Келісілді Бекітілді
№41 ЖББОМ жанындағы шағын №41 ЖББОМ жанындағы шағын
орталықтың әдіскері орталықтың директоры
___________ М.А.Дүкенбаева ___________ Ж.С.Баймолдина
_____ _______________2016ж ____ _______________2016ж
Білім беру саласы: «Таным» Бөлімі: Құрастыру
№
|
Айы
|
Апта
|
Тақырыбы
|
Мақсаты
|
1
|
Қыркүйек
|
2
|
Автобус
|
Автобус құрастыруға арналған құрылыс материалдары-
ның аттарын атау (кірпіштер,төртбұрыш,дөңгелек,пластина т.б.) пішініне,көлеміне қарай құрылыс материалдарын дұрыс орналастыру арқылы автобус құрастыра білуге үйрету.Үлгі бойынша құрастыру және оны өз қалауы бойынша өзгерту,қоғамдық көлікте тәртіп сақтау,үлкендерге көмек көрсете білуге тәрбиелеу.
|
2
|
Қыркүйек
|
4
|
Әдемі ұшақтар
|
Түрлі-түсті қағаздан бүктеу тәсілі арқылы ұшақ жас ауды үйрету, ұшақты әшекейлеу арқылы көркемдік талғамын дамыту, жұмысты соңына дейін аяқтау арқылы еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
|
3
|
Қазан
|
2
|
Желкенді қайық
|
Қағазбен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру, тіктөртбұрыш қағазды бұрыштарын, қабырғаларын теңестіре отырып бірнеше рет бүктеу дағдыларын қалыптастыру, өз ойларын толықтыру арқылы қиялын дамыту, еңбек нәтижесіне жете білуге тәрбиелеу.
|
4
|
Қазан
|
4
|
Күшіктер
|
Қағазбен жұмыс жасауда жолақ қағаздардан үлкен, кіші цилиндр пішінін жасауға үйрету және олардан күшіктің бейнесін жасай алуға баулу, қайшымен, желіммен ұқыпты жұмыс істеуге дағдыландыру, ұсақ дене бөліктерін өздігінен толықтыра білуге үйрету, үй жануарларына қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
|
5
|
Қараша
|
2
|
Ақ аю
|
Қағазды бірнеше қабаттап бүктеу арқылы ақ аюды білуге үйрету;
саусақтың ұсақ бұлшықеттерін дамыту;
оның қайда мекендейтініне сәйкес шығармашылықпен безендіру арқылы көркемдік тәрбие беру.
|
6
|
Қараша
|
4
|
Жануарлар әлемі
|
«Киндер» қораптарынан аңдардың бейнесін құрастыра білуге үйрету, өз ойларын шығармашылықпен безендіруге және ертегі құрастырып айтып беруге бағыт беру, ұқыпты жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, аңдарға қамқорлық жасау сезімдерін тәрбиелеу.
|
7
|
Желтоқсан
|
2
|
Менің бала-бақшам.Ұжымдық жұмыс
|
Құрылыс материалдарынан балабақшаны құрастыруды үйрету,балабақшаның басқа ғимараттардан ерекшелігін сезіну, өз ойларынан балабақшаны құрастыруда шығармашылық қабілеттерін дамыту,өз балабақшарын сүйе білуге,жақсы көруге тәрбиелеу.
|
8
|
Желтоқсан
|
4
|
Домбыра
|
