1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӚТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ
Даулеткалиева К.
Экономикалық теория курсы
бойынша тәжірибелік құрал
Орал, 2013
2
УДК 330.01(07)
Автор: Даулеткалиева К. - аға оқытушы
Рецензент: Капанова С.Т. - э.ғ.д., доцент
Сүлейменова Г.Н. - э.ғ.к., қауымдастырылған профессор
Даулеткалиева К.
Экономикалық теория курсы бойынша тәжірибелік құрал:
Оқу-әдістемелік құрал. - Орал: М.Ӛтемісов атындағы БҚМУ
Редакциялық баспа орталығы, 2013. - 85 б.
Тәжірибелік құралда экономикалық теорияның негізгі
бӛлімдері болып табылатын микраэкономика, макроэкономика
және халықаралық экономикалық қатынастар енгізілген. Әрбір
бӛлім тақырыптың негізгі сұрақтары қысқаша баяндалады. Әрбір
тақырыпты пысықтау үшін тақырып бойынша тестілер, есептер
мен тапсырмалар, мәселелік жағдайлардан тұрады.
Тәжірибелік
құрал
жоғарғы
оқу
орындарындағы
экономикалық және экономикалық емес мамандықтардың
студенттеріне, экономикалық теория пәнінің оқытушыларына
арналған.
© Даулеткалиева К., 2013
© М.Ӛтемісов атындағы БҚМУ РБО, 2013
3
Кіріспе
Студенттермен кӛп жұмыс істеудің тәжірибесі экономикалық
теорияны барынша толығырак меңгеру үшін семинарлық
сабақтарға кӛп кӛңіл аудару керек екендігін кӛрсетті.
Мемлекеттік тілде тапсырмалар жинағы мен тәжірибелик
құралдардың жоқтығы салдарынан аталмыш құралдарды жасау
қажеттілігі пайда болды.
Аталмыш құралға Қазақстан Республикасының Білім және
Ғылым министрлигі әзірлеген «Экономикалық теория» курсы
бойынша типтік бағдарламының барлық сұрақтары енгізілген.
Құралдың әрбір таруының басында семинарлық сабақтарда
есептерді шешкен, тестілерді орындаған кезде студенттерге
жәрдем беруі тиіс теорияның негізгі ережелері қысқаша
баяндалған.
Тәжірибелік
құрал
жоғары
оқу
орындарындағы
экономикалық және экономикалқ емес мамандықтардың
студенттеріне, экономикалық теория пәнін оқытушыларға
арналған.
4
Экономикалық теорияның пәні мен әдісі
Экономикалық теория пәнінің дамуында үш кезенді атап
ӛтуге болады: экономия, саяси экономия,экономикс.
Бастапқыда экономиалық теория антикалық қоғамда
экономия-үй шаруашылығы туралы ғылым – ретінде пайда
болды. Оның мақсаты лайықты азаматтарды тәрбиелеу болды.
Терминнің ӛзін алғашқы рет Ксенофонт ұсынған болатын,ол
әділдік жӛніндегі ілім шегінде Аристотельде (б.д.д. 384-322 ж.ж.)
кездеседі.
Капитализмнің
қалыптасуы
дербес
ғылым
–саяси
экономикалық тууына әкелді. Ортасында бастапқыда ӛндіріс ӛрісі
емес,айналыс ӛрісі болды.Дүниежүзілік сауданың дамуы кӛпестік
ролінің артуына жағдай жасады. Олардың мүдделерін саяси
экономияның алғашкы мектебі – меркантилизм (XVI – XVIIIғғ.)
білдірді. 1615 жылы Антуан де Монкретьен болашақ ғылымының
атын берген «Саяси экономия трактатын» жариялады.
XIXғ. Екінші жартысында саяси экономияның жалпы
қағидаларын
әзірлеу
экономикалық
тәжірибенің
түрлі
мәселелерін зерттеумен алмастырылып, сапалақ талдау сандық
талдаумен ығыстырылады. Авторлар ол үшін шекті шамалар
теориясын, дифференциялдық және интегралдық есептеуді
кеңінен қолдана отырып,шектелген ресурстарды пайдалануды
ұтымды ету жолдарын барған сайын жиірек табуға тырысады.»
Саяси экономия» (political economy) түсінігі «экономикс»
(economics) түсінігімен ығыстырылады.» Экономикс» астарында
тұтыну
мақсатында
түрлі
тауарлар
мен
қызметтерді
ӛндіру,оларды қоғам мүшелері арасында бӛлу мен айырбастау
үшін адамдардың шектелген ресурстарды (жер, еңбек, капитал,
кәсіпкерлік қабілет) пайдалануы туралы ғылым ұғынылады.
Жаңа терминнің пайда болуы неоклассикалық бағыттың
негізін қалаушы, ағылшын экономисі Альфред Маршалдың
(1842-1924) атымен байланысты.
Кез-келген
ғылымда
белгілікті
зерттеу
әдістер
пайдаланылады. Бұл әдістер былайша жіктелед:
-жалпы (философиялық) – танудың барлық салаларын
жабдықтайды (мысалы, метафизикалық, және диалектикалық,
талдау мен синтез, индукция мен дедукция, ұқсастық гипотеза)
-жалпы ғылыми (тарихи, логикалық, математикалық т.б.)