Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы



жүктеу 5,79 Mb.
Pdf просмотр
бет101/102
Дата29.01.2020
өлшемі5,79 Mb.
#27579
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102

347 
 
developing  personal  inclinations  and  abilities  of  gifted  children  are  reported.  The 
varieties  of  working  with  gifted  children  and  generally  the  activities  neededto  be 
performed on the way of Results-Based Educatiob.  
       The  importance  of  teachers`  work  with  gifted  children  and  the  features  of 
education in the provision on today`s knowledge renewal is given.  
 
            ХХІ  ғасыр  –  бәсеке  ғасыры.  Бұл  –  ауылшаруашылығы  мен 
экономикадағы,  өндірістің  түрлі  салалары  мен  ІТ  технологиядағы 
бәсекелестік  болуымен  бірге  Елбасы  Н.Назарбаевтың  «...құндылықтар 
жүйесінде  білімді  бәрінен  биік  қоятын  ұлт  қана  табысқа  жетеді»  деп 
көрсеткеніндей  білім  мен  ғылымның,  өнердің  бәсекедегі  бәсі  биік  тұрған 
кезең.  Сондықтан  да  еліміздің  білім  берудегі  ұлттық  жүйесін  заманға  сай 
жаңғырту мақсатында қарқынды өзгерістер енгізілуде. Бүгінгі таңдағы негізгі 
мақсат  –  ұлттық  құндылықты  әлемдік  деңгейге  шығаруға  қабілетті,  өзіндік 
жеке  көзқарасы  қалыптасқан   тұлға  тәрбиелеу.  Ол  үшін  оқушылардың 
белсенділігін арттыру, ізденімпаздыққа үйрету және білімді өз бетінше алуы 
мен қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеу керек.
 
           Елбасы 
тәуелсіздіктің 
алғашқы 
жылдарынан 
бастап-ақ 
интеллектуалдық  ұлт  қалыптастыруда  адами  капиталды  дамытуды  бірінші 
кезекке  қойды  және  «Қазақстан  ұлы  держава  болуы  үшін  бізге  күш-қуаты, 
қажыр-қайраты мол, ақылды да ойлы, дарынды жастар керек» деп дарынды 
жастардың  қоғамдағы  орнын  айқындап  берген  болатын.  Осы  орайда, 
Елбасының  сапалы  білім  беруді  дамытуда  дарынды  балаларды  оқыту  мен 
тәрбиелеудi  одан  әрi  жетiлдiру,  олардың  интеллектуалдық  қабiлетi  мен 
талантын дамыту үшiн қажеттi жағдайлар жасау, жастардың қоғамдық даму 
мiндеттерiн  шешуге  қатысуға  жан-жақты  даярлау  мақсатындағы  «Дарынды 
балаларға  арналған  мектептерді  мемлекеттік  қолдау  мен  дамыту»  туралы 
өкімі  мен    «Болашақ»  бағдарламасының  іске  асырылуының  маңызы  зор. 
Білімпаз  жастарды  қолдауға  арналған  осындай  бағдарламалар  дарынды 
балаларға  арналған  білім  беру  ұйымдары  желісінің  құрылып,  олардың 


348 
 
дамуының  негізі  болды.  Күні  бүгінде  елімізде  көптеген  дарынды  балаларға 
арналған  мектептер  әлемдік  деңгейдегі  бәсекелестікке  сай  білім  беруге  қол 
жеткізді.  Соның  негізінде  қазіргі  таңдағы  әлемдік  ғылым  мен  білім  беру 
саласындағы  жетістіктерге  негізделген  жаңа  жүйе  еліміздің  білім  беру 
саласына  терең  енгізіліп  отыр.  Бұл  өзгерістер  өз  кезегінде  болашақ 
интеллектуалды  ұлтты  қалыптастырудың  кепілі  болмақ.  Сондықтанда 
аталмыш  білім  беру  ұйымдарының  жұмысын  үнемі  жетілдіру,  ізденіспен 
жұмыс жасап, заманауи жаңалықтар мен жаңа технологияларды қолданудың 
маңызы  зор.  Еліміздегі  және  әлемдік  жүйедегі  іс-тәжірибелерге 
салыстырулар,  талдау  мен  сараптау  жүргізіп,  тиімді  тұстары  мен  озық 
үлгілерін  өз  іс-тәжірибелерімізде  қолданысқа  алуымыз  жақсы  нәтижелер 
беруде.   
       Қазіргі  жалпы  білім  беру  жүйесін  түбегейлі  жаңартуда  менеджмент 
жүйесіндегі  педагогикалық  мониторингті  жетілдіріп,  білімді  бақылау  мен 
бағалаудың  ұлттық  бірыңғай  жүйесін  қалыптастыра  отырып,  білім  сапасын 
көтеру  күн  тәртібіне  қойылып  отыр.  Өйткені  мектеп  тәжірибесінен  көріп 
отырғанымыздай, әрбір оқушының күнделікті білімді тұрақты, жүйелі, терең 
меңгеруін қамтамасыз ету — бүгінгі мектептің алдында тұрған ең күрделі де 
маңызды  мәселе.  Осы  орайда  дарынды  балалар  мектебінде  педагогикалық 
мони-торинг жұмыстарын жүйелі жүргізуге қолайлы мүмкіндіктер бар. 
Білім  сапасын  айқындау  және  ілгерілету  бағытында  мектепте 
жүргізілетін маңызды жұмыстардың бірі – бақылау. Оқыту процесін тұрақты, 
жүйелі  бақылап  отыру  арқылы  оқушылар  білімінің  сапалық  деңгейін 
айқындап, кемшіліктерін көріп қана қоймай, оның себебін түсінуге, жоюдың 
жолдарын  анықтап,  жүзеге  асыруға  да  қолайлы  жағдай  жасайды.  Барлық 
мектептердегідей  мектепішілік  бақылау  жұмыстарымен  бірге  біздің 
мектебімізде оқушыларымыздың білімін үздіксіз, жүйелі бақылау апта сайын 
жүргізілетін  апталық  тақырыптық  тест  (АТТ)  және  тоқсан  соңында 
жүргізілетін білім тексеру сынағы (БТС) арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі 
жаңарған білім мазмұнын енгізуде қолданылып жүрген критериалды бағалау 


349 
 
жүйесі  бойынша  алатын  болсақ,  АТТ-да  қалыптастырушы  бағалау  жүрсе, 
БТС-те  жиынтық  бағалау  жүргізіледі.  Апталық  бақылау  оқушылардың 
өтілген  тақырыптар  бойынша  білім  деңгейін  айқындаумен  бірге  білімінің 
олқы  тұстарын  анықтауға  және  қосымша  жұмыстануға  мүмкіндік  береді. 
Бұндай  жұмыстар  оқушының  алған  білімін  толықтырумен  бірге  бекіту  де 
болып табылады. 
Білімді   бақылаудың  бұндай   біртұтас  жүйесін  жүзеге  асыру  кезінде 
оқушылардың  білімді  меңгеруі  мен  мұғалімдердің  білім  беру  үдерісінің 
деңгейін  апталық,  тоқсандық,  жылдық  сырттай  тәуелсіз  бақылау  жүзеге 
асырылады  және  бақылаудың  нәтижесін  үнемі  зерттеп,  зерделеп  тиімді 
жағын  жетілдіріп,  кемшіліктерді  болдырмау  бағытында  үздіксіз  жұмыстану 
әр  оқушының  бағдарламалық  материалды  үздіксіз,  тұрақты,  сапалы 
меңгеруін қамтамасыз етеді. 
Оқушылардың жеке дара шығармашылық талаптарын қанағаттандыруда 
бейімі мен қызығушылығы негізінде жүргізілетін маңызды жұмыстың бірі – 
пәндік  олимпиада  мен  ғылыми  жобалар  бойынша  жұмыс.  Бұл  жұмыс 
оқушының  нақты  бір  ғылым  саласымен  кеңірек  шұғылдануына  және  осы 
бағытта мейлінше мол деректер мен мәліметтер қорын жинауына мүмкіндік 
береді.  Оқушының  пәнге,  ғылым  саласына  қызығушылығын  одан  әрі 
арттырып,  ендігі  жерде  белгілі бір  мақсаттарға  жету  жолында  жұмыстануға 
жетелейді  және  соның  негізінде  оқушылардың  оқыту  үдерісінен  тыс  түрлі 
жарыстарға, 
конкурстарға, 
олимпиадаларға, 
ғылыми 
жобаларға, 
конференцияларға тұрақты қатысуын қамтамасыз етеді.  
 Бұндай  жұмыстар  7-сыныптан  басталады  және  оқушылардың  белгілі 
пәнге  бейімі мен қызығушылығын, қабілетін айқындау мақсатында олардан  
логикалық  емтихандар,  сауалнамалар    алынып,  әңгімелесулер  мен  арнайы 
жұмыстар  жүргізіледі.  Оқушы  өзінің  қызығушылығын  тудырған    пәндерге 
сұраныс жасайды. Пән мұғалімдері де оқушылармен тығыз қарым-қатынаста 
жұмыстанып,  олардың  бойындағы  ерекшеліктерді,  бейімділікті  анықтауға 
күш  салады.    Нәтижесінде  баланың  пәнге  деген  қабілеті  айқындалып, 


жүктеу 5,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау