350
оқушылар пәндер бойынша іріктеледі. Оқу жылы барысында сол
оқушылармен күн сайын сабақтан кейін дайындық жұмыстары жүргізіледі,
ғылыми жоба жұмыстарына әзірленеді.
Оқу жылы барысында оқушылардың оқытылу деңгейі бақыланып,
олардың білімге ұмтылысы мен шығармашылығын шыңдауға мүмкіндіктер
туғызу мақсатында іс-шаралар өткізіледі. Осы орайда, оқушыларды негізгі
білім көрсеткіштерін байқататын облыстық, республикалық, халықаралық
олимпиадалар мен ғылыми жоба жарыстарына қатыстыру жолға қойылады.
Олимпиадаға дайындық, ғылыми жоба бойынша жұмыс жыл бойы
үздіксіз жүріп отырғанда ғана нәтижесін береді. Сол себепті ондай
оқушылармен барлық оқу кезеңінде және каникул уақыттарында да
дайындықты жыл бойы жүйелі жүргізіп отырған тиімді. Дайындық кезінде
оқушылар таңдаған пәндері бойынша топтарға бөлінеді және сол әр түрлі
жастағылардан құралған топтардағы 7-11 сынып оқушылары бірге дайындық
жүргізеді. Оқушылар мұғалімнің нұсқауларын, кеңестерін алумен бірге өзара
бірлесіп жұмыс жасайды, бір-біріне түсіндіру, көмектесу, ойларын өз
араларында дәлелдеу арқылы білімдерін толықтырады, басқалардың
тәжірибесінен үйренеді және белгілі деңгейде тәжірибе жинайды.
Дарынды оқушылармен жұмыста ескеретін мәселенің бірі пәндік
олимпиадалар мен ғылыми жобалар, түрлі байқаулар мен білім жарыстары
оқушының көп уақытын алатын дайындықты қажет ететіндігі. Оқушы
күнделікті сабақтарымен бірге қосымша жұмыстанып, ізденіп білім
сайыстарына
дайындалуына
тура
келеді.
Сондықтан
оқушының
олимпиадалар мен байқауларға, сайыстарға қатысуы, іссапарларда болуы
олардың оқуына кері әсер етпейтіндей, кейбір пәндерден білім деңгейінің
төмендеу жағдайлары орын алмайтындай етіп жұмысты ұйымдастыру қажет.
Мұғалімдердің оқушылармен қосымша жұмыстар ұйымдастырып, сабақта
арнайы тапсырмалар беріп, оқушының қалып кеткен тақырыптарды жедел
меңгеруі үшін жағдай жасауының маңызы зор. Бұл жерде оқушының
олимпиадаға дайындығына жетекшілік ететін мұғаліммен бірге өзге пән
351
мұғалімдері де дарынды оқушылармен жүргізетін жұмыс әдістерін
түрлендіріп, қосымша жұмыстануы керек. Бұл жерде мұғалім мен оқушы
арасындағы ынтымақтастықпен бірлескен жұмыстың нәтижесі жоғары
болады.
«Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады»
деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай дарынды оқушымен жұмыс жасайтын
мұғалім заман талабына сай өз білімін үнемі жетілдіре отырып, үздіксіз де
қарқынды ізденіспен жұмыстар жүргізеді. Олар:
- Дарынды оқушыны дамыту, жетілдіру мәселесіне ерекше көңіл бөле
отырып, жұмыс мақсатын анықтайды, тиімді әдістерді таба отырып
жұмыс жасайды,
- Дарынды оқушымен жұмысқа арнап қосымша тереңдетілген
бағдарламалар жасайды және ондай оқушылардың өздігінен жұмыс
істеуіне, шығармашылық ізденісіне бағыттап қажетті кеңестер береді.
- Дарынды
оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға
шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындайды.
- Ғылыми жобаға таңдап алынған тақырып және берілген тапсырмалар
бойынша оқушының жұмыс жасау барысын үнемі қадағалап, бақылау
жүргізіледі, қажетті ұсыныстар беріледі.
