-
Емтихан тапсыру кезінде студент 4 қосымша сұраққа жауап береді. Әр сұраққа дұрыс жауап беру ықтималдығы р=0,25. Жауаптардың барлығы тәуелсіз оқиғалар екенін жорамалдай отырып, ең болмағанда екі сұраққа дұрыс жауап беру ықтималдығын табыңыз.
-
Дәрігерге медициналық тексеруден өтуге 10 адам келді. Олардың 3-уі ауру. Дәрігер екі адамнан қабылдайды. Кабинетке кірген
а) екі адамның да сау; ә) екі адамның да ауру; б) бір адам сау, екіншісі-ауру; в) ең болмағанда біреуі ауру
болып шығу ықтималдығын табыңыз.
-
Студент бағдарлама бойынша 25 сұрақтың 20-сына дайын. Оқытушы берген үш сұрақты да студент білетінінің ықтималдығын табыңыз.
-
Белгілі бір аймақта көп жылдар бойы жүргізілген зерттеулер бойынша он жастағы 100000 азаматтың орта есеппен 82300 –і 40 жасқа дейін, ал 70 жасқа дейін – 38000 азамат өмір сүреді. Он жастағы және қырық жастағы азаматтар үшін 70 жасқа дейін өмір сүру ықтималдығын табыңыз.
-
350 бұйымдардың 160 – бірінші сортқа, 110 – екінші сортқа, 80 – үшінші сортқа жатады. Бірінші сортқа жататын бұйымдардың ішінде сапасыз бұйым болуының ықтималдығы 0,01, екінші сортқа жататындардың арасында
– 0,02, үшінші сортқа жататындардың арасында – 0,04 тең. Кез-келген бір бұйым алынған. Алынған бұйымның сапалы екенінің ықтималдығын табу керек.
-
Бірінші урнаға 1 ақ, 3 қара, ал екінші урнаға 4 ақ, 6 қара бірдей шарлар салынған. Бірінші урнадан бір шар алынып екінші урнаға салынды. Содан кейін екінші урнадан шар алынды. Екінші урнадан алынған шардың түсі қара болуының ықтималдығы қандай?
-
Бірдей үш қорапқа бірдей өлшемді шарлар салынған. Бірінші қорапта 10 ақ, 5 қара, 3 қызыл, екінші қорапта 9 ақ, 16 қара, 11 қызыл, үшінші қорапта 7 ақ, 4 қара, 1 қызыл шарлар бар. Кез келген қораптан кез келген шар алынды. Алынған шардың қара шар болуының ықтималдығы қандай?
-
Екі жәшікке бөлшектер салынған.Бірінші жәшікте 10 бөлшек, оның үшеуі стандартты, екіншісінде –15 бөлшек онда 6 стандартты бар. Әрбір жәшіктен бір-бірден кез-келген бөлшек алынды.Алынған екі бөлшектіңде стандартты екенінің ықтималдығын табу керек.
-
Екі мерген атыс алаңында атыс жүргізуде. Бірінші мергеннің нысанаға тигізу ықтималдығы – 0,7, екіншісінікі – 0,8 тең. Егер екеуі де бір-бірден атыс жасаса, ең болмағанда біреуінің нысанаға дәл тигізетіндігінің ықтималдығы қандай?
-
36 картаның ішінен кез-келген 2 карта алынсын. Осы екі картаның бір түсті болуының ықтималдығын табу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |