшу, қону, салбырау, абайлаушылық, бұрылу, салбырау режиміне қалыпты ауысу және одан шығу;

  5. авариялық тәртіптер, автоайналымның негіздері, қозғалтқыштың тоқтап қалуын ұқсату, егер бұл нақты тікұшақтың түріне сай болса, жердегі резонансынан шығу;

  6. салбырау режимінде жанына және кейін ауысуы, орнында айналу;

  7. бастапқы дәрежеде құйындатып айналуды анықтау және қорытынды жасау;

  8. автоайналыммен қону, қозғалтқыштың тоқтап қалуын ұқсатумен қону, амалсыздан қону тәжiрибесiн орындау;

  9. жабдықтардың тоқтап қалуын ұқсату және қозғалтқыштың, басқару, электроникалық және гидровикалық жүйелердiң бұзылған жағдайындағы апаттықтық тәртiптер;

  10. жантаюдың ең үлкен бұрышымен бұрылу;

  11. ауысулар, жылдам тоқтаулар, қума желмен оңтайландыру, баурайларға қону және ұшу;

  12. әртүрлі тапсырмаларды орындау үшін дайындалмаған алаңдарды таңдауды ескере отырып, шектелген кеңістікте және шектелген қуаттылықпен жағдайды оңтайландыру;

  13. тек қана негiзгi пилоттық құралдарды қолданумен ұшу, соның iшiнде аяқасты бұлтты жағдайға тап болуды ұқсатумен, 180 о бұрылуды орындау және әдеттен тыс жағдайдан шығу (бұл оқу түрi нұсқаушымен ғана орындалады);



  14. көзбен шолып тұспалдауды, жолды есептеу және радионавигациялық құралдарды қолданумен маршрут бойынша ұшу; ауа-райының бұзылуын ұқсату және сондағы керi қайту немесе амалсыздан қонуды орындау бойынша әрекеттер;

  15. ұшып келу және ұшу, бақыланатын әуеайлақпен транзиттiк ұшу, әуе қозғалысына қызмет көрсету ережелерi, байланыс және фразеология тәртiптерi.

  1. Студент-пилоттың бiрiншi өзiндiк ұшуына рұқсат берердiң алдында, нұсқаушы студенттiң радиобайланысты қолдана алатындығына көз жеткізуі тиіс.

  2. Минимумнан төмен жағдайлардағы ұшудың салдарын студентке көрсету үшiн мүмкiндiк бойынша ұшуды модельдеудi қолданған дұрыс, сол арқылы оның пилоттардың әлеуеттi қатерден құтылу түсiнiгi мен маңыздылығын бекiту.

  3. Ұшу-оқу бағдарламасының әрбiр жаттығуы студент-пилот үшiн ұшу дайындығын үнемi жетiлдiру үшiн қажеттi, олар: оқиғанын нақты жағдайын түсiну және ұшудағы абайлаушылық, түскен ақпаратты жан-жақты талдау және оңтайлы шешiм қабылдау.


Параграф 5. LAPL және PPL, ұшақтар мен тікұшақтар курсы бойынша теориялық дайындықтың толық тақырыптары
101. Ұшақтар мен тікұшақтар курсы бойынша теориялық дайындық пәнінің толық тақырыбы Үлгілік бағдарламаның 9-қосымшасында келтірілген. 'Х' белгiсiмен белгіленген тақырыптар мiндеттi түрде оқытылу қажеттiгiн көрсетедi және нақты тақырыптың барлық тармақшаларына қатысты.
8 -бөлімше. Ұшақтарда коммерциялық авиация пилоттарын даярлаудың кешенді және модульдік курстар бағдарламасы- Commercial pilot licenсe CPL (A)
8.1-бөлімше. АҰҚ бойынша (IR) (CPL/IR integrated course) ұшақтарда ұшуға рұқсаты бар коммерциялық пилоттарды даярлаудың кешенді курсы
Параграф 1. Жалпы мәлімет


  1. Аспаптармен ұшу қағидаты - (АҰҚ) (IR) бойынша ұшақтарда ұшуға рұқсаты бар коммерциялық пилоттарды CPL(A) дайындаудың кешенді курсының мақсаты - аспаптар бойынша ұшуға (IR) рұқсат алу CPL(A) және пилоттарды коммерциялық әуе кеңістігінде бір моторлы немесе көп қозғалтқышты ұшақтарда жалғыз пилот ретінде жұмысқа қажетті біліктілік деңгейіне жеткізу .

  2. АҰҚ (IR) рұқсатымен коммерциялық пилоттарды CPL(A) дайындаудың кешенді курсынан өтуге ниетті кандидат АОО әдістемесіне сәйкес бір үзіліссіз оқу үдерісінде барлық дайындау кезеңінен өтуі тиіс.

  3. Авиациялық мамандығы (ab-initio) немесе Чикаго конвенциясының 1-қосымшасына сәйкес берілген куәлігі бар пилот ретінде немесе PPL(A) ұшақтарының жеке пилоты, немесе PPL(H) ұшақтарының жеке пилоты ретінде немесе ҚР ұлттық заңнамасы негізінде берілген, LAPL жеңіл ұшағының ұшқышы ретінде сомдалмаған кандидат оқуға жіберіледі. Пилоттар PPL(A), PPL(H) немесе LAPL куәліктерімен оқу оқыған жағдайда ұшу сағатынан бастап оқу басталғанға дейін 50% есептеледі, бірақ бұл ұшу тәжірибесінен 40 сағаттан аспауы тиіс. Егер пилоттың түнгі ұшуға рұқсаты болса, оған 45 сағатқа дейін есептелуі мүмкін, оның ішінде ең көбі 20 сағатқа дейін нұсқаушымен (DUAL instruction time) ұшуы тиіс.

  4. IR біліктілігімен CPL алу үшін оқудың кешенді курсы 9 айдан 30 айға дейін созылуы мүмкін. Егер қосымша ұшу даярлығы немесе жердегі оқу АОО-мен қамтамасыз етілсе осы мерзім ұзартылуы мүмкін.

  5. Курсқа төмендегілер енеді:

    1. КШҰҚ (IR) рұқсатымен білім деңгейіне сәйкес CPL(A) келетін теориялық дайындық;

    2. Ұшуға даярлық – көзбен шолып ұшулары және аспаптар бойынша ұшулар;

107. КШҰҚ-ға (IR) рұқсатымен барлық курсты CPL(A) тапсыруға жағдайы жоқ немесе мүмкіндігі жоқ кандидат барынша төмен деңгейдегі куәлік алуға теория мен біліктілік тестерін тапсыру үшін ҚР АА уәкілетті органына жүгіне алады.
Параграф 2. Теориялық даярлық


  1. КШҰҚ (IR) бойынша ұшуға рұқсатымен теориялық курсқа CPL(A) ең аз дегенде 500 сағат оқу кіреді.

  2. Теориялық оқуға сыныптағы оқу, интерактивті видео, слайдтық немесе магнитофондық презентациялар, оқу кабиналары, компьютерлік оқу, сол сияқты тиісті пропорциядағы уәкілетті орган бекіткен, басқа да құралдар кіреді. Оқу бағдарламасы әр оқу пәні бойынша төмендегі сағат санын бөлу ретінде бөлінеді:

    1. әуе заңдылығы (Airlaw) - 30 сағат;

    2. ӘК туралы жалпы мәлімет Aircraft general knowledge) - 50 сағат;

    3. ұшу сиапттамасы мен жоспарлау (Flight performance and planning) - 60 сағат;

    4. адам мүмкіндігі мен шектеулер (Human performance and limitations) - 15 сағат;

    5. метеорология (Meteorology) - 40 сағат;

    6. навигация (Navigation) - 100 сағат;

    7. пайдалану тәртіптері (Operational procedures) - 10 сағат;

    8. ұшу принциптері (Principles of flight) - 25 сағат;

    9. радиобайланыс(Communications) - 30 сағат;

  1. Қалған сағаттарды бөлу уәкілетті органдар мен АОО арасында келісілуі тиіс.

  2. Үміткер КШҰҚ (IR)-ға рұқсатымен CPL(A) куәлігін ұстаушыларға ұсынылатын, құқықтарға сәйкес келетін, білім деңгейін көрсетуі тиіс.

112. Теориялық дайындық бойынша пәннің толық тақырыбы Үлгілік бағдарламаның 10-қосымшасында келтірілген. 'Х' белгісімен белгіленген тақырып оны зерттеудің міндеттілігін көрсетіп, осы тақырыптың барлық тармақшаларына қатысты болады.
Параграф 3. Ұшу даярлығы


  1. Ұшақ түрі бойынша (Type Rating) рұқсат алуға дайындықты есептемегенде ұшу дайындығы жалпы алғанда ең төменгі 180 сағатты құрайды, оның 40 –қа дейінгі сағаты жерде аспаптар бойынша ұшу оқуына қолданылуы мүмкін. Кандидаттар осы 180 сағаттың ең аз уақытын төмендегілерге жұмсайды:

    1. 80 сағаты нұсқаушымен оқуға, оның 40-қа дейінгі сағаты сертификатталған жаттығу құрылғысында аспаптар бойынша ұшу оқуын құрайды;

    2. Ұшудың 70 сағаты көзбен шолып ұшуды және ӘК (SPIC) студент-командирі ретінде аспаптар бойынша ұшуды қосқанда, ӘК (PIC) командирі ретінде ұшулар. SPIC ретінде аспаптар бойынша ұшу 20 сағаттан аспайтын көлемде PIC уақыты ретінде есептеледі;

    3. Ұшып шығу әуеайлағынан ерекше ұшу барысында екі әуеайлаққа қону жүргізілетін кемінде 540 км (300 теңіз милі) қашықтықтағы көзбен шолу ұшуын қосқанда, PIC ретінде маршрут бойынша 50 сағат ұшу;

    4. Түнгі уақытта 5 сағат ұшу, оның ішінде нұсқаушымен (DUAL) 3 сағат, оған белгіленген маршрут бойынша кем дегенде 1 сағат ұшу енуі тиіс, 5 өздігінен (solo) ұшу және толық тоқтағанға дейін 5 өздігінен (solo) қону;

    5. 1 аспаптар бойынша 100 сағат ұшу, оған ең аз дегенде:

SPIC ретінде 20 сағат кіреді;

Аспаптар бойынша ұшуға оқыту 50 сағат, оның ішінде:

25 сағатқа дейін FNPT I бірінші деңгейдегі жаттығу құрылғысында оқыту немесе;

40 сағатқа дейін жаттығу құрылғыларында FNPT II/FTD 1/FTD 2 немесе FFS жерде оқыту болуы мүмкін. Осы 40 сағаттың 10 сағатына дейін FNPT I өтуі мүмкін.



  1. Аспаптар («Basic Instrument Flight Module») бойынша ұшу дайындығының базалық модулін аяқтағаны туралы куәлігі бар кандидат аспаптар бойынша ұшуға оқу үшін қажетті уақыт есебіне ұшуға 10 сағатқа дейін есептеуге құқылы. «BITD» жаттығу құрылғысына өткен сағат есептелмейді.

  1. кемінде 4 адамды тасымалдау үшін сертификатталған ұшақта 5 сағат орындалуы тиіс, оның айналымы реттелетін винті және жиналмалы шассиі болуы тиіс.

  1. Ұшу дайындығы кезеңдерінің үлгілік мазмұны мен дайындау бағасының критерийлері Үлгілік бағдарламаның 11-қосымшасында келтірілген.


8.2 –бөлімше. АҰҚ (CPL integrated course) бойынша ұшуларды орындауға құқығы жоқ ұшақтарда ұшуға коммерциялық пилоттарды дайындаудың кешенді курсы
Параграф 1. Жалпы мәлімет


  1. Курстың мақсаты пилоттарды коммерциялық әуе кеңістігінде бір моторлы немесе көп қозғалтқышты ұшақтарда жалғыз пилот ретінде жұмысқа қажетті біліктілік деңгейіне дейін дайындау және CPL(A) куәлігін алу.

  2. CPL(A) ұшақтарының коммерциялық пилот куәлігін алу үшін кешенді дайындық курсынан өтуге ниетті кандидат АОО әдістемесіне сәйкес бір үзіліссіз оқу үдерісінде барлық дайындау кезеңінен өтуі тиіс.

  3. Кандидат авиациялық мамандығы (ab-initio) жоқ болса да немесе Чикаго конвенциясының 1-қосымшасына сәйкес берілген куәлігі бар пилот ретінде немесе PPL(A) ұшақтарының жеке пилоты, немесе PPL(H) ұшақтарының жеке пилоты ретінде оқуға жіберіледі. Пилоттар PPL(A), PPL(H) немесе LAPL куәліктерімен оқу оқыған жағдайда ұшу сағатынан бастап оқу басталғанға дейін 50% есептеледі, бірақ бұл ұшу тәжірибесінен 40 сағаттан (егер пилоттың түнде ұшуға рұқсаты болса, оған 45 сағатқа дейін есептелуі мүмкін ) аспауы тиіс, оның ішінде ең көбі 20 сағатқа дейін (DUAL instruction time) нұсқаушымен ұшуы тиіс.

  4. CPL алу үшін кешенді оқу курсы 9 айдан 24 айға дейін созылуы тиіс. Егер қосымша ұшу даярлығы немесе жердегі оқу УУО (ATO)-мен қамтамасыз етілсе осы мерзім ұзартылуы мүмкін.

  5. Курсқа төмендегілер енеді:

  1. а) CPL(A) білім деңгейіне сәйкес келетін теориялық оқу;

  2. б) Ұшуға даярлық – көзбен шолып ұшулар және аспаптар бойынша ұшулар;

  1. CPL(A) барлық курсын тапсыруға жағдайы жоқ немесе мүмкіндігі жоқ кандидат барынша төмен деңгейдегі куәлік алуға теориялық және практикалық емтихандар тапсыру үшін ҚР АА уәкілетті органына жүгіне алады.


Параграф 2. Теориялық даярлық


  1. Теориялық курсқа CPL (A) ең аз дегенде 350 сағат оқу кіреді.

  2. Өтініш беруші CPL(A) иесіне ұсынылатын құқықтарға сәйкес келетін білім деңгейін көрсетуі тиіс.

  3. Теориялық дайындық бойынша пәннің толық тақырыбы Үлгілік бағдарламаның 10-қосымшасында келтірілген. 'Х' белгісімен белгіленген тақырып оны зерттеудің міндеттілігін көрсетіп, осы тақырыптың барлық тармақшаларына қатысты болады.


Параграф 3. Ұшу даярлығы
125. Ұшақ түрі бойынша рұқсат алуға дайындықты есептемегенде ұшу дайындығы жалпы алғанда ең төменгі 150 сағатты құрайды, оған ағымдағы барлық тестер кіреді, оның 5–ке дейінгі сағаты жерде аспаптар бойынша ұшу оқуына қолданылуы мүмкін. Кандидаттар осы 150 сағаттың ең аз уақытын төмендегілерге жұмсайды:

    1. 80 сағаты нұсқаушымен оқуға, оған мыналар кіреді:

Аспаптар бойынша ұшуға10 сағат, оның 5 –ке дейінгі сағаты FNPT-I/II, FTD-1/2, немесе FFS жаттығу құрылғыларында өткізілуі мүмкін. Аспаптар («Basic Instrument Flight Module») бойынша ұшу дайындығының базалық модулін аяқтағаны туралы сертификаты бар кандидат аспаптар бойынша ұшуға оқу үшін қажетті уақыт есебіне ұшуға 10 сағатқа дейін есептеуге құқылы. «BITD» жаттығу құрылғысына өткен сағат есептелмейді;


  1. қауіпті ең төменгі және ең жоғарғы әуе жылдамдығында кем дегенде 3 сағат ұшу, құлаудың бастапқы және үдей түсетiн кезеңдерiн анықтау және одан шығару, ауа ағысына тап болудың алдын алу, ең жоғарғы қисаю жағында шұғыл бұрылыстан шығару;

  2. SPIC ретінде 20 сағат маршрут бойынша ұшу, оның ішінде кемі 540 км (300 теңіз милі) қашықтықта көзбен шолып ұшу, ұшу барысында өзi ұшып шыққан әуеайлақтан айрықша бөлек басқа 2 әуежайға қону;

    1. КӘК (PIC) командирі ретінде 70 сағат ұшу, оның ішінде 20 сағат ӘКК ретінде маршрут бойынша ұшу және өзi ұшып шыққан әуеайлақтан айрықша бөлек басқа 2 әуеайлаққа қонуы және толықтай тоқтауы арқылы кемінде 540 км қашықтықта КШҰҚ-мен маршрут бойынша ұшу;

    2. егер түнгі жағдайда ұшу шамаланатын болса, онда түнгі уақытта 5 сағат, оның ішінде 3 сағат нұсқаушымен, оған кемі 1 сағат белгіленген маршрут бойынша ұшу, 5 өздігінен (solo) ұшу және 5 толық тоқтағанға дейін (solo) қону кіреді .

  1. Ұшу дайындығы кезеңдерінің үлгілік мазмұны мен дайындау бағасының критерийлері Үлгілік бағдарламаның 12-қосымшасында келтірілген.


8.3- бөлімше. АҰҚ (CPL modular course) бойынша ұшуларды орындау құқығынсыз коммерциялық пилоттарды дайындаудың модульдік курсы
Параграф 1. Жалпы мәлімет


  1. Модульдік оқу курсының мақсаты CPL(A) - PPL(A) немесе LAPL(А) куәліктері бар пилоттарды CPL(A) куәлігін алуға қажетті біліктілік деңгейіне дейін жеткізу.

  2. Кандидат, егер оның Чикаго конвенциясының 1-қосымшасына сәйкес, берілген PPL(A) ұшақтарының жеке пилотының куәлігі болса немесе ҚР заңнамасы негізінде берілген, LAPL жеңіл ұшағы куәлігінің иегері болып табылса және төмендегілер болса модульдік курсқа оқуға жіберіледі:

    1. Ұшақтарда жалпы 150 сағат ұшқан болса, оның кем дегенде 100 сағаты дайындық басталмас бұрын бір қозғалтқышты немесе көп қозғалтқышты ұшақтарда ӘКК ретінде, оның 20 сағаты өзi ұшып шыққан әуеайлақтан айрықша бөлек басқа 2 әуежайға қонуы және толықтай тоқтауы арқылы кемінде 540 км қашықтықта (300 теңіз милі) маршрут бойынша ұшулар енетін ӘКК ретінде;

    2. Егер ұшу кезінде тексеру (skill test) жүргізгенде көп қозғалтқышты ұшақ қолданылатын болса, сыныпқа немесе ұшақ түріне жіберу үшін біліктілік талаптарына сәйкес, көп қозғалтқышты ұшақтың түрі немесе сыныбы бойынша рұқсат алудың (rating) алдын ала талабымен қанағаттандыру қажет.

  1. CPL модульдік курсы 9 -дан 18 айға дейін созылуы мүмкін. Бұл мерзім, егер АОО-да қосымша оқу жүргізілетін болса ұзартылуы мүмкін. Ұшу даярлығы және ұшу дағдыларын тексеру теориялық емтихандарды тапсыру туралы құжаттың әрекет ету мерзімі ішінде аяқталуы тиіс.

