«Қоғамды ақпараттандыру» III Халықаралық ғылыми-практикалық конференция
113
УДК 372.851
Б.З. АНДАСОВА, М.Ө. МҰҚАШЕВА, М.А. ЕРМАҒАНБЕТОВА
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан
ИНФОРМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША ЖЕЛІЛІК АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ
ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жоғары оқу орындарында қазіргі заманға сай мамандарды даярлаудағы басты назарда
ұстайтын мәселелердің бірі болашақ мамандардың ақпараттық технологияларды жетік меңгеруі
болып табылады. Студенттер өзінің болашақ кәсібіндегі ақпараттық технологиялардың маңызын
және қолданылу бағыттарын жоғары оқу орнында оқып жүргенде сезіне бастауы қажет.
Мектеп информатикасы мен жоғары мектеп информатикасын оқыту мәселелері, ерекшеліктері
жайлы, информатикадан білім мазмұнын өзгертуге байланысты пікірлер соңғы кезде жиі айтылып
жүр [1-3].
Болашақ мамандар үшін ақпараттық технологиялар арасында басым маңызға ие болатын
желілік ақпараттық технологияларды олардың болашақ мамандықтарына бағдарлап оқытудың
маңызы ерекше деп айтуға болады. Бұл, жалпы білім беру саласында қолданылатын компьютерлік
технологиялардың басқа да түрлерін (мысалы, электрондық оқу құралдарын) тиімді қолданудың
желілік ақпараттық технологияларға тәуелділігімен түсіндіріледі.
Жоғары оқу орындарының мамандықтары үшін желілік ақпараттық технологияларды оқытуды
үш кезеңге бөліп қарастыру ұсынылады.
Желілік ақпараттық технологияларды оқытудың бірінші кезеңіндегі басты мақсат –
студенттердің желілік технологиялар туралы теориялық білімдерін жетілдіру. Студенттердің
компьютерлік желілер туралы білімі мектептен басталады. Мектептегі информатика курсында
компьютерлік желілер түсінігі, желілердің негізгі түрлері, желілер жұмысын ұйымдастыру және
қолдану туралы қарапайым және қысқаша мәліметтер ғана беріледі, қазіргі заманғы байланыс
жүйелері, соның ішінде сымсыз байланыс технологиясы жайлы оқулықта қарастырылмаған. Жоғары
мектепте студенттердің осы білімдері қазіргі заманға сәйкес желілік ақпараттық технологиялар
жөніндегі жаңа мәліметтермен толықтырылуы тиіс және жүйеленуі қажет. Жоғары оқу орындарында
оқитын студенттердің желілік технологиялар жөніндегі теориялық білімдері келесі білімдерді қамтуы
тиіс :
– Желілерді пайдалану қандай қажеттіліктерден туындағаны туралы, яғни желілерді
қолданудағы мақсат – бұл деректер қорын және аппараттық ресурстарды ортақ пайдалануды белгілі
бір қашықтыққа қарамастан және бір-біріне тәуелсіз жүзеге асыру.
– Желі қалай құрылады және оны құру үшін қажет жабдықтар: ақпарат көздері, байланыс
каналдары, ақпаратты түрлендіру құралдары, арнаулы программалық жабдықтар.
– Желі жұмысын ұйымдастыру. Желілік протоколдар. Желі жұмысын басқару, әкімшілік
ету. Желі саясаты. Желідегі қауіпсіздік.
– Желілердің түрлері. Порттар арқылы жасалатын уақытша желілер. Желілік карталар арқылы
жасалатын жергілікті желілер. Байланыс каналдары арқылы жасалатын кең ауқымды желілер.
Интранет. Аймақтық желілер. Сервер ұғымы және түрлері.Жоғары жылдамдықты, жергілікті,
сымсыз желілерді жасау және баптау.
– Интернет. Интернет желісінің қызметтері. WWW қызметі. FTR-файлдарды жіберу жүйесі.
Электрондық пошта қызметі (e-mail). Жаңалықтар қызметі (usenetnewsgroups). Он-лайн режимінде
ақпарат алмасу қызметі (irc, icq жүйелері). Интернет желісіндегі жұмысты басқаруға және бақылауға
арналған Telnet, Ping, Whois, Finger сияқты және т.б. программалардың қызметтері. IP- адрес.
Домендер.URL-адрес.
«Қоғамды ақпараттандыру» III Халықаралық ғылыми-практикалық конференция
114
Жоғарыда келтірілген тақырыптар желілік технологияларды іс-жүзінде пайдалану үшін қажет
теориялық білімдердің ең негізгі бөлігін қамтиды.
