Информатика оқытушыларын дайындауда оқытудың практикалық-бағдарланған технологиясы



жүктеу 81,53 Kb.
Дата09.01.2018
өлшемі81,53 Kb.
#7341
түріПрограмма

УДК 378.02:372.8

Ф.Р. Гусманова, Г.А.Абдулкаримова
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ
ИНФОРМАТИКА ОҚЫТУШЫЛАРЫН ДАЙЫНДАУДА ОҚЫТУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ-БАҒДАРЛАНҒАН ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Түйін сөздер: кәсіби білім беру, практикалық-бағдарланған оқыту технологиясы, программалық жүйелерді жобалау.
Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған Мемлекеттік үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы жоғары оқу орындарында оқытудың практикалық- бағдарланған технологиясының қажеттілігін арттыра отырып, жоғары кәсіби білім беру жүйесін де қамтыды. Заманауи қоғамның талаптарына сай жоғары кәсіби білім беру қоғамының түлектері теориялық білімді практикалық мәселелерді шешуге әкелетін өмірлік жағдайлармен байланыстыра білулері керек. Болашақ мұғалімдер үшін кәсіби педагогикалық жағдайларды шешумен қатар, өзінің пәндік бейімділігінде практикалық салаларды көруді және түсінуді үйрене білулері қажет. Болашақ мұғалімдерді дайындаудың білім беру бағдарламаларында оқыту технологиясын сипаттау барысында біздің ойымызша дидактикалық принциптерге, дәлірек айтқанда олардың тұтастық жүйесіне сүйену қажет.

Жоғары оқу орындарының білім беру мазмұнын таңдаудағы еркіндіктеріне байланысты кәсіби оқытуда жалпыдидактикалық принциптерді жоққа шығарудың қаупі бар.

Дидактикалық принциптер өзара байланысты және тұтас жүйені құрады.

Дидактиканың қосжақтылығы олардың атауында болатын принциптермен қарастырылады. Мысалы, қос дидактикалық принциптерге В.И. Загвязинский бойынша

- білім берудің іргелілігі мен олардың кәсіби бағыттылығының принципін;

- ғылыми және теория мен практика байланыстарының принциптерін;

- жүйелілік пен бірізділік принциптерін жатқызуға болады.

Программалық жүйелердің кеңінен тарауына байланысты оларды жобалау және трансфер технологиясы қоғамда маңызды құндылыққа ие болуда. Сондықтан да, политехнизм мен политехнологизмді қолдану маңызды болып табылады. Политехнизм принципі әр түрлі ғылым үшін, өндіріс технологиясы үшін ортақ ғылыми негізде меңгеру барысында кең бейімдегі мамандарды дайындауға бағытталған, ал ол өз алдына студенттерге бір салада алынған білімді басқа салаға аударуға мүмкіндік береді. Политехнологизм деп алынған білімдерін кәсіби қызметіне қолдана алатын, заманауи техника мен өндіріс технологиясына тез бейімде алатын, өзінің шығармашылық әлеуетін дұрыс бағалай алатын және берілген салада өзін өзі жетілдіруге уәждемені меңгеретін қоғам мүшесін тәрбиелеуге баулайтын білім беруді ұйымдастыру принципі түсініледі. Политехнологизм болашақ мамандардың ой-өрістерінің, олардың кәсіпқойлылығы мен жалпы мәдениетінің жоғары деңгейлілігінің, олардың заманауи технология мен өндіріс технологиясына тез бейімделу қабілеттілігінің дамуына мүмкіндік береді.

Оқытудың аталған принциптерін жүзеге асыруда информатика мен ақпараттық технологиялардың пәндік салаларына қатысты пәндерді өзара біріктіру талап етіледі.

Информатиканың әр түрлі бағытының қарқынды дамуымен байланысты политехгологизм принциптерін жүзеге асыруға қабілетті пәндер саласы артты. Программалау, компьютерлік модельдеу сияқты пәндер практикалық- бағдарланған оқытуда іргетасы ретінде бола алады. Әйтсе де, бір оқу пәнінің аясында политехникалық білім беруді жүзеге асыру жеткілікті түрде тиімді болып табылмайды.

Информатика пәні өз алдына метапән болып табылмайтынын айта кеткен жөн. Сондықтан да, біріктіру информатика пәнінің аясындағы пәндерде тиімді жүзеге асырылуы мүмкін.

Программалық қолданбалы қосымшалар мен жүйелерді жобалау заманауи кезде құрылымдық, объектілі-бағдарланған жобалау мен программалау, компьютер сәулеті, компьютерлік коммуникациялар мен желілер, микроэлектроника құрылғылары, алгоритмдерді дайындау әдістері, ақпараттық жүйелерді жобалау мәселелері мен теориялық информатиканың кейбір мәселелерін қарастырады.

Жобалау өнімдік қызметі ретінде жоба түсінігімен байланысты кейбір аяқталған сатыларға бөлінген. А.М. Новиков білім беру жобасына талдау жүргізе отырып, оның технологиямен және рефлексиямен тығыз байланыстылығын ескертеді. Жоба өзінің фазаларының: жобалау фазасы, технологиялық фазалар мен рефлексивтік фазалар бірлігінде құрылады.

Жобалау, құрылымдау, модельдеу түсінігі бастапқыда техника аясында қалыптастырылды, кейіннен кибернетиканың дамуымен байланысты олар жаппай басқа салаларда да таралды, соның ішінде психология мен білім беру саласына да келді. Модельдеу студенттердің оқу-кәсіби құрылымымен, оның таңбалық толықтырылуымен (А.А. Вербицкий бойынша) кәсіби коммуникация құралы ретінде қызмет атқарады. Философия ғылымында модельдеу теориясының гносеологиялық рөлін ескере отырып модельдеуді танымның негізгі әдісіне жатқызады, сонымен қатар, практикалық қызметі ретінде модельдеу негізінен ақпараттық және программалық-техникалық жүйелерді дайындаудың әр түрлі кезеңдерінде жиі қолданылады.

Информатика пәнінің болашақ оқытушыларына оқытудың практикалық- бағдарланған технологиясын дайындау мен қолдану авторлардың жетекшілігімен орындалған дипломдық жұмыстар мен магистрлік диссертациялардың аясында тәжірибелік-эксперименталдық зерттеу кезінде жүзеге асырылды. Осы принциптерді түсіндіру келесі негізгі идеяға әкелді: студенттерге оқытылатын теориялық білім мен оларды өндірістік қызметте қолдану барысында арасындағы байланысты көрсете отырып кәсіби білім беруде ғылымның, техниканың, өндірістің, даму беталысын ескеру қажет. Зерттелген бағыттардың ішінде программалық қолданбалы қосымшалар мен жүйелердің жобалауын ерекшелейміз.

Программалық қолданбалы қосымшаларды жобалау төменгі курстарда жүзеге асырылды. Жобалау үшін «Информатика» және «Программалау» пәндері таңдалынды. Барлық жобаларға қойылатын талаптар олардың нақты жұмысқа қабілеттілігімен шектелді, ал ол практикалық- бағдарланған оқытудың идеяларына сәйкес келеді. Әйтсе де, жобалық құжаттаманың бар болуына, болашақ қолданбалы программалық жүйенің функционалы мен қасиетін сипаттауға, пәндік сала моделінің бар болуына ерекше көңіл бөлінді.

Студенттердің қызметінің уәждемесі алдымен бәсекелес бағалау жағдайында сапалы компьютерлік программалық жүйені алуға, содан кейін практикалық икемділіктің артуын рефлексивті өзін-өзі бағалауға негізделеді.

Педагогикалық зерттеудің нәтижесінде студенттердің қабілеттілігіне: іргелі түсініктер мен пәндік-кәсіби жобалау технологиясының нысандарының өзара байланыстарын ескеріп оқыту және өзін-өзі оқыту үрдісін жоспарлауға; сипаттау мен берудің кәсіби тілдерін қолдана отырып, проблемалық салаларды ақпараттық модельдеуді пәндік-кәсіби жобалау үрдісінде жүзеге асыруға; білім беру мақсатына тұлғалық бағдарланған жағдайда пәндік технологиялар негізінде жүзеге асырылатын оқу-кәсіби жобалық қызметті ұйымдастыру мен бағалауға; бағытталған пәндік-кәсіби жобалауға информатика пәнінің болашақ мұғалімдерінің дайындығын қалыптастыруда пәнаралық технология дайындалып, жүзеге асырылды.

Дайындалған технология курсаралық оқу-кәсіби жобалар әдісіне негізделген және жобаға қатысатын, жоба тобына жетекшілік ететін, жоба қызметін ұйымдастыратын, жобалауға сараптама тұрғысынан қолдау көрсететін технология кезеңдерін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін диагностикалық құралдарды (тапсырмалар, сауалнамалар, сұрақтар, тестілік базаны), ақпараттық, оқу-әдістемелік және ұйымдастыруды, жабдықтарды қамтиды. Курсаралық оқу-кәсіби жобалар [1] таңдау кезеңінің және жоба тақырыбын талдаудың, іздеу жұмыстары мен жоспарлаудың, таңбалық ақпараттық модельдерді құрудың, жобаны алдын ала қорғау түріндегі бақылау тренингісінің, жоба өнімінің технологиялық жүзеге асыруының, жобаны қорғаудың, бақылау-рефлексивтік және жобадан кейінгі ұйымдастыру қызметтерінің негізінде құрылады.

Технологияны енгізу нәтижесі информатика пәнінің болашақ оқытушыларын алған білімдерін тестілеу барысында анықталған пәндер материалдарын меңгергендігін қамти отырып пәндік-кәсіби дайындау сапасының арттыруын көрсетеді. Студенттерде курсаралық жүйе қызметтерін ұйымдастыруда көрсететін жүйелі пәндік-кәсіби икемділіктің пада болуы айқындалады.

Информатика пәнінің болашақ оқытушыларын дайындауда практикалық- бағдарланған технологиясын қолдануды зерттеудегі екінші бағыт «Компьютерлік желілер», «Интернет және мультимедия технологиялары», «Компьютер сәулеті» және тағы басқа пәндердің салаларында политехнологизм [2] принциптерін белсенді түрде қолданып программалық қолданбалы жүйелерді талдау және жобалауға тоғыстырылған. Политехнологизм принципін тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін оқыту тәсілі ретінде дәстүрлі тәсілден басқа заманауи есептеу техникасы мен технологияларының мүмкіндіктерін көрсетуге бағытталған әдістер, жобалау әдістемесі, сонымен қатар, оқытудың эвристикалық әдісі пайдаланылған. Дидактикалық жасақтамамен берілген жалпы және арнайы тағайындалудағы техникалық құрылғылардың жиынтығы біздің көзқарасымыз бойынша студенттердің оқу-таным қызметін қолданбалы тағайындалудағы оқу мәселелерін шешуде теориялық білімдері мен технологияларды қолдану тәсілдерін көрсету арқылы белсендендіруге болады, сонымен қатар, дәстүрлі оқытудан ерекшеленетін жаңа деңгейдегі оқыту үрдісін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Эксперименталдық жұмыс үрдісінде студенттердің политехнологиялық дайындығын қалыптастыру технологиясы дайындалды. Студенттердің политехнологиялық дайындығы ретінде жалпытехникалық және жалпытехнологиялық білімдерін өздерінің кәсіби қызметтерінде қолдану қабілеттілігі, жеке қарастырылған өндірістік салаларда базалық мәселелерді шешу барысында заманауи техника мен технологияларға тиімді бағдарлай білу, түсініледі.

Технологияның жалпы білім беру, негізгі, ғылыми-зерттеу кезеңдері ұсынылды. Жалпы білім беру кезеңінде зерттеу «Информатика» және «Программалау» пәндерін оқу барысында жүргізілді. Студенттерге практикалық мәні бар проблемалық жағдайлардағы теориялық білімдерін түсіндіруге бағытталған практикалық- бағдарланған тапсырмалар берілді. Негізгі кезең жоғарыда келтірілілген «Компьютер сәулеті», «Компьютерлік желілер», «Интернет және мультимедиа технологиялары» пәндерінің материалдары негізінде жүргізілді. Ғылыми-зерттеу кезеңі дипломдық жұмыстарына жетекшілік ету үрдісінде, сондай-ақ студенттік конференциялар мен пәндік байқауларды жүргізу үрдісінде жүзеге асырылды.

Дәлелдеу механизмін пайдаланып студенттердің белсенділігін реттеу үрдісі тиімді, мақсатты бағытталған оқу қызметінің негізін қалаушы компоненттердің бірі болып табылады. Студенттерді оқытудың практикалық-бағдарланған технологиясында ішкі оң уәждемесі ретінде кәсіби, оқу-таным және әлеуметтік уәжіне, шығармашылық жүзеге асыру уәжіне сүйене отырып орталық звено орын алады. Нәтижесінде білім беру мекемелерінде жұмыс істеуге бағытталған педагогикалық мамандықтардың студенттер санын арттыратын рефлексия фонында практикалық икемділікті қалыптастыру тұлғалық-кәсіби өсу уәждемесі байқалады.

Осылайша, информатика пәнінің болашақ оқытушылары үшін қарастырылып отырған программалық қолданбалы қосымшалар мен жүйелерді жобалау арқылы оқыту технологиясы информатиканың бейімдік саласындағы практикалық-бағдарланған ретінде ғана емес, сонымен қатар, тұтасымен алғанда кәсіби педагогткалық салада да қарастырылуы мүмкін.

1. Дудышева, Е.В. Междисциплинарное учебно-профессиональное проектирование в подготовке будущих специалистов в области информатики /Монография, Алтайская государственная академия образования имени В.М. Шукшина" (Бийск), 2012, С.161.



2. Политехнологизм versus политехнизм / А. А. Веряев // Политехническое образование как важный фактор эффективной подготовки молодежи к труду в рыночных условиях : материалы Междунар. науч.-практ. конф., 9–14 авг. 2006 г. – Горно-Алтайск, 2006. – С. 67–68.
жүктеу 81,53 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау