61
Маркетинг теориясы
Маркетингтің термині ағылшынның «market-нарық» деген
сӛзіненшыққан және ӛткізу нарығы ӛрісіндегі әрекетті білдіреді.
Маркетинг айырбас арқылы мүдделер мен қажеттіліктерді
қанағаттандыруға арналған адам әрекетінің түрі болып табылады.
Бұл анықтама келесі негізгі түсініктерге негізделген: мүдделер,
қажеттіліктер, тілектер, тауар, айырбас мәміле және нарық.
Маркетингтің негізінде адам мүдделерінің идеясы жатыр.
Адамдардың мүдделері әр алуан, әрі күрделі: мұнда тағам, киім,
жылу мен қауіпсіздікке деген физиологиялық мүдде де, рухани
жақындыққа, әсер мен құштарлыққа деген әлеметтік мүделер де,
білім мен ӛзін ӛзі кӛрсетуге деген жеке мүдделерде бар. Олар
жарнама агентіктерінің тырысуларының арқасында қалыптаспай,
адамдардың
жаратылысынан
туындайды.
Егер
мүдде
қанағаттандырылмаса, адам ӛзін бақытсыз әрі сорлы ретінде
сезінеді. Қандайда бір мүдде ол үшін қаншалықты маңызды
болса, оны қанағаттандыру мүмкіндігінің болмауын ол
соншалықты қатты уайымдайды. Қанағаттанбаған адам екінің
бірін істейді: не мүддесін қанағаттандыруға қабілетті нысанды
іздейді, не оны басып тастауға тырысады. Макетингтің негізгі
идеясы-адам қажеттіліктерінің идеясы. Қажеттілік – бұл
индивидтің кісілігімен мәдениеттілігіне сәйкес арнайы тұрпат
қабылдаған мүдде. Қажеттіліктер аталмыш қоғам дамуының
экономикалық деңгейі мен мәдени әдет ғұрыптарына тән тәсіл
мен
мүддені
қанағаттандыруға
қабілетті
нысандармен
кӛрсетіледі.
Адамдардың қажеттіліктері іс жүзінде шексіз, ал оларды
қанағаттандыру ресурстары шектеулі. Адам оның қаржы
мүмкіндіктерінің шегінде оған барынша қанағаттандыруға әкелетін
тауарларды таңдайтын болады. Сонымен, тілек- бұл сатып алу
қабілетімен нығайтылған қажеттілік деп айтуға болады.
Маркетинг адамдар ӛздерінің мүдделерімен тілектерін
айырбас арқылы қанағаттандыруды ұйғарған жағдайда орын
алады. Айырбас – орнына басқа бірдеңені ұсыну арқылы біреуден
қалаған объектіні алу актісі.
Егер айырбас- ғылыми пән ретіндегі маркетингтің негізгі
түсінігі болса, онда маркетинг ӛрісіндегі негізгі ӛлшем бірлігі, екі
жақтың арасындағы нарықта құндылықтағы саудагерлік айырбас
ретінде болатын, мәміле болып табылады.
62
Бес бәсекелес тұжырымдама белгілі. Олардың бірін ұйым
маркетинг негізіне ала алады:
1. Ӛндіріске бағдарланған тұжырымдама
2. Ӛнімге бағдарланған тұжырымдама
3. Сатуға бағдарланған тұжырымдама
4. Маркетингке бағдарланған тұжырымдама
5. Маркетингтің әлеуметтік- жауапкершілік тұжырымдамасы
Тестілер:
1. Тұтынушылар қол жететін және арзан ӛнімдерді жоғары
бағалайды деп пайымдалатын маркетинг тұжырымдамасы:
а) ӛндіріске бағдарланған
б) ӛнімге бағдарланған
в) сатуға бағдарланған
г) маркетингке бағдарланған
д) тұтынушыға бағдарланған
2. Тұтынушылар жаратылысынан ешқашан компания шығаратын
барлық ӛнімді ӛз еркімен сатып алмайды деп пайымдайтын
маркетинг тұжырымдамасы:
а) ӛндіріске бағдарланған
б) ӛнімге бағдарланған
в) сатуға бағдарланған
г) маркетингке бағдарланған
д) тұтынушыға бағдарланған
3. Тұтынушылар пайдаланудың жақсы қасиеттеріне ие, жоғары
сапалы тауарларды артығырақ бағалайды деп пайымдайтын
маркетинг тұжырымдамасы:
а) ӛндіріске бағдарланған
б) ӛнімге бағдарланған
в) сатуға бағдарланған
г) маркетингке бағдарланған
д) тұтынушыға бағдарланған
4. Жеке адамның кісілігі мен мәдени деңгейіне сәйкес арнайы
тұрпат қабылдаған мүдде:
а) мұқтаждық
б) сұраныс
63
в) ұсыныс
г) қажеттілік
д) тілек
5. Ұйымның мақсатқа жету кепілі бәсекелестерге қарағанда
тиімдірек тәсілдермен тұтынушыларды қанағаттандыру және
мақсатты нарықтардың мүдделері мен қажеттіліктерін анықтау
деп пайымдайтын маркетинг тұжырымдамасы:
а) ӛндіріске бағдарланған
б) ӛнімге бағдарланған
в) сатуға бағдарланған
г) маркетингке бағдарланған
д) тұтынушыға бағдарланған
6. Маркетингтің объектілерін ата:
а) тек тауарлар
б) тек қызметтер
в) тек идеялар
г) тек адамдар
д) аталғандардың бәрі
7. Маркетингтің негізгі қағидалары:
а) тауарды ӛндірушіден тұтынушыға жеткізу
б) кӛп кӛлемде ӛнім ӛндіру
в) ӛндіріс пен ӛткізуді жоспарлау
г) тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру
д) дұрыс жауабы жоқ
8. Тұтынушылардың психиологиялық ерекшеліктерін зерттеуге
маманданған маркетинг бағыты:
а) бихевиоризм
б) фрейдизм
в) консьюмеризм
г) А.Маслоу теориясы
д) дұрыс жауабы жоқ
9. Нарықты тұтынушылар топтарына бӛлу дегеніміз, нарықты:
а) зерттеу
б) позициялау
64
в) сегменттеу
г) стратегиялық жоспарлау және бақылау
д) барлығы дұрыс
10. Тұтыну тауарларын жылжытудың ең тиімді нысаны:
а) жарнама
б) PR
в) ӛткізуді ынталандыру
г) бӛлшек сату
д) кӛтерме сату
Есептер мен жаттығулар:
1. Фирма ӛз жағдайына байланысты шығара алатын ӛнімдерді
ӛндіреді. Сондықтан ӛндіріс шығындары қысқартылып, ӛнім
ӛндіруге жетекші ролді конструктор- технологтар атқарады.
Фирманың негізгі мақсаты- ӛнімнің ӛзіндік құнын тӛмендету. Ұзақ
мерзімді мақсаттары болмағандықтан ӛткізу кӛлемі бір қалыпты
емес. Баға саясаты ӛндіріс шығынын есептеуге негізделген. Тауар
ӛндіру негізгі қажеттіліктерімен анықталады.
Осы жағдайда фирма маркетингтің ай тұжырымдамасын
қолданады?
2. Кейс. «Сименс» компаниясы электр тұрмыстық құралдары
нарығына 70 жылдан бері қазіргі заманға сай техника ұсынады.
Сіз дүкенде сауда жасап келгенше «Сименс» кір жуғыш
машинасы киіміңізді жуып шайып қояды, түскі тамақты
дайындағанша, «Сименс» ыдыс жуғыш машинасы ыдысыңызды
жуып жатады, кірді жайып болғанша, кофе қайнатқыш ыстық
кофе дайындап қояды.
Кӛптеген отбасылар үй жұмысының ыңғайлы жеңіл болуын
қалайды. Сондықтан компания нарықтық ықтимал кӛлемін
бағалай отырып,тұтынушылар талғамын қанағаттандыратын
тиімді тауарлар жасайды.
«Сименс» компаниясының тауарларына нарықтағы сұраныс
қандай? Фирма сұранысқа байланысты маркетингтің қай түрін
қолданады?
3. Кәсіпорын халық тұтынатын А, В, С тауарларын ӛндірумен
айналысады. 12.1- кестені пайдалана отырып, нарықтағы
фирмалар
мүмкіндіктерін
және
әрбәр
ӛнімнің
қанағаттандырылмаған қажеттілігін анықтаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |