53
Үшіншіден,кәсіпкерлік қызметтің белгісі алдындағы белгілер
сияқты экономиканың қажетті нарық құрылымын құрумен
байланысты пада алуға саудагерлік жетістікке қол жеткізуді
бағдарлау болып табылады. Дүнижүзілік тәжірибе егер
әлеуметтік-экономикалық жағдайлар болмаса,жақсы құқықтық
негіз болғанмен кәсіпкерлік қызмет қандай да болмасын маңызды
дами алмайтындығын кӛрсетуде.
Тӛртінші жағдай тікелей алдындағыдан туындайды.Еркін
кәсіпкерлік меншік түрлерімен нысандарының сәйкесінше
иеленудің,
әр
алуандығын
болжайды.
Қазіргі
кездегі
дүниежүзілік меншік пен кәсіпкерліктің кӛптеген түрлері:
мемлекеттік, ұжымдық жеке меншік, жеке корпаративтік т.б.-
дамуда. Осыған орай аралас түрдегі нарық экономикасын
қалвптастыратын нақты экономикалық қатынастардың кӛп
субьектілігі ескерілуде.
Кәсіпкерлік – нарық шаруашылығының басты әрекет етуші
тұлғасы болғандықтан,әрқашан да экономикалық ғылым
зерттеулерінің бірі болып табылады. Кәсіпкерлік – жеке адамның,
оның қаблеттерімен қажеттіліктерінің дамуы мен кӛріну нысаны.
Адамдардың әлеуметтік қажеттіліктері олардың экономикалық
бостандыққа ұмтылуын анықтайды.
Тестілер:
1. Кәсіпкерліктің басты тәуекелі:
а) Экономикалық залал
б) Беделден айрылу
в) Ӛлім қаупі
г) Нарықтық жағдайдың белгісіздігі
д) Ақпараттың ассиметриясы
2. Кәсіпкерлерге тән қызметтер:
а) Тауарларға деген сұраныс пен ресурстардың ұсынысы
б) Ресурстарға деген сұраныс пен тауарлардың ұсынысы
в) Тауарларға да ресурстарға да сұраныс
г) Тауарларға да ресурстарға да ұсыныс
д) Тек қана тауарлардың ұсынысы
54
3. Ірі фирма ұсақ фирмағаӛз тауарлық белгісін пайдалана
отырып,ӛз ӛнімін ӛткізуді тапсыратын фирма аралық байланыс
нысаны:
а) Инженириг
б) Консалтинг
в) френчайзинг
г) Лизинг
д) Маркетинг
4. Шектелген жауапкершілік орын алады:
а) Жеке
дара иеленуде
б) Толық серіктестікте
в) Акционерлік қоғамда
г) Шағын кәсіпорында
д) Біріккен кәсіпорында
5. Жеке ұжымдық меншік нысанына жататын кәсіпкерлік фирма:
а) Шаруа
қожалығы
б) Фермер қожалығы
в) Мемлекеттік кәсіпорын
г) Акционерлік қоғам
д) Отбасылық кафе
6. Тӛмендегі белгілердің қайсысы тек коперацияларға тән:
а) Басқаруға жалдамалы менеджерлерді қатыстыру
б) Пайданы фирманың меншік иелері арасында бӛлу
в) Девиденттерді тӛлеу
г) жалдамалы еңбекті пайдалану
д) меншік иелерінің фирманы басқаруға қатысуы
7.Жеке ұжымдық меншік нысанына жататын кәсіпкерлік фирма:
а) Шаруа қожалығы
б) Фермер қожалығы
в) Мемлекеттік кәсіпорын
г) Акционерлік қоғам
д) Отбасылы кафе
55
8. Акционерлік қоғамға жататын меншік нысаны:
а) Мемлекеттік
б) Муниципалдық
в) Жеке ұжымдық
г) Жеке дербес
д) Қоғамдық ұйым
9. Интелектуалдық меншік негізіндегі кәсіпкерлік түрі:
а) Мердігерлік
б) Жарналық
в) Жалгерлік
г) Инновациялвқ
д) Жеке
56
Ӛндіріс факторларының нарықтары мен факторлық
табыстарды қалыптастыру теориясы
Ӛндіріс факторлары – еңбек,капитал,жер-меншіктілікке
сәйкес жалақы,пайда мен процент, жер рентасы түріндегі
табыстардан құралады.
Бӛлу бағаның кӛмегімен жүргізіледі. Сондықтан да табыстар
құрылудың экономикалық механизімін түсіну ұшін ӛндіріс
факторларына нарық экономикасы кезінде қалай баға
белгіленетінін анықтау қажет.
Ӛндіріс факторларына баға сұраныс пен ұсыныстың
арақатынасына байланысты. Ӛзкезегінде, бағаның деңгейі мен
ӛзгеруі кӛмегімен жүргізілетін бәсекелік күрес кезінде ӛндіріс
факторларының меншік иелері арасында табыстарды бӛлу
болады. Табыстар – жалақы, пайда, процент, рента қалайша пайда
болып, бӛлінетінін қарастырайық.
Табыстың әрбір жаңа құнды ӛндірумен ғана емес,сонымен
қатар белгілі ӛндіріс факторларын сату-сатып алу процесі
жүргізілетін ӛз нарығымен де байланысты.
Еңбек нарығы – жұмысшы күшін сату-сатып алу жӛніндегі
келісімдер жасалатын нарық қатынастарының ерекше саласы.
Нарықтың бұл түрі әрқашан болған емес. Ол кӛптеген
кӛлемде тек классикалық капитализм жағдайларында пайда
болды. Сол кезде, бір жағынан,ӛндірістің негізгі құралдары
бизнесмендердің жеке меншігінде шоғырланды, ал келесі
жағынан-жұмыскерлердің басым бӛлігі олардан шеттетілді.
Барлық жалдамалы жұмыскерлер заңдвтүрде еркін тұлғаларға
айналды. Сонымен қатар олардың ӛмір сүруінің негізгі немесе
тіпті жалғыз қайнар кӛзі ӛз еңбегін сату болды.
Еңбекті тұрақты сату мүмкіндігіне ие болу үшін адам
соншалықты ӛзінің еңбек қаблеттілігін үнемі ұдайы ӛндіруі және
дамытуы әрі басқа әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыруы
тиіс. Ендеше, ең алдымен жалақының мӛлшерін анықтайтын
әлеуметтік ұдайы ӛндірушілік факторлары туралы сӛз болуы тиіс.
Екінші кезекте жұмысшы күшін сату – сатып алуының нарық
жағдайларын ескерту маңызды.
Бірінші әлеуметтік – ұдайы ӛндірушілік фактор – жұмысшы
күшін қалыпты ұдайы ӛндіру үшін қажет ӛмір құралдарының
құны. Мұндай құралдар тек еңбеккердің жұмыс қаблеттілігін