- Оқушының ата-анасымен үнемі ынтымақтастық байланыста болу, ой
бөлісіп, пікір алмасу секілді жұмыстар да жасалады.
Қазіргідей оқытудың жаңартылған мазмұнына көшу жағдайында әр
мұғалім интеллектуалды дарынды оқушылардың әлеуетін мейлінше ашу
үшін мүмкіндік беретін оқыту процесін ұйымдастырудың қазіргі заманғы
әдістерін, тәсілдерін, технологияларын шебер қолдануы және білім
алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесін білім беру
процесіне тиімді пайдалана да білуі керек.
Солай әр мұғалімнің кәсіби деңгейінің өсуі мен педагогикалық ұжымның
шығармашылдық жұмыстарының негізінде дарынды балалардың өзіндік
352
жеке дара дамуын қамтамасыз ететін жоғары нәтижеге бағытталған сапалы
білім беруге толық мүмкіндік беретін тиімді жұмыс жүйесі қалыптасады.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Назарбаев Н.Ә. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
2. «2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім
беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері
туралы» әдістемелік нұсқау хат
3. Даулетов Н.Д. «Элитарлық білім берудегі – инновациялық
тәжірибелер», «Дарын» журналы №2, 2014жыл
4. Бектібаева З. «Дарындылық дамытудың теориялық негіздері»,
«Қазақстан мектебі» журналы № 6, 2009 жыл
5. Ерматов Ш.Р. «Дарынды балаларға арналған мектеп оқушыларының
шығармашылық белсенділігін дамыту туралы», « Білім-образование»
журналы №5, 2009 жыл
6. Бекболаева Г. А. «Дарынды оқушыларды тәрбиелеудің өзекті
мәселелері»
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы ОҚО
бойынша Педагогикалық кызметкерлердің біліктілігін арттыру
институтының аға оқытушысы.
353
БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ АЯСЫНДА ҮШТІЛДІЛІКТІҢ
ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕГІ ТИІМДІЛІГІ
Шәукерова Светлана Нәбиқызы,
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі,
филология ғылымдарының магистрі
«Облыстық дарынды балалар үшін
мамандандырылған ЛОРД мектеп-лицейі» КММ,
Петропавл қаласы
Өзге ұлттың тілін, дәстүрін білмей, оның жанын,
арманын түсіну, сеніміне, құрметіне бөлену мүмкін емес,
Өз тілінің сұлулығын сезінбей, өзге тілдің сұлулығын
сезіну екі талай... Бауыржан Момышұлы
Аңдатпа
Мақалада білім беру мазмұнын жаңарту аясында үштілділіктің оқу
үдерісіндегі тиімділігі жайлы қарастырылды. Көп тілді оқыту – жас ұрпақтың
білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына
үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік болып саналады.
Аннотация
В статье рассмотрены эффективность внедрения трехъязычного
образования в учебный процесс в рамках обновления содержания
образования. Обучения полиязычию дает возможность показать свои
способности в образовательном пространстве подрастающего поколения,
понять секреты мировой науки.
Abstract
354
In the educational examines the effectiveness of the implementation of
trilingual learning process gives the opportunity to display your abilities. English
language gives you the opportunity to show their abilities in the educational space
of the younger generation, to understand the secrets of the world of science.
Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру
бағдарламасы – заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын
қанағаттандыратын
тың
бағдарлама.
Қазақстан-2030
стратегиялық
бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және
Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен
сипатталады. Қазіргі таңда қазақ тілі – мемлекеттік тіл, қарым - қатынас тілі
– орыс тілі және ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа
идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді
жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану – заман талабы болып отыр.
Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша
көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс -
тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді
қолдана білу міндеті тұр.
Қазіргі жаһанданған, ақпараттың дамыған ғасырында болып жатқан
түрлі өзгерістер мен жаңашылдықтар еліміздің экономика саласына да, білім
беру жүйесіне де тың ізденістерді енгізіп отыр.
Бүгінгі білім беру жүйесі модернизацияланған заманда көп тілді
меңгертуге аса назар аударылып, жан-жақты жол ашылған. «Келешекке
кемел біліммен»,-деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұстаным еткендей, келешекке
терең біліммен қадам басып, әлемдік білім кеңістігінің құпияларына үңіліп,
қоғамға бейім, өз қабілетін таныта алатын, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді
меңгерген құзіретті тұлғаны қалыптастыру басты мақсаттардың бірегейі
болып отыр.
Үштілді оқыту – заман талабы. Үштілділік – бәсекеге қабілетті елдер
қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі.
355
Білім беру ісі – мемлекеттің дамуының негізгі көзі. Бүгінгі білім беру
ісі – үнемі ұлтаралық қатынастардан тұратын күрделі үдеріс. Соның ішінде
оқушылар арасында көптілділік ортаны қалыптастыру жеке тұлғаның
гуманистік жалпы адамзаттық қасиеттерін дамытуға мүмкіндік береді.
Бүгінгі қоғам алдында тұрған басты міндет – әлеуметтік белсенді тұлғаның
қалыптасуына мүкіндік беретін өз тарихын жетік меңгерген, салт-дәстүрін
ұғынып, құрметтейтін, өзге ұлттардың мәдениетіне сыйластықпен қарап,
қарым-қатынас жасай алатын тұлғаны қалыптастыру. Бұл міндетті шешу
үшін, белсенді азаматтық көзқарас, рухани-адамгершілік дәстүрлердің
сақталуы, отансүйгіштік сезім, өз Отанына деген мақтаныш сезімі, әлемдік
өркениет жайлы сауаты бар, бірақ өз елінің мәдениетін жоғары сезіммен
бағалау сияқты қасиеттер жастар бойынан табылуы тиіс.
Көптілді меңгерген тұлға атану үшін, әр адам ең алдымен өз ана тілін
жетік білуі тиіс. Ал, көптілділік, жас ұрпақты өзара тығыз байланысқан
әлемнің өмір сүру жағдайларына дайындау болып есептеледі. Осы орайда,
біздің алдымызда көтілді үйрету және тіл дайындығының деңгейін көтеру
міндеті тұрады. Көптілділікті қалыптастыру жүйесі «қазақ тілі – орыс тілі –
ағылшын тілі» түріне ие. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев отандық білім беру ісі
алдына жоғары міндеттерді қойып отыр. Қазақстандық білім бәсекеге
қабілетті, сапалы болу керек. Отандық білім алған жас маманның әрқайсысы
өз қалауы бойынша білімін шет елдік оқу орындарында еш қиындықсыз
жалғастыра алу мүмкіндігіне ие болуы керек. Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Халықтары Ассамблеясының он
екінші
сессиясында
айтқан:
«Қазақстандықтардың
жаңа
буыны
мүмкіндігінше үш тілді, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген
болуы керек» деген сөзі бүгінгі білім беру ісіне қойылатын басты талап.
Еуропа елдерінде мектеп түлектері мен студенттер арасында бірнеше тілде
сөйлеу бұрыннан қалыпты жағдайға айналған.
Көптілділік және көптілді білім беру – уақыт талабы, себебі қазір бүкіл
әлем көп тілді. Осы айтылғандардың негізінде, Қазақстандық білім беру
356
ісіндегі ірі өзгеріс – үштілділікке көшу республиканың барлық аймақтарында
біртіндеп жүзеге асуда. Оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысы орыс
тілінің қолданылу аясы кең аймаққа жатады. Ал, ағылшын тілі барлық
мектептерде арнайы пән ретінде оқытылады. Облыстық дарынды балалар
үшін мамандандырылған ЛОРД мектеп-лицейінде 2007-2008 оқу жылынан
бастап жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде
оқыту үдерісі басталды. Педагогикалық ұжым бағдарламалық құралдардың,
электрондық оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, интерактивтік
жағдайда оқыту мүмкіндіктерін пайдаланудың негізінде тілдерді үйретуді
қарқындатуға бетбұрыс алды.
Үш тілде білім берудің кейбір элементтері сабақ барысына енгізіліп,
жыл сайын сараптама жүргізіліп отырады. «Жаратылыстану-математика
бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқыту байланысты биология пәнінен
7-сынып оқушыларына арналған «Ағылшынша биология», «Ағылшынша
физика» арнайы факультатив (қосымша сабақ) курсы оқу бағдарламасына
енгізілді. Бұл сабақ барысында оқушылар билогия пәнін ағылшын тілінде
оқиды. Бұл сабақтар арқылы оқушылар биологиялық, физикалық
терминдердің ағылшынша атауларын үйреніп, ағылшын тілдегі ойларын
ауызекі тілде ғана емес, ғылыми тілде жеткізуге дағдыланады. Мұның
барлығы оқушылардың мектеп қабырғасынан шыққан соң өз білімдерін шет
елде жалғастыруына, тәжірибе алмасуына мүмкіндік береді. Ағылшын тілін
оқытудағы оқушының өз сөзін жоспарлай білу икемдігін, мәтін мазмұны мен
ағылшын тілін үйрету құралдарын ұштастыра отырып, сөйлеу этикасын
пайдалана алуын талап етеді. Мектептің ағымдағы жылдағы және жалпы
даму жоспарында үш тілді білім беру, соның ішінде оқушылардың ағылшын
тілін жетік меңгеруін қамтамасыз ету басты міндеттердің бірі ретінде
қарастырылған.
Жас ұрпақтың өз болмысын тануға ұмтылуына көмектесіп, тереңде
жатқан талап-тілегін, қабілеттерді дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір
сүру үшін рухани күш беру – бүгінгі мұғалімнің басты мақсаты. Бұл
357
мақсаттың орындалуы үшін оқыту мазмұнының жаңартылуы, әдіс-
тәсілдердің озығы өмірге келуі, ол тәсілдер әрбір оқушының қасиеттерін,
қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтын болып
ұйымдастырылуы қажет. Көптілділік заман талабына айналып отырған
кезеңде ана тілімізді ардақтай отырып, өзге тілдерді білгеніміз әлемдік
мәдениетке, өркениетке, білім кеңістігіне еркін игеріп, болашақта алдыңғы
қатардағы бәсекелестікке қабілетті дамыған елдердің қатарына енуімізге,
жаһандану үрдісінде өмірдің барлық жағынан бәсекелестікке төтеп беру
мүмкіншілігімізді арттырады. Көп тілді оқыту – жас ұрпақтың білім
кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына
үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік болып саналады.
Осыған орай 2016 жылдың қыркүйек айында ЛОРД мектеп-лицейінің
базасында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік
университеті Тіл және әдебиет институтының тілдік пәндер бойынша
филиалы құрылды. Оның мақсаты: тіл кафедраларымен ғылыми қарым-
қатынасты дамыту, көптілділік олимпиадаларға, шығармалар конкурстарға,
оқушылардың ғылыми жарыстарға, оқу-әдістемелік материалдарды басып
шығару арқылы тәжірибе тарату, білім беру мониторингінің диагностикалық
тетіктерін әзірлеу болып табылады. Филиалдың ашылуы мектеп пен жоғары
оқу орны арсындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүмкіндік берді.
Университет оқытушылары лицейде өткізілетін барлық іс-шараларға
апталықтар мен облыстық көптілділік ғылыми-тәжірибелік конференциясына
белсенді қатысты. Лицей мұғалімдері де М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да
өткізілетін барлық іс-шараларға, конференциялар мен семинарларға үнемі
қатысып отырады.
Қорыта айтатын болсақ, көптілді білім беру бағдарламасы аясында
үштілді меңгеру тәжірибесін жинақтап, әлемдік деңгейде көтерілуіміз керек.
Бұл оқушылардың халықаралық жобаларға қатысуын кеңейту, шетелдік
әріптестермен ғылыми байланыстарын нығайтуға, шетел тілдеріндегі ақпарат
көздеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Елдің ертеңі өресі биік,
358
дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа
ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой- пікірімен ұштастырған сапалы
білім мен тәрбие берілуі қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа
Қазақстан».
2. «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы».
http://tengrinews.kz/vibori/178150/
Достарыңызбен бөлісу: |