Желілік ақпараттық технологияларды оқытудың екінші кезеңіндегі мақсат – бұл
студенттердің желілік технологиялармен жұмыс жасау біліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
Жоғары оқу орындарының мамандықтарында оқитын студенттер үшін желілік технологиялармен
жұмыс жасаудың негізгі біліктері мен дағдыларын келесі әрекеттер құрайды:
– Өзі жұмыс жасап отырған компьютердің желіге қосылу мүмкіндігін анықтай алуы, яғни
өз компьютеріндегі жергілікті желімен жұмыс жасауға қажет желілік адаптер немесе Bluetooth
модем, Интернетке телефон арнасы арқылы қосылуға мүмкіндік беретін модем сияқты
құрылғылардың сипаттамаларын білуі және оларды баптауды, қасиеттерін өзгерте білуі. Іс жүзінде
студенттің өз компьютерінің желілік технологиялармен жұмыс жасау мүмкіндігін тексере алу
дағдысы келесі мәселелерді қамтиды: «Диспетчер устройств» панелінің көмегімен желілік адаптер,
телефондық байланыс модемі, Bluetooth модем және т. б. желілік құрылғылардың бар болуын
тексеру, олардың моделдерін және сипаттамаларын білу; аталған құрылғылардың атқаратын
қызметтерін ажырата білу және т. б.;
– Қарапайым қолданушы ретінде өз компьютерін Интернетке қосудың қарапайым
жолдарын пайдалана алуы, яғни «Панель управленияСетевые подключенияСоздание нового
подключения» амалдарын пайдаланып, Интернетке жаңадан қосылуы және бұл жаңа қосылудың
параметрлерін тағайындауы;
– Интернет желісінің қызметтерін пайдалану үшін қажет браузер-программалармен
жұмыс жасай білуі. Internet Explorer программасымен немесе Netscape Navigator және т.б.
программалардың бірімен жұмыс жасай білу, адрестері бойынша сайттарға кіру, домендік адрестерге
қарап сайттың қызметін (мысалы,
http://www.e.gov.kz/
– Қазақстан электрондық үкіметінің порталы,
http://
www.ito.edu.ru/
– «Информационные технологии в образовании» деп аталатын халықаралық
конференция-көрме сайты) ажырата білу, ақпарат іздеу жүйелерінің қызметін пайдаланып қажет
ақпаратты іздей білу, іздеу нәтижесінде табылған ақпаратты дискіге көшіріп жазу, қағазға басып
шығару;
– Электрондық пошта қызметін пайдалана білу, өзінің электрондық поштасын құруды,
пошта параметрлерін өзгертуді және қорғауды білу, электрондық поштамен хабар жіберу, файлдар
жіберу, келген хаттарды, файлдарды қарай білу, адрестік кітапшаны жүргізіп отыру, сонымен қатар
электрондық поштамен жұмыс жасауға арналған Microsoft Outlook немесе Outlook Express
программаларының мүмкіндіктерін қолдануды және баптауды білу және т.б.
Жоғарыда аталған дағдыларға қоса студент желілік технологиялармен жұмыс жасауда желі
арқылы жіберілетін файлдардың көлемін өзгерту жолдарын білуі, жергілікті желімен жұмыс
жасағанда желідегі компьютерлермен ақпарат алмасуды, желідегі қорғаныс құралдарын қолдануды
білуі шарт.
Жалпы, жоғары оқу орындарының мамандықтарында желілік ақпараттық технологияларды
оқытудың үшінші кезеңі студенттерді осы желілік технологияларды кәсіби іс-әрекетінде пайдалана
білуге бейімдеуді қарастырады.
Жалпы қай саладағы болмасын мамандар кәсіби іс-әрекетінде ақпараттық желілік
технологияларды ең алдымен кәсіби білімін жетілдіру үшін қолданады (бірінші ролі). Бұл мәселені
жоғары оқу орындарындағы педагогикалық мамандықтар мысалында қарастыратын болсақ, қазіргі
ақпараттық қоғамдағы мектеп мұғалімі өз кәсіби жұмысына қажет оқу-әдістемелік ақпараттарды
Интернеттен ала білуі, мамандығына байланысты Интернет-конференцияларға қатысып өз пікірін,
ұсынысын білдіруі, өз пәні бойынша басқа мектеп, аймақтағы пән мұғалімдерімен ақпарат алмаса
білуі аса қажет. Студент бойында мұндай бейімділіктерді қалыптастыру үшін өз тәжірибемізде
информатика саласына қатысты және басқа да пәндер бойынша рефераттар даярлауда, курстық
жұмыстар жазу барысында студенттерден тек қана кітап, оқулықтарды ғана пайдаланып қоймай,
белгілі бір Интернет-әлеуеттердің, сайттардың да мүмкіндіктерін пайдалану талап етіледі. Әрине,
Интернеттен алынған мәліметтердің барлығын бірдей дерлік жаңа, мазмұнды деп қарастыруға
болмайды, алайда аз уақыт жұмсап, көп мәлімет алуға болатынына студенттің көзі жетеді.
Сонымен қатар студенттер Қазақстан Республикасында қашықтан оқытудың заңды түрде
оқытудың бір формасы ретінде (күндізгі оқу, сырттай оқу сияқты) қабылданғанын да біледі. Осыған
байланысты педагогикалық мамандықтар студенттері қашықтан оқытудың мақсаты мен міндеттері,
оқу-ақпараттық орта, оқу орнының виртуальдық мекемесі, тьютор- оқытушылар, электрондық оқу
«Қоғамды ақпараттандыру» III Халықаралық ғылыми-практикалық конференция
115
ресурстары, өз еліміздегі қашықтан оқытуды жүзеге асырудың перспективасы, басқа
мемлекеттердегі білім беру желілері туралы мәліметтерден хабардар болуы үшін арнаулы курстар
тыңдауы қажет.
Педагогикалық іс-әрекеттегі желілік технологиялардың екінші ролі – оқу процесін
ұйымдастырудағы оқыту құралы ретінде қолданылуы, яғни жергілікті желі немесе Интернет
көмегімен оқытуды басқаруды ұйымдастыру. Дәлірек айтқанда, жергілікті желіні пайдаланып
сыныпқа дидактикалық материалдарды тарату, оқушының жұмысын тексеру, жекелеген оқушыларға
тапсырмалар беру, бақылауды ұйымдастыруға болады, ал мұны жүзеге асыру үшін студенттер, яғни
болашақ мұғалімдер, сабақтың электрондық түрдегі жоспар-конспектісін де жасай білуі қажет.
Мұны көрсету үшін бір студент белгілі бір тақырып бойынша сабақтың жоспар-конспектісін
жасайды, жоспар-конспектіде басқа да электрондық құжаттарға сілтеме жасалады, сондықтан сабаққа
қатысты барлық құжаттардың бір бумада сақталуы қажет деген талап қойылады. Ал, қалған
студенттер жергілікті желінің қызметін пайдаланып «студент-мұғалімнің» компьютеріндегі сабақтың
жоспарымен таныса алады, «оқушы» ретінде берілген тапсырмаларды орындай алады. Мұндай сабақ
жоспарын жергілікті желі болмаған жағдайда Интернет желісі арқылы да қарауға болады. Мұндай
қарапайым нәрселерді жасаудың студентке көп қиындық туғызбайтындығын атап айтуға болады,
себебі, бұл жерде сабақ жоспарларын жасауда Microsoft Word программасындағы гиперсілтемелерді,
қыстырмаларды (закладка) және т.б. мүмкіндіктерді пайдаланып, құжатты HTML форматта сақтаса
жетіп жатыр. Біздің пікірімізше, студенттердің электрондық оқу ресурстары, электрондық оқу
құралдары жөніндегі алғашқы түсініктерін осындай қарапайым нәрселерден бастаған жөн. Алайда,
қазіргі уақыттағы желілік программалық технологиялардың мүмкіндіктеріне қатысты алғанда,
педагогикалық мамандықтардың студенттері үшін де ақпараттық желілік технологияларға
байланысты оқу мақсатындағы мультимедиалық Web-ресурстарды құрудың жолдарын білу – үлкен
маңызы бар мәселе.
Жоғарыда келтірілген қарапайым мысалдың өзінен информатикадан берілетін білім аясында
қарастырылатын желілік технологияларды оқып-үйренудің болашақ маман үшін аса қажет және
өзекті мәселе екенін байқауға болады.
Желілік технологиялар – информатика пәні бойынша қарастырылатын білім мазмұнының
негізгі компоненттерінің біреуі ғана болып табылады.
Информатика пәні бойынша білім мазмұнында желілік технологиялар сияқты тағы да басқа
көптеген компоненттердің қамтылғаны белгілі, сондықтан жоғары оқу орындарында информатика
пәні бойынша білім беруді үнемі зерттеп және жетілдіріп отыру маңызды мәселелердің бірі екені
ескерілуі керек.
Әдебиеттер
1. Гриншкун В.В., Левченко И.В. Школьная информатика в контексте фундаментализации
образования. // Вестник Российского университета дружбы народов. Серия «Информатизация
образования». / М.: РУДН, – 2009, №1. С. 55-65.
2. Микрюков В. Ю. Проблемы обучения информатики в школе и Вузе. http://
courier.com.ru/top/index2000.htm
3. С.А Карташова, Е.В.Ростова. Информатика в вузе и школе: некоторые проблемы обучения.
http://gov.cap.ru
Достарыңызбен бөлісу: |