72
4. Амортизация сомасына шегерілген жалпы ұлттық ӛнім:
а) түпкі ӛнім
б) қоғамдық жиынтық ӛнім
в) аралық ӛнім
г) жалпы ішкі ӛнім
д) таза ұлттық ӛнім
5. Жыл бойы ағымдағы материалдық шығындарға бағытталған
жалпы ӛнімнің бӛлігі:
а) түпкі ӛнім
б) қоғамдық жиынтық ӛнім
в) аралық ӛнім
г) жалпы ішкі ӛнім
д) таза ұлттық ӛнім
6. Жыл бойы таза еңбек құралдарын қалпына келтіруге, халықтық
тұтынуға және қорлануға жұмсалатын дайын материалдық
игіліктер:
а) түпкі ӛнім
б) қоғамдық жиынтық ӛнім
в) аралық ӛнім
г) жалпы ішкі ӛнім
д) дұрыс жауабы жоқ
7. Кәсіпкерлерге салынатын жанама салық сомасына шегірілген
таза ұлттық ӛнім:
а) жеке табыс
б)қолда бар табыс
в) қолда бар табыс
г) ұлттық байлық
д) дұрыс жауабы жоқ
8. «Ұлттықесептің атасы» атағына ие болған экономист:
а) К.Маркс
б) А.Смит
в) П.Самуэльсон
г) П.Хейне
д) Дж.Кейнс
73
9. Тӛменде аталғандардың қайсысы ұлттық байлық құрамына
кірмейді?
а) ӛндірістік қорлар
б) ӛндірістік емес негізгі қорлар
в) материалдық айналыс құралдары
г) ақша қаржылары
д) халақтың жеке мүлігі
10. Тӛменде аталғандардың қайсысы макроэкономикалық
кӛрсеткішттерге жатпайды:
а) пайда
б) ұлттық байлық
в) жеке табыс
г) ұлттық табыс
д) қолда бар табыс
74
Экономикалық ӛсу мен оның қайшылықтарының
теориясы
ХХғ. Екінші жартысында жоғары дамыған елдердің ұлттық
экономикасының ӛсуімен байланысты үш маңызды мәселелер
алдыңғы қатарға шықты.
Бірінші мәселе: ұдайы ӛндіріс кӛлемін ұлғайтудың басты
мақсаты неде?
Экономикалық ӛсудің үйлесімі ең жпқсы мақсаты барлық
халықтың ӛмір деңгейін арттыру боолып табылады. Басқаша
айтқанда, барлық әлеуметтік топтардың табыс деңгейін арттыру
мақсаты кӛзделуі керек.
Қандай макроэкономикалық кӛрсеткіш осы басты мақсатты
басқаларына қарағанда жақсырақ бейнелейді?
Ең жақсы кӛрсеткіш–жан басына шаққандағы ұлттық табыс
шамасы.
Бұл ұлттық табыс кӛрсеткіші тек фирмалардың пайдасын
ғана емес, қоғам мүшелерінің барлық табыс түрлерін
жинақтайтындығында.
Макроэкономикалық ӛсудің екінші мәселесі: ұлттық
табыстың ӛсу қарқыны қандай болуы керек?
Теоретик және тәжірибеші экономистер ұлттық табысты
арттырудың ең жоғары қарқындарын ұзақ уақыт бойы сақтап
тұру мүмкін емес екендігіне кӛңіл аударады. Бұл үшін ешбір
елдің шамасы жетпейтін барлық ресурстардың зор шығындары
қажет. Сонымен бірге ӛндірістің шамадан тыс жетілдірілуі ішкі
экономикалық тепе-теңдікті бұзады: шаруашылықтың барлық
салалары
дамудың
шектен
тыс
қарқынына
шыдай
алмайтындықтан, халық шаруашылық кешендеріндегі тізбектер
арасындағы қалыпты байланыс бұзылады.
Демек, қоғамның маңызды ұзақ мерзімді мақсаты
экономикалық ӛсудің қалыпты (тұрақы) және жеткілікті
қарқындары болып табылады.
Макроэкономикалық ӛсудің үшінші мәселесі: ӛндірістің
қандай факторлары есебінен үйлесімді түрдегі эеономикалық
ӛсуді қамтамасыз етуге, яғни жан басына шыққандағы ұлттық
ӛндірісін үдетуге болады. Экономикалық теория келесі негізгі
факторларды анықтайды:
75
1. Макроэкономикалық
ӛсу
факторларының
бірі
инвестициялардың артуы болып табылады. Қорлану ұлттық
табыстың кӛлемін арттырады. Елдегі халық санының берілген
кӛлемінде жан басына шыққандағы ұлттық табыстың кӛп
шамасын алуға болады.
2. Қоғамдық ӛндіріс ӛсуінің басқа факторы – ұлттық
табыстағы қорлану нормасы. Ұлттық табыс екі қорға бӛлінеді:
ағымдағы тұтыну қоры (адамдардың жеке және қоғамдық
қажеттіліктерін қанағаттандыруға жұмсалады) және қорлану
қоры. Қорлану нормасы (К) ұлттық табыс (ҰТ) құрамындағы
қоғамдағы капитал қорлануының (К) үлес салмағын кӛрсетеді
және процентпен есептеледі:
К
к
*
100 %
Қорлану нормасы мен жан басына шаққандағы ұлттық
табысты ӛндіру арасында функционалдық байланыс бар: қорлану
нормасы қаншалықты кӛп болса жан басына шаққандағы ұлттық
табыстың ӛсу қарқыны соншалықты артады.
3. Қоғамдық ӛндіріс ӛсуінің келесі факторы – халықтың ӛсу
қарқыны.
Макроэкономикалық ӛсудің үйлесімді кӛрсеткіші жан басына
шаққандағы ұлттық табыс шамасы екендігін білеміз. Демек,
ұлттық табыстың берілген шамасында, халық саны қаншалықты
кӛп болса, жан басына шаққандағы табыс соншалықты аз.
Экономикалық ӛсу жылдамдығымен салыстырғанда халық
санының ӛсу қарқыны қаншалықты тӛмен болса, ел тұрғындары
соншалықты бай тұрады.
4. Экономикалық ӛсудің негізгі факторларына техникалық
прогресс (ӛндіріс тиімділігін арттырушы барлық жаңалықтар)
жатады. Жан басына шаққандағы ұлттық табыс артуындағы бұл
фактордың қолдануында шек жоқ.
Макроэкономикалық ӛсудің бірінші түрі – экстенсивті.Бұл
жағдайда ӛндіріс кӛлемінің ұлғаюы үш фактордың есебінен
болады:
1. негізгі капиталдың (қорларлың)
2. жұмысшы күшінің
3. материалдық
шағандардың
(табиғи
шикізаттың,
материалдардың, энергия тасымалдаушылардың).