320
отыруы, үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім
беретін мектептерде ҚР-ның зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан
дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып
табылады.
Оқу сауаттылығы дегеніміз не?Сауаттылық – адамның өз ана тілінде
дұрыс оқу және дұрыс жазу дағдыларын иелену дәрежесі. Оқу –
интеллектуалды даму технологиясы, мәдениетті қалыптастыру тәсіл қарым-
қатынас дәнекері, өмір мәселелерін шешу құралы. Оқусыз даму, білім алу
мүмкін емес. Функционалдық оқу – нақты бір тапсырманы орындау үшін
немесе белгілі бір мәселені шешу үшін қажетті ақпаратты іздеу мақсатында
оқу Оқушы мәтіннен ақпаратты табуы және одан үзінді келтіре алуы
мүмкін. Мұнда оны ақпаратты іздеу, іріктеу және жинақтау дағдылары
бағаланады. Мәтінді түсіну үшін оқығанын өңдейді, мағлұматтарды
кіріктіреді және түсіндіреді. Оқыған мәтінге ол жердегі ақпараттан тыс өз
біліміне, мәтін идеялары мен мағынасына сүйене отырып өз ойымен баға
береді.
Оқу сауаттылығының әр деңгейіне сәйкес оқушы білігінің 7 нақты
сипаттамасы:
1. Ең алдымен, оқушы қарапайым, қысқа мәтіндегі таныс ақпаратты таба
біледі.
2. Автордың мәтіндегі басты мақсатын, мәтіннің басты тақырыбын
анықтайды.
3. Мәтіндегі ақпарат пен мәтіннен тыс білімдер арасында байланыс
туғызады, оларды өмірдегі тәжірибелермен салыстырып көреді.
4. Мәтіннің бірнеше бөлімдерінің арасындағы байланысты анықтап
талдайды.
5. Мәтіннің бүтіндей мазмұныны сәйкес, тілдік реңктерді түсінеді.
6. Мазмұны бейтаныс, ұзын әрі күрделі мәтіндерді түсінеді және
түсіндіреді.
321
7. Таныс емес тақырыпқа жазылған күрделі мәтінді сын тұрғысынан
бағалайды.
Оқуға дайындық жұмыстарын жасау. Оқу барысында мақсатқа жету үшін
әр түрлі тәсілдерді қолдану (дауыстап, ішінен, сын тұрғысынан, түртіп алу,
егжей-тегжейлі, таңдап, шолу жасап) оқу керек.
Оқығанды түсіну үшін не істеу керек?Мәтіннен үйренген білімді көңілге
тоқу үшін, оны ықыласпен, түсініп оқу керек. Мәтінді түсініп оқуға
көмектесетін әдіс-тәсілдер:
Көз жүгіртіп оқу. Мәтіннің мазмұнын түсіну үшін алдымен тақырыбына
қарау керек. Мәтіннің көлеміне, пішініне қарап, баға беріп көру керек.
Мәтіннің тақырыбын түсіну үшін, сөйлемдерге тұтастай көз жүгіртіп өту
керек. Ойға сұрақ туындататын сөйлемдерді толық оқығаны дұрыс.
Қысқаша мазмұнын жазып оқу. Мәтінді оқымас бұрын сұрақтарды
дайындап алу керек. Мысалы: Мәтіндегі кейіпкерлер кімдер? Оқиға қайда
және қашан болды? Мәтіннің кіріспесі мен қорытынды бөлімінде қандай
өзгерістер орын алды? Мәтінді бір абзацқа сыйдырып төрт-бес сөйлеммен
қысқаша мазмұнын жазып шығару керек.
Түртіп оқу. Мәтінді дауыстап не ішінен оқу барысында маңызды деп
ойлаған сөздердің, тіркестердің, мағлұматтардың астын сызып отыру керек.
Мәтінді толық оқып шыққаннан кейін түртілген жерлер не оқығаныңызды
еске салатын болады. Бұл мәтіннің негізгі ойын түсінуге көмектеседі.
Болжам жасап оқу. Мәтіннің белгілі бір бөлігіне дейін оқып, «ары қарай не
болуы мүмкін?» деп, оқиғаны ары қарай өз ойыңызша жалғастырып көріңіз.
Бұл сіздің мәтінге көңіл бөлуіңізді нығайтады.
Сұрақ қойып оқу. Мәтінді оқығанда ойша немесе жазбаша сұрақ
құрастыруға болады. Бұл мәтін бойынша емтиханда келетін сұрақтарды
алдын ала болжап, дайындалу үшін өте тиімді. Құрастырған сұрақтарды
достарыңызға қойып, топпен жұмыс жасасаңыз болады.
Пікір алмасып оқу. Мәтінді әркім әртүрлі түсінуі мүмкін. Сол себепті бір-
біріңізбен немесе топ-топпен пікір алмассаңыз, мәтіннен толық қорытынды
322
шығара алатын боласыз. Басқалардың пікірін тыңдау мәтінді басқаша
қырынан түсінуге мүмкіндік туғызады.
Сын тұрғысынан оқу. Мәтінді оқығанда өзіңіздің келісіп-келіспейтін
жерлеріңізді белгілеңіз және соған байланысты сұрақ-жауап іздеңіз. Сезім, ой
және оқиға арасында себеп-салдар байланысын құруға тырысыңыз. Мәтіннің
авторы жазған пікірге қатысты өз жеке ойыңызды айтып жеткізгеніңіз –
мәтінді өте жақсы түсінгеніңіз және оны ары қарай қалай қолдану керектігін
білгеніңіз
Мәтіннің түрлері.Мәтіннің үш түрі бар:
- Әңгімелеу мәтіні қандай бір оқиғаны баяндап, не істеді? не болды?
сұрақтарына
жауап
береді,
оқиғаның
сатыланып
дамуы
баяндалады.Әңгімелеу мәтінінің баяндауышы көбіне жедел өткен шақта
болады.Әңгімелеу мәтінінде оқиға, орын, уақыт, кейіпкерлер болады.
- Сипаттау мәтіні бір –затты не құбылысты сипаттайды және қандай ? қалай ?
деген сұрақтарға жауап береді.Мұнда пейзаж суреттеледі немесе портретке
мінездеме беріледі.
- Пайымдау мәтіні белгілі бір пікірді түсіндіреді, дәлелдейді және не үшін?
неге? не себепті ? деген сұрақтарға жауап береді.Мұнда ойдың
қорытындысы, тезисі, дәлелі жасалады.Пайымдау мәтінінде сондықтан,
өйткені, себебі деген себеп-салдар мәнді жалғаулық шылаулар жиі
кездеседі.Кейде бір мәтінде әңгімелеу де, сипатту да, пайымдау да кездесуі
мүмкін.Қайсысы басым екенін мәтіннің негізгі мақсатына байланысты табуға
болады.
Мәтіннің негізгі ойы. Мәтіннің негізгі ойы –мәтінде автордың айтқысы
келген басты ойы, идеясы.
Мәтіннің негізгі ойын анықтай білі қабілеті маңызды академиялық дағдылар
қатарына жатады. Өйткені, түсіну жылдамдығы мен мәтіннің ойы да
күрделене түседі. Мәтіннің негізгі ойы жылдам анықтау қабілеті мәтінді
оқуға кеткен уақытты үнемдеуге, әдеттегіден көп оқу арқылы жұмыс
өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |