3-параграф. Ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету персоналын тағылымдамадан өткізу
444. Әуеайлақтық метеорологиялық орган нысандарында дербес жұмысқа тиісті кәсіптік дайындықтан және кейін жұмыс орнында тағылымдамадан өткен ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету персоналы жіберіледі.
445. Тағылымдама әуеайлақтық метеорологиялық орган нысандарында жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, лауазымдық міндеттерін орындау үшін кәсіптік білімі, білігі мен дағдысын қалыптастыруға және тәжірибеде бекітуге бағытталған және төмендегі жағдайларда жүргізіледі:
1) дербес жұмысқа рұқсаттама алу үшін;
2) бір әуеайлақтық метеорологиялық органнан/нысаннан екіншісіне ауысқан кезде;
3) келесі біліктілік деңгейін тағайындаған (растаған) кезде;
жұмыста 6 (алты) айдан астам үзіліс болған кезде;
авариялық, штаттан тыс және төтенше жағдайлардағы іс-қимылды пысықтау кезінде;
авиациялық оқиғаға немесе авиациялық оқыс оқиғаға әкеп соқтырған бұзушылықтардан кейін;
өзінің функционалдық міндеттерін орындауға маманның қабілеттігін тексеру үшін қажет өзге жағдайларда жүргізіледі.
Тағылымдама басшысы (нұсқаушы) тағылымдаманың мақсатын, нысанын, басталу және аяқталу мерзімдерін белгілейді. Бір тағылымдама басшысына бөлінетін тағылымдамадан өтушілер саны екі адамнан аспауға тиіс.
Тағылымдама басшысы (нұсқаушы)тағылымдамадан өтуші туралы объективті деректер және онымен жеке әңгімелесу негізінде тағылымдама өткізудің жеке жоспарын жасайды, оған қажеттілігіне қарай тиісті түзетулер енгізеді.
Тағылымдаманы өткізудің жеке жоспарын жасау кезінде нұсқаушығатағылымдамадан өтушіні қосымша тестілеуге (білімдерін тексеруге) рұқсат етіледі.
Тағылымдама барысында:
1) лауазымдық нұсқаулық, техника қауіпсіздігі, өртке қарсы, авиациялық қауіпсіздік, объектішілік жұмыс режимі мен тәртібі бойынша нұсқаулықтар;
2) азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз етуді және метеорологиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсетуді реттейтін нормативтік құжаттама;
3) әуеайлақта ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету бойынша нұсқаулық және метеорологиялық кодтар;
4) Сапа Менеджменті Жүйесінің (СМЖ) құжаттамасы және технологиялық үдерістер;
5) аралас қызметтермен өзара әрекет ету тәртібі мен ерекшеліктері зерделенеді.
Бұдан кейін тағылымдама басшысытағылымдамадан өтушінің білімін тексереді және тәжірибелік жұмыстың бастауға оның дайын екендігі туралы шешім қабылдайды.
Ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету жөніндегі персоналдың тағылымдамадан өту ұзақтығына 3 айға дейінгі мерзім белгіленеді, ал осы бейін бойынша жұмыс өтілі бар персоналға 1 ай мерзім белгіленеді.
Тағылымдамадан өтуші теориялық білім мен тәжірибелік дағдыны өзінің функционалдық міндеттерін өз бетінше атқару үшін жеткіліксіз меңгерген және үйренген кезде, сондай-ақ оны дәлелді себептермен 2 айдан артық емес мерзімге үзген жағдайда тағылымдама мерзімі тағылымдама басшысының (нұсқаушының) баяндамасы бойынша ұзартылуы мүмкін.
Персоналдың тағылымдамадан өтуі азаматтық авиацияның ұшуларын метеорологиялық қамтамасыз ету үшін қажетті теориялық білім мен тәжірибелік дағдыны тексерумен аяқталады.
4-параграф. Ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету жөніндегі персоналдың кәсіптік деңгейін қолдау
Құзыретті бағалау элементтерін қоса алғанда, кәсіптікдеңгейді қолдау бойынша бағдарламаның мазмұны бастапқы даярлаудан алынған және кемінде 36 сағат көлемінде жаңадан қалыптастырылған білім мен дағдыны растауды қамтамасыз етеді. Кәсіптік деңгейді қолдау курстарында оқитын мамандар үшін бастапқы кәсіптікдаярлау ретінде бағдарламаның мазмұны 50 сағаттан кем емес көлемінде іске асырылады.
Кәсіптік деңгейді қолдау бастапқы даярлаудың осы үлгілік бағдарламасында көрсетілген мерзімділік пен тақырыптарға сәйкес оқу курстары, тренингтер және семинарлар түрінде, оның ішінде қашықтықтан оқыту түрінде ұйымдастырылады және белгіленген мерзім ішінде бір рет өткізілетін біртұтас курс түрінде, сондай-ақ жекеленген модульдер түрінде де іске асырылуы мүмкін.
Ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету жөніндегі персоналдың және қызметтер мен бөлімшелер басшыларының кәсіптік деңгейін қолдау мерзімділігі әрбір үш жылда жүзеге асырылады.
Кәсіптік деңгейді қолдау мынадай мақсаттарда өткізіледі:
мамандандыру бойынша кәсіптік деңгейді мерзімді қолдау;
ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету бойынша жаңа рәсімдерді игеру;
авариялық, қауіпті және штаттан тыс іс-әрекеттерді үйрету;
жұмыста 6 айдан астам үзіліс болған жағдайда мамандардың кәсіптік дағдыларын қалпына келтіру.
Алдыңғы тармақтың 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген мақсаттар кәсіптік деңгейді қолдау бағдарламасындағы міндетті түрде іске асырылатын талаптар болып табылады.
Аэронавигациялық ұйымның даму жоспарларымен айқындалған ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету жүйесін дамыту жоспарларына және бағдарламаларына сәйкес ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру жөніндегі жаңа рәсімдер, тұжырымдамалар қажеттілігіне қарайаэронавигациялық ұйымның өзінде техникалық оқу, тәжірибелік дайындық түрінде, авиациялық оқу орталығында жекеленген курс, тренинг түрінде іске асырылуы мүмкін. Осы ретте даярлау бағдарламасын (жоспарын) өкілетті органда бекіттіру талап етілмейді.
Ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету жөніндегі персоналдың кәсіптік деңгейін қолдау ағылшын тілін авиациялық метеорологиялық деректерді түсіндіруге, метеорологиялық брифингтерді жүргізуге және пайдаланушылардың нақты мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін кеңес беруге жеткілікті көлемде оқытуды қамтуы мүмкін (қажет болған кезде), ол кәсіптік деңгейді қолдау курсына енгізілуі мүмкін, не өз бетінше іске асырылуы мүмкін.
Жекеленген жағдайларда және жедел қажет болған кезде, кәсіптікдаярлаудың осы түрі жоспардан тыс, бірақ кезекті мерзімнен кешіктірілмей өткізіледі.
жұмыста 6 айдан астам үзіліс болғаннан кейін кәсіптік дағдыны қайта қалпына келтіру:
1) жұмыста алты және он екі айға дейін үзіліс болған кезде тәжірбиелік дағдыны жұмыс орнында тексеру;
2) жұмыста бір жылдан астамүзіліс болған кезде кәсіптік деңгейді қолдау бойынша оқыту және тағылымдамадан өткізу арқылы жүзеге асырылады. Тағылымдама көлемін маманның даярлық деңгейіне байланысты төмендетуге, бірақ бастапқы рұқсатнама үшін белгіленген көлемнің50%-нан аспайтын көлемге төмендетуге рұқсат етіледі.
5-параграф. Ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету жөніндегі персоналды қайта даярлау
Метеорологиялық қамтамасыз ету жөніндегі персонал жұмысының бейіні айтарлықтай өзгерген жағдайда кәсіптікдаярлықтың осы түрі жаңа жабдық енгізілгенде және қолданыстағы жабдық жаңғыртылғанда, жекеленген бөлімшелердің қызмет көрсету рәсімдері мен бейіні өзгергенде, мамандарды қосымша даярлау деңгейі мен мамандандыруды талап ететін лауазымдарға ауыстырғанда білікті маманды қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.
Қайта даярлау бағдарламалары терияны және тиісті құрылғылар мен жүйелерді зерделеуді, тиісті құжаттамаларды пайдалануды және ұшу қауіпсіздігіне ықпал ететін метеорологиялық қамтамасыз етудің тәжірибелік әдістерін қамтуға тиіс.
Қайта даярлауды қондырылатын жабдықты жасаушының мамандары бағдарламаларға сәйкес жүзеге асырады. Осы ретте кәсіптік даярлау бағдарламасы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісілмейді, ал оқытуды жүзеге асыратын тұлғалардан АОО нұсқаушыларының даярлығындай даярлықтың болуы талап етілмейді.
Қайта даярлау бағдарламасы игерілген соң, қажет болған кезде, тиісті тағылымдама өткізіледі.
Ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету жөніндегі персоналды қайта даярлау арнайы дайындық түрінде жүргізіледі, осы ретте негізгі көңіл не қызметтің нақты саласына, не персоналдың міндеттеріне бөлінеді және төмендегі:
жаңа техникалық құралдар мен бағдарламаларды меңгеру үшін;
ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету бойынша қызметті реттейтін нормативтік құқықтық құжаттардың талаптары айтарлықтай өзгерген кезде;
авариялық, штаттан тыс және төтенше жағдайлардағы іс-қимылды пысықтау кезінде және авиациялық оқиғаға немесе авиациялық оқыс оқиғаға әкеп соқтырған бұзушылықтардан кейін;
метеорологиялық жабдықтың жаңа үлгісіне қайта оқыту және нақты жүйелер мен жабдықтарға қызмет көрсету құқығын алу үшін;
жаңа пайдалану технологияларын меңгеру үшін;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа жағдайларда жүзеге асырылады.
Арнайы даярлықжұмыс орнында оқыта отырып, лауазымдық міндеттерді орындауға арналған нақты білімді, машық пен мен дағдыны тәжірибеде қалыптастыру мен бекітуге бағытталған, оның барысындағы нақты жағдайларда бұрын алынған білім мен дағды нақты бірігеді. Осы даярлық білім мен дағды алудың соңғы сатысы болып табылады және оның қорытындысы болып саналады.
Ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету жөніндегі персоналдың арнайы даярлығы (қажеттілігіне қарай) аэронавигациялық ұйымның өзінде тәжірибелік дайындық түрінде, Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымда жекеленген курс, тренинг түрінде өткізіледі. Осы ретте даярлау бағдарламасын уәкілетті органда бекіту талап етілмейді.
Арнайы даярлық маманның функционалдық міндеттерін атқару кезінде қажет теориялық білім мен тәжірибелік дағдыны тексерумен аяқталады.
20-тарау. Ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкерді/ұшу диспетчерін кәсіптік даярлаудың үлгілік бағдарламасы
Бастапқы даярлау (қайта даярлау) жаңа мамандықты және/немесе мамандандыруды игерген, қызметтің бейіні мен бағыты өзгерген кезде, сондай-ақ ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкерге/ұшу диспетчеріне қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес болу үшін қосымша мамандық алу мақсатымен бастапқы және/немесе кәсіптік білім, дағды мен машық алуды және/немесе дамытуды қамтамасыз етеді.
Ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкердің/ұшу диспетчерінің кәсіптік біліктілігін қолдау ұжымдық жұмыс дағдыларын, жүйелер мен жабдықтардың өзгерістерімен таныстыруды, жаңа рәсімдер мен тәжірибелерді зерделеуді, авариялық, қауіпті және штаттан тыс жағдайлардағы іс-әрекеттерге үйретуді қоса алғанда, қолданыстағы білім мен дағдыларды қайта қарауды, бекітуді және кеңейтуді, сондай-ақ жұмыста 6 айдан артық, бірақ үш жылдан аспайтын үзіліс болғаннан кейін кәсіптік дағдыны қалпына келтіруді қамтамасыз етеді.
Ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкердің/ұшу диспетчерінің кәсіптік біліктілігін қолдау даярлаудың теориялық және тәжірибелік түрлерін қамтиды. Бастапқы даярлау (қайта даярлау) кезінде Теориялық даярлық авиациялық оқу орталықтарында, ал тәжірибелік даярлау пайдалану кәсіпорындарында немесе сертификатталған техникалық және авиациялық оқу орталықтарында техникалық мүмкіндік болған жағдайда іске асырылады. Осы ретте тәжірибелік даярлау пайдалану кәсіпорнының рәсімдеріне сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтық авиация саласының уәкілетті органымен келісілген меншікті бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
Кәсіптік деңгейді қолдау Теориялық даярлық түрінде кемінде үш жылда бір рет авиациялық оқу орталығында немесе пайдалану кәсіпорнында технологиялық мүмкіндік болған кезде іске асырылады. Егер, осы ретте пайдалану кәсіпорны тәжірибелік даярлауды өткізе алатын болса, онда ол пайдалану кәсіпорнының рәсімдеріне сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтық авиация саласының уәкілетті органымен келісілген меншікті бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
Пайдалану кәсіпорнының бағдарламалары олардың операциялық және/немесе рәсімдік нұсқаулықтарының құрамдас бөлігі болуы мүмкін.
Бастапқы Теориялық даярлық дың көлемі оқытылатын персоналдың бастапқы білімімен, сондай-ақ біліктілігімен айқындалады және ол:
сала бойынша оқу алдындағы жұмыс өтілі алты айдан артық үзілмеген және:
ӘК-ні ұшуда пайдалану (ұшқыш, штурман), ӘК-ге диспетчерлік қызмет көрсету (ӘҚҚ, ПВД, Брифинг диспетчері) мамандықтары бойынша базалық авиациялық білімі (арнайы орта, жоғары, бакалавр, магистратура, әскери оқу мекемесі)бар
мамандандырылған бастапқы даярлаудан өткен және авиация персоналы (ұшқыш, штурман, ӘҚҚ, ПВД, Брифинг диспетчері) куәлігін алған
азаматтық авиация мамандары үшін, құзыретті бағалау элементтерін қоса алғанда, кемінде 60 оқу сағатын құрайды;
сала бойынша оқу алдындағы жұмыс өтілі алты айдан артық үзілмеген және:
метеорологиялық қамтамасыз етуге байланысты мамандықтар бойынша базалық авиациялық білімі және ӘК-нің ұшуын метеорологиялық қамтамасыз ету саласында кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар немесе;
ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкер/ұшу диспетчері ретінде мамандандырылған даярлығы бар, мамандығы бойынша үш жылдан астам жұмыс істемеген немесе;
оқу алдындағы жыл бойы ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкердің/ұшу диспетчерінің міндеттерін жүзеге асырған маман ретіндегі жұмыс тәжірибесі бар азаматтық авиация мамандары үшін, құзыретті бағалау элементтерін қоса алғанда, кемінде 60 оқу сағатын құрайды.
сала бойынша оқу алдындағы жұмыс өтілі алты айдан артық үзілмеген және:
бортоператор, борт инженер, бортсерік, авиациялық станция операторы, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі маман секілді авиациялық мамандықтар бойынша базалық білімі немесе мамандандырылған бастапқы даярлығы (кәсіптік даярлау курстары және т.б.)бар немесе;
ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкер/ұшу диспетчері ретінде мамандандырылған даярлығы бар, мамандығы бойынша бес жылдан астам жұмыс істемеген азаматтық авиация мамандары үшін, құзыретті бағалау элементтерін қоса алғанда, кемінде 150 оқу сағатын құрайды
арыз берушілердің барлық қалған санаттары үшін құзіретті бағалау элементтерін қоса алғанда, кемінде 160 оқу сағатын құрайды.
Бастапқы даярлау ең кемінде осы Үлгілік бағдарламаға 49-қосымшада келтірілген салалардағы білімді игеру мен көрсетуді қамтамасыз етеді.
Құзыретті бағалау элементтерін қоса алғанда, кәсіптік деңгейді қолдау бойынша бағдарламаның мазмұны бастапқы даярлаудан (қайта даярлаудан) алынған, сондай-ақ жаңадан қалыптастырылған білім мен дағдыны растауды қамтамасыз етеді және кемінде 30 сағат көлемінде іске асырылады.
Біліктілік деңгейін кәсіптік қолдау кемінде бес жылда бір рет өткізіледі, не болмаса, бес жыл бойы бірізділікпен жекеленген модульдер түрінде іске асырылады.
Осы параграфта айтылған ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкер/ұшу диспетчері кәсіптік даярлаудың барлық бағдарламаларының жалпы көлеміне ағылшын тілінің аспектілерін және АОО-ның қарауы бойынша, не оқытуға тапсырыс беруші қажет еткен кезде АА субъектілерінің басқа қызметтерін зерделеу енгізілуі мүмкін.
Алты айдан екі жылға дейін мамандығы бойынша жұмыс істемеген ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкер/ұшу диспетчері кәсіптік деңгейді қолдау курстарында оқуға тиіс.
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы нормативтік-құқықтық актілер белгілейтін кәсіптік даярлауға жаңа және қосымша талаптар енгізілген кезде, оларды кәсіптік даярлау бағдарламаларында іске асыру міндетті болып болып табылады, ал сағаттардың жалпы саны нақтыланады.
21-тарау. Авиациялық станциялардың операторларын және оператор-нұсқаушыларын кәсіптікдаярлаудың үлгілік бағдарламасы
1-араграф. Авиациялық станциялардың операторларын кәсіптік даярлау
Авиациялық станциялардың операторларын кәсіптік даярлаудың осы үлгілік бағдарламасы кәсіптік даярлаудың қағидатын, ұйымдастырылуын, тәртібі мен ең аз көлемін, сондай-ақ төмендегі мамандар ретінде дербес жұмысқа рұқсат беруді белгілейді:
авиациялық станцияның операторы;
авиациялық станцияның оператор-нұсқаушысы.
Авиациялық станциялардың операторларын кәсіптік даярлау мамандықты меңгеру, жаңа технологияларды зерделеу, қызмет аясы өзгерген немесе кеңейген, авариялық, штаттан тыс жағдайларда іс-әрекеттерді пысықтаған кезде және жүйелердің жұмысқа қабілеттілігі нашарлаған жағдайларда орындалатын қызметтік міндеттерге сәйкес болуы үшін жүргізіледі.
Авиациялық станциялар операторлары бастапқы даярлау, қайта даярлау және кәсіптік деңгейді қолдау келесі сатыларды қамтиды:
теориялық даярлық;
тәжірибелік даярлық.
Бастапқыдаярлау және қайтадаярлауаталғанмамандарға арналған біліктілікталаптарына сәйкес келетін тұлғаларға жүргізіледі және кемінде 88 сағатқұрайтындаярлаудыңжалпыкөлемінде жүргізіледі.
Кәсітік деңгейді қолдау 24 айда бір рет мерзімділікпен өткізіледі және жалпы көлемі 40 сағаттан кем болмайды.
Құзыретті бағалау элементтерін қоса алғанда, кәсіптік деңгейді қолдау бойынша бағдарламаның мазмұны бастапқы даярлаудан, қайта даярлаудан алынған және кемінде 40 сағат көлемінде жаңадан қалыптастырылған білім мен дағдыны растауды қамтамасыз етеді.
Бастапқы даярлау, қайта даярлау және кәсіптік деңгейді қолдау көлемі азаматтық авиациясы саласындағы уәкілетті орган бекітетін АОО бағдарламаларына сәйкес реттеледі.
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы нормативтік-құқықтық актілер белгілейтін кәсіптік даярлауға жаңа және қосымша талаптар енгізілген кезде, оларды кәсіптік даярлау бағдарламаларында іске асыру міндетті болып болып табылады, ал сағаттардың жалпы саны барабар өзгереді.
Авиациялық станциялардың операторларын бастапқы даярлау, қайта даярлау және кәсіптік деңгейлерін қолдау осы Үлгілік бағдарламаға 50-қосымшада келтірілген келесі салаларда қажетті білімді зерделеуді және көрсетуді қамтиды.
Тәжірибелік даярлау білікті нұсқаушылардың басшылығымен бекітілген бағдарлама бойынша жаттығу құрылғысын немесе арнайы жабдықты пайдалану арқылы жүргізіледі.
Тыңдаушылардың сабақ үлгерімі ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау түрінде болуы мүмкін және техникалық құралдарды, оның ішінде компьютерлік техниканы, сауалнама жүргізу, тест жүргізу, ауызша сұрақ-жауап, жазбаша бақылау жұмыстары әдістерін қолдану арқылы жүзеге асырыла алады.
Теориялық және тәжірибелік даярлау сәтті аяқталған соң авиациялық станцияларының білікті оператор-нұсқаушыларының басшылығымен дербес жұмыс рұқсат алу үшін тиісті өндірістік тағылымдама жүргізіледі.
Авиациялық станцияның білікті оператор-нұсқаушысының басшылығымен теңіз қондырғысында тағылымдамадан өтудің ең аз көлемі біліктілік белгісін алуға өтініш берер алдындағы6 ай бойғы кемінде 60 жұмыс күнін құрайды.
Тағылымдама:
1) тікұшақ айлағының бас жоспарын және оның физикалық сипаттамаларын зерделеу;
2) объектіде ұйымдық құрылымды зерделеу;
3) әуе кеңістігінің құрылымын зерделеу;
4) жұмыс орнында ӘҚҰ жалпы технологиялық үдерісін зерделеу;
5) ұшуды орындау жөніндегі нұсқаулықты(тікұшақ айлағының аэронавигациялық паспортын) зерделеу;
6) нақты жұмыс орнында пайдаланылатын анықтамалық материалмен және рәсімдермен танысу;
7) аралас жұмыс пункттерімен, ұшуды бақылау және үйлестіру органдарымен өзара әрекет ету тәртібі мен ерекшеліктерін зерделеу;
8) жұмыс пунктін метеорологиялық қамтамасыз етумен танысу;
9) әуе қозғалысына қызмет көрсеткен кезде ұшуды қамтамасыз етудің радиотехникалық жүйелерімен танысу;
10) жердегі байланыс құралдарымен танысу;
11) жұмыс пунктін (жабдық пен оны пайдалану) және ӘҚҰ ерекшеліктерін зерделеу;
12) нақты жұмыс орнында авиациялық станция операторының жұмыс істеу технологиясын және радиоалмасу қағидалары мен фразеологиясын тәжірибелік қолдану;
13) өндірістік тәжірибе сияқты білімді, дағдыны және машықты қамтуға тиіс.
497. Авиациялық станцияның оператор-нұсқаушысы тағылымдамадан өтушінің білімін тексереді және тағылымдадан өтушінің өндірістік тәжірибені(даярлауды) бастауға дайын екендігі туралы шешім қабылдайды.
498. Өндірістік тәжірибе (даярлау) авиациялық станция операторының жұмыс орнында өткізіледі.
499. Өндірістік тәжірибе (даярлау) нұсқаушының әуе қозғалысына қызмет көрсетуді (жұмыс орнындағы рәсімдерді) нұсқаушылық көрсетуді және оператор-нұсқаушының бақылауымен тағылымдамадан өтушінің авиациялық станция операторы ретіндегіжұмысын қамтиды.
501. Авиациялық станция операторының нұсқаушылық көрсетуі тағылымдамадан өтушінің көзінше авиациялық станция оператор-нұсқаушысының әуе қозғалысына тәжірибелік қызмет көрсетуін көздейді және ол:
әуе ахуалына тән мысалдармен түсіндіру арқылы;
әуе ахуалын бақылау әдістері мен рәсімдерін түсіндіру арқылы;
тиісті ақпарат пен шешімдерді қабылдау және беру себептерін түсіндіру арқылы;
ӘҚҚ кезінде назар аударуға байланысты ұсыныстар арқылы;
ӘҚҰ РТҚ пайдалану жөніндегі ұсыныстар арқылы;
Аралас жұмыс пункттерімен өзара әрекет ету жөніндегі ұсыныстар арқылы сүйемелденеді.
502.Тағылымдамадан өтушінің авиациялық станция операторы ретіндегі жұмысы оператор-нұсқаушының бақылауымен авиациялық станция операторының міндеттерін ішінара немесе толық орындауын көздейді және ол:
ахуалдың дамуы және тағылымдамадан өтушінің іс-әрекетін оператор-нұсқаушының үздіксіз бақылауы арқылы;
тағылымдамадан өтушінің іс-әрекетіне уақтылы араласуға оператор-нұсқаушының әрдайым дайын болуы арқылы;
тағылымдамадан өтушіде қиындықтар туындаған кезде оператор-нұсқаушының түсініктемелер, ұсыныстар беруі және көмек көрсетуі арқылы сүйемелденеді.
502. Өндірістік тағылымдама аяқталған соң авиациялық станцияның оператор-нұсқаушысы алынған білімді, дағдыны және машықты тексереді және тағылымдамадан өтушінің жұмыс пунктіндегі дербес жұмысқа дайын екендігі туралы шешім қабылдайды.
2-параграф. Авиациялық станциялардың оператор-нұсқаушыларын кәсіптік даярлау
503. Авиациялық станциялардың оператор-нұсқаушыларын кәсіптік даярлаудың осы үлгілік бағдарламасы кәсіптік даярлаудың қағидатын, ұйымдастырылуын, тәртібі мен ең аз көлемін, сондай-ақ дербес жұмысқа рұқсат беруді белгілейді.
504. Авиациялық станциялардың операторларын кәсіптік даярлау мамандықты меңгеру, жаңа технологияларды зерделеу, қызмет аясы өзгерген немесе кеңейген, авариялық, штаттан тыс жағдайларда іс-әрекеттерді пысықтаған кезде және жүйелердің жұмысқа қабілеттілігі нашарлаған жағдайларда орындалатын қызметтік міндеттерге сәйкес болуы үшін жүргізіледі.
505. Авиациялық станциялар операторлары бастапқы даярлау, қайта даярлау және кәсіптік деңгейді қолдау келесі сатыларды қамтиды:
теориялық даярлық;
тәжірибелік даярлық;
авиациялық станция оператор-нұсқаушысының біліктілік талаптарына сай тұлғалардың ішінен авиациялық станцияның оператор-нұсқаушысын қайта даярлау және кәсіптік деңгейін қолдау 24 сағаттан кем емес жалпы көлемде жүргізіледі;
авиациялық станция операторының қолданыстағы куәлігі бар тұлғалардың ішінен авиациялық станцияның оператор-нұсқаушысын қайта даярлау және кәсіптік деңгейін қолдау кезінде екі және одан да артық тікұшақ айлағындағы қосынды жұмыс өтілі екі жылдан кем болмайды;
авиациялық станцияның оператор-нұсқаушысын қайта даярлау және кәсіптік деңгейін қолдау кезінде үміткерде 4-ші (жұмыс) деңгеден төмен емес ИКАО тілді білу шкаласы бойынша меңгеру деңгейін растайтын қолданыстағы сертификат болуға тиіс.
506. Кәсіптік деңгейді қолдау 36 айда бір рет мезімділікпен өткізіледі және көлем жағынан 24 сағаттан кем болмайды.
507. Құзыретті бағалау элементтерін қоса алғанда, кәсіптік деңгейді қолдау бойынша бағдарламаның мазмұны бастапқы даярлаудан, қайта даярлаудан алынған және кемінде 24 сағат көлемінде жаңадан қалыптастырылған білім мен дағдыны растауды қамтамасыз етеді.
508. Бастапқы даярлау, қайта даярлау және кәсіптік деңгейді қолдау көлемі азаматтық авиациясы саласындағы уәкілетті орган бекітетін АОО бағдарламаларына сәйкес реттеледі.
509. Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы нормативтік-құқықтық актілер белгілейтін кәсіптік даярлауға жаңа және қосымша талаптар енгізілген кезде, оларды кәсіптік даярлау бағдарламаларында іске асыру міндетті болып болып табылады, ал сағаттардың жалпы саны барабар өзгереді.
510. Авиациялық станциялардың оператор-нұсқаушыларын бастапқы даярлау, қайта даярлау және кәсіптік деңгейлерін қолдау осы Үлгілік бағдарламаға 51-қосымшада келтірілген келесі салаларда қажетті білімді зерделеуді және көрсетуді қамтиды.
511. Тәжірибелік даярлау білікті нұсқаушылардың басшылығымен бекітілген бағдарлама бойынша жаттығу құрылғысын немесе арнайы жабдықты пайдалану арқылы жүргізіледі.
512. Тыңдаушылардың сабақ үлгерімі ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау түрінде болуы мүмкін және техникалық құралдарды, оның ішінде компьютерлік техниканы, сауалнама жүргізу, тест жүргізу, ауызша сұрақ-жауап, жазбаша бақылау жұмыстары әдістерін қолдану арқылы жүзеге асырыла алады.
513. Авиациялық станцияның оператор-нұсқаушысын теориялық және тәжірибелік даярлау сәтті аяқталғаннан кейін тағылымдама өткізілмейді.
22-тарау. Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және
авиациялық электр байланысы жөніндегі мамандарды (радиотехникалық жабдықты және электр байланысын
пайдалану жөніндегі мамандарды) кәсіптік даярлаудың үлгілік бағдарламасы
1-параграф. Жалпы ережелер.
514. Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және авиациялық электр байланысы жөніндегі мамандарды кәсіптік даярлаудың осы үлгілік бағдарламасы ұшуды қамтамасыз етудің радиотехникалық жабдықтарын және электр байланысын пайдалану (бұдан әрі – РТЖБП) жөніндегі инженерлік-техникалық персоналды, ИКАО терминологиясы бойынша – әуе қозғалының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған электрондық құралдар жөніндегі персоналды (ATSEP) кәсіптік даярлаудың қағидатын, негізгі функцияларын,дербес жұмысқа рұқсат берудің тәртібін айқындайды.
515. Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және авиациялық электр байланысы жөніндегі мамандарды кәсіптік даярлаудың осы үлгілік бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылатын оқыту РТЖБП жөніндегі мамандардың төмендегі лауазымдық міндеттерді атқаруларын қамтамасыз етеді (функционалдық міндеттері мен орындайтын жұмысына байланысты):
ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету жүйелері мен жабдықтарына (бұдан әрі – ҰРТҚ, ИКАО терминологиясына сәйкес - CNS/ATM) техникалық қызмет көрсету, оған қоса:
жердегі радионавигациялық құралдарды калибрлеу;
ҰРТҚ жүйелері мен жабдықтарын сертификаттау;
пайдаланымдағы ҰРТҚ жабдықтарын жетілдіру;
түзетушілік техникалық қызмет көрсетуді орындау;
превентивті техникалық қызмет көрсетуді орындау;
ҰРТҚ жүйелері мен жабдықтарын орнату;
ҰРТҚ жүйелері мен жабдықтарын пайдалану басқару және жұмысқа қабілеттілігін бақылау;
ҰРТҚ жүйелері мен жабдықтарын пайдалануға даярлау, жұмысқа қабілеттілігін бағалау, жаңарту, техникалық қызмет көрсету қағидалары мен стандарттарын әзірлеу.
516. Бастапқы даярлау РТЖБП жөніндегі мамандарға қойылатын біліктілік талаптарға сәйкестендіру үшін базалық, бастауыш, кәсіптік білімдер мен дағдыны алуды, сондай-ақ дамытуды,оған қоса мамандандыруды қамтамасыз етеді. Техникалық (арнаулы орта, жоғары техникалық білімі, баклавриат, магистратура) немесе электронды техника саласында кемінде 1600 сағат көлемінде мамандандырылған әскери білімі бар тұлғалардың қатарынан РТЖБП жөніндегі мамандарды бастапқы даярлау авиациялық ерекшеліктерді және аэронавигациялық ұйымда пайдаланылатын жабдықтарды зерделеуді қамтамасыз етеді.
517. Электронды техника саласында даярлау (мамандандыру) осы құжаттың мақсатында қосынды көлемі 1600 сағаттан тұратынфизика, электротехника, радиотехника, электроника, микроэлектроника және т.б.; радиотехникалық тізбектер мен сигналдар; электромагнит өрістері және радиотолқынның таралуы; аналогты және сандық техника; мамандандырылған аспаптар мен жабдықтар; өлшеу жүйелері, метрология және өлшеу құралдары; электр энергиясының көздері; басқару жүйелері, автоматика, телемеханика, есептеу техникасы, бағдарламалау, операциялық жүйелер, компьютерлік модельдеу, өңдеу құралдары, көзбен шолу, жобалау, жабдықтың сенімділігі сияқты қосынды көлемі 1600 сағаттан тұратын пәндерді (тақырыптарды, модульдерді және т.б.) зерделеу дегенді білдіреді. Осы ретте, көрсетілген атаулар нақты пәндердің (тақырыптардың, модульдердің және т.б.) аттары болып табылмайды, тек ғылым, техника, технология салаларына, оқу бағдарламаларына қарым-қатынасты көрсетеді.
518. РТЖБП жөніндегі мамандардың кәсіптік біліктілігін қолдау ұжымдық жұмыс дағдыларын, жүйелер мен жабдықтардың өзгерістерімен таныстыруды, жаңа рәсімдер мен тәжірибелерді зерделеуді, авариялық, қауіпті және штаттан тыс жағдайлардағы іс-әрекеттерге үйретуді қоса алғанда, қолданыстағы білім мен дағдыны қайта қарауды, бекітуді және кеңейтуді, сондай-ақ жұмыста 6 айдан артық үзіліс болғаннан кейін кәсіптік дағдыны қалпына келтіруді қамтамасыз етеді.
519. РТЖБП жөніндегі мамандарды қайта даярлау жұмыс сипаты (лауазымдық міндеттердің бейіні), жұмыс жағдайлары (жаңа рәсімдерді енгізу), жүйенің құралымы (жаңарту немесе ауыстыру), мамандықтар, мамандандырулар, жұмыс бейіні өзгергенде, сондай-ақ жүйелерді, жабдықтарды пайдалануға рұқсатттама алу және біліктілік туралы жазбалар алу үшін жүргізіледі.
2-параграф. РТЖБП жөніндегі мамандарды бастапқы даярлау
520. Бастауыш, кәсіптік білім, дағды мен машық алуға, сондай-ақ дамытуға, оған қоса мамандандыруға және қажет болған кезде, жабдықтар мен жүйелердің нақты түрлерін зерделеуге бағытталған бастапқы даярлау электронды техника саласындағы техникалық білімі жоқ тұлғаларға жүргізіледі.
521. Осы үлгілік бағдарламалар бекітілген мезетке дейіндербес жұмысқа рұқсаттаманы сол мезетте белгіленген талаптарға сәйкес алған РТЖБП жөніндегі мамандар бастапқы Теориялық даярлық дан кәсіптік деңгейді қолдау курстарында өтеді.
522. Бастапқы даярлау мына сатыларды қамтиды:
Теориялық даярлық ;
тәжірибелік даярлау.
523. Теориялық даярлық мынадай негізгі оқыту нысандарында жүзеге асырылады:
күндізгі стационарлық (кешенді, үлгілік);
модульдік;
сырттай;
қашықтықтан;
құрамдастырылған.
524. Бастапқы даярлау көлемі келесі белгілерге сәйкес болуға тиіс:
техникалық немесе электронды техника саласында кемінде 1600 сағат көлемінде мамандандырылған әскери білімі бар тұлғалардың қатарынан РТЖБП жөніндегі мамандарды бастапқы даярлау кезінде даярлаудың жалпы көлемі кемінде 200 сағатты құрайды;
техникалық білімі жоқ тұлғалардың қатарынан РТЖБП жөніндегі мамандарды бастапқы даярлау кезінде даярлаудың жалпы көлемі электронды техника саласында мамандандыру қажеттілігін негізге ала отырып, кемінде 1600 сағат көлемі белгіленеді;
тәжірибелік даярлау АОО-да оқыту аяқталғаннан кейін, аэронавигациялық ұйымда тағылымдама нысанында өткізіледі;
ағылшын тілі бастапқы даярлау бағдарламасының жалпы көлеміне қажет болған кезде,стандарттар болғанда оқушылардың санатына және оларға қойылатын біліктілік талаптарына байланысты пайдалану құжаттарын қолдану және қатынасу үшін жеткілікті көлемде енгізіледі;
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы нормативтік-құқықтық актілер белгілейтін кәсіптік даярлауға жаңа және қосымша талаптар енгізілген кезде, оларды кәсіптік даярлау бағдарламаларында іске асыру міндетті болып болып табылады, ал сағаттардың жалпы саны нақтыланады;
бастапқы Теориялық даярлық осы Үлгілік бағдарламаға 52-қосымшада келтірілген келесі салаларда қажетті білімді зерделеуді және көрсетуді қамтиды.
525. Теориялық даярлық аяқталған соң, тәжірибелік даярлауға (тағылымдамаға) ауысу жүзеге асырылады, онда бұрын алынған білім мен дағдыны тағылымдама бойынша білікті нұсқаушының қадағалауымен нақты біріктіру шынайы жағдайларда өтеді.
3-параграф. РТЖБП жөніндегі маманды тағылымдамадан өткізу
526. ҰРТҚ және байланыс объектілерінде дербес жұмысқа тиісті кәсіптік даярлаудан және жұмыс орнында келесі тағылымдамадан (ИКАО терминологиясы бойынша – жұмыс орнында оқыту бойынша білікті маманның қадағалауымен жұмыс орнында оқыту) өткен мамандарға рұқсат беріледі.
527. Тағылымдама жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, ҰРТҚ және электр байланысы объектілерінде лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажет кәсіптік білімді, машықты және дағдыны тәжірибеде қалыптастыру мен бекітуге бағытталады және:
дербес жұмысқа рұқсаттама алу үшін;
ҰРТҚ және байланысты, не аэронавигациялық ұйымның бөлімшесін бір объектіден басқа объектіге, бөлімшеге ауыстырған кезде;
кезекті біліктілік деңгейін берген (растаған) кезде;
жұмыста 6 (алты) айдан астам үзіліс болған кезде;
авариялық, штаттан тыс және төтенше жағдайлардағы іс-әрекеттерді пысықтаған кезде;
авиациялық оқиғаға немесе авиациялық оқыс оқиғаға әкеп соқтырған бұзушылықтардан кейін;
өзінің функционалдық міндеттерін орындауға маманның қабілеттігін тексеру үшін қажет өзге жағдайларда жүргізіледі.
528. Тағылымдама басшысы (нұсқаушы) тағылымдаманың мақсатын, нысанын, басталу және аяқталу мерзімдерін белгілейді. Бір тағылымдама басшысына бөлінетін тағылымдамадан өтушілер саны алты адамнан аспауға тиіс.
529. Тағылымдама басшысы (нұсқаушы) тағылымдамадан өтуші туралы объективті деректер және онымен жеке әңгімелесу негізінде тағылымдама өткізудің жеке жоспарын жасайды, оған қажеттілігіне қарай тиісті түзетулер енгізеді.
530.Тағылымдаманы өткізудің жеке жоспарын жасау кезінде нұсқаушыға тағылымдамадан өтушіні қосымша тестілеуге (білімдерін тексеруге) рұқсат етіледі.
531. Тағылымдама барысында:
лауазымдық нұсқаулық, техника қауіпсіздігі, өртке қарсы, авиациялық қауіпсіздік, объектішілік жұмыс режимі мен тәртібі бойынша нұсқаулықтар;
нормативтік құжаттаманың маманға қатысты бөлігі;
объектінің жұмыс істеуінің, электрмен жабдықталуының, басқарылуымен байланысыныңқұрылымдық схемалары, техникалық пайдаланудың сипаттамалары, қағидалары, нұсқаулықтары және объектіде орнатылған жабдыққа техникалық қызмет көрсету регламенттері;
объектінің негізгі жабдығын резервтеу тәртібі,пайдалану уақыты ішінде аппаратуралар мен жабдықтардың құрастырылымдарына жасалған электрмен жабдықтауды өзгерту көздері;
жабдықты тәжірибелік пайдалану, объектіде пайдаланылатын бақылау-өлшеу аппаратурасы, объектінің пайдалану құжаттамасы және оны жүргізу тәртібі;
ҰРТҚ және байланыс объектісінің құралдарын метрологиялық қамтамасыз ету бойынша талаптар;
тағылымдама жоспарында көзделген, жергілікті жағдай ерекшеліктеріне немесе тағылымдамадан өтуші мамандығының ерекшелігіне қатысты басқа ережелер мен талаптар зерделенеді.
532. Осыдан кейін тағылымдама басшысы тағылымдамадан өтушінің білімін тексереді және тәжірибелік жұмысты бастауға дайындығы туралы шешім қабылдайды.
533. РТЖБП жөніндегі персонал тағылымдамасының ұзақтығына 3 ай мерзім, ал осы бейін бойынша жұмыс өтілі бар персоналға 1 айға дейінгі мерзім белгіленеді.
534. Тағылымдамадан өтуші теориялық білім мен тәжірибелік дағдыны өзінің функционалдық міндеттерін өз бетінше атқару немесе ҰРТҚ және байланыс жабдықтарының жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру үшін жеткіліксіз дәрежеде меңгерген және үйренген кезде, сондай-ақ оны дәлелді себептерге байланысты 2 айдан аспайтын мерзімге үзген жағдайларда тағылымдама мерзімі тағылымдама басшысының (нұсқаушының) баяндамасы бойынша ұзартылуы мүмкін.
535. Персоналдың тағылымдамадан өтуі ҰРТҚ және байланыс жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру үшін қажетті теориялық білімі мен тәжірибелік дағдыны тексерумен аяқталады.
4-параграф.РТЖБП жөніндегі мамандардың кәсіптік деңгейін қолдау
536. Құзыретті бағалау элементтерін қоса алғанда, кәсіптік деңгейді қолдау бойынша бағдарламаның (ИКАО терминологиясына сәйкес – құзыретті қолдау үшін даярлау) мазмұны бастапқы даярлаудан алынған және кемінде 36 сағат көлемінде жаңадан қалыптастырылған білім мен дағдыны растауды қамтамасыз етеді.
537. Кәсіптік деңгейді қолдау бастапқы даярлаудың осы үлгілік бағдарламасында көрсетілген мерзімділік пен тақырыптарға сәйкес оқу курстары, тренингтер және семинарлар түрінде, оның ішінде қашықтықтан оқыту түрінде ұйымдастырылады және белгіленген мерзім ішінде бір-ақ рет өткізілетін біртұтас курс түрінде, сондай-ақ жекеленген модульдер түрінде де іске асырылуы мүмкін.
538. Инженерлік-техникалық персоналдың және қызметтер мен бөлімшелер басшыларының кәсіптік деңгейін қолдау мерзімділігі әрбір үш жыл сайын жүзеге асырылады.
539. Кәсіптік деңгейді қолдау, ең кемінде, осы Үлгілік бағдарламаға 53-қосымшада келтірілген тарауларды қамтиды және:
мамандандыру бойынша кәсіптік деңгейді мерзімді қолдау;
CNS/ATM дамыту бағдарламаларына сәйкес ҰРТҚ және байланыс жабдықтарын техникалық пайдаланудың жаңа рәсімдерін, жүйелерді жетілдіру жөніндегі тұжырымдамаларды меңгеру;
ҰРТҚ жүйелерінің жұмысқа қабілеттілігі нашарлаған жағдайда авариялық, қауіпті және штаттан тыс іс-әрекеттерге үйрету;
жұмыста 6 айдан астам үзілістерден кейін мамандардың кәсіптік дағдыларын қалпына келтіру мақсатымен жүргізіледі.
540. Алдыңғы тармақтың 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген мақсаттар кәсіптік деңгейді қолдау бағдарламасындағы міндетті түрде іске асырылатын талаптар болып табылады.
541. ҰРТҚ және байланыс жабдықтарын техникалық пайдаланудың жаңа рәсімдерін, жүйелерді жетілдіру жөніндегі тұжырымдамаларды меңгеруаэронавигациялық ұйымның даму жоспарларымен айқындалған мерзімде CNS/ATM жүйелерін дамыту бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады және қажет болған кезде аэронавигациялық ұйымның өзінде техникалық оқу, тәжірибелік дайындық түрінде, авиациялық оқу орталығында жекеленген курс, тренинг түрінде іске асырылуы мүмкін. Осы ретте даярлау бағдарламасын (жоспарын) өкілетті органда бекіттіру талап етілмейді.
542. Жекеленген жағдайларда және жедел қажет болған кезде кәсіптік даярлаудың осы түрі жоспардан тыс, бірақ кезекті мерзімнен кешіктірілмей өткізіледі.
543. Жұмыста 6 айдан астамүзіліс болғаннан кейін кәсіптік дағдыларын қайта қалпына келтіру:
жұмыста алты және он екі айға дейін үзіліс болған кезде тәжірбиелік дағдыларын жұмыс орнында тексеру;
жұмыста бір жылдан астам үзіліс болған кезде кәсіптік деңгейді қолдау бойынша оқыту және тағыламдамадан өткізу арқылы жүзеге асырылады. Тағылымдама көлемін маманның даярлық деңгейіне байланысты төмендетуге, бірақ бастапқы рұқсатнама үшін белгіленген көлемнің70%-нан аспайтын көлемге төмендетуге рұқсат етіледі.
5-параграф. РТЖБП жөніндегі мамандарды қайта даярлау
544. Кәсіптік даярлаудың осы түрі РТЖБП жөніндегі персонал жұмысының бейіні айтарлықтай өзгерген жағдайда жаңа жабдық енгізген және қолданыстағы жабдық жаңартылған, жекеленген бөлімшелердің қызмет көрсету рәсімдері мен бейіні өзгерген, мамандарды қосымша дайындық деңгейі мен мамандандыруды талап ететін лауазымдарға ауыстырған кезде білікті маманды қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.
545. Қайта даярлау бағдарламалары терияны және тиісті құрылғылар мен жүйелерді зерделеуді, тиісті құжаттамаларды пайдалануды және ұшу қауіпсіздігіне ықпал ететін тәжірибелік әдістерді қамтуға тиіс.
546. Қайта даярлау бағдарламасы игерілген соң тиісті тағылымдама өткізіледі.
547. РТЖБП жөніндегі персоналды қайта даярлау арнайы дайындық түрінде жүргізіледі, осы ретте негізгі көңіл не қызметтің нақты саласына, не персоналдың міндеттеріне бөлінеді және:
РТЖБП жабдығының жаңа үлгісіне қайта оқыту және ҰРТҚ және байланыстың нақты жүйелері мен жабдықтарына қызмет көрсету құқығын алу үшін;
жаңа пайдалану технологияларын меңгеру үшін;
авариялық, штаттан тыс және төтенше жағдайлардағы іс-қимылды пысықтау кезінде және авиациялық оқиғаға немесе авиациялық оқыс оқиғаға әкеп соқтырған бұзушылықтардан кейін;
РТЖБП бойынша қызметті реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттардың талаптары айтарлықтай өзгерген кезде;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа жағдайларда жүзеге асырылады.
548. Арнайы даярлықжұмыс орнында оқыта отырып, лауазымдық міндеттерді орындауға арналған нақты білімді, машық пен дағдыны тәжірибеде қалыптастыру мен бекітуге бағытталған, оның барысында жұмыс орнында оқыту жөніндегі білікті нұсқаушының қадағалауымен бұрын алынған білім мен дағды шынайы жағдайларда нақтыбірігеді. Осы даярлық жүйелер мен жабдықтарға қатысты білім мен дағды алудың соңғы сатысы болып табылады және ҰРТҚ және байланыстың нақты құралдарын пайдалануға рұқсаттама оның қорытындысы болып саналады.
549. РТЖБП жөніндегі персоналдың арнайы даярлығы (қажеттілігіне қарай) аэронавигациялық ұйымның өзінде тәжірибелік дайындық түрінде, авиациялық оқу орталығында жекеленген курс, тренинг түрінде өткізіледі. Осы ретте даярлау бағдарламасын уәкілетті органда бекіту талап етілмейді.
550. Арнайы даярлау ҰРТҚ және байланыс жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру үшін қажетті теориялық білімдер мен тәжірибелік дағдыларды тексерумен аяқталады.
23-тарау. Ұшуды электржарықтехникалық қамтамасыз ету жөніндегі мамандарды (Әуежайлар мен әуеайлақтардың электрожарықтехникалық жабдығын пайдалану жөніндегі маман, инженерлік техникалық персонал) кәсіптік даярлаудың үлгілік бағдарламасы
551. Ұшуды электржарықтехникалық қамтамасыз ету жөніндегі мамандарды кәсіптік даярлаудың осы үлгілік бағдарламалары қызметі Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясындағы ұшуларды электржарықтехникалық қамтамасыз ету қағидаларымен реттелетін, ұшуды жарықтехникалық қамтамасыз ету бойынша қызметті тікелей жүзеге асыратын мамандарға кәсіптік даярлау жүргізуге арналған және «Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидаларына» сәйкес іске асырылатын оқыту бағдарламасы мазмұнының ең аз көлемін қамтиды.
552. Қосымша және мамандандырылған курстар мен тренингтер, қажет болған кезде, азаматтық авиация кәсіпорнының қарауы бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағынормативтік-құқықтық актілер белгілейтін кәсіптік даярлауға жаңа және қосымша талаптар енгізілген кезде өткізіледі.
553. Ұшуды электржарықтехникалық қамтамасыз ету жөніндегі мамандарды бастапқы даярлау кәсіптік қызметті жүзеге асыру үшін жұмысқа бірінші рет қабылдаған тұлғаларға міндетті түрде өткізіледі. Осы ретте, азаматтық авиацияның ұқсас мамандандыруы бойынша бұрын жұмыс істеген тұлғаларға бастапқы даярлау талап етілмейді.
554. «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әзірленген нормативтік-құқықтық актілері реттейтін оқыту уақытына қарамастан, бастапқы даярлау көлемі кемінде 30 сағатты құрайды.
555. Ұшуды электржарықтехникалық қамтамасыз ету жөніндегі мамандарды қайта даярлау тікелей азаматтық авиация кәсіпорнындажаңа жүйелер мен технологиялардыжабдықты жасаушылардың бағдарламалары бойынша да, АОО бағдарламалары бойынша да пайдалануға беру шеңберінде жүзеге асырылады.
556. Кәсіптік деңгейді қолдау бастапқы даярлаудың осы үлгілік бағдарламасында көрсетілген мерзімділік пен тақырыптарға сәйкес оқу курстары, тренингтер және семинарлар түрінде, оның ішінде қашықтықтан оқыту түрінде ұйымдастырылады және бес жыл мерзімділікпен іске асырылады. Осы ретте, бес жылда бір рет өткізілетін біртұтас курс түрінде де, бес жыл бойы іске асырылатын жекеленген модульдер түрінде де іске асырылуы мүмкін.
557. Кәсіптік деңгейді қолдау курсының көлемі «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әзірленген нормативтік-құқықтық актілері реттейтін оқыту уақытына қарамастан, кемінде 24 сағатты құрайды.
558. Кәсіптік даярлаудың іске асырылатын түріне қарамастан, оқыту аяқталғаннан кейін оқытылатын маманның біліміне қорытынды бақылау жүргізіледі және соның қорытындысы бойынша тиісті құжат беріледі.
559. Бастапқы даярлау және қайта даярлау аяқталған соң, жұмыс орнында азаматтық авиация кәсіпорнының ішкі қағидаларымен реттелетін тағылымдама өткізіледі.
560.Бастапқы даярлау, ең кемінде, осы Үлгілік бағдарламаға 54-қосымшада келтірілген салалардағы қажетті білімді алуды қамтамасыз етеді.
561. Құзыретті бағалау элементтерін қоса алғанда, кәсіптік деңгейді қолдау бойынша бағдарламалардың мазмұны бастапқы даярлау кезінде және жаңадан алынған білім мен дағдыны растауды қамтамасыз етеді.
562. Кәсіптік деңгейді қолдау мына мақсаттарда өткізіледі:
1) мамандандыру бойынша кәсіптік деңгейді мерзімді қолдау;
2) авариялық, қауіпті және штаттан тыс іс-әрекеттерді үйрету;
3) жұмыста 6 айдан астам үзіліс болғаннан кейін мамандардың кәсіптік дағдыларын қалпына келтіру.
24-тарау. Азаматтық авиация ұйымдары мен авиациялық оқу орталықтары басшыларын кәсіптік даярлаудың үлгілік бағдарламалары
563. Азаматтық авиация ұйымдары мен авиациялық оқу орталықтары басшыларын кәсіптік даярлаудың осы үлгілік бағдарламалары сала персоналының осы санаты үшін АА АОО оқу бағдарламаларына енгізілетін оқыту мазмұнының ең аз көлемін қамтиды.
564. Авиациялық білімі жоқ жоғарғы буын басшылары қосымша біліктілік аттестациясынан өтеді, оны жүргізу қағидасын азаматтық авиация саласындағы өкілетті орган бекітеді. Осы ретте, басшылық, әкімшілік болып табылмайтын лауазымдарда авиакәсіпорынның өндірістік маманы (ұшқыш, авиадиспетчер, техник, инженер, нұсқаушы, экономист және т.б.) ретінде кемінде 3 жыл өтілдің болуы сәйкестіктің басты өлшемі болып саналады.
565. Өндірістік (пайдалану) бөлімшесін басқару белгіленген өлшемге сәйкестік болып табылады.
567. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган лауазымға тағайындаған күннен бастап алғашқы үш ай бойы аттестаттау жүргізіледі.
568. Азаматтық авиация ұйымдарының басшылары кәсіпорынның өндірістік үдерістеріндегі және сала қызметінің басқа да өрістеріндегі білімді кеңейту үшін өз қарауы бойынша қосымша және мамандандырылған курстар мен тренингтерден өтеді.
569. Кәсіптік даярлаудың толық циклі осы үлгілік бағдарламаларда көрсетілген тақырыптарға сәйкес курстарды, тренингтерді және семинарларды, оның ішінде қашықтықтан оқыту түрлерін қамтиды және 5 жылды құрайды.
570. Авиациялық білімі жоқ басшылар лауазымға тағайындалған күннен бастап бір жыл ішінде кәсіптік даярлаудан өтуге тиіс.
571.Оқыту үш жылда бір рет өткізілетін біртұтас курс түрінде де, 5 жыл бойы өткізілетін жекеленген модульдер түрінде де ұйымдастырылуы мүмкін.
572.Басқа басшылық жұмысқа тағайындалған кезде, өтілген курс немесе модульдер тиісті оқыту аяқталған күннен бастап бес жыл бойы жарамды болады.
573.Осы үлгілік бағдарламалардың талаптарын орындаған кезде:
Азаматтық авиация ұйымының жоғарғы буыны басшыларының санатына бірінші басшылар (бас директор, директор, президент, вице-президент, директорлар кеңесінің төрағасы, басқарушы директор, аппарат басшысы және т.б.) және олардың штаттық орынбасарлары, сондай-ақ АА АОО-ның азаматтық авиция мамандарын даярлауды жүзеге асыратын басшы жұмыскерлері жатады;
Азаматтық авиация ұйымының бірінші буыны басшыларының санатына орталықтардың, департаменттердің, басқармалардың, қызметтердің, ірі бөлімдердің басшылары (10 адамнан астам) сияқты басқару аппаратының жұмыскерлері жатады.
573.Авиациялық білімі бар азаматтық авиация ұйымының басшылары үшін осы Үлгілік бағдарламалар көлемінде оқыту міндетті болып табылмайды.
574.Азаматтық авиация саласының басшыларын оқыту бағдарламасы осы Үлгілік бағдарламаларға 55-қосымшада келтірілген аспектілерді қамтиды.
25-тарау. Теңіз қондырғыларына тікұшақты қондыру жөніндегі маманды және нұсқаушыны кәсіптік даярлаудың үлгілік бағдарламалары
1-параграф. Теңіз қондырғысына тікұшақты қондыру жөніндегі маманды кәсіптік даярлау бағдарламалары
575.Теңіз қондырғыларына тікұшақты қондыру жөніндегі маманды кәсіптік даярлаудың осы үлгілік бағдарламалары кәсіптік даярлаудың қағидаттарын, ұйымдастыруды, тәртібі мен ең аз көлемін, сондай-ақтөмендегі маман ретіндедербес жұмысқа рұқсат беруді белгілейді:
теңіз қондырғыларына тікұшақты қондыру жөніндегі маман;
теңіз қондырғыларына тікұшақты қондыру жөніндегі маман-нұсқаушы.
576. Теңіз қондырғыларына тікұшақты қондыру жөніндегі маманды кәсіптік даярлаумамандықты меңгеру, жаңа технологияларды зерделеу, қызмет аясы өзгерген немесе кеңейген, авариялық, штаттан тыс жағдайларда іс-әрекеттерді пысықтаған кезде және жүйелердің жұмысқа қабілеттілігі нашарлаған жағдайларда орындалатын қызметтік міндеттерге сәйкес болуы үшін жүргізіледі.
577. Теңіз қондырғыларына тікұшақты қондыру жөніндегі маманды бастапқы даярлау, қайта даярлау және кәсіптік деңгейін қолдау келесі сатыларды қамтиды:
теориялық даярлық;
тәжірибелік даярлық.
578. Бастапқы даярлауды және қайта даярлауды аталған мамандарға арналған біліктілік талаптарға сәйкес тұлғалар өткізеді және кемінде 76 сағат жалпы даярлау көлемінде жасалады.
579. Кәсіптік деңгейді қолдау 24 айда бір рет мерзімділікпен өткізіледі және жалпы көлемі 40 сағаттан кем болмайды.
580. Бастапқы даярлау, қайта даярлау және кәсіптік деңгейді қолдау көлемі азаматтық авиациясы саласындағы уәкілетті орган бекітетін АОО бағдарламаларына сәйкес реттеледіжәне мына өлшемдерге сай болады:
авиация персоналы ішінен теңіз қондырғыларына тікұшақты қондыру жөніндегі маманды бастапқы даярлау кезінде жалпы даярлау көлемі 40 сағаттан кем болмауға тиіс;
авиациялық білімі жоқ тұлғалар ішінен теңіз қондырғыларына тікұшақты қондыру жөніндегі маманды бастапқы даярлау кезінде жалпы даярлау көлемі 76 сағаттан кем болмауға тиіс;
теңіз қондырғыларына тікұшақты қондыру жөніндегі маманды бастапқы даярлау кезінде тыңдаушыларда 4-ші деңгейден төмен емес ИКАО-ның тілдік білім шкаласы бойынша меңгеру деңгейі туралы қолданыстағы сертиификат болуға тиіс;
теңіз қондырғыларына тікұшақты қондыру жөніндегі маманды бастапқы даярлау кезінде тыңдаушыларда авиациялық станция операторының қолданыстағы куәлігі мен теңіз қондырғыларында кемінде екі жыл жұмыс өтілі болуға тиіс.
581. Құзыретті бағалау элементтерін қоса алғанда, кәсіптік деңгейді қолдау бойынша бағдарламаның мазмұны бастапқы даярлаудан алынған және кемінде 40 сағат көлемінде жаңадан қалыптастырылған білім мен дағдыны растауды қамтамасыз етеді.
582. Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы нормативтік-құқықтық актілер белгілейтін кәсіптік даярлауға жаңа және қосымша талаптар енгізілген кезде, оларды кәсіптік даярлау бағдарламаларында іске асыру міндетті болып болып табылады, ал сағаттардың жалпы саны барабар өзгереді.
583.Теңіз қондырғыларына тікұшақты қондыру жөніндегі маманды бастапқы даярлау, қайта даярлау және кәсіптік деңгейін қолдау осы Үлгілік бағдарламаларға 56-қосымшада келтірілген келесі салаларда қажетті білімді зерделеуді және көрсетуді қамтиды.
584. Теориялық даярлау сәтті аяқталған соң, бекітілген бағдарлама бойынша білікті нұсқаушылардың басшылығымен жаттығу құрылғысы мен арнайы жабдықты пайдалана отырып, тәжірибелік даярлау жүргізіледі.
585. Теориялық және тәжірибелік даярлау сәтті аяқталған соң дербес жұмыс рұқсат алу үшін теңіз қондырғыларына тікұшақты қондыру жөніндегі білікті маман-нұсқаушылардың басшылығымен тиісті өндірістік тағылымдама жүргізіледі.
586.Теңіз қондырғыларына тікұшақты қондыру жөніндегі білікті маман-нұсқаушылардың басшылығымен тағылымдама өткізудің ең аз көлемі азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға дербес жұмысқа рұқсаттама алуға өтініш берудің алдындағы 6 ай бойы қызмет көрсетілетін түкұшақтардың кемінде 75 ұшып көтерілу мен қонуды құрайды.
587.Тағылымдама:
тікұшақ айлағының бас жоспарын және оның физикалық сипаттамаларын зерделеу;
объектіде ұйымдық құрылымды зерделеу;
әуе кеңістігінің құрылымын зерделеу;
тікұшақ айлағының объектілерін зерделеу;
жұмыс орнында ӘҚҰ жалпы технологиялық үдерісін зерделеу;
ұшуды орындау жөніндегі нұсқаулықты(тікұшақ айлағының аэронавигациялық паспортын) зерделеу;
нақты жұмыс орнында пайдаланылатын анықтамалық материалмен және рәсімдермен танысу;
аралас жұмыс пункттерімен, ұшуды бақылау және үйлестіру огандарымен өзара әрекет ету тәртібі мен ерекшеліктерін зерделеу;
жұмыс пунктін метеорологиялық қамтамасыз етумен танысу;
жұмыс орнындағы радиотехникалық, жарықдыбыстық, метеорологиялық, отын құю, өртке қарсы және авариялық-құтқару жабдықтарымен танысу;
жердегі байланыс құралдарымен танысу;
жұмыс пунктін (жабдық пен оны пайдалану) және жұмыс жағдайларының ерекшеліктерін зерделеу;
теңіз қондырғыларына тікұшақты қондыру жөніндегі маманның нақты жұмыс пунктіндегіжұмысына қатысты рәсімдерді, нұсқаулықтар мен басқа нормативтік құжаттарды және оларды тәжірибелік пайдалануды зерделеу;
тікұшақ айлағында авариялық әрекет ету бойынша рәсімдердіжәне іс-қимылды зерделеу;
тәжірибелік қызмет (даярлау) сияқты білімді, дағдыныжәне машықты қамтуға тиіс.
588. Содан соң теңіз қондырғыларына тікұшақты қондыру жөніндегі маман-нұсқаушытағылымдамадан өтушінің білімін тексереді және тағылымдамадан өтушінің тәжірибелік даярлауды бастауға дайындығы туралы шешім қабылдайды.
589.Тәжірибелік даярлау теңіз қондырғыларына тікұшақты қондыру жөніндегі маманныңжұмысорнындажүргізіледі.
590.Тәжірибелік даярлаунұсқаушының жұмыс орнында рәсімдерді нұсқаушылық көрсетуін және маман-нұсқаушының бақылауымен тағылымдамадан өтушінің теңіз қондырғыларына тікұшақты қондыру жөніндегі маманретіндегі жұмысын қамтиды.
591. Теңіз қондырғыларына тікұшақты қондыру жөніндегі маманға арналған нұсқаушылық көрсету тағылымдамадан өтушінің көзінше теңіз қондырғыларына тікұшақты қондыру жөніндегі маман-нұсқаушысының тәжірибелік жұмысын көздейді және ол:
жұмыс ахуалына тән мысалдармен түсіндіру арқылы;
жұмыс ахуалын бақылау әдістері мен рәсімдерін түсіндіру арқылы;
тиісті ақпарат пен шешімдерді қабылдау және беру себептерін түсіндіру арқылы;
ӘК-мен жұмыс кезінде назар аударуға байланысты ұсыныстар арқылы;
жабдықты пайдалану жөніндегі ұсыныстар арқылы;
аралас жұмыс пункттерімен өзара әрекет ету жөніндегі ұсыныстар арқылы сүйемелденеді.
592.Тағылымдамадан өтушінің теңіз қондырғыларына тікұшақты қондыру жөніндегі маман ретіндегі жұмысы маман-нұсқаушының бақылауымен теңіз қондырғыларына тікұшақты қондыру жөніндегі маманныңміндеттерін ішінара немесе толық орындауын көздейді және ол:
ахуалдың дамуын және тағылымдадан өтушінің іс-әрекетін маман-нұсқаушының үздіксіз бақылауы арқылы;
тағылымдамадан өтушінің іс-әрекетіне уақтылы араласуға маман-нұсқаушының әрдайым дайын болуы арқылы;
тағылымдамадан өтушіде қиындықтар туындаған кезде маман-нұсқаушының түсініктемелер, ұсыныстар беруі және көмек көрсетуі арқылы сүйемелденеді.
593. Өндірістік тағылымдама аяқталған соң теңіз қондырғыларына тікұшақты қондыру жөніндегі маман ретіндегі жұмысы маман-нұсқаушы алынған білімді, дағды мен машықты тексереді және тағылымдамадан өтушінің жұмыс объектісіндегі дербес жұмысқа дайын екендігі туралы шешім қабылдайды.
Параграф 2. Теңіз қондырғысына тікұшақты қондыру жөніндегі нұсқаушыны кәсіптік даярлау бағдарламалары
594. Осы Теңіз қондырғыларына тікұшақты қондыру жөніндегі маман-нұсқаушыны кәсіптік даярлаудың типтік бағдарламалары кәсіптік даярлаудың қағидаларын, ұйымдастырылуын, тәртібі мен ең аз көлемін, сондай-ақ дербес жұмысқа рұқсатын анықтайды.
595. Теңіз қондырғыларына тікұшақты қондыру жөніндегі маман-нұсқаушыны кәсіптік даярлау кәсіпті игеру, жаңа технологияларды зерделеу, қызметтің саласын өзгерту немесе кеңейту, апаттық, штаттан тыс жағдайларда және жүйелердің жұмысқа жарамдылығы нашарлаған кезде орындалатын қызметтік міндеттерге сәйкес келу үшін жүргізіледі.
596. Теңіз қондырғысына тікұшақты қондыру жөніндегі маман-нұсқаушыны кәсіптік даярлау, қайта даярлау және кәсіптік деңгейін ұстау келесі кезеңдерден тұрады:
1) Теориялық даярлық ;
2) тәжірибелік даярлау.
597. Бастапқы даярлау және қайта даярлау көрсетілген мамандар үшін біліктілік талаптарына сәйкес келетін тұлғалар қатарынан жүргізіледі және кемінде 76 сағат құрайтын даярлаудың жалпы көлемімен жүргізіледі.
598. Кәсіптік деңгейді ұстау 24 айда бір рет кезеңділікпен және кемінде 40 сағат құрайтын жалпы көлеммен жүргізіледі.
599. Бастапқы даярлау, қайта даярлау және кәсіптік деңгейді ұстау көлемі азаматтық авиация саласында уәкілетті органмен бекітілетін, АОО тиісті бағдарламаларымен реттеледі және келесі өлшемдерге сәйкес келеді:
1) авиация персоналы тұлғалары ішінен теңіз қондырғысына тікұшақты қондыру жөніндегі маман-нұсқаушыны бастапқы даярлау кезінде даярлаудың жалпы көлемі кемінде 40 сағат болуға тиіс;
2) авиациялық білімі жоқ тұлғалар ішінен теңіз қондырғысына тікұшақты қондыру жөніндегі маман-нұсқаушыны бастапқы даярлау кезінде даярлаудың жалпы көлемі кемінде 76 сағат болуға тиіс;
3) теңіз қондырғысына тікұшақты қондыру жөніндегі маман-нұсқаушыны бастапқы даярлау кезінде - тыңдаушының 4-ші деңгейден кем емес ИКАО тіл білімінің шкаласы бойынша игеру деңгейін растайтын қолданыстағы сертификаты болуы тиіс;
4) теңіз қондырғысына тікұшақты қондыру жөніндегі маман-нұсқаушыны бастапқы даярлау кезінде - тыңдаушының авиациялық станция операторының қолданыстағы куәлігі болуы тиіс;
5) теңіз қондырғысына тікұшақты қондыру жөніндегі маман-нұсқаушыны бастапқы даярлау кезінде - теңіз қондырғысына тікұшақты қондыру жөніндегі маман ретінде жұмыс тәжірибесі теңізде екі және одан артық тікұшақ айлағында кемінде бір жыл болу тиіс.
600. Құзыреттіліктерді бағалау элементтерін қоса алғанда, кәсіптік деңгейді қолдау бойынша бағдарламалар мазмұны кемінде 40 сағат құрайтын көлеммен бастапқы даярлау, қайта даярлау кезінде алынған және енді игерілген білім мен дағдының расталуын қамтамасыз етеді.
601. Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласында нормативтік-құқықтық акттермен анықталатын кәсіптік даярлауға қойылатын жаңа және қосымша талаптарды енгізу кезінде, оларды кәсіптік даярлау бағдарламаларында іске асыру міндетті болып табылады, ал сағаттардың жалпы саны пропорционалды өзгереді.
602. Теңіз қондырғыларына тікұшақты қондыру жөніндегі мамандар-нұсқаушыларды бастапқы даярлау, қайта даярлау және кәсіптік деңгейін қолдау қажетті білімді зерделеу мен көрсету осы Типтік бағдарламаның 57-қосымшасында берілген.
603. Теориялық даярлық аяқталған соң тәжірибелік даярлау білікті нұсқаушылардың басшылығымен бекітілген бағдарлама бойынша жаттығу құралын немесе арнайы жабдықты пайдаланумен жүргізіледі.
604. Тыңдаушылардың сабақ үлгерімін бақылау ағымдағы, аралық және қорытынды бола алады және техникалық құралдарды пайдаланумен, соның ішінде компьютерлік техниканы, сауалнама жүргізу, сынақ жүргізу, ауызша сұрақ-жауап, жазбаша бақылау жұмыстары әдістерін пайдаланумен жүзеге асырыла алады.
605. Теңіз қондырғысына тікұшақты қондыру жөніндегі маман-нұсқаушыны теориялық және тәжірибелік даярлау сәтті аяқталған соң, тағылымдама жүргізілмейді.
Параграф 3. Теңіз қондырғысына тікұшақты қондыру жөніндегі
маманның көмекшісін кәсіптік даярлаудың бағдарламасы
606. Осы Теңіз қондырғыларына тікұшақты қондыру жөніндегі маманның көмекшісін кәсіптік даярлаудың типтік бағдарламалары кәсіптік даярлаудың қағидаларын, ұйымдастырылуын, тәртібі мен ең аз көлемін, сондай-ақ дербес жұмысқа рұқсатын анықтайды.
607. Теңіз қондырғыларына тікұшақты қондыру жөніндегі маманның көмекшісін кәсіптік даярлау кәсіпті игеру, жаңа технологияларды зерделеу, қызметтің саласын өзгерту немесе кеңейту, апаттық, штаттан тыс жағдайларда және жүйелердің жұмысқа жарамдылығы нашарлаған кезде орындалатын қызметтік міндеттерге сәйкес келу үшін жүргізіледі.
608. Теңіз қондырғысына тікұшақты қондыру жөніндегі маманның көмекшісін кәсіптік даярлау, қайта даярлау және кәсіптік деңгейін қолдау келесі кезеңдерден тұрады:
1) Теориялық даярлық ;
2) тәжірибелік даярлау.
609. Бастапқы даярлау және кәсіптік деңгейін қолдау кемінде 16 сағат құрайтын жалпы көлеммен жүргізіледі.
610. Кәсіптік деңгейді қолдау 24 айда бір рет мерзімділікпен және кемінде 16 сағат құрайтын жалпы көлеммен жүргізіледі.
611. Бастапқы даярлау және кәсіптік деңгейді қолдау көлемі азаматтық авиация саласында уәкілетті органмен бекітілетін, АОО тиісті бағдарламаларымен реттеледі.
612. Құзыреттіліктерді бағалау элементтерін қоса алғанда, кәсіптік деңгейді қолдау бойынша бағдарламалар мазмұны кемінде 16 сағат құрайтын көлеммен бастапқы даярлау, қайта даярлау кезінде алынған және енді игерілген білім мен дағдының расталуын қамтамасыз етеді.
613. Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласында нормативтік-құқықтық акттермен анықталатын кәсіптік даярлауға қойылатын жаңа және қосымша талаптарды енгізу кезінде, оларды кәсіптік даярлау бағдарламаларында іске асыру міндетті болып табылады, ал сағаттардың жалпы саны пропорционалды өзгереді.
614. Теңіз қондырғыларына тікұшақты қондыру жөніндегі маманның көмекшісін бастапқы даярлау және кәсіптік деңгейін қолдау қажетті білімді зерделеу мен көрсету осы Типтік бағдарламаның 58-қосымшасында берілген.
615. Теориялық даярлық аяқталған соң тәжірибелік даярлау білікті нұсқаушылардың басшылығымен бекітілген бағдарлама бойынша жаттығу құралын немесе арнайы жабдықты пайдаланумен жүргізіледі.
616. Теориялық және тәжірибелік даярлау сәтті аяқталған соң теңіз қондырғыларына тікұшақты отырғызу жөніндегі білікті мамандар-нұсқаушыларының басшылығымен дербес жұмысқа рұқсат алу үшін тиісті өндірістік тағылымдама жүргізіледі.
617. Теңіз қондырғыларына тікұшақты қондыру жөніндегі маман-нұсқаушының басшылығымен теңіз қондырғысында тағылымдаманың минималды көлемі азаматтық авиация ұйымында дербес жұмысқа жіберуге рұқсат алар алдында тікелей 6 ай бойы қызмет көрсетілетін тікұшақтарда кемінде 30 рет ұшып, қонуы тиіс.
618. Тағылымдама келесі сияқты, білімді, дағды мен іскерлікті алуды қамтамасыз етуі тиіс:
1) вертодромның бас жоспарын және оның физикалық сипаттамаларын зерделеу;
2) объекте ұйымдық құрылымды зерделеу;
3) вертодром объектілерін зерделеу;
4) жұмыс орнында жұмыстың жалпы технологиялық үдерісін зерделеу;
5) ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты зерделеу (аэродромның, вертодромның аэронавигациялық төлқұжатын);
6) нақты жұмыс орнында пайдаланылатын анықтамалық материалмен және рәсімдермен танысу;
7) аралас жұмыс тармақтарымен, ұшуды бақылау және үйлестіру огандарымен өзара іс-қимыл жасау тәртібі мен ерекшеліктерін зерделеу;
8) жұмыс объектісінде радиотехникалық, жарық-сигналдық, метеорологиялық, отын-май құятын, өртке қарсы және апаттық-құтқау жабдығымен танысу;
9) жұмыс тармағын (жабдық пен оны пайдалану) және жұмыс жағдайларының ерекшеліктерін зерделеу;
10) нақты жұмыс орнында теңіз қондырғыларына тікұшақты қондыру жөніндегі маманның көмекшісінің жұмысына қатысты рәсімдерді, нұсқаулықтар мен басқа нормативтік құжаттаманы зерделеу және оны тәжірибеде қолдану;
11) вертодромда апатты реттеу бойынша рәсімдер мен әрекеттерді зерделеу;
12) тәжірибелік қызмет (даярлау).
619. Осыдан кейін теңіз қондырғыларына тікұшақты қондыру жөніндегі маманмен тағылымдамадан өтушінің білімін тексеру және тәжірибелік даярлаудың басталуына тағылымдамадан өтушінің дайындығы туралы шешім қабылдау жүргізіледі.
620. Тәжірибелік даярлау теңіз қондырғыларына тікұшақты қондыру жөніндегі маманның көмекшісінің жұмыс орнында жүргізіледі.
621. Тәжірибелік даярлау жұмыс орнында нұсқаушының рәсімдерді нұсқаушылық көрсетуден және маман-нұсқаушының бақылауымен теңіз қондырғыларына тікұшақты отырғызу жөніндегі маманныңкөмекшісі ретінде тағылымдамадан өтушінің жұмысынан тұрады.
622. Теңіз қондырғыларына тікұшақты отырғызу жөніндегі маманның көмекшісі үшін нұсқаушылық көрсету келесілермен сүйемелденетін, тағылымдамадан өтуші болған кезде теңіз қондырғыларына тікұшақты отырғызу жөніндегі маман-нұсқаушының тәжірибелік жұмысын қарастырады:
1) жұмыс жағдайының сипаттамалық мысалдарын түсіндіру;
2) жұмыс жағдайының бақылаудың тәсілдері мен рәсімдерін түсіндіру;
3) тиісті ақпарат пен шешімдерді қабылдау мен беру себептерін түсіндіру;
4) ӘК-мен жұмыс істеген кезінде назарды бөлу бойынша ұсынымдар;
5) жабдықты пайдалану бойынша ұсынымдар;
623. Теңіз қондырғыларына тікұшақты отырғызу жөніндегі маманның көмекшісі ретінде тағылымдамадан өтушінің жұмысы маман-нұсқаушының бақылауымен теңіз қондырғыларына тікұшақты отырғызу жөніндегі маманның функцияларын жартылай немесе толық орындауды қарастырады және сүйемелденеді:
1) жағдайдың дамуын және тағылымдамадан өтушінің әрекеттерін маман-нұсқаушының үздіксіз бақылауы;
2) тағылымдамадан өтушінің әрекеттеріне дер кезінде араласуға маман-нұсқаушының тұрақты даярлығы;
3) тағылымдамадан өтушіде қиындықтар туындаған кезде маман-нұсқаушының түсіндірмелерді, ұсынымдарды беруіжәне көмек көрсетуі.
624. Тағылымдамадан өткен соң тікұшақты отырғызу жөніндегі маман-нұсқаушы алынған білімді, дағды мен іскерлікті тиісті тексеруді жүргізіп, тағылымдамадан өтушінің жұмыс орнында өз бетімен қызмет жасауға даярлығы туралы шешім шығарады.
26-бөлім. Кабиналық экипаж мүшелерін (бортсеріктерді)
кәсіптік даярлаудың типтік бағдарламалары
Параграф 1. Жалпы талаптар
625. Осы кәсіптік даярлаудың типтік бағдарламалары (бұдан әрі – Бағдарлама)ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кабиналық экипажмүшелерінің кәсіптік даярлығын, қауіпсіздік бойынша рәсімдерді және штаттан тыс және авариялық жағдайлардағы іс-әрекеттер бойынша кәсіптік даярлау көлеміне міндетті талаптарды белгілейді.
626. Кабиналық экипаждың мүшелері үміткерлеріне ең төменгі біліктілік талаптары қойылады:
1) ең төменгі жасы 18 жас;
2) орта білім туралы аттестат немесе эквивалентті диплом (10 жыл немесе одан да көп мектептегі оқыту);
3) экипаж мүшелері және жолаушылармен тиісті өзара әрекет жасауды қамтамасыз ету үшін қабылданған сөйлесу тілін түсіну, жазу, түсіндіру, оқи білу керек;
4) әуе кемесінің бортында еденде тұрып авариялық-құтқару жабдықтарын және жоғарғы багаж сөрелерін ашып, жабу және шығару қабілеттілігі;
5) қалыпты жағдайда пайдалануға қатысты пайдаланушының рәсімдерінде көзделгендей қабілетілігі мен дене күшін жабдықтарды/жүйені пайдалануда қолдану, штаттан тыс және авариялық жағдайлар сол әуе кемесінің ішіндегіосы кабиналық экипаж мүшесіне міндеттерді орындаутапсырылады;
6) сотталмағаны және сауалнама деректерінің тексеруде оң нәтижелер беруі;
7) медициналық қорытынды.
627. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Заңының 54–бабына сәйкес авиация персоналын кәсіптік даярлау:
1) Бастапқы даярлауды қамтитын келесі міндетті модульдер: авиациялық танысу даярлығы;
функциялары мен міндеттері; қалыпты штаттан тыс және авариялық рәсімдер; әуе кемесі модификациясын мен пайдаланушы ерекшеліктерін ескере отырып даярлау;
қауіпті жүктер;
адамның мүмкіндіктері;
кабинада денсаулық сақтау, санитария және алғашқы көмек көрсету; авиация қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты функциялары мен міндеттері;
2) даярлаудан тұратын ӘК үлгісін ескере отырып қайта даярлау, әуе кемесі үлгісін модификациялау және пайдаланушының ерекшеліктерін ескере отырып қайта үйрену (соңғы бұдан әрі –пайдаланушыны даярлау).
3) кәсіптік деңгейін қолдау, жыл сайын және үш жылдық кезеңдік қайта даярлаудан тұрады.
628. Осы Бағдарламалардың және Қағидаларының талаптарына сәйкес әуе кемесі салонында, ұшу кезінде, жерде жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кабина экипажының орындайтын барлық функционалдық міндеттерін қамту,бортсерік жұмыстарын ұйымдастыру үшін пайдаланушымен даярлаудың әр түріне азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органында бекітіліп оқу жоспары мен толық бағдарлама жасалады.
629. Әрбір даярлау курсы теориялық және тәжірибелік зерделеуді қамтиды.
630. Әрбір даярлау түрі мынадай өлшемдерге сәйкес келеді: 1) ӘК–нің пайдаланылатын үлгілерішынайы нақты жағдайларда пайдалануға барынша жақын және жақсы құрастырылған; 2) даярлаудың осы түрі тиісті біліктілігі бар персоналдармен (нұсқаушы/жаттықтырушы) жүргізіледі, ал рәсімдерден өтуге тартылған мамандардың біліктілігін Қазақстан Республикасы азаматтық авиацияның уәкілетті органдары анықтайды.
631. Ағылшын тілі даярлау бағдарламасына қажеттілігіне қарай, қажетті құжаттарды пайдалана білу және функционалдық міндеттерді орындау үшін жеткілікті деңгейде игеруді қамтамасыз етуші үйренушілердің санатына және оларға қойылатын пайдаланушының біліктілік талаптарына байланысты енгізіледі.
2-Параграф. Әдістері мен даярлауқұралдары
632. Даярлау әдістері келесіні ескереді:
1) даярлау оқу модуліне сәйкес оқу жаттығу құрылғысын, дыбыс-бейне тұсаукесерлерін, компьютерлік оқыту және даярлаудың басқа түрлерін пайдалануды қамтиды;
2) кабиналық экипаж мүшесі қажетті біліктілік деңгейіне жету үшін, кабиналық экипажға қатысты барлық функциялар мен міндеттерді қауіпсіз орындау үшін даярлаудың әр түрлі әдістері арасында ақылға қонымды баланс қамтамасыз етіледі.
633. Кабиналық экипажды даярлау үшін оқу жаттығу құрылғысын пайдалану кезінде, пайдаланушы мынаны ескереді: 1) оқу тренажеры ұшақтың шынайы баламасы ретінде пайдаланылуы мүмкін немесе талап етілетін жабдықты; 2) кабиналық экипажды кейіннен тексеруі және даярлауға қатысты барлық жеке бұйымдарды ӘК немесе тиісті жабдық дәл анықтайды оған қатысты: кабинаның шығу/есіктеріне, ас үй үй-жайларына қатысты орналасу сәйкестігі, авариялық-құтқару жабдықтарын орналастыруды.
кабиналық экипаждың жұмыс орнының және жолаушы креслоларының орналасуы және түрін;
шығатын/есікттердіпайдаланудың барлық режимдерінде мына әдістеріне қатысты, пайдалану ерекшеліктері, салмағы, баланс және пайдалану күштері, автоматты ашу жүйесі орнатылған есіктердегі жүйенің істен шығу кездерін;
ӘК үлгісіне сәйкес авариялық-құтқару жабдықтарын (тек оқу құралы ретінде жабдықтарды пайдалану мүмкін, пайдаланылатын оттегі және түтіннен қорғайтын жабдықтар оттегімен толтырылған немесе бос болуы мүмкін);
3) келесі факторлар шығу/есігі басқа үлгідегі модификация ма соны анықтайды;
шығу/есітерінің автоматты жүйесін қосу және өшіру арқылы ашылуын;
ашу тұтқаларының қозғалыс бағытын;
шығу/есіктерінің ашу бағытын;
есіктердің дайындығының автоматты механизімін;
траптар және арқандар (арқан) сияқты қосалқы эвакуациялау құралдарын.
634. Оқу барысында немесе аяқтағаннан кейін оқу бағдарламасына сәйкес барлық оқу модулдерінен кабиналық экипаждың әрбір мүшесі тексеруден өтеді, тек оңтайландыру саласындағы (CRM) экипаж жұмысы бойынша оқыту тексерілмейді. Кабиналық экипаж мүшесі қажетті даярлау деңгейіне сәйкес екендігін растау үшін, тексеруді уәкілетті орган тағайындаған тиісті біліктілігі бар персоналдар орындайды.
635. Әрбір даярлық курсы үшін талап етілетін тексеру мынаны қамтиды:
1) тренажерлық дайындықты
2) компьютерлік тесті;
3) ұшу кезінде тексеруді;
4) ауызша немесе жазбаша тестілерді.
636. Тәжірибелік тексерулермен біріктірілген, жеке тәжірибелік қатысуды талап ететін модулдік даярлық.
3- параграф. Алғашқы даярлық
637. Әрбір жаңа үміткер кабиналық экипаждың ұшу куәлігін алу үшін, Бағдарламалардың талаптарына сәйкес:
1) авиациялық оқу орталықтарында азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сертификаттаған, авиациялық ортамен танысу үшін және жеткілікті жалпы білім және негізгі дағдыларын алу үшін, қалыпты штаттық емес және апатты жағдайларда ұшу қауіпсіздігін және жолаушылардың қауіпсіздігіне байланысты талап етілетін міндеттерді және функцияларды орындау үшін, бастапқы даярлық курсынан өтеді.
2) даярлаудың басқа модулінен өту алдында тиісті тексеруді сәтті аяқтайды;
3) осы Бағдарламалардың 28- Бөлімінің 14-параграфына сәйкес,
бақылау-тексеру ұщуымен рейстік тағылымдамасын қорытындылай келе, әуе кемесімен таныстыру қарап шығу және таныстыру ұшулары нұсқаушы/емтихан алушының бақылауымен жүзеге асырады.
638. Осы даярлау модульдері кабиналық экипаж мүшелерінің тиісті даярлау туралы есептерінде бастапқы даярлау модулі ретінде көрсетіледі.
4- параграф. Бастапқы даярлық және тексеру курсы
639. Бастапқы даярлау курсының толық бағдарламасы кемінде 128 сағат және осы Бағдарламалардың осы тарауына қатысты 59, 60, 61, және 62-Қосымшаларындағы молдульдерден тұрады және жалпы көлемі кемінде 12 сағат болатын теориялық оқыту және тренажерлық даярлықты қамтиды.
640. Үміткерлер кабиналық экипаж куәлігін алу үшін осы Бағдарламалардың жоғарыда аталған Қосымшаларда талап етілетін теориялық білімдерін және тәжірибелік дағдыларын көрсету үшін, олар қол жеткізген білімдері мен дағдылары бойынша тексеруден өтеді, оңтайландыру саласындағы экипаждың жұмысын (CRM) оқытуды тексеруді қоспағанда.
641. Авиацияда адам факторы тақырыбына кіріспе бөлім (HF) және экипаж жұмысын оңтайландыру (CRM) бортсерік-нұсқаушымен CRM жүргізіледі.
642. Осы Бағдарламалардың 59-қосымшасында кабиналық экипажды бастапқы даярлауға кіретін міндетті пәндердің ең төменгі тізбесі көрсетілген.
5- параграф. Экипаж жұмысын оңтайландыру бойынша даярлау (CRM)
643. Оқу курстары мен экипаждың жұмысын оңтайландыру (CRM) бойынша модульдерді бортсерік-нұсқаушы CRM жүргізеді. Бортсерік-нұсқаушы CRM анықтауды және CRM бағдарламасын оқу жоспарына енгізуді оның модульдерін басқа даярлаудың түріне қосқанда оны қадағалайды.
644. Экипаждың жұмысын оңтайландыру (CRM) бойынша даярлау бағдарламалар жасау үшін, ұшу және кабиналық экипаж бөлімдерінің арасында даярлау өзара әрекет тиімді жүзеге асырылады. Ұшу және кабиналық экипаж нұсқаушылары бақылау жүргізу және оқытуға қатысты бір –біріне ескертулер жасай алтындай етіп Бағдарлама жасалады. Ұшу экипажының кабинасында жыл сайынғы кезеңдік даярлау кезінде барлық кабиналық экипаж мүшелеріне авариялық жағдайларды сипаттай отырып видео-сабақтар көрсетіледі, осылайша кабиналық экипаж мүшелеріне, атап айтқанда, кабиналық экипаждың аға мүшелеріне, ұшу экипажына ұшу даярлау (LOFT) бағдарламасының жаттығуларына қатысуға мүмкіндік береді.
645. Экипаждың жұмысын оңтайландыру (CRM) бойынша әрбір оқу курсының бағдарламасы оның мазмұны және талап етілетін деңгейі осы Бағдарламалардың қажетті даярлауға қатысты 60-Қосымшасында көрсетілген элементеріне сәйкес келеді.
646. Кабиналық экипаждың аға мүшелерін CRM курсында оқыту:
1) кабиналық экипаждың аға мүшелерін CRM курсында оқыту алдыңғы оқытудан CRM және кабиналық экипаждың аға мүшелерінің жұмыс тәжірибесінде белгілі бір міндеттері мен функцияларына байланысты алынған білімдеріне негізделеді;
2) кабиналық экипаждың аға мүшесі жұмыс үдерістерін басқару қабілетін және дұрыс басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін тиісті көшбасшылық қасиетін танытады.
6-Параграф. CRM нұсқаушысының біліктілігіне қойылатын талаптар
647. Экипаждың жұмысын оңтайландыру (CRM) модульдері тиісті біліктілігі бар персоналмен, тиісті даярлау түрлерін қамтиды.
648. CRM нұсқаушылары үшін стандарттау және оқыту бағдарламасы әзірленеді.
649. Кабиналық экипаж үшін CRM курстарын білікті нұсқаушы CRM, нұсқаушыға CRM қолданылатын талаптарға сәйкес қанағаттанарлық білімді көрсетуді қамтитын: қызмет сипаты, ӘК-нің белгілі бір үлгілеріне және кабиналық экипаждың өндірістік жағдайларына сәйкес өткізеді.
650. CRM модульдері қамтылған ӘК үлгісінде қайта даярлауда, кезеңдік даярлауда немесе кабиналық экипаждың аға мүшелерін даярлауда нұсқаушылардың адам факторы және CRM бойынша даярлауға тиісті білімдері бар.
7-Параграф. Экипаж жұмысын оңтайландыру (CRM) бойынша оқу курсын жүргізу
651. Экипаж жұмысын оңтайландыру (бұдан әрі – CRM) тиімді қызметке және қауіпсіздікке қол жеткізу үшін, қолда бар барлық ресурстарды тиімді пайдалану болып табылады (мысалы, экипаж мүшелерін, ӘК жүйелерін және қолдау құралдарын).
652. CRM мақсаты экипаж мүшелерінің басқару дағдыларын және қарым-қатынасын жақсарту үшін және барлық экипаж мүшелерімен екі жақ арасындағы байланысты тиімді үйлестіру маңыздылығынан тұрады.
653. CRM жөніндегі пайдаланушының дайындығы, мәдени ерекшеліктерді, масштапты және жұмыс рәсімдерімен бірге пайдаланушы қызметінің көлемін және ерекше қиындықтар тудыратын салалармен қызметті көрсетеді.
654. CRM оқу барысында егер белгілі бір ӘК үлгісіне тақырыптық зерттеу болмаса, онда масштабына және қызмет көлеміне қатысты басқа тақырыптық зерттеу қарастыру қажет.
655. Кабиналық экипаж үшін CRM оқыту кабиналық экипаждың міндеттеріне байланысты мәселелерге тоқталады, сондықтан ұшу экипажы үшін CRM оқытуда өзгешелік бар. Алайда, ұшу және кабиналық экипаж функциялары мен үйлестіру міндеттеріне назар аудару қажет.
656. Қажет болған жағдайда ұшу және кабиналық экипажды бірлесіп оқыту ұсынылады, атап айтқанда, кабиналық экипаждың аға мүшелеріне. Бұл оқыту кері байланысты қамтиды.
657. CRM қағидалары кабиналық экипажды даярлаудың барлық түрлерінде пайдаланылады.
658. CRM оқыту ұжымдық талқылау және оқиғалар мен инциденттерді шолуды қамтиды.
659. CRM тиісті модульдері арнайы оқу тренажерларда немесе ӘК-де жүргізілетін оқытудың құрамдас бөлігі болып табылады.
660. CRM оқыту курстары құрылымдалған және пайдаланылатын ӘК-ніпайдалануда шындыққа жанасымды жағдайда болуы тиіс.
661. CRM дағдыларын бағалау жүргізілмейді. Оқытушылардың немесе топ мүшелерінің пікірі CRM дағдыларын жеке орындауға қатысты оқу барысында кабиналық экипаж мүшелері береді.
662. CRM оқыту модульдері осы Бағдарламалардың 60-Қосымшасында келтірілген даярлаудың әрбір түрінде қамтылған.
8-Параграф. Пайдаланушының ерекшеліктері және әуе кемесі модификациясын және үлгісін ескере отырып даярлау
663. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісілген және пайдаланушы бекіткен даярлау бағдарламасы бойынша авиациялық оқу орталықтарында әрбір кабиналық экипаж мүшесі азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органымен сертификатталған пайдаланушының ерекшеліктері және әуе кемесі модификациясын және үлгісін ескере отырып даярлаудан, сондай-ақ тиісті тексеруден өтеді.
1) пайдаланушының ұшуды орындауға кабиналық экипаж мүшесі ретінде тағайындауы;
2) пайдаланушының ұшуды орындауға басқа ӘК үлгісіне тағайындауы.
664. Пайдаланушының ерекшеліктерін және әуе кемесі модификациясын және үлгісін ескере отырып даярлау курсының жалпы көлемі: кемінде 28 сағат, тиісті ӘК үлгісіне тренажерлық даярлау кемінде 3 сағат.
665. ӘК үлгісіне қайта даярлау кезінде экипаждың жұмысын оңтайландыру (CRM) бойынша даярлау бортсерік-нұсқаушымен CRM жүргізіледі.
9- параграф. ӘК модификациясына немесе үлгісіне рұқсат алу үшін негізгі біліктілік талаптары
666. Осы Бағдарламалардың даярлау талаптарына сәйкес, қолданыстағы ұшу куәлігі бар кабиналық экипаж мүшелері ӘК бортында өзінің функционалдық міндеттерін атқара алады.
667. Кабиналық экипаж мүшелері ӘК модификациясына және үлгісінерұқсаттама мерзімін ұзартуға немесе алуға:
1) қолданылатын талаптарға сәйкес оқуға, тексеруге және тиісті ӘК үлгісіне даярлау мерзімінің әрекет ету кезінде:
пайдаланушы ерекшеліктерін және әуе кемесі модификациясын, үлгісін ескере отырып даярлау;
ұшумен танысу;
жыл сайынғы кезеңдік қайта даярлау;
2) ұшу қызметінде алты ай үзіліс бар болған жағдайда қалпына келтіру даярлығынан және бортта міндеттерді орындауға дейін тексеруден өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |