Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы



жүктеу 5,79 Mb.
Pdf просмотр
бет97/102
Дата29.01.2020
өлшемі5,79 Mb.
#27579
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102

327 
 
Автор  уделяет  особое  внимание  на  работу  тройки  «Учитель-Ученик-
Родитель»  по  новому  образцу  преподавания.  Делиться  творческими 
навыками учителей и учеников, а также опытом гимназии. 
 
Summary 
 
The  report  on  «140  gymnasium:  management  of  management»  gives 
information about the measures taken on the new format in the gymnasium. 
The  emphasis  is  placed  on  the  management  of  the  new  management  to 
improve the quality of knowledge and the development of gifted children. 
The author pays special attention to the work of the troika "Teacher-Student-
Parent"  on  a  new  model  of  teaching.  Sharing  the  creative  skills  of  teachers  and 
students, as well as the experience of the gymnasium. 
 
       Мектеп 
– 
жан-жақты 
дамыған, 
бәсекеге 
қабілетті 
тұлғаны 
қалыптастыратын  білім  ордасы.    Сондай  білім  мекемелерінің  бірі  -  Алматы 
қаласындағы  М.Мақатаев  атындағы    №140  гимназия.  Гимназия    басқару 
менеджментінің  ұраны  ретінде:  «Әрбір  бала  –  бір  жұлдыз,  жарқырауына 
жәрдем  бер!»  деген  даналық  сөзді  ұстанады.    Сапалы  білім  берумен  қатар, 
оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашу, дамыту мақсатында «Театр 
өнері»,  «Хор»,  «Вокал»,  «Шахмат»,  «Домбыра»,  «Хореография»,  «Ғарышқа 
ұшу  әліппесі»,  «Домбыра»,  «Фотостудия»,  «Сәндік  қолданбалы  өнер» 
үйірмелері  жұмыс  жасайды.  Шығармашылық  қабілетін  дамыту  мақсатында 
«Алло,  біз  таланттарды  іздейміз!»,  «Талантыммен  тамсандырамын»,  «Әрбір 
бала – бір жұлдыз» тақырыбында байқаулар ұйымдастырылады. 
      Гимназия  шәкірттері    -    халықаралық,  қалалық,  аудандық  спорттық  
жарыстардың,  еркін  күрестен,  грек-рим  күресінен,  таэквандодан,  дзюдодан 
бірнеше  дүркін  жеңімпаздары.    «Вокал»  номинациясы  бойынша  гимназия 
оқушылары  Ұзақбай  Жалғас,  Тастыбай  Арай,  Байсұлтанов  Алихан, 
Жақсыбай  Әлішер,  Донов  Елдос,  Болсанбек  Дария  -  ҚР  кино  және  музыка 
өнерінде  алдыңғы  буын  аға-әпкелерінің  қатарында  жүрген  жас  өнерпаздар, 


328 
 
Мұқағали Мақатаев атындағы стипендия иегерлері, қалалық «Үздік оқушы», 
республикалық  «Звездный  талант-жұлдызды  талант»,  республикалық 
«Айгөлек»,  «Жырлайды  жүрек»,  «Балдаурен»,  «Золотой  микрофон», 
«Ғұмырдария»  байқауының,  «Асыл  мұра»,    «Ақ  көгершін»,  «Таланттарды 
іздейміз», «Күн шуақ» фестивалінің, «Көркем гимнастика», отбасылық сайыс 
байқауларының жеңімпаздары.  
     Жыл  сайын    Алматы  шаһарындағы  дарынды  оқушыларды  «Үркер»  
төсбелгісімен  марапаттау  рәсімі  өтіп  отырады.  Төсбелгіге  ие  болу  құрметі 
республикалық,  халықаралық  олимпиадалар  мен  ғылыми  жобалар 
конкурстарының 
жеңімпаздарына 
бұйырады. 
Біздің 
гимназияның 
оқушылары  да    бірнеше  жыл  қатарынан  «Үркер»  төсбелгісінің  иегерлері 
атанып жүр. 
     Жалпы,  тәрбие  жұмыстарын  басқару  менджментіне  сай  мониторинг 
үлгісінде бақылау басшылыққа алынған. Осы орайда, сынып жетекшілерінің 
жеке мониторингі,  сыныптағы әр оқушының жеке мониторингі жасалады.  
       Сынып  жетекшісінің  мониторингі  жасау  үшін  жалпы  гимназияның 
әлеуетіне  сай  мониторинг  жасалады.  Соңғы  үш  жылдағы  жетістіктерді 
негізге  ала  отырып,  қазіргі  таңдағы  гимназия  шәкірттерінің    табыс 
критерийінің  70%  үлескіге,  ал  ұстаздардың  табыс  критерийі  80%  үлескіге 
жеткендігін мақтанышпен айта аламыз.  
     30-дан астам «Үркер» төсбелгісі иегерлері -  республикалық, халықаралық  
ғылыми жоба, олимпиадалардың жүлдегерлері атанса, 150-ден астам шәкірт 
ән  байқауларының,    305    шәкірт  би  байқауларының,    110  шәкірт  көркемсөз 
байқауларының,    250  шәкірт  күй  байқауларының,  20    шәкірт  шахмат 
байқауларының,    150  оқушы  сурет  байқауларының  90  оқушы  шығармалар 
байқауларының  жүлдегері  атанса,  200-ге  тарта  шәкірттің  мақалалары, 
өлеңдері мен ой тоғаулары республикалық басылым бетінде жарық көрді.  
Ұстаздар  –  «Жыл  мұғалімі»,  «Ең  үздік  сынып  жетекші»,  «Тілдарын», 
«Үздік  оқырманы»,  «Үздік  қазақ  тілі  пәні  мұғалімі»,  «Сөз  мерген»,  «Алтын 
көмбе»,  «Үздік  авторлық  бағдарлама»,  «Білгірлер  бәйгесі»,  «Қоғамдық-


329 
 
гуманитарлық  пәндердің  Үздік  ұстазы»,  «Үздік  педагог»,  «Үздік  отбасы», 
«Еңбек  жолы»  байқауының    жүлдегерлері.    Сондай-ақ,  ҰБТ  сарапшысы  әрі 
құрастырушысы,  апелляциялық  комиссияның,  білім  сапасын  сырттай 
бақылау  комиссиясының,  оқулықтарды  сараптау  комиссиясының,  Қазақстан 
Педагогикалық  Ғылымдар  Академиясының  мүшелері,  Алматы  қаласы 
Әкімінің сыйақысының иегерлері. Соңғы 3 жылда ұстаздардың  300-ге жуық,  
зерттеу  және    шығармашылық  ізденіс  жұмыстары,  өлеңдері,  ойтолғаулары, 
мақалалары республикалық басылымдарда жарық көрді.  
Жаңа  форматтағы  ҰБТ  тапсыру  нәтижесі  бойынша    орьа  балл  -  125 
балды  құрады.  Республика  бойынша  139  балл  алған  Тасан  Саят                   
Елтайұлы да – аталмыш гимназияның 2017 жылғы түлегі.  
Гимназия  ұстаздары  ақынның    85  жылдық  мерейтойы  қарсаңында 
«Мектебім – білім ордасы» кітабын, гимназия оқушыларына арнайы күнделік 
шығарды.  
       «Артық  ғылым  кітапта,  ерінбей  оқып  көруге»  -деп,  Абай  атамыз 
айтқандай,  гимназия  оқушыларына  100  кітап  оқу,  100  ән  жаттау  ұсынылған 
себебі,  кітап  -  адамгершіліктің  қайнар  көзі  болса,  ән  –  әдеміліктің,  
адамдықтың әліппесі.  
      «Ұжымдаса  білген ұтады»  деп  бекер  айтпаса  керек  дана  халқымыз.   Жас 
ұстазын  жасытпай,  ардагер  ұстазын  қайраттандыра  түсетін  ұжым  – 
шығармашылық  ұстаздардан  құралған.  Ұстаздық  мамандықты  үлгі  тұта 
жүріп,  қала  көлемінде    2015  жылы  «Үздік  білім  беру  ұйымы»  атаған  жеңіп 
алып,  арнайы  сыйақымен  марапатталдық.  Сондай-ақ,  республикалық 
«Дарынды балаларға арналған Үздік білім беру ұйымы» байқауының 2 –орын 
иегері,  Алматы  қаласы  ұстаздары  арасында  өткен  көркемөнерпаздар 
байқауының  бас жүлдегері. Қол жеткізген толағай табыстар, төккен маңдай 
тер мен бірлесе атқарған еңбектің жемісі деп білеміз.  
   М.Мақатаев 
атындағы 
№140 
гимназия 
ұстаздарынан 
құралған                                 
3  әдістемелік  бірлестік  пен    3  кафедраның,  сондай-ақ,    59  сыныптың  оқу-
тәрбие  жұмысына  басшылық  жасайтын  сынып  жетекшілер  бірлестігінің 


жүктеу 5,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау