84
келе жатқан бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысы аумағында білім мен
мәдениеттің, руханияттың ошағына айналған 96 жылдық тарихы бар
дарынды
балаларға
арналған
Жамбыл
атындағы
облыстық
мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатында дарынды балалармен
жұмыс істеудің тиімді жолдары, оларды ғылыми жұмысқа баулу және
зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері жетекші орынға қойылған.
2009 жылдан бері Өскемендегі Жамбыл атындағы гимназия-
интернатында әйгілі педагог, әдіскер ғалым, ұлт ұстазына айналған Қанипа
Омарғалиқызы Бітібаеваның республикалық ғылыми-әдістемелік атаулы
зертханасы жұмыс істеп келеді. Қазіргі кезде Қ. Бітібаеваның ұзақ жылдар
қызмет еткен мектеп-интернатында ұстаздың пәндік оқу кабинетінде оқу-
әдістемелік материалдар мен көрнекіліктердің республикада теңдесі жоқ
жүйеленген аса бай қоры жинақталған. 46 еңбектің авторы Қ.О. Бітібаеваның
«Ғылым әліппесі» атты оқушылар үшін жазылған оқу құралы елімізде
тұңғыш рет жазылған еңбек болып саналады. Бұрын-соңды болмаған,
оқулық-дәптер үлгісінде жазылған тікелей оқушыға арналған оқыту
құралының ішкі мазмұны да ерекше. Ол әр оқушыға арналған, күнделікті
алдында жататын көмек-құрал.
Сондай-ақ, әдіскер ұстазбен авторлық бірлікте жазған еңбегіміз
оқушыларды ғылыми ізденіс, зерттеушілік іс әрекетке жетелеудің белсенді
жолдарын, құзыреттілік тұрғысынан оқыту, дарын көзін ашу мәселесін сөз
ететін «Оқушыларды ғылыми ізденіс, зерттеу іс әрекетіне баулу» атты оқу
құралын айтуға болады. Осы еңбектер негізінде «ғылым» деген не, ғылыми-
зерттеу жұмысына қалай келуге болады, ғылыми жұмыстардың түрлері
қандай, ғылыми жобаны қалай жазуға әрі қорғауға болатыны жайында
оқушыларды теориялық біліммен қаруландыруға, оны тәжірибеде жүзеге
асыруға жол көрсетіп, оқушыларға бағыт-бағдар беруді көздейміз. Бұл оқу
құралдары облысымыздағы мектеп мұғалімдерінің ең қажетті күнделікті
сабақта пайдаланатын әдістемелік құралдарына айналып отыр.
85
Ғылыми жұмыстарға баулудың тиімді, өнімді әдіс-тәсілдерін іздеу,
тәжірибеге кіргізу мұғалімнің тер төге еңбектенуін талап етеді. Осы
мәселемен айналысып жүрген санаулы уақыт ішінде авторлық
бағдарламалар, бірнеше мақалалар жаздық. «Ғылым әліппесі» атты оқу
құралында ғылыми зерттеу-ізденіс-әрекетіндегі оқушы мен мұғалімнің
қызметін төмендегідей көрсетеміз:
Ғылыми ізденіс, зерттеу іс-әрекетіндегі мұғалім
Оқушылардың зерттеушілік іс-әрекетін дамыту мақсатында білім
бағдарламасын, арнайы курс бағдарламасын жасадық. Біздің мектепте
оқушыларды, мұғалімдерді, тәрбиешілерді ғылыми ізденіс, зерттеушілік іс-
әрекетке баулу мақсатында төменде ұйымдастыру жұмыстарының түрлерін
атап көрсетпекпіз:
І
І
Өз еңбегін ғылыми
түрде ұйымдастырушы
ІІ
зерттеуші,
ізденуші
VI
Ғылыми эксперт,
сараптаушы,
бағалаушы
Мұғалім
кім?
V
Ғылыми жетекші
ІІІ
Ақылшы, кеңесші,
көмек беруші, ықпал
етуші
IV
оқушыларды ғылыми ізденіс
аймағына кіргізуші
І
Өз ізденістері арқылы
білімін шығармашылық
деңгейге көтеруші
Білімді дербес еңбегі,
іздену арқылы алатын
белсенді тұлға
І
Оқушы кім?
І
Өзіндік жаңа өнім
жасаушы, нәтижеге
қол жеткізуші
І
Ізденуші, зерттеуші
І
Болашақ ғалым
86
1) Мектепте мұғалімдерге, оқушыларға арналған ғылыми орталық
жүйелі жұмысын жүргізуде. («Әл-Фараби ұрпақтары», «Мен-зерттеушімін»
т.б.)
2) Ғылыми зерттеу, іздену іс-әрекетіне баулитын элективті курстар,
факультативтер ұйымдастыру, пән олимпиадалары.
3) Жоғарғы оқу орындарының ғалымдарымен байланыс.
4) Дарынды бала, дарынды ұстаздарға үнемі көмек, қолдау, марапат
жасап отыру. Оларды анықтау (диагностика т.б әдіс-тәсілдер арқылы)
5) Конкурстар, ғылыми жоба, авторлық бағдарламаға қатыстыру.
6) Ғылыми-практикалық конференциялар, симпозиум, семинарларға,
құрылтайларға қатысуларына қолдау жасау. Білім департаментіне ұсыныс
беріп отыру.
7) «Класс-аудиториядан, класс-зертханаға» девизімен жұмыс жүргізу.
8) Ата-аналар, қоғамдық ұйымдармен жұмыс жүргізу. Олардың
қолдауын, көмегін ұйымдастыру.
9) Ғылыми-практикалық конференциялар өткізу (оқушылар, мұғалімдер)
-Оқушылардың өз ізденістері, зерттеулерінің жүру барысы, нәтижесі
туралы ғылыми есептерін тыңдау, бағыт-бағдар, көмек беру.
- «Ғылым күнін» өткізу.
- Жобалап оқыту технологиясына негізделген оқушылар оқушылар
ізденісіне негізделген «Жобалау айлығын», не апталығын жылына екі рет
өткізіп отыру.
- Оқушылардың ғылыми ізденістері бойынша көрмелер ұйымдастыру,
жариялау, марапаттау.
- Сабаққа қатысу мақсатының бірі ретінде мұғалімнің оқушыларды
ғылыми ізденіске баулу іс-әрекетіне ерекше көңіл қою.
- Оқу жылы соңында жыл бойы атқарылған жұмыстарды
қорытындылау, оның қызықты формаларын таңдап алу.
- Оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына баулу мақсатында оларды
әдістемесін құралдармен қамтамассыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: |