  2. Бекітілген курс сыныпта сабақ жүргізу арқылы жүргізіледі және оған уәкілетті орган бекіткен, интерактивті видео, слайдтарда немесе магнитофон таспаларында презентациялар, оқу кабиналары, компьютерлік оқу және қашықтан оқытудың (сырттай курстар) басқа да құралдарын қолдану енгізілуі мүмкін.

  3. Модульдік курстан CPL(A) өтуге ниетті кандидат АОО әдістемесіне сәйкес үзіліссіз бір оқу үдерісінде барлық дайындау кезеңінен өтуі тиіс. Теориялық дайындық АОО тиісті бағдарламасына қатаң сәйкестіндіріліп оқытылады.

  4. Курсқа төмендегілер енеді:

  1. CPL(A) білім деңгейіне сәйкес келетін теориялық оқу;

  2. ұшуға даярлық – көзбен шолып ұшулар және аспаптар бойынша ұшулар.


Параграф 2. Теориялық даярлық


  1. Теориялық курсқа CPL(A) ең аз дегенде 250 сағат оқу кіреді.

  2. Өтініш беруші CPL(A) иегеріне ұсынылатын құқықтарға сәйкес келетін білім деңгейін көрсетуі тиіс.

135. Теориялық дайындық бойынша пәннің толық тақырыбы Үлгілік бағдарламаның 10-қосымшасында келтірілген. 'Х' белгісімен белгіленген тақырып оны зерттеудің міндеттілігін көрсетіп, осы тақырыптың барлық тармақшаларына қатысты болады.
Параграф 3. Ұшу даярлығы


  1. Кандидатты модульдік курста құрал-саймансыз (IR) ұшуға даярлау төмендегіні қосқанда нұсқаушымен ең аз дегенде 25 сағатты құрайды:

    1. аспаптар бойынша кем дегенде 10 сағат ұшу, оның ішінде 5 сағатқа дейін процедуралық жаттығу құрылғысында (FNPT I немесе II, FTDII) немесе ұшу жаттығу құрылғысында (FFS) аспаптар бойынша дайындық болуы тиіс. Тиісті жаттығу құрылғылары болмаған кезде осы талап ұшақта орындалады;

    2. қауіпті ең төменгі және ең жоғарғы әуе жылдамдығында кем дегенде 3 сағат ұшу, құлаудың бастапқы және үдей түсетін кезеңдерін анықтау және одан шығару, ауа ағысына тап болудың алдын алу, ең жоғарғы қисаю жағында шұғыл бұрылыстан шығару;

    3. ӘКК ретінде КШҚҚ бойынша маршрутпен 2 ұшу, өзi ұшып шыққан әуеайлақтан айрықша бөлек 2 әуеайлаққа қонуы және толықтай тоқтауы арқылы кемінде 540 км қашықтықта КШҰҚ маршруты бойынша ұшу;

    4. өзi ұшып шыққан әуеайлақтан айрықша бөлек басқа 2 әуеайлаққа қозғалтқыштардың толықтай тоқтауы арқылы қонуымен кемінде 540 км қашықтықта КШҰҚ-мен маршрут бойынша өздігінен 1 ұшу;

    5. егер түнгі жағдайда ұшу шамаланатын болса, онда түнгі уақытта 5 сағат ұшу, оның ішінде 3 сағат нұсқаушымен, оның 1 сағаты маршрут бойынша және 5 сағаты өздігінен (solo) ұшу және толық тоқтағанға дейін (solo) қону кіреді;

  1. IR(A) ұшақтары үшін аспаптар бойынша ұшуға қолданыстағы рұқсаты бар кандидаттардың нұсқаушымен аспаптар бойынша ұшу уақыты толық есептелуі мүмкін.

  2. IR(H) тікұшақтары үшін аспаптар бойынша ұшуға қолданыстағы рұқсаты бар кандидаттардың нұсқаушымен аспаптар бойынша ұшу уақыты 5 сағатқа дейінгі көлемде есептелуі мүмкін, бұл жағдайда нұсқаушымен кем дегенде 5 сағат оқу уақыты ұшақта өткізілген.

  3. АҰҚ (IR) бойынша ұшуға қолданыстағы рұқсаттамасы бар кандидаттарға кем дегенде 15 сағат нұсқаушымен көзбен шолып ұшу қажет ;

140. Ұшуға даярлық барысында кемінде 4 адамды тасымалдау үшін сертификатталған ұшақта кем дегенде 5 сағат өтуі тиіс, оның айналымы реттелетін винті және жиналмалы шассиі болуы тиіс.

141. Ұшуға даярлық жаттығуларының үлгілік мазмұны мен саны Үлгілік бағдарламаның 13-қосымшасында келтірілген.



9-бөлім. Ұшақтарда коммерциялық авиация пилоттарын даярлаудың кешенді және модульдік курстарының бағдарламасы - Commercial pilot licenсe CPL (Н)
9.1-бөлімше. АҰҚ (CPL(Н) integrated course) бойынша ұшуларды орындау құқығынсыз тікұшақтардың коммерциялық пилоттарын даярлаудың кешенді курсы
Параграф 1. Жалпы мәлімет
142. Курстың мақсаты пилоттарды коммерциялық әуе көлігінде бір қозғалтқышты немесе көп қозғалтқышты ұшақтарда жалғыз пилот ретінде жұмысқа қажетті біліктілік деңгейіне жеткізу және CPL(Н) алу.

143.CPL(Н) тікұшақтарда коммерциялық пилоттың куәлігін алу үшін кешенді даярлау курсынан өтуге ниетті кандидат АОО әдістемесіне сәйкес үзіліссіз бір оқу үдерісінде барлық дайындау кезеңінен өтуі тиіс.

144. CPL алу үшін кешенді оқу курсы 9 -дан 24 айға дейін ұзартылуы тиіс. Егер қосымша ұшу даярлығы немесе жердегі оқуды АОО қамтамасыз ететін болса, бұл мерзім ұзартылуы мүмкін.

145. Курсқа төмендегілер енеді:



  1. CPL(Н) білім деңгейіне сәйкес келетін теориялық оқу;

  2. ұшуға даярлық – көзбен шолып ұшулар және аспаптар бойынша ұшулар.

  1. CPL(Н) бүкіл курсын тапсыратын жағдайда емес немесе мүмкіндігі жоқ кандидат, егер ол кандидатқа ұсынылатын, талаптарды қанағаттандыратын болса, барынша төменгі деңгейдегі құқықтарымен куәлік алуға теориялық және практикалық емтихандар тапсыру үшін ҚР АА уәкілетті органына жүгіне алады.


Параграф 2. Теориялық даярлау


  1. Теориялық курсқа CPL(Н) ең аз дегенде 350 сағат оқу кіреді.

148. Өтініш беруші CPL(Н) иегеріне ұсынылатын құқықтарға сәйкес келетін білім деңгейін көрсетуі тиіс.

149.Теориялық даярлық пәнінің толық тақырыбы осы үлгілік бағдарламаның 10-қосымшасында келтірілген. 'Х' белгісімен белгіленген тақырып оны зерттеудің міндеттілігін көрсетіп, осы тақырыптың барлық тармақшаларына қатысты болады.



Параграф 3. Ұшу даярлығы
150. Ұшу даярлығы ең аз дегенде 135 сағаттан тұруы тиіс. Кандидат осы 135 сағаттың ішінде ең аз дегенде төмендегіні орындайды:

    1. Ұшу даярлығының 85 сағаты нұсқаушымен, оның 75-ке дейінгі сағаты КШҰҚ бойынша ұшу, оған төмендегілер кіреді:

30 сағаты ұшу жаттығу құрылғысында (FFS, C/D деңгейі) немесе;

25 сағаты процедуралық жаттығу құрылғысында (FTD 2, 3) немесе;

20 сағаты процедуралық жаттығу құрылғысында (FNPT II/III);

10 сағаты аспаптар бойынша ұшуға, 5 сағаты процедуралық жаттығу құрылғысында (FNPT I) болуы мүмкін;

Ескертпе. Тиісті жаттығу құрылғылары болмаған кезде ұшуға даярлау барысында даярлау тікұшақта жүзеге асырылады.

10 сағаты КШҰҚ бойынша маршрут бойынша ұшу, оның ішінде өзi ұшып шыққан әуеайлақтан айрықша бөлек басқа 2 әуеайлаққа қозғалтқыштарының толықтай тоқтағанына дейін қонуы арқылы кемінде 185 км қашықтықта КШҰҚ-мен маршрут бойынша бір рет ұшу;

2) 50 сағат ӘКК ретінде өздігінен ұшу, оның ішінде:

кемінде 35 сағат ӘКК ретінде (SPIC) бақылауда болуы мүмкін;

кемінде 14 сағат өздігінен ұшу (SOLO);

10 сағаты ӘКК ретінде маршрут бойынша өздігінен ұшу, оның ішінде өзi ұшып шыққан әуеайлақтан айрықша бөлек 2 әуеайлаққа қозғалтқыштарының толықтай тоқтағанына дейін қонуы арқылы кемінде 185 км қашықтықта КШҰҚ-мен маршрут бойынша бір рет ұшу;



3) егер түнгі жағдайда ұшу шамаланатын болса, онда түнгі уақытта 5 сағат ұшу, оның ішінде 3 сағат нұсқаушымен, оның 1 сағаты маршрут бойынша және 5 сағаты өздігінен (solo) ұшу және толық тоқтағанға дейін (solo) қону кіреді;
9.2-бөлімше. АҰҚ (CPL(Н) modular course) бойынша ұшуларды орындау құқығынсыз тікұшақтардың коммерциялық пилоттарын даярлаудың модульдік курсы
Параграф 1. Жалпы мәлімет


  1. Модульдік оқыту курсының мақсаты CPL(Н) – ӘКК ретінде бұрын тікұшақтарда кем дегенде 1000 сағат ұшқан, PPL(Н) куәлігі немесе ӘК басқа түріне пилоттың куәлігі бар пилоттарды CPL(Н) алуға қажетті біліктілік деңгейіне дейтін даярлау.

