76
Макроэкономикалық
ӛсуді
қарастырғанда
Нобель
сыйлығының лауреаты Р.Солоу (АҚШ) ӛндірістік қызмет
формуласын пайдаланады.
Білетініміздей, ӛндірістік қызмет ӛнім шығарудың (Ү) негізгі
капиталдан (к), еңбектен (L) және табиғи, материалдық
ресурстардан (N) – сандық тәуелділігін (F) кӛрсетеді:
Y = AF (k, L, N)
Бұл формула келесі функцианалдық тәуелділікті білдіреді:
ӛндірістің экстенсивті ұлғаюы жұмсалған ӛндірістік
факторлардың шамасына тура сайма-сай. Бұл тәуелділікті
графикте кӛрнекті кӛруге болады.
Экономикалық ӛсудің қиынырақ түрі – интенсивті. Оның
басты ерекшелік белгісі – техникалық прогресс негізінде
ӛндірістік факторлардың тиімділігін арттыру. Ӛндірістік қызмет
келесі формулаға ие:
Y AF (k, L, N)
Бұл формуладағы А – факторлардың жиынтық ӛнімділігі.
Формуладан кӛрінетіндей, егер ӛндірістік факторлардың шығын
мӛлшері ӛзгермей, ал олардың А ӛнімділігі 1%-ке артса, онда
ӛндіріс кӛлемі де 1%-ке ұлғаяды.
Тестілер:
1. Ӛндірістік ресурстарды үнемдеудің бағыттарына байланысты
интенсивтендірудің түрі:
а) интенсивтендірудің еңбекті сақтағыш түрі
б) интенсивтендірудің капиталды сақтағыш түрі
в) жан – жақты интенсивтендіру
г) барлығы дұрыс
д) дұрыс жауабы жоқ
2. Ӛндіріс мӛлшерінің қысқаруы, кәсіпорын, банктердің
жалпылай банкроттағы экономикалық циклдің қай фазасына тән?
а) құлдырауға
б) тоқырауға
в) жандануға
г) ӛрлеуге
д) дұрыс жауабы жоқ
77
3. Экономикадағы тоқырау күйі экономикалық циклдің қай
фазасына тән?
а) құлдырауға
б) тоқырауға
в) жандануға
г) ӛрлеуге
д) дұрыс жауабы жоқ
4.
Ӛндірістің ӛсу мен жұмыссыздық кӛлемінің азаюы
экономикалық циклдің қай фазасына тән?
а) құлдырауға
б) тоқырауға
в) жандануға
г) ӛрлеуге
д) дұрыс жауабы жоқ
5. Жалақының ӛсуі мен несиеге сұраныстың артуы экономикалық
циклдің қай фазасына тән?
а) құлдырауға
б) тоқырауға
в) жандануға
г) ӛрлеуге
д) дұрыс жауабы жоқ
6. Циклдік теорияны жасаған:
а) В.Леонтьев
б) А.Чаянов
в) П.Пастель
г) А. Реадишев
д) Н.Кондратьев
7.Ұзын толқынды циклдардың ұзақтығы
а) 0-20 ж.
б) 20-40 ж.
в) 40-60 ж.
г) 60-80 ж.
д) 80-100 ж.
78
8. Қысқа мерзімді экономикалық циклдар – бұл:
а) Китчин циклдары
б) Жуглар циклдары
в) Кондратьев циклдары
г) Кузнець циклдары
д) Минз циклдары
9. Орта мерзімді экономикалық циклдар – бұл:
а) Китчин циклдары
б) Жуглар циклдары
в) Кондратьев циклдары
г) Кузнець циклдары
д) Минз циклдары
10. Экономикалық ӛсудің бірден – бір факторы капитал деп
есептейтін үлгі:
а) Харрод Домардың
б) Кейнсиандық үлгі
в) Кобба – Дуглас үлгісі
г) Солоу үлгісі
д) Ростоу үлгісі
11. Экономикалық ӛсудің шарты инвестицияларға тең жинақтар
деп есептейтін үлгі:
а) Харрод Домардың
б) Кейнсиандық үлгі
в) Кобба – Дуглас үлгісі
г) Солоу үлгісі
д) Ростоу үлгісі
12. Экономикалық ӛсу еңбек пен капиталдың барынша жоғары
ӛнімділігі кезінде мүмкін болады деп есептейтін үлгі:
а) Харрод Домардың
б) Кейнсиандық үлгі
в) Кобба – Дуглас үлгісі
г) Солоу үлгісі
д) Ростоу үлгісі
79
Халықты жұмыспен қамту теориясы
Батыста толық жұмыспен қамту және жұмыссыздықты
анықтауды тарихи екі мүлдем ӛзгеше кӛзқарас қалыптасты.
Біріншісі, АҚШ-та, мысалы, әрбір тӛртінші жұмысшы
кәсіпорын қақпасының сыртында қалған әлеуметтік дүмпумен
сескендіретін 1929-1933 жылдардағы дүниежүзілік экономикалық
дағдарыспен байланысты. Содан бері экономикалық теорияда 40
жылдай жұмыссыздық қалайда болса жасамауға тырысатын
әлеуметтік бәле ретінде қарастырылып келеді, ал еңбек қабілеті
халықтың толық жұмыспен қамтылуында маңызды мемлекеттік
міндетті кӛрді. Жұмыссыздықтан құтылудың рецептін іздеу
нарықтық қатынастар ӛрісіне кӛшірілді.
Белгілі ағылшан экономисі Дж.Кейс пен оның ізбасарлары
ұстанған негізгі теориялық тұрғының мәні келесідей. Олардың
кӛзқарстары бойынша жұмыссыздық жұмыс істегісі келетін
адамдардың толық жұмыспен қамтуы кезінде құралатын
жиынтық сұраныспен (халықтың тӛлем қабілеттілігімен)
айрықша қамтамасыз етілген. Сондықтанда мемлекеттің толық
жұмыспен қамту саясаты ӛндірістің ӛсуі мен тіпті инвестициялық
ынталандырумен ұйғаратын, осы мақсаттар үшін жеткілікті
жиынтық сұранысты қамтамасыз етуден тұруы қажет. Қандайда
бір қысқа мерзімге жұмыссыздыққа қарсы бұл рецепт, сірә, оң
нәтиже береді.
Бірақ, жұмыссыздықты инвестицияның кӛмегімен жою
ұсынысына табанды қарсылық кӛрсеткендерге болды. Нобель
сыйлығының лауреаты ағылшын экономисі Ф.Хайек мынадай
қарсы дәлел ұсынды: «біріншіден, қойылған мақсатқа жету үшін
мынадай инвестиция нарық экономикасының тиімді жұмыс істеуі
мүмкін болатындай дірежесіне ертелі – кеш бір жететіндей
тұрақты қарқын алуы тиіс болар еді. Екіншіден, әрі бұл
маңыздырақ, ақырында мұндай инвляция ең басында жол
бермеуге қйғарылған жұмыссыздыққа қарағанда анағұрлым кӛп
жұмыссыздықты тудырады».
Толық жұмыспен қамту астарында жұмыс істегісі келетін
халық санының жұмыс орнының санына, бірақта табиғи
жұмыссыздық
деп
аталатынды
шегергендегі,
сәйкестігі
жобаланған. Табиғи жұмыссыздық – бұл құрылымдық және
фрикциялық жұмыссыздықтың сомасы. Әсерлі ретінде тек
80
нарықтық күштерді мойындайтын неоклассикалық теория
тұрғысынан жұмыссыздықты жою мүмкіндігі іс жүзінде теріске
шығарылады. Одан бетер, толық емес жумыспен қамту кӛптеген
экономистермен экономиканың икемділігін қамтамасыз ету үшін
(жұмыс күшінің қоры есебінен оның тез ӛсуі үшін) қажетті деп
танылды. Қатаң еңбек тәртібін қолдау үшін жұмыссыздықтың
пайдасы жӛніндегі пікір де айтылуда.
Қазір батыс экономикалық әдебиетінде жұмыссыздықтың
табиғи деңгейі – құрылымдық және фрикциялық жұмыссыздық
деңгейлерінің сомасы есептелуде. Бұл деңгей барлық жұмысшы
күшінің құрамындағы табиғи жұмыссыздықтың үлесін кӛрсетеді.
Кӛрсеткіш уақыт ӛткен сайын жұмысшы күшінің құрамының
ӛзгеруі есебінен дұрысталып отырады. Мәселен, жастар үлес
салмағының артуы кезінде табиғи жұмыссыздықтың нормасы
артады (жастарға жұмыс тауып, онда тұрақтану қиынырақ).
Мысалы, АҚШ-та бастапқы деңгейі ретінде оның 60-шы
жылдардың ортасындағы нормасы (4,5%) қабылданды. 70
жалдардың басында табиғи жұмыссыздық деңгейі 5,5%-ке дейін,
ал 80 жылдардың басында 6%-ке дейін ӛсті.
Ӛндірістің адам факторының толық емес жұмыспен қамтуы
елдің ӛндірістік потенциалына зиян келтіреді. Ӛндірістік
потенциал – бұл ресурстарды біршама толық пайдалану
(жұмыссыздықтың табығы деңгейін ескере отырып) кезінде
экономика ӛндіре алатын жағдайы бар жалпы ұлттық ӛнімнің
нақты кӛлемі. Егер жұмыссыздық оның табиғи деңгейінен тыс
ӛсетін болса, онда бұл үлкен экономикалық және әлеуметтік
шығындарды тудырады.
Тестілер:
1. Инфляция мен жұмыссыздықтың арасындағы байланысты
бейнелейтін қисық:
а) Лоренц қисығы
б) парықсыз қисығы
в) Филипс қисығы
г) Лаффер қисығы
д) ӛндірістік мүмкіндіктер қисығы
81
2. Жұмысшы күшінің аймақтық, кәсіби және жас бойынша
ауыспалылығымен байланысты жұмыссыздық:
а) табиғи
б) шарасыз
в) фрикциал
г) құрылымдық
д) циклдық
3. Үміткер қызметкерді жалақы деңгейі немесе еңбек сипаты
қанағаттандырмағанда бом жұмыс орындары бар кезде орын
алатын жұмыссыздық:
а) табиғи
б) шарасыз
в) фрикциал
г) құрылымдық
д) дұрыс жауабы жоқ
4. Құрылымдық
және
фрикционық
жұмыссыздықтың
қосындысы қандай жұмыссыздық деп аталады:
а) еркін
б) шарасыз
в) табиғи
г) циклдық
д) дұрыс жауабы жоқ
5. Экономика коньюнктурасындағы ӛзгерістермен анықталатын
жұмыссыздық:
а) табиғи
б) шарасыз
в) құрылымдық
г) фрикциалдық
д) циклдық
6. Жекелеген аймақтар мен салалардың даму ерекшеліктеріне
тығыз байланысты жұмыссыздық:
а) табиғи
б) шарасыз
в) құрылымдық
г) фрикциалдық
д) циклдық
82
Мемлекеттің бюджет және қазыналық саясат
Макроэкономикаға әсер етудің ӛте маңызды әрі тиімді тетігі
мемлекеттің иелігіндегі қаржы болып табылады. Қаржы – үй
шаруашылығы, кәсіпорындар мен мемлекеттің иелігіндегі барлық
ақша қаражаттарының жиынтығы.
Қаржы жүйесінің құрылымы мен оның негізгі бӛліктерінің
арасындағы ӛзара байланыстарын қарастырайық.
Микроэкономика деңгейінде – кәсіпорындар мен үй
шаруашылықтарында – бастапқы қаржы қалыптасады. Мұнда
ӛндіріс факторларының ӛндіріс иелері бастапқы табыстарды,
соның ішінде, ақша қаражатын алу үшін, еңбек пен оның
нәрседей жағдайларын қолданады. Бұл негізгі қаржы қызметіне
екі кезең кіреді: ақша қаражатының қалыптасуы (ол табыстарды
алғашқы бӛлу кӛмегімен болады) және сондай қаражаттардың
жұмсалуы.
Микроэкономика деңгейінде табсытар мен шығыстар келесі
түрде теңестіріледі. Кәсіпорындарда қаржы күйі пайда мен
залалдар есепшотында есептеледі. Үй шаруашылығында алынған
табыстар (ӛндіріс факторларын пайдаланудан) шығыстармен
(ағымдағы тұтыну мен жинақтау шығындары) салыстырылады.
Макроэкономика деңгейіндегі бастапқы қаржы мемлекеттің
қосалқы қаржысының негізі болып табылады. Олар басты түрде
салықтардың кӛмегімен табыстарды одан кейін бӛлу (немесе
қайта бӛлу) нәтижесәнде құрылады. Салықтар – бастапқы
табыстар кӛлемін ескере отырып, мемлекеттің кәсіпорындар мен
халықтан ӛндіріп алатын міндетті тӛлемдері.
Мемлекеттік ӛаржының құрылымы мен кӛлемі, олардың
жиындық қоғамдық ӛнімді ұдайы ӛндіру мен бӛлудегі рӛлі батыс
елдерінде
мемлекеттің
шаруашылық
рӛлінің
сипатына
байланысты елеулі түрде ӛзгеруде. Соңғыға қаржылық реттеудің
экономикалық теориялары едәір әсер етеді. 60-шы жылдардан
бастап шаурашылық дамуға ақша айналысы, несие мен
мемлекеттік қаржының тиімді әсер етуінің әртүрлі тәсілдерін
негіздейтін монитаристік және неокейнстік тұжырымдамалар
анағұрлым таралуда.
Монетаристердің кӛзқарас негізінде ақшаның сандық
теориясы жатыр. Бұдан бұрын анықтағанымыздай, бұл теория
тауар
бағасының
деңгейін
ақша
санының
ӛзгеруімен
83
түсіндіріледі: айналыста қаншалықты ақша кӛп болса,
соншалықты баға да жоғары, әрі керісінше ХХғ. екінші
жартысында батыс экономистері ақшаның сандық теориясының
жаңа варианты – артылған сұраныс теориясын ұсынды. Олар
инфляция есебін ақша кӛлемінің ӛсуінен емес, тұтынушылық
сұраныстың артуынан деп тапты. Осыдан барып халықтың
артылған сұранысын алып тастау әдістері жасалады: салықтарды
арттыру, займ шығару, жалақыны қатыру, ықтиярсыз
сақтандыруды жүзеге асыру. Осы тұрғыдан екінші дүние жүзілік
соғыстан кейін Батыста ақша реформалары, соның ішінде, банкте
салым иелерінің шоттарын блокадалау жүргізілді. Осындай
саясатты Батыс елдері мен халықаралық валюта қоры кӛп сыртқы
қарызы бар дамушы елдерге де қолданды.
Монетаризмге қарам – қарсы Дж.Кейс тұжырымдамасының
қазіргі кездегі ізбасарлары – неокейнсшілер ақша экспансиясы
(облегациялар, мемлекеттік займдар шығару және ашық
нарықтағы басқа да шаралар жолымен) қажет деп есептейді.
Олар фирмаларға жеңілдетілген мемлекеттік несиелерді
(әсіресе, тауарларды экспорттау кезінде) беру, ірі капиталды тура
немесе жасырын түрде субсидиялау, тауарлар мен қызметтерді
(бірінші кезеңде – қарулануды) мемлекеттік сатып алуды
тапшылық қаржыландыру сияқты қаржы тетіктеріне басымдық
береді. Неокейнсшілер ресми (фискалдық) саясатты жасауға
басты кӛңіл аударады.
Тестілер:
1. Мемлекеттік бюджет – бұл:
а) мемлекеттің табыстары мен шығыстарының есебі;
б) мемлекет табыстарының барлық кӛздері
в) мемлекет шығыстарының барлық баптары
г) мемлекеттегі барлық ақша қаражаты
д) жергілікті бюджеттердің қосындысы
2. Мемлекеттің бюджеттік тапшылығы – бұл:
а) мемлекет табыстарының шығыстарынан асып кетуі
б) мемлекет шығыстарының ӛсуі
в) мемлекет шағастары табыстарынан асып кетуі
г) бюджет кірісінің азаюы
д) салықтардың аз түсуі
84
3.Қазыналық саясат – бұл:
а) салық саясаты
б) қаржы – бюджет саясаты
в) несие саясаты
г) кеден саясаты
д) банк саясаты
85
Мазмұны:
Кіріспе.................................................................................................3
Экономикалық теорияның пәні мен әдісі.........................................4
Қоғамдық ӛндіріс: факторлары, құрылымы мен
ұйымдасу түрлері..............................................................................13
Меншік теориясы..............................................................................21
Тауар және оның құнының теориясы..............................................25
Ақша мен инфляция теориялары.....................................................29
Нарық экономикасының теориялары негіздері..............................34
Сұраныс пен ұсыныс теориясы........................................................37
Жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайларындағы нарықтың
әрекет ету механизмінің теориясы..................................................42
Ӛндіріс шығындары, пайда мен оның қайнар кӛздерінің
теориясы.............................................................................................47
Кәсіпкерлік пен бизнес теориясы....................................................52
Ӛндіріс факторларының нарықтары мен факторлық табыстарды
қалыптастыру теориясы....................................................................56
Маркетинг теориясы.........................................................................61
Ӛндірістің басқару және менеджменттің теориялық негіздері.....67
Ұлттық экономика: негізгі нәтижелер және оларды ӛлшеу..........70
Экономикалық ӛсу мен оның қайшылықтарының теориясы........74
Халықты жұмыспен қамту теориясы..............................................79
Мемлекеттік бюджет және қазыналық саясат................................82
Әдебиеттер тізімі...............................................................................85
86
Кӛлемі 5,3. Таралымы 100 дана. Офсет қағазы.
Тапсырыс № 101.
М. Ӛтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік
университетінің баспа орталығы
Орал қаласы, Достық даңғылы, 162.
Достарыңызбен бөлісу: |