87
Біздің мектеп-гимназия-интернатында дарынды балалармен ғылыми
зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мынадай бағытта жүреді:
Мектебімізде «Әл-Фараби ұрпақтары» атты оқушылардың ғылыми
қоғамы құрылған. Бұл қоғам оқушылардың ғылыми ізденісіне жүйелі түрде
басшылық жасап келеді. Қоғамды гимназиямыздың ағылшын тілі пәнінің
мұғалімі Құралай Сағындықова басқарады. Оқушылардың ғылыми
қоғамының жұмысы төмендегі кестеде көрсетілген.
Оқушылардың ғылыми
қоғамы мүшесінің жеке
жұмысы.
Оқушылардың
ғылыми қоғамы
секция жұмысы
Оқушылардың ғылыми
қоғамының бұқаралық
жұмысы.
Түпдеректермен, қосымша
әдебиетпен
өз бетінше жұмыс
жасау, орындалған
жұмыспен,
ғылыми зерттеу
жұмыстарының
тақырыбымен
жұмыс жасау.
Түрлі байқауларды қою
мен өткізу;
Референттік жұмыстарды
талдау;
ғылыми-зерттеу; іздеу;
өнертапқыштық
жұмыстарды
қорғау
Жалпы жиналыс, конференциялар, байқаулар, олимпиадалар, фестивальдер,
көрсетулер, слеттер; ғалымдармен, мамандармен кездесулер, тақырыптық
кештер ұйымдастыру; көрмелер, ғылыми және жоғары оқу орындарының
лабораториясына бару; ғылым, техника апталықтарына, басқа да
бұқаралық шығармашылық істерге қатысу.
Оқушылардың ғылыми қоғамының жұмысы
Ал ғылыми-әдістемелік жұмыс мектепте мынадай шаралар өткізеді.
88
Осы жұмыстар нәтижесінде жыл сайын мектебіміздің оқушылары жақсы
жетістіктерге жетіп, облыстық, республикалық, халықаралық ғылыми
сайыстар мен олимпиадаларда жүлделі орындарды иеленіп келеді. Мысалы,
өткен оқу жылында екі оқушымыз халықаралық ғылыми жобалар
конкурсына қатысып жүлделі орын алса, бес оқушымыз республикалық
ғылыми жобалар конкурсында жүлделі орындар алып грант иегерлері
атанды. Сонымен қатар, гимназия оқушылары облыстық, халықаралық,
республикалық зияткерлік конкурстарға 100 пайыз қатысып, жүлделі
орындар алып жатады. Олар мектебіміздің мерейін көтеріп, еліміздің
абыройын асқақтатуда.
Оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулу – білім сапасын
көтерудің де, дарын көзін ашудың да өнімді бір жолы. Мектепте ғылыми-
зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру – тек дарын көзін ашып, жеке тұлғаның
қасиеттерін дамытып қана қоймайды, ең бастысы, Тәуелсіз Қазақстанның
алдындағы өркениетті елдер қатарына көтерілуінің де кепілі болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Обухов А.С. «Исследовательская деятельность как возможный путь
вхождения подростка в пространство культуры» // Школьные технологии. -
2001, № 5, стр. 26- 35.
89
2. Н.Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты халыққа Жолдауы.
1бет
3. В. Панов Развитие одаренности. - 45 с.
БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІБИ ӨСУІ –
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ИГЕРУДІҢ КЕПІЛІ
Дармуканова Аягуз Муратовна,
директордың оқу ісі меңгерушісі,
Атырау облыстық дарынды балаларға
арналған интернаттық мекемесі бар
ұлттық гимназия
Резюме
В докладе говорится о совершенствовании педагогического мастерства
в контексте обновленнгого содержания образования
Summary
The repost says about improving of pedagogical skills in context of exposed
content of education.
Адам Ата - Хауа Анадан бері жұмыр басты пендені ойландырып,
толғандырып келе жатқан, қоғам өзгерсе де қажеттігін жоймайтын үлкен
мәселе – шыр етіп дүниеге келген нәрестені өмір сүруге дайындау. Бұл –
қиынның қиыны. Себебі әр адам – қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі -
өзінше бір әлем. Ал ұстаз сол әлемді шартарапқа жетелеуші. Ұстаз - бала
болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші, ата-ананың сенімді
көмекшісі. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ
болары анық. Егер де өмірде қоғамға бейім, білім нәрімен терең сусындаған,
90
тәрбиелі де ізгі жүректі адамды өмірге үлкен мақсаттар қойып,
талапшылдықпен, мақсаткерлікпен алға аттатсақ – бұл біздің өміріміздің ең
шынайы әрі ғажайып мәні болмақ. Өйткені, біз - ұстазбыз, келешек ұрпақтың
сәулетшісіміз. Міне, осындайда «Ұстаз- ұлық емес, ұлы қызмет» деген
Бауыржан Момышұлының керемет дана сөзін әрқашан есіме аламын.
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті,
шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін
мамандық та – ұстаздық мамандық. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым
негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат,
экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге
тәрбиелеуі керек.
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: «Жай мұғалім хабарлайды,
Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім
шабыттандырады»,- дейді. «Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз
шәкіртіне талмас талап сыйлайды» демекші, ұстаз - қай кезде де мектептің
жүрегі, қоғамның тірегі. ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ керек?
Әрине, ол өз кәсібінің майталманы болу, осы мақсатқа рухани күш-жігерін,
парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Қазіргі білім беру саласы
қызметкерлерінің алдында тұрған басты проблема - жаңа формацияның жаңа
ұстазын қалыптастыру. Қазіргі заманғы мұғалімдер ізденуші, зерттеуші,
технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болу
керек. Қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен
сындарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымның
ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына,
жаңа идеялармен, жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық.
Білім берудегі қазіргі өзгерістерге сай әрбір педагогтің өзінің мақсаты,
міндеттері және белсенді шығармашылық іс – әрекетін ұйымдастыруға,
даму болашағын анықтауға мүмкіндік туады. Олай болса, білімнің сапалы
да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар
қауымының деңгейіне байланысты. «Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал
Достарыңызбен бөлісу: |