316
кәсіби жетілдіріп, дамытып отырғанын, іс-әрекетінің қандай да бір өткен
кезеңіне талдау қорытындыларын жасап отыру арқылы, өз тәжірибесін
жақсартуға байланысты нақты іс-әрекет жасағанына көзім жетті.
Басқаларға ықпал ету
Мұғалімнің кәсіби даму форматы әлдеқайда кең. Яғни, кәсіби даму тек
курстар, семинарлар мен конференцияларға барумен ғана шектелмейді.
Тиімді кәсіби даму оқыту мен практиканы қамтиды. Сол мақсатта, іс-
тәжірибемді №45 қазақ классикалық гимназиясында «Педагогикалық
рефлексия – мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін жетілдірудің қуатты
құралы» тақырыбында өткен облыстық семинарда «Сынып сағаттарындағы
рефлексия тәсілдері» тақырыбында коучинг өткіздім.
Коучингтің соңында қатысушылар сынып сағаттарында қолданылатын
рефлекия тәсілдерінің ресурстық материалдарымен танысып, өздерінің
сабақтарына қолдануға болатыны туралы ойланып кетті. Олардың топтық
жұмыс арқылы, тәрбие сағатына қолданатын рефлексия тәсілдерін талдап,
өздерінің сабақтарына қолдануына ықпал ете алдым деп ойлаймын.
Келесі жоспар мен ұсыныстар
Бағдарламаға қатысқан мұғалімдердің рефлексивті есептерін жинақ
ретінде шығару жоспарым бар. Сонымен қатар, келесі оқу жылында
«Тәжірибедегі рефлексия» бағдарламасын жүргізуде қатысушылардан
рефлексивтік күнделікті жүйелі түрде жазуына қолдау көрсететін арнайы
құралдар қолданамын.
Жалпы басқа мектептерде «Тәжірибедегі рефлексия» бағдарламасын
жүргізуде ұсынылған жаңа ақпаратты әр сабақ сайын практикада қолданып,
«қалай іске асты», «не сәтті болды», «не сәтсіз болды», яғни әр семинардың
рефлексивті жазбаларын тексеруді ұсынамын. Бағдарламаға қатысушы
ұстаздармен жеке кездесулер ұйымдастыру. Рефлексия жасауда негізгі қару
«сұрақ». Сондықтан сұрақтармен қаруланып, мұғалімдерді ойлануға
жетелейтін әрекет ету керек.
Қорытынды ойлар
317
Қорытындылай келе, рефлексияны игеру арқылы мұғалім өз
мамандығының шынайы субъектісі болуына мүмкіндік беретіндігі сөзсіз.
Себебі, рефлексия жасау мұғалімдердің бойында жоғары құзыреттілік,
дербестік, өзін-өіз басқару секілді қасиеттердің дамуына септігін тигізеді.
Өздігінен жетілген, өзіне сенімді кәсіпқой бола тұрып, рефлексивті мұғалім
ешқашан да өзін жай ғана мемлекеттік білім беру реформаларын іске асыру
құралы ретінде сезінбейді. Мұндай мұғалім – көшбасшының өзі
реформаларға белсенді түрткі болады, олардың идеяларын алға жылжытуға
іске асыруға қабілетті, өз айналасында пікірлестерін біріктіретін өз ісінің
шебері бола алатындығы анық. Соңында Джон Дьюидің (1997, 208 б.)
сөзімен қорытындылап кетсем: «Рефлексия жасай алатын мұғалім - өз
кәсібінің мәңгілік оқушысы».
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Әділжанова
Д.Ә,
(2016)
Рефлексияның
педагогикалық
шеберліктіжетілдіруге әсері,
Педагогикалық диалог журналы, 1(15)
2. Бизаева А.А (2014) Ойланатын мұғалімнің рефлексиясы, ПГПИ
им.Кирова, Псков
3. Бизяева А.А., (2014) Мұғалім неліктен рефлексивті болу керек?
,
Педагогикалық диалог журналы, 4(10), 1(15)
4. Бұзаубақова, К.Ж. (2016) Ұстаздық шеберлік, ЖК «Байтелиев»,
Тараз
5. Дьюи, Д. (1997) Психология и педагогика мышления, пер. с англ.
Никольской, Н.М.. Совершенство, Москва, 208 стр.
6. Мирсеитова, С., Іргебаева, Ә.
(2006) Әрекеттегі RWCT философиясы мен
әдістері, Қазақстан Оқу Ассоциациясы: Алматы, 129 бет
7.
Педагогикалық шеберлік орталығы
(
2016
) «
Тәжірибедегі рефлексия»
жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму
бағдарламасы
,
«Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ , Астана
318
8. Сурначева О.Г., Маторина Е.А., (2016) Рефлексиялық тәжірибенің
мұғалімнің эмоционалдық интеллектісіне ықпалы,
Педагогикалық диалог
журналы, 3(17)
9. Сухобская мен Кулюткин (2009) Бұзаубақовада К.Ж. Ұстаздық шеберлік,
ЖК «Байтелиев»,
Тараз
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН
АРТТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
Тасанова Гульмира Мухаметжановна,
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған мектеп-интернаты,
Қостанай қ.
Резюме
Грамотность
чтения
-
один
из
видов
функциональной
грамотности.Грамотность чтения подразумевает умение учащихся через
понимание содержания текста развивать свое мышление, использовать
содержание текста для достижения определение целей, расширеть свои
знания и возможности .
В данной работе показаны наиболее продуктивные методы и формы
работы по обучению учащихся грамотности чтения,учитывая при этом
уровень их развития. Данную работу можно использовать учителям-
предметникам как допольнительный материал при подготовке к грамотности
чтения.
Usummaru
319
Reading literacy is one of the kinds of functional literacy. Reading literacy is the
ability of students through understanding the content of the text to develop
thinking, use the content of the text to achieve certain goals, expand their
knowledge and abilities.
The given work shows more productive methods and forms of teaching students’
to reading literacy, taking into account their level of development. This work can
be used by subject teachers as an additional material in preparation for reading
literacy.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту - басты міндет.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік –
экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты
Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық
сауаттылығын дамыту мақсатында ұлттық жоспарды қабылдау міндеті
қойылған болатын. Ұлттық жоспардың басты мақсаты - Қазақстан
Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын
дамыту үшін жағдай жасау. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын
дамыту жөніндегі Ұлттық жоспардың қабылдануы – оқыту әдіснамасы мен
мазмұнын түбегейлі жаңарту болып табылады.Қазір еліміздің түкпір-
түкпірінде оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдермен қаруланған біршама
ұстаздар қауымы шәкірттерінің жаңа белестерді меңгеруіне жол ашуда.
Заманауи қарқынды дамып келе жатқан қоғамда «сауаттылық» түсінігінің
мазмұны анағұрлым кеңейді. Адамның оқу, жазу және арифметикалық
есептерді шығару қабілетін сипаттайтын сауаттылықтың дәстүрлі
түсіндірілуімен қатар, «фукционалды сауаттылық түсінігі белсенді пайдалана
бастады. Ол салыстырмалы тұрғыда жаңа болып келеді:Функционалды
сауаттылық – алған білімді өмірлік міндеттерді шешу үшін қолдана алу
қабілеті. (1958) Сонымен қатар, адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және
экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану
дәуіріндегі заман ағымына, адамның мамандығына, жасына қарамай ілесіп
Достарыңызбен бөлісу: |