338
- онкүндік бойынша кафедралардың қалыпты 4 тоқсанға бөліп өткізетін
ашық сабақтарын - 1 айдың көлемінде бітіріп, уақытты үнемдедік;
-
барлық сабақта 7 модульді кіріктіріп, АКТ арқылы өткізудік;
-
мұғалім үнінен оқушы үнінің басым көрінуін басты назарда ұстадық;
-
бағалаудың 3 бағытта үш түрлі жүргізілуін қамтамасыз еттік;
-
ата-ананың да сабаққа қатысуына мүмкіндік жасап, қарым-қатынас
белсенділігін арттырдық;
-
1 айда 100 мұғалімнің сабағына қатысып, мониторинг жасадық;
-
сондай-ақ,
барлық
59
сыныптың
толық
қамтыдық,
яғни
59 сыныпқа да ашық сабақ өткізілді;
-
1 ай бойы жоба барысында барлық күніндегі әр сабақ ашық есік күні
ретінде жарияланды.
Жобаны ендірмес бұрын жоба жоспары жасалып, директор жанындағы
кеңесте, әкімшілік жиналыста, әдістемелік бірлестіктер, жас мамандар, озат
тәжірибелі мұғалімдер, тәлімгерлер жиналысында, коучингтерде,
талқыланды. Ортақ жоспар құрылып, хабарландыру тақтасына алдын-ала
сабақ беретін мұғалімдер мен сабақтың өтілу кестесі ілінді, афиша ретінде
сабақтардың өтілу реті гимназия сайтына ілінді.
339
«Ашық сабақтар керуені» жобасының ашылу салтанаты ұйымдастырылып,
жобаның өтілуі жайлы мәлімет берілді, қатысамын деушілерге кіру
жетондары таратылды.
Жобаның ерекшелігі сол, ата-ананың да, ұстаздардардың да қатар қатыса
алуында. Жобада «Тәжірибе кішкене болса да үлкен теорияға пара-пар»
деген ұранды ұстандық. Тәжірибе айлағына енгізілген Ашық сабақтар
керуені жобасында оқушылар сабақтан соң ойын «ашық микрофон» әдісі
арқылы ойын айтса, ата-аналар пікір қағаздарын толтырып, пікірлер
сандықшасына салды, ал жоба соңында ұстаздар мобильді дауыс беруге
қатысты.
Шығармашылыққа
негізделген жұмыс әрқашан шығармашылыққа
жетелері анық. Жоба соңы үлкен шығармашылық көрмеге ұласты. Бұл -
үлкен еңбектің, төккен маңдай тердің зейнетін көру, оқу мен тәрбиенің егіз
ұғым екенінің тағы бір дәлелдеді.
Жақсы жұмыс жасай білген маман – жақсы демала да \білуі керек.
Қазіргі таңда гимназия ұстаздары ынтымақтастықта жұмыс жасайтын,
өнегелі жандар ретінде, шәкіртке үлгі болу мақсатында, гимназия өмірінен
тыс та салауатты өмір салтын жүргізеді, рухани, мәдени орындарға бірге
барып, саяхат жасайды. Жұмыс пен демалысты қатар қамту мақсатында
340
гимназиядан тыс демалыс орындарында да жиналыстар, педагогикалық
кеңестер өткізу үрдіске айналдырған.
Ақиық ақын М.Мақатаевтың шығармашылығын шәкіртке дәріптеуде
өзі үлгі ретінде танылуы керек екендігін түсіне отырып, әр ұстаз ақынның
өлеңін жатқа біледі. Ақынның мұражайына, ауылына, мүсініне барып гүл
шоқтарын қойып, өлең оқиды.
«Өзгеге үлгі көрсету үшін өзің үлгілі бол!»-деген ұранмен жұмыс
жасайтын ұстаздарымыз ұлылықтың ең басты нышаны қарапайымдылықты
серік етеді, шығармашылықпен қанаттанады, шәкірт жетістіктерімен
марқаяды. Ұстаздар қауымы гимназия ұстазы болғанын мақтан тұтса, біз
гимназия ұстаздарымен мақтанамыз!
Болашақ азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелейтін ұстаздар қауымы осы
жолда талмай еңбек етіп, әлі де талай белестерді бағындырады деген
сенімдеміз.
341
СLIL ӘДІСІ БОЙЫНША МАТЕМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУ
Токбулатов Данияр Сейтхазиевич,
математика пәнінің мұғалімі,
М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын
кәсіби мектеп-гимназиясы,
Көкшетау қаласы
Резюме
В этой статье рассматривается применение метода CLIL (интегрированное
обучение предмету и языку) на уроках математики.
Summary
In this article of CLIL (integrated educating to the object and language) application
of method is examined on the lessons of mathematics.
“Тілді үйрену грамматикалық ережелерді шектен тыс жаттау мен
қайталауды қажет етпейді. Тілді үйрену үшін, сол тілде мағыналы әрі
шынайы қарым-қатынас болуы керек”.
Стивен Крашен.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
халқына жолдауында «Қазақстан халқы дүние жүзінде үш тілді бірдей
пайдаланатын ел ретінде көрінуі тиіс. Бұлар – қазақ тілі, яғни мемлекеттік
тіл, орыс тілі ұлтаралық қатынастар тілі және ағылшын тілі – әлемдік
экономиканың сәтті қолданысындағы тіл. Қазіргі уақытта елімізде
«көптілділік» маңызды мәселелердің бірі болып саналады.
CLIL әдісін көп жылдар бойы өзім қызмет атқаратын М.Ғабдуллин
атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясы қолданып келеді.
CLIL – дегеніміз ол пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдісі деген мағынаны
білдіреді. Бұл термин ХХ ғасырдың соңында Еуропада пайда
342
болғанымен,тарихы ертеден басталады. Еуропалық комиссия бұл оқыту
әдісін Европада көптілді білімді дамыту үшін 2004-2006 жылдарға арналған
жоспарында ұсынған болатын. CLIL – инновациялық әдіс ретінде тілдерді
оқыту әдістерінің ішінде өз орнын таба білді. Бағдарламаның міндеті:
оқушыларды сапалы түрде әр түрлі халықаралық сынақтарға дайындау.
Күтілетін нәтиже: оқушылар ағылшын тілін өмірдің кез келген саласында
сауатты түрде пайдалануға үйретеді. CLIL (пән және тілді кіріктіріп оқыту) –
екі мақсатты көздейтін оқыту әдістемесі. Біріншіден ол екінші немесе үшінші
тіл арқылы пәндерді оқыту болса,екіншіден ол пән арқылы тілді оқыту және
пәндік салаларды оқу барысында тіл үйренуді жетілдіру, яғни пәндік және
тілдік мақсаттарға қол жеткізу (March 1994)
Жаратылыстану бағытындағы пәндер соның ішінде математика пәнінің
тақырыптары күнделікті өмірмен тығыз байланысты болғандықтан оларды
ағылшын тілінде үйрену оқушылардың қызығушылығын оятуы сөзсіз.
Тақырыптарды ағылшын тілінде қабылдау зейін, ынта талап ететіндіктен оқу
сапасы артады. Жаңа білімді қабылдауға бұрынғы тәжірибе қажет ,
сондықтан да оқушылардың бұрынғы білімдерін анықтау мақсатында ана
тілінде сұрақтар қойылады. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін
дамытуға арналған тапсырмалар орындалады.
CLIL әдәсінің 4 тармағы:
Койлдың CLIL әдісі бойынша сабақты жоспарлаудың 4 тармағы туралы
мағлұматты есімізге түсіру біз үшін пайдалы болады (Койл, 1999).
1. Мазмұны:
Математиканың тақырыбы не?
Мысалы: дәреже, қатынас, сызықтық теңсіздіктер,т.б.
2. Байланыс:
Сабақ кезінде оқушылар математиканың қай тілі арқылы байланыс жасайды?
3. Танымдық:
Қандай оқу дағдылары оқушылар үшін қажет болып табылады? Мысалы:
анықтау, жіктеу, ойлау, қорытындылау.
Достарыңызбен бөлісу: |