  2. Кандидат, егер оның тікұшақ пилоты ретінде жалпы 155 сағат ұшқан, оған қоса ӘКК ретінде 50 сағат ұшқан, оның 10 сағат маршрут бойынша ұшқан, PPL(Н) ұшақтарының жеке пилотының куәлігі болса немесе ӘКК ретінде бұрын тікұшақтарда кем дегенде 1000 сағат ұшқан, ӘК басқа түріне пилот куәлігі болса модульдік курсқа оқуға жіберіледі.

  3. Модульдік курстың CPL(Н) ұзақтығы 9 айдан 18 айға дейін. Егер АОО қосымша оқу жүргізетін болса осы мерзім ұзартылуы мүмкін. Ұшу даярлығы мен ұшу дағдыларын тексеру теориялық емтихандарды тапсыру туралы құжаттың қолданылуы мерзімі ішінде аяқталуы тиіс.

  4. Бекітілген курс сыныпта сабақ жүргізу арқылы жүргізіледі және оған уәкілетті орган бекіткен, интерактивті видео, слайдтарда немесе магнитофон таспаларында презентациялар, оқу кабиналары, компьютерлік оқу және қашықтан оқытудың (сырттай курстар) басқа да ақпарат құралдарын қолдану енгізілуі мүмкін. Курс аясында қашықтан оқыту (сырттай) ұсынылуы мүмкін.

  5. Модульдік курстан CPL(Н) өтуге ниетті кандидат АОО әдістемесіне сәйкес үзіліссіз бір оқу үдерісінде барлық дайындау кезеңінен өтуі тиіс.

  6. Курсқа төмендегілер енеді:

    1. CPL(Н) білім деңгейіне сәйкес Теориялық даярлық ;

2) Ұшуға даярлық – көзбен шолып ұшулар және аспаптар бойынша ұшулар.
Параграф 2. Теориялық даярлық


  1. Теориялық курсқа CPL(Н) ең аз дегенде 250 сағат оқу кіреді.

  2. Өтініш беруші CPL(Н) иегеріне ұсынылатын құқықтарға сәйкес келетін білім деңгейін көрсетуі тиіс.

159. Теориялық дайындық бойынша пәннің толық тақырыбы Үлгілік бағдарламаның 10-қосымшасында келтірілген. 'Х' белгісімен белгіленген тақырып оны зерттеудің міндеттілігін көрсетіп, осы тақырыптың барлық тармақшаларына қатысты болады.
Параграф 3. Ұшу даярлығы
160. Модульдік курста ұшуға даярлау төмендегіні қосқанда нұсқаушымен 30 сағат дайындықты құрайды:

  1. КШҰҚ бойынша 20 сағат ұшу, оның ішінде өзі ұшып шыққан әуеайлақтан айрықша бөлек басқа 2 әуеайлаққа қозғалтқыштарының толық тоқтауы арқылы қонуымен кемінде 185 км қашықтықта КШҰҚ бойынша маршрут бойынша 1 рет ұшу;

  2. 10 сағат аспаптар бойынша ұшу, оның ішінде 5-ке дейінгі сағаты процедуралық жаттығу құрылғысында (FTD 1 немесе FNPT I) дайындықта болған жағдайда;

Ескертпе. Тиісті жаттығу құрылғылары болмаған кезде даярлау, ұшуға даярлау барысында тікұшақта жүзеге асырылады.

  1. өзі ұшып шыққан әуеайлақтан айрықша бөлек басқа 2 әуеайлаққа қозғалтқыштарының толық тоқтауы арқылы қонуымен кемінде 185 км қашықтықта КШҰҚ бойынша маршрут бойынша ӘКК ретінде өздігінен 1 рет ұшу;

  2. егер түнгі жағдайда ұшу шамаланатын болса, онда түнгі уақытта 5 сағат ұшу, оның ішінде 3 сағат нұсқаушымен, оның 1 сағаты маршрут бойынша және 5 сағаты өздігінен (solo) айналып ұшу және толық тоқтағанға дейін (solo) қону кіреді. Әр айналып ұшуға ұшып шығу және қону кіреді.


10-бөлімше. Ұшақтардың– (ATPL(A) integrated course) желілік пилоттарын бастапқы даярлау бағдарламасы

10.1-бөлімше. Ұшақтардың– (ATPL(A) integrated course) желілік пилоттарын даярлаудың кешенді курсы
Параграф 1. Жалпы мәлімет
161. ATPL (A) кешенді курсының мақсаты – пилоттарды коммерциялық көлік авиациясында көп қозғалтқышты ұшақтардың экипажы көп болған жағдайда екінші пилот ретінде жұмысқа қажетті біліктілік деңгейіне дейін және IR – CPL(A)/IR біліктілік белгісімен CPL алуға даярлау.

162. ATPL (A) кешенді курсынан өтуге ниетті кандидат АОО әдістемесіне сәйкес үзіліссіз бір оқу үдерісінде барлық дайындау кезеңінен өтуі тиіс.

163. Кандидат авиациялық мамандығы (ab-initio) жоқ болса да немесе Чикаго конвенциясының 1-қосымшасына сәйкес берілген куәлігі бар пилот ретінде немесе PPL(A) ұшақтарының жеке пилоты, немесе PPL(H) ұшақтарының жеке пилоты ретінде немесе ҚР ұлттық заңнамасы негізінде берілген LAPL жеңіл ұшағының пилоты ретінде оқуға жіберіледі. Пилоттар PPL(A), PPL(H) немесе LAPL куәліктерімен оқу оқыған жағдайда оларға ұшу сағатынан бастап оқу басталғанға дейін 50% есептеледі, бірақ бұл ұшу тәжірибесінен 40 сағаттан (егер пилоттың түнде ұшуға рұқсаты болса, оған 45 сағатқа дейін есептелуі мүмкін ) аспауы тиіс, оның ішінде ең көбі 20 сағатқа дейін (DUAL instruction time) нұсқаушымен ұшуы тиіс.

164. Курсқа төмендегілер енеді:



  1. ATPL (A) білім деңгейіне сәйкес Теориялық даярлық ;

  2. Ұшуға даярлық – көзбен шолып ұшулар және аспаптар бойынша ұшулар;

  1. Экипаж көп болған жағдайда пилоттарды өзара әрекет етуге оқыту (МСС).

165. ATPL (A) бүкіл курсын тапсыратын жағдайы немесе мүмкіндігі жоқ кандидат барынша төменгі деңгейдегі куәлік алуға теориялық және практикалық емтихандар тапсыру үшін ҚР АА уәкілетті органына жүгіне алады.
Параграф 2. Теориялық даярлау
166. Теориялық курсқа ATPL (A) ең аз дегенде 750 сағат оқу кіреді.

167. MCC курсына ең аз дегенде 25 сағат теориялық және практикалық сабақтар кіреді.

168. 750 сағат оқуға сыныптағы жұмыс, интерактивті видео, слайдты немесе магнитофондағы презентациялар, оқу кабиналарындағы жұмыс, компьютерлік оқу, сонымен бірге уәкілетті орган бекіткен басқа да ақпарат құралдары кіреді. Оқу бағдарламасы әр пән бойынша ең төменгі сағат саны төмендегіше бөлінетіндей бөлінеді:


    1. әуе заңдылығы бойынша (Air Law) - 40 сағат;

    2. ӘК туралы жалпы мәлімет (Aircraft general knowledge) - 80 сағат;

    3. ұшу сипаттамалары мен жоспарлау (Flight performance and planning) - 90 сағат;

    4. мүмкіндіктер мен адамның шектеуі, адами фактор (Human performance and limitations) - 50 сағат;

    5. метеорология (Meteorology) - 60 сағат;

    6. навигация (Navigation) - 150 сағат;

    7. пайдалану тәртіптері (Operational procedures) - 20 сағат

    8. ұшу тәртіптері (Principles of flight) - 30 сағат;

    9. радиобайланыс (Communications) - 30 сағат.

169. Кандидат ATPL (A) куәлігі иегерінің деңгейіне сәйкес келетін, білім деңгейін көрсетуі тиіс.

170. Теориялық дайындық бойынша пәннің толық тақырыбы Үлгілік бағдарламаның 10-қосымшасында келтірілген. 'Х' белгісімен белгіленген тақырып оны зерттеудің міндеттілігін көрсетіп, осы тақырыптың барлық тармақшаларына қатысты болады.



Параграф 3. Ұшу даярлығы
171. Ұшақ (Type Rating) түрі бойынша ұшуға жіберу дайындығын қоспағанда ұшу даярлығы, жалпы алғанда, кем дегенде 195 сағаттан тұрады, оған барлық ағымдағы тестер кіреді, оның 55 –ке дейінгі сағаты аспаптар бойынша ұшуға жердегі оқу болуы мүмкін. Осы 195 сағаттың ішінен, кандидаттар ең аз дегенде:

    1. 95 сағат нұсқаушымен оқу (DUAL), оның 55-ке дейінгі сағаты аспаптар бойынша ұшуға жердегі жаттығуды алуы мүмкін;

    2. 70 сағат ӘКК (PIC) ретінде ұшу, оның ішінде ӘК (SPIC) студент-командирі ретінде көзбен шолып ұшулар және аспаптар бойынша ұшулар. SPIC ретінде аспаптар бойынша ұшу уақыты 20 сағаттан аспайтын көлемде PIC уақыты ретінде есептеледі;

    3. ӘКК командирі ретінде маршрут бойынша 50 сағат ұшу, оның ішінде өзi ұшып шыққан әуеайлақтан айрықша бөлек 2 әуеайлаққа қону жүргізілетін, кемінде 540 км (300 теңіз милі) қашықтықта көзбен шолып ұшу;

    4. 5 сағат түнгі уақытта ұшу, оның ішінде 3 сағаты нұсқаушымен (DUAL), бұған берілген маршрут бойынша кем дегенде 1 сағат ұшу, 5 өздігінен ұшу (solo) және толық тоқтағанға дейін қону кіреді.

    5. аспаптар бойынша 115 сағат ұшу, оған ең аз дегенде :

SPIC ретінде 20 сағат ұшу кіреді;

FFS деңгейіндегі кешенді жаттығу құрылғылары немесе FNPTII/FTD 1/FTD 2 деңгейіндегі жаттығу құрылғылары қолданылуы мүмкін, көп экипажбен (МСС) өзара әрекет ету бойынша жаттығу дайындығы 15 сағат;



    1. аспаптар бойынша ұшу оқулары 50 сағат, оның ішінде:

немесе 25 сағатқа дейін FNPT I бірінші деңгейлі жаттығу құрылғысында жерде оқыту болуы мүмкін;

немесе 40 сағатқа дейін FNPTII/FTD 1/FTD 2 жаттығу құрылғыларында немесе FFS жаттығу құрылғысында жерде оқыту жүргізілуі мүмкін. Осы 40 сағаттың 10 сағатына дейін FNPTI өтуі мүмкін. Аспаптар («Basic Instrument Flight Module») бойынша ұшуға дайындықтың базалық модулін аяқтағаны туралы куәлігі бар кандидат аспаптар бойынша оқуға қажетті уақыт есебіне оқу үшін 10 сағатқа дейін есептеуге құқылы. «BITD» жаттығу құрылғысында өткізілген сағаттар есептелмейді.



  1. 5 сағат кемінде 4 адамды тасымалдау үшін сертификатталған ұшақта орындалуы тиіс, оның айналымы реттелетін винті және жиналмалы шассиі болуы тиіс.

172. Ұшуға даярлық жаттығуларының үлгілік мазмұны мен саны Үлгілік бағдарламаның 14-қосымшасында келтірілген.
10.2-бөлімше. Ұшақтардың - ATPL(A) желілік пилоттарын даярлаудың модульдік курсы
173. Модульдік курс бойынша теориялық білім алған, ATPL(A) желілік пилоты куәлігін алатын кандидаттардың ең аз дегенде Чикаго конвенциясының 1-қосымшасына сәйкес берілген жеке PPL(A) пилот куәлігі немесе ҚР ұлттық заңнамасы негізінде берілген, LAPL жеңіл ұшағының куәлігі болуы және ең аз дегенде теориялық оқудың төмендегідей сағат саны болуы тиіс:

    1. PPL(A) ұшақтарының жеке пилот куәлігі немесе LAPL жеңіл ұшақ пилотының куәлігі бар кандидаттар үшін - 650 сағат;

    2. CPL(A) ұшақтарының коммерциялық пилотының куәлігі бар кандидаттар үшін - 400 сағат;

    3. (IR(A)) ұшақтары үшін аспаптар бойынша ұшуға біліктілігі бар кандидаттар үшін - 500 сағат;

    4. CPL(A) және IR(A) бар кандидаттар үшін - 250 сағат.

  1. ATPL(A) үшін теорияны оқыту ұшуға тексеру (skill test) алдында аяқталуы тиіс.



11-бөлім. Ұшақтар мен тікұшақтарда – IR(A)&(H) аспаптар бойынша (АҰҚ) ұшу құқығы туралы біліктілік белгісін алуға даярлау бағдарламасы
Параграф 1. Жалпы ереже
175. Ұшақта, тікұшақта, дирижабльде немесе көтергі күшін ұлғайту жүйесімен ӘК-де АҰҚ бойынша ұшулар АҰҚ бойынша ұшуға жіберілген және жабдықталған әуе кемелерінде PPL, CPL, MPL немесе ATPL куәліктерінің иегерлері үшін ғана жүргізілуі тиіс.

176. АҰҚ (Instrument rating) бойынша ұшуға жіберілгені туралы біліктілік белгісін алу үшін бағдарламаның мақсаты (IFR) аспапты метеорологиялық жағдайларда (IMC) АҰҚ бойынша ӘК қолдануға жіберу үшін пилоттарды даярлау болып табылады.

177. Модульдік оқу курсының IR(A)&(H) кандидаты PPL(A) немесе (H) жеке пилотының немесе CPL(A) немесе (H) коммерциялық пилоты куәлігінің иегері болуы тиіс.

178. АҰҚ бойынша ұшуға дайындаудың процедуралық модулі бойынша даярлықтан өтуге ниетті кандидаттан, оның үзіліссіз бір бекітілген курстың барлық оқу кезеңінен өтуі талап етіледі. Процедуралық модуль бойынша даярлықты бастағанға дейін АОО пилот дағдысының аспаптар бойынша ұшудың базалық модулі талаптарына сәйкес келетіндігін куәландырады. Егер талап етілетін болса, қосымша даярлық жүргізіледі.

179. Теориялық даярлық курсы 18 айдың ішінде аяқталуы тиіс.

180. Процедуралық модуль мен ұшу кезінде тексеру теориялық емтихандарды тапсыру туралы Сертификаттың жарамдылық мерзімі ішінде аяқталуы тиіс.

181. Бұрын аспаптар бойынша ұшу құқығы туралы біліктілік белгісін алмаған кандидат, сертификатталған АОО-да толық оқу курсынан өтеді.

182. Курсқа төмендегілер кіреді:



  1. біліктілік белгісі- IR иегерінің деңгейіне сәйкес келетін теориялық даярлық;

  2. аспаптар бойынша ұшуға даярлық;

  3. Көп экипажды пилоттың немесе авиакомпаниялардың желілік пилоттарының куәлігін алуға кандидаттарды Теориялық даярлық аспаптар бойынша ұшу құқығына біліктілік белгісі үшін қажетті теориялық білім алуды қарастырады.


Параграф 2. Ұшақтар мен тікұшақтарда Теориялық даярлық


  1. Теориялық даярлық ға 150 сағат кіреді. ATPL(H) иегері үшін–100 сағаттан кем емес.

184. Кандидат аспаптар бойынша ұшу құқығы туралы біліктілік белгісінің иегеріне ұсынылатын құқыққа сәйкес келетін білім деңгейін көрсетеді.

185. Теориялық даярлық тақырыбы Үлгілік бағдарламаның 15-қосымшасында келтірілген.


Параграф 3. Ұшақтарда ұшу даярлығы
186. Авиациялық оқу орталығы көп қозғалтқышты ұшақтар үшін курсқа IR(A) жіберілетін кандидаттың, көп қозғалтқышты ұшақтар үшін типі мен сыныбына рұқаты жоқ, IR(A) курсы бойынша ұшу дайындығы басталғанға дейін сыныбы немесе ұшақ түріне жіберу үшін, біліктілік талабында келтірілген көп қозғалтқышты ұшақтар бойынша дайындықтан өткенін куәландыруы тиіс.

187. Ұшу даярлығы екі модульден тұрады, ол жеке немесе үйлесімді түрде өтуі тиіс:



  1. АҰҚ (Basic Instrument Flight Module) бойынша ұшуға даярлықтың базалық модуліне аспаптар бойынша ұшу оқуының 10 сағаты кіреді, оның 5-ке дейінгі сағаты BITD, FNPT-I/II, FTD-1/2 немесе FFS жаттығу құрылғыларын пайдалана отырып, жерде АҰҚ (Instrument ground training) бойынша жердегі даярлықты құрауы мүмкін. Базалық модульді аяқтағаннан кейін кандидатқа осы курсты аяқтағаны туралы сертификат беріледі.

  2. АҰҚ (Procedural Instrument Fligh tModule) бойынша ұшуға даярлықтың процедуралық модуліне АҰҚ (А) (IR(A)) бойынша ұшуға жіберу үшін оқу бағдарламасының қалған бөлігі кіреді, аспаптар бойынша ұшу оқуының 40 сағаты бір моторлы немесе 45 сағаты көп қозғалтқышты ұшақта өтеді.

  1. Бір моторлы ұшақтар үшін оқу курсы IR(A) аспаптар бойынша ұшу оқуының ең аз дегенде 50 сағатын қамтиды, оның ішінде 20 сағатқа дейін FNPT-I жаттығу құрылғыларында аспаптар бойынша ұшулардың жердегі жаттығу уақыты немесе 35-ке дейінгі сағат FFS, FTD-1/2 немесе FNPT-II жаттығу құрылғыларында болуы тиіс. FFS, FTD-1/2 немесе FNPT-II жаттығу құрылғыларында аспаптар бойынша жердегі ұшу жаттығулары 10 сағаттан аспауы тиіс немесе FNPT-I жаттығу құрылғысымен ауыстырылуы мүмкін.

189. Көп қозғалтқышты ұшақтар үшін оқу курсы IR(A) аспаптар бойынша ұшу оқуының ең аз дегенде 50 сағатын қамтуы тиіс, оның ішінде 25 сағатқа дейін FNPT-I жаттығу құрылғыларында аспаптар бойынша ұшулардың жердегі жаттығу уақыты немесе 40-қа дейінгі сағат FFS, FTD-1/2 немесе FNPT-II жаттығу құрылғыларында болуы тиіс. FFS, FTD-1/2 немесе FNPT-II жаттығу құрылғыларында аспаптар бойынша жердегі ұшу жаттығулары 10 сағаттан аспауы тиіс немесе FNPT-I жаттығу құрылғысымен ауыстырылуы мүмкін. Аспаптар бойынша ұшу оқуының қалған уақыты көп қозғалтқышты ұшақтарда 15 сағаттан кем болмауы тиіс.

190. Бір қозғалтқышты ұшақта IR (A) біліктілігі бар және көп қозғалтқышты ұшақ сыныбы біліктілігін алған, (МЕ IR (А)) көп қозғалтқышты ұшағында аспаптар бойынша ұшу біліктілігін алғаш рет алуға ниетті АОО-дан курстан өтеді, бірнеше қозғалтқышы бар ұшақтарда аспаптар бойынша ұшу 5 сағат, оның 3 сағаты ұшу жаттығу құрылғысында (FFS) немесе (FNPT II) процедуралық жаттығу құрылғысында орындалуы тиіс.



Параграф 3. Тікұшақтарда ұшуға даярлық
191. Тікұшақ үшін аспаптар бойынша ұшу оқуының модуліне төмендегілер кіреді:

    1. бір қозғалтқышты тікұшақтың IR (Н) аспаптар бойынша ұшу оқуы кем дегенде 50 сағат, оның ішінде:

(FNPT I (Н) немесе (A)) процедуралық жаттығу құрылғысында 20 сағатқа дейін. Осы FNPT (Н) немесе (А) –ғы 20 сағат оқу уақыты осы курс үшін бекітілген ұшақтағы IR (Н) үшін 20 сағаттық ұшу оқуымен алмастырылуы мүмкін; немесе

35 сағатқа дейін тікұшақтың (FTD 2/3, FNPT II / III) процедуралық жаттығу құрылғысында немесе тікұшақтың (FFS) ұшу жаттығу құрылғысында болуы мүмкін;

АҰҚ бойынша сертификатталған тікұшақтағы аспаптар бойынша ұшу оқулары 10 сағаттан кем болмайды;

көп қозғалтқышты ұшақтағы IR (Н) қосымша ұшу курсы аспаптар бойынша ұшу оқуының кем дегенде 55 сағатын құрайды, оның ішінде:

20 сағатқа дейін FNPT I (Н) немесе (A)-да болуы мүмкін. Осы FNPT (Н) немесе (А)-ғы 20 сағат оқу уақыты МЕ IR (Н) үшін осы курс үшін бекітілген ұшақтағы 20 сағаттық ұшу оқуымен алмастырылуы мүмкін; немесе

40 сағатқа дейін тікұшақтың (FTD 2/3, FNPT II / III) процедуралық жаттығу құрылғысында немесе тікұшақтың (FFS) ұшу жаттығу құрылғысында болуы мүмкін;

3) АҰҚ бойынша сертификатталған тікұшақтағы аспаптар бойынша ұшу оқулары 10 сағаттан кем болмайды;

4) IR (A) біліктілігі бар пилоттарға бағдарлама 10 сағатқа қысқартылуы мүмкін.



  1. Куәлік немесе біліктілік белгісін алу үшін шеберлігін көрсеткен кезде талап етілетін, тәжірибе алу немесе кез келген маневрді орындау үшін ұшуды айнытпай көрсететін жаттығу құрылғысын қолдануды ұшуды айнытпай көрсететін жаттығу құрылғысының қойылған тапсырмаға сәйкес келетіндігіне кепілдік беретін, куәлік беру бойынша уәкілетті орган бекітеді.

193. Қосарлы басқарылатын ұшақтар мен тікұшақтарда ұшу даярлығынан өту уақытында білікті нұсқаушы кандидаттың төмендегі салаларда аспаптар бойынша ұшу құқығы туралы біліктілік белгісі иегеріне қойылатын талап деңгейінде пайдалану тәжірибесін алуын қамтамасыз етеді:

    1. Ұшу алдындағы даярлық, оның ішінде АҰҚ бойынша ұшу жоспарын дайындаған кезде ұшуды пайдалану бойынша нұсқаулықты немесе соған балама құжатты және әуе қозғалысына қызмет көрсету бойынша тиісті құжаттарды пайдалану;

    2. ұшу алдында тексеру, бақылау тізбелерін қолдану, рульдеу және ұшу алдында тексеру;

    3. қалыпты, ерекше және апатты жағдайларда АҰҚ бойынша ұшуларды орындаған кезде әрекет ету тәртібі мен маневрлер, оның ішінде төмендегілерді қосқанда :

ұшып шыққаннан кейін аспаптар бойынша ұшуға ауысу;

аспаптар бойынша ұшып шығудың және ұшып келудің стандарттық сұлбалары;

маршрут бойынша АҰҚ бойынша ұшу сұлбалары;

күту аймағында ұшу;

белгіленген минимумдар кезінде аспаптар бойынша ұшуға кіру;

екінші айналымға өту тәртібі;

аспаптар бойынша қонуға кіруді орындағаннан кейінгі қонулар;


    1. ұшудағы маневрлер және нақты ұшу сипаттамалары .

  1. Егер біліктілік белгісімен аспаптар бойынша ұшуды бірнеше қозғалтқышты әуе кемесінде жүзеге асыруға құқық беру шамаланатын болса, онда кандидат ұшу нұсқаушысының басшылығымен қосарлы басқарылатын тиісті түрдегі осындай әуе кемесінде ұшу дайындығынан өтеді. Нұсқаушы кандидаттың бір жұмыс істемейтін қозғалтқышты аспап бойынша тиісті түрдегі әуе кемесін басқару немесе бір жұмыс істемейін қозғалтқышқа ұқсату бойынша пайдалану тәжірибесін алуын қамтамасыз етеді.

195. Кандидат даярлықтан өткеннен кейін әуе кемесінде аспаптар бойынша ұшу құқығы туралы біліктілік белгісінің иегеріне қойылатын құқыққа сәйкес келетін, аспаптар бойынша ұшу құқығы туралы біліктілік белгісін алуға талаптанғанын, құзыреттілі дәрежесімен берілген ұшу сұлбасы мен маневрлерді орындау қабілетін көрсетуі, оның ішінде шеберлігін:

  1. қауіпті факторлар мен қателерді анықтау және бақылау.

Ескертпе. Қауіпті факторлар мен қателерді бақылау әдістерін қолдану туралы нұсқамалық материал «Персоналды даярлау» (PANS-TRG, Doc 9868) аэронавигациялық қызмет көрсету Қағидаларында және адами фактор (Doc 9683) саласында оқыту жөніндегі Нұсқаманың ІІ бөлімінің 2-тарауында қамтылады;

  1. шектеуі шегінде әуе кемесінің сұратылған түрін басқару;

  2. барлық маневрді қалыпты жән дәл орындау;

  3. дұрыс шешім қабылдау және ұшуда бақылауды білікті түрде жүзеге асыру;

  4. аэронавигация саласында білімді қолдану;

  5. ұшу сұлбасының немесе маневрдің дұрыс орындалуын қамтамасыз ету үшін әуе кемесінің басқарылуын тұрақты жүзеге асыру.



12-бөлім. Ұшу нұсқаушыларын дайындау бағдарламасы
1-параграф. Жалпы ережелер
197. Ұшу нұсқаушыларын (FI, TRI/SFI, CRI,) бастапқы дайындау бағдарламасының мақсатыазаматтық авиацияның пилоттардыоқыту нұсқаушылары қызметi саласының әлемдiк тәжiрибеге сәйкес, бiлiктi дәрежеге дейiн қолданушы пилот куәлiгiн дайындау болып табылады. Курс бағдарламасы iзденушiлерде тиісті білім мен дағдыны игеру, сонымен қоса нұсқаушы міндеттерін табысты шешуді ынталандыру жолымен қауіпсіз ұшуды орындау әдістерін меңгерген нұсқаушыбiлiктiлігін дамытуға бағытталған.

198. Біліктілік (FI, TRI/SFI, CRI,) алуға кандидаттар нұсқаушыларды дайындау курсына түсу үшін тиісті нұсқау алу мақсатында курстың алдындағы 6 ай ішінде, олардың нұсқаушылық жұмысқа қабілетін бағалау үшін, ӘК-де немесе жаттығу құрылғысында білікті нұсқаушымен немесе емтихан алушымен алдын ала ұшу тексеруінен өтеді. Тексеру ӘК-нің тиісті типі мен класы біліктілігін тексеру көлемінде жүргізіледі.

199. Ұшу нұсқаушысы сертификатын алуға үміткерлер АОО-да теориялық және ұшу дайындығы курсынан өтеді.

200. Ұшу нұсқаушыларын дайындау бағдарламасы адам мен машинаның өзара әрекет етуі кезінде, экипаж ресурсын, қауіп және қателер факторларын басқаруда адами фактордың маңыздылығын, әрбір индивидуумның маңызын ерекше қояды. Ересек адамдардың түсінігі мен олардың мінез-құлықтық ұстанымын, білім деңгейінің айырмашылығын қоса алғанда, ізденушілердің ой-пікірінің жетілгендігіне ерекше назар аударады.

201. Нұсқаушыларды дайындау бағдарламасының міндеттері:

1) нұсқаушының техникалық білімін бағдарламаға сәйкес қайталау және толықтыру;

2) нұсқаушыға жердегітәртіптермен ұшу жаттығуларын үйретугеоқыту;

3) нұсқаушылардың ұшу дағдыларының жоғары деңгейде екеніне кепілдік беру;

4) нұсқаушыны нұсқама негiздерiнiң қағидаттарына үйрету және оларды өзiнiң бiлiктiлiгiне (FI, TRI/SFI, CRI,) сәйкес қолдану.

202. Бағдарламаны оқу нәтижесінде тиісті нұсқаушы біліктілігі белгісін алуға үміткер сәйкес типті әуе кемесінің нұсқаушысы ретінде ұшу қауіпсіздігі деңгейі жарамды студент-пилоттарды оқыта алады және төмендегілерді көрсетеді:

1) келесі саладағы білімін:

тәжірибелік оқыту әдістемесі;

дайындау бағдарламасын әзірлеу;

сабақты жоспарлау;

аудиториялық оқыту әдістемесі;

материалды игеру үдерісі;

тиімді оқыту элементтері;

ұшуды имитациялайтын жаттығу құрылғыларын қоса алғанда оқу құралдарын пайдалану;

жердегі дайындық жүргізілетін үш пән бойынша студент-пилоттардың үлгерімін бағалау;

студент-пилоттардың білім деңгейін бағалау және тексеру;

талдау жүргізу және студент-пилоттардың қателерін түзету;

ұшу дайындығына қатысты адамның мүмкіндіктері, қауіп және қателер факторын бақылау принциптерін қоса алғанда;

әуе кемесінде жүйелердің істен шығуын имитациялаумен байланысты қауіп-қатерлер;

2) ұшу-әдістемелік дағдылар:

студент-пилотты дайындау барысында қауіп және қателер факторларын анықтау, талдау және бақылау;

әуе кемесін оның сипаттамаларын шектеу шегінде басқару және студент-пилоттарды ұшу қауіпсіздігі жарамды деңгейде әдістемелік тұрғыдан сауатты оқыту;

барлық маневрларды бірсарынды және дәл орындай білу және оларды студент-пилотқа көрсете білу;

дер кезінде шешім қабылдау және ұшу кезінде бақылауды білікті жүргізу;

оқушылардың қателерін талдау және түзету;

әуе кемесін студент-пилотқа ұшу сұлбасы мен маневрларды дәл орындау және көрсетуді қамтамасыз ететіндей басқару;

оқыту кезінде қауіп және қателер факторын анықтау және бақылау;

әуе кемелерін оның сипаттамаларын шектеу шегінде басқару;

маневрларды бірсарынды және дәл орындау, студент-пилотқа әуе кемесін басқару кезінде қозғалысты үйлестіруді әдістемелік тұрғыда дұрыс түсіндіру;

дер кезінде шешім қабылдау және ұшу кезінде студент-пилоттың әрекетін білікті бақылау;

аэронавигация (ұшақты жүргізу) саласындағы білімін қолдану және студент-пилотқа үйрету;

студент-пилотты әдістемелік тұрғыда сауатты және қауіпсіз оқыту.


2-параграф. Теориялық даярлық
203. Нұсқаушылардың арнайы теориялық дайындығы жеке әдіспен немесе жинау арқылы, сонымен бірге жоспарлы сабақтар жүйесінде ұйымдастырылады. Ол білікті оқу процесі үшін қажетті пәндерді оқытуды (ұшуға оқыту әдістемесі, педагогика, психология негіздері және т.б.) және қалған пәндер бойынша білімін жетілдіруді қарастырады.

204. Нұсқаушыларды Теориялық даярлық бойынша пәндер тақырыбы мен құзыреті Үлгілік бағдарламаның 17-қосымшасында берілген.

205. FI(A) және FI(H) санаттары үшін теориялық даярлыққа тестілеуді қоса алғанда 125 сағат сыныптағы оқу сабақтары кіреді, соның ішінде:

1) 25 сағат оқытудың педагогикалық әдістері:

жалпы оқыту әдістеріндегі заманауи тәсілдер;

оқытудағы жеке тұлғаға бағытталған тәсіл;

сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы;

оқу нәтижесін бағалау жүйесі.

2) келесі пәндерге кемінде 50 сағат:

авиациялық психология;

педагогика негіздері;

ұшуға оқыту әдістемесі.

3) ӘК-нің басқа түрінде FI рейтингіне ие немесе ие болған пилот үшін теориялық бағдарлама кемінде 50 сағатты құрайды.

206. FI(MНG), FI(AG), FI(S) және FI(B) ұшу нұсқаушылары үшін Теориялық даярлық тестілеуді қоса алғанда кемінде 90 сағат сыныптағы сабақтардантұрады, оның ішінде:

1) 25 сағат оқыту әдістері:

жалпы оқыту әдістеріндегі заманауи тәсілдер;

оқытудағы жеке тұлғаға бағытталған тәсіл;

сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы;

оқу нәтижесін бағалау жүйесі.

2) келесі пәндерге кемінде 20 сағат:

авиациялық психология;

педагогика негіздері;

ұшуға оқыту әдістемесі.

207. ӘК (TRI/SFI) типі бойынша нұсқаушыларға арналған теориялық даярлық:

1) FI ұшу нұсқаушыларының бағдарламасы бойынша оқыту әдістемесі бойынша кемінде 25 сағат сыныптағы сабақ;

2) техникалық білімін қайталау, сабақ жоспарын дайындау және нақты ӘК типі бойынша сыныпта оқыту дағдысын дамыту бойынша кемінде 10 сағат болатын сабақ;

3) экипаж саны көп ӘК-де дайындауда экипаждағы стандарттық пайдалану процедураларына және бір пилотты ӘК-дегі пилоттың міндеттеріне ерекше назар аударылады;

4) төменде берілген рейтингтердің иесі болып табылатын немесе болған пилоттарға оқыту процестеріне қатысты TRI/SFIкурсының теориялық бағдарламасының бөлігі есептеледі: FI(A), CRI(A), IRI(A), SFI(А), STI(A), MCCI(A) FI(H), TRI(H), IRI(H), SFI(H).

208. Ұшақтың кез келген класы бойынша (СRI) нұсқаушыларға арналған Теориялық даярлық :

1) FI ұшу нұсқаушыларының бағдарламасы бойынша оқыту әдістемесі бойынша кемінде 25 сағат сыныптағы сабақ;

2) техникалық білімін қайталау, сабақ жоспарын дайындау және нақты ӘК типі бойынша сыныпта оқыту дағдысын дамыту бойынша 25 оқу сағаты.

209. Бағдарлама FI оқу курсының теориялық бөлігінде толық берілген оқыту әдістемесі негізінде, ізденушілердің бір орынды көпқозғалтқышты ӘК-ге, немесе сол үшін ізденуші дайындық өтетін бірқозғалтқышты ӘК-ге, арналған класс немесе тип бойынша, нұсқаушы біліктілігін алу бағдарламасы бойынша оқыту саласында теориялық білімі жағынан жеткілікті дайындығын қамтамасыз ету үшін әзірленеді.

210. Төменде берілген рейтингтердің иесі болып табылатын немесе болған пилоттарға оқыту процестеріне қатысты СRIкурсының теориялық бағдарламасының бөлігі есептеледі: FI(A), ТRI(A), SFI(А), STI(A), MCCI(A) FI(H), TRI(H), IRI(H), SFI(H).

211. Аспаптар бойынша ұшу нұсқаушысы (IRI) біліктілік белгісін алуға арналған теориялық даярлыққа оқыту әдістемесі бойынша (нұсқаушыларды алмағанда) кемінде 25 сағат, сонымен бірге арнайы пәндер бойынша кемінде 10 сағат кіреді.

212. Бағдарлама FI оқу курсының теориялық бөлігінде толық берілген оқыту әдістері негізінде әзірленеді.

213. Құрал-саймандық біліктілік оқу бағдарламасына толық көлемде сәйкес келетін арнайы пәндер бойынша білім студент-нұсқаушыға таныс болуы тиіс, сондықтан бағдарламаның техникалық бөлігінің мақсаты тек осы білімді еске салу.

214. Курстың теориялық дайындығын аяқтау нәтижесінде кандидат келесі білімге ие болады:

1) теориялық және тәжірибелік оқыту әдістемесі;

2) студенттерді, оқушыларды және тыңдаушыларды жердегі дайындық жүргізілетін пәндер бойынша үлгерімін бағалау;

3) материалды игеру үдерісі;

4) тиімді оқыту элементтері;

5) студенттердің, оқушылардың және тыңдаушылардың білім деңгейін бағалау және тексеру, оқыту теориясыбойынша;

6) даярлау бағдарламасын әзірлеу;

7) сабақты жоспарлау;

8) аудиториялық оқыту әдістемесі;

9) ұшуды имитациялау жаттығу құрылғыларын қоса алғанда оқу құралдарын пайдалану;

10) студенттердің, оқушылардың және тыңдаушылардың қателерін түзету және талдау жасау бойынша;

11) ұшу дайындығына қатысты, қауіп және қателер факторын бақылау принциптерін қоса алғанда, адамның мүмкіндіктері;

12) әуе кемесінде жүйелердің істен шығуын имитациялауға қатысты қауіп-қатерлер.
3-параграф. Әуе кемесінің кабинасындағы (гондоладағы) жаттығу құрылғысы
215. Осы бағдарлама әуе кемесінің тиісті түрінің кешенді жаттығу құрылғысы болмаған жағдайда, студент-нұсқаушыны әуе кемесінің тиісті түрінің кабинасында жаттықтыру әдісі бойынша дайындау міндеттерінің аз көлемін анықтайды.

216. Осы бағдарлама ӘК-нің тиісті түрінің ұшу нұсқаушыларын дайындау үшін ортақ болып табылады.

217. Әуе кемесінің тиісті түрінің кабинасында жаттықтыру әдістемесі бойынша дайындаудың жалпы уақыты кемінде 6 сағатты құрайды.

218. Әуе кемесінің тиісті түрінің кабинасында жаттықтыру бағдарламасы әдістемелік дайындықты міндеттер бойынша бөліп таратады: №1 міндет. «ӘК пайдалану» кабинасында жаттығу жүгізу әдістемесі;

№2 міндет. «ӘК басқару техникасы» кабинасында жаттығу жүгізу әдістемесі;

№ 3 міндет. «Ұшу кезіндегі ерекше жағдайлар» кабинасында жаттығу жүгізу әдістемесі;

219. Нұсқаушы міндеттер бойынша жаттығу көлемін ұлғайтуға құқылы.
4-параграф. Жердегі даярлық
220. Жердегі даярлау бағдарламасыӘК-нің тиісті түрінің ұшу нұсқаушыларын дайындау үшін ортақ болып табылады және студент-пилотпен жердегі даярлық өткізу әдістемесі бойынша студент-нұсқаушыны дайындауға арналған.

221. Даярлаудың ең төмен көлемі – 16 сағат. Жердегі даярлау жүргізу әдістемесі бойынша жаттығулар тақырыбы:

1) оқу-ұшу даярлығы бағдарламасымен танысу әдістемесі;

2) ӘК, қозғалтқыш құрылымын, кабина жабдығын және оларды жерде және әуеде пайдалану ережелерін, ұшақ тұрақтарында жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік бойынша білімін тексеру әдістемесі;

3) ұшу алды және ұшудан кейінгі процедуралар бойынша, ұшу салмағы және центрлігін анықтауды, ұшақты тексеру және қызмет көрсетуді қоса алғанда, әрекеттің реттілігін жасау әдістемесі;

4) әуеайлақтық операциялар әдістемесі және қозғалыс сұлбасын ұйымдастыру, қақтығысты болдырмау және қауіпсіздік шаралары;

5) қозғалтқыштың түрлі жұмыс режимінде көлденең ұшуды, бұрылыстарды, биіктік алуды және төмендеуді орындауға дайындау әдістемесі;

6) ұшуды орындауға, тік бұрышты бағытты құру, қонуды есептеу және қонуды орындауға дайындау әдістемесі;

7) оталдыру, қыздыру, байқап көру және қозғалтқышты тоқтатуға жаттықтыру әдістемесі, рульдеу және радиобайланыс жүргізу;

8) әуеайлақта, 100 км радиустағы әуеайлақ ауданында ұшуды орындау бойынша нұсқауды оқу әдістемесі;

9) ұшу аудандарының метеорологиялық ерекшеліктерін оқу әдістемесі;

10) ұшақтың апаттық-құтқару жабдықтарын және оны пайдалану тәртібін оқу әдістемесі;

11) ұшаққа жердегі және техникалық қызмет көрсетуді оқу әдістемесі;

12) кандидат-пилоттың оқу ұшуларын орындауға дайындығын тексеру әдістемесі.

222. Жердегі даярлықты жүргізетін ұшу нұсқаушысы орынды мөлшерде сағат санын ұлғайтуға құқылы.
5-параграф. Ұшу даярлығы
223. Ұшу даярлығы бағдарламасы бойынша оқуға теориялық дайындықтан, ӘК-нің тиісті түрінің кабинасында жаттығу жүргізу әдістемесін және жердегі даярлық жүргізу әдістемесінен өткен тыңдаушы-нұсқаушы жіберіледі.

224. ӘК-нің бір түрінде «ұшу нұсқаушысы» деген біліктілік белгісі бар пилот ӘК-нің басқа түріне қайта даярланған кезде, ӘК-нің бір түрінде ӘКК ретінде 100 сағат ұшқаннан кейін және сертификатталған АОО-да емтихан алушымен ұшуға тексеруден кейін ӘК-нің осы түрінде ұшу нұсқаушысы қызметін атқара алады.

225. Тыңдаушы-нұсқаушы кең таралған қателерді, оларды түзету әдістері мен тәсілдерін анықтай алуы тиіс. Ұшу шеберлігі және сақтық барлық ұшулардың маңызды компоненті екенін атап өту керек. Осылайша, жерде және әуеде әрбір жаттығуды орындау кезінде ұшу шеберлігінің тиісті аспектілеріне ерекше назар аударылады.

226. Ұшуға шектеу қойылған аймақта ұшуды пайдалану Нұсқаулығына немесе басқа тең дәрежелі құжатқа сілтеме жасай отырып, ӘК-нің салмағы мен центрлігін және ұшудың қалыпты режимін қалпына келтіру үшін қауіпсіздікті жеткілікті қамтамасыз ету үшін, маневрлеу жаттығуларына тиісті мән беріледі.

227. Сабақ жоспарын дайындау жақсы оқытудың қажетті талабы болып табылады, және студент-нұсқаушы ұшу жаттығуларын оңтайлы және қауіпсіз орындау үшін сабақ жоспарын жоспарлауда және тәжірибеде қолдануда жақсы тәжірибе алуы тиіс.

228. Ұшу даярлығынан өту барысында тыңдаушы-нұсқаушы әдетте FI болатын орынды алады.

229. Ұшу (тәжірибелік) даярлау бағдарламасы ұшу нұсқаушыларының әр санаты және ӘК-нің әр түрі үшін жеке әзірленеді.

230. FI(A) және FI(Н) ұшу нұсқаушылары үшін – 15 сағат оқу ұшулары, оның ішінде 5 сағаты басқа үміткермен ұшу, 4 сағаты аспаптар бойынша дайындық және кемінде 2 сағат қиын ұшу режимінде болуы мүмкін.

231. Ұшуға даярлау бағдарламасы LAPL(A), CPL(A) немесе сәйкесінше CPL(H) тиісті бастапқы даярлау курсы бағдарламасының жаттығулар базасында әзірленеді.

232. FI(S) ұшу нұсқаушылары үшін – 6 сағат немесе 20 ұшу-қону ұшуға оқытуы.

233. Ұшуға даярлау бағдарламасы LAPL(S)тиісті бастапқы даярлау курсы бағдарламасының жаттығулар базасында әзірленеді.

234. FI(MHG) және FI(AG) ұшу нұсқаушылары үшін – 10 сағат ұшуға оқыту, соның ішінде кедергіленген қозғалтқышпен 10 қону және «ұшқыш нұсқаушы» біліктілік белгісіне дайындау кезінде қиын режимде ұшуға кемінде 2 сағат.

235. Ұшуға даярдау бағдарламасы сәйкесінше LAPL(MHG) және LAPL(AG) бастапқы даярлаутиісті бастапқы даярлау курсы бағдарламасының жаттығулар базасында әзірленеді.

236. FI(B) ұшу нұсқаушылары үшін – 3 стартты қоса алғанда 3 сағат.

237. Ұшуға даярлау бағдарламасы LAPL(B) тиісті бастапқы даярлау курсы бағдарламасының жаттығулар базасында әзірленеді.

238. ӘК-нің кез келген түрі бойынша ұшу нұсқаушылары/жаттығу құрылғысы нұсқаушылары үшін (TRI/SFI):

1) жаттығу құрылғысындағы немесе ӘК-дегі ұшу даярлығы уақыты, кемінде екі сессия, ӘК күрделілігіне байланысты өзгеріп тұрады. Ұшу алды нұсқамасы әдістемесі мен тәжірибесі және әрбір жаттығу үшін ұшудан кейінгі талдау үшін шамамен бірдей сағат саны пайдаланылуы тиіс. Тәжірибелік дайындық тыңдаушы-нұсқаушының ӘК-нің нақты түрінде кез келген жаттығуды қауіпсіз және тиімді оқытуына бағытталады;

2) жаттығулар мазмұны ӘК-нің нақты түрі үшін бекітілген қайта оқыту бағдарламасының жаттығуларына сәйкес болуы тиіс;

3) ТЕМ, CRM және ұшу шеберлігін тиісті түрде қолдану барлық жағынан біріктірілуі тиіс;

4) оқу бағдарламасының мазмұны ӘК-нің түріне қолданылатын барлық маңызды жаттығуларды қамтуы тиіс.

239. Бағдарламаны өту барысында тыңдаушы-нұсқаушы нақты жаттығу құрылғысын, оның шектеулерін, мүмкіндіктерін және қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметін, соның ішінде шұғыл эвакуациялау құралдарын қолдануды оқиды.

240. Үміткер тәжірибелік сабақтар өткізу бойынша дағдыны жаттығу құрылғысының нұсқаушысы жұмыс орнында алады.

241. Сонымен бірге, ӘК-де ұшуға тексеруге дейін, тыңдаушы-нұсқаушы ӘК кабинасында кез келген пилот орнынан ұшуға оқытуды орындау тәжірибесін алады.

242. MP TRI бағдарламасы бойынша дайындықтан өту кезінде экипаждың өзара әрекеті тәртібіне ерекше назар аударған дұрыс. SP TRI бағдарламасы бойынша дайындықтан өту кезінде, пайдалану операцияларының SP ерекшеліктеріне назар аударылуы тиіс.

243. Нұсқаушылар үшін кез келген ұшақ класы бойынша (СRI)тәжірибелік және ұшу даярлығы: тыңдаушы-нұсқаушы бірқозғалтқышты немесе көпқозғалтқышты класта SP пайдалануда біліктілік белгісін алу үшін қауіпсіз және тиімді оқыту дағдысын алуға бағытталған.

244. Ұшу даярлығы ұшақта да, сертификатталған ұшуға жаттығу құрылғысында да өткізілуі мүмкін.

245. Ұшу шеберлігі барлық оқу бағдарламасының маңызды компоненті болып табылады. Тыңдаушы-нұсқаушының негізгі міндеті студент-пилотқа тән қателерді танып, тиісті түрде түзету болып табылады.

246. Бір пилот басқаруға сертификатталған ӘК-де IRI біліктілігін алу үшін, ұшу даярлығы төмендегі мақсаттармен орындалады:

1) аспаптар мен радионавигация бойынша ұшуға оқытуға қажетті нұсқаушылық дағдыны дамыту;

2) үміткердің құрал-саймандық ұшуды орындау бойынша ұшу дағдысы қауіпсіз ұшуды орындауды қамтамасыз ететін деңгейде болуын қамтамасыз ету.


жүктеу 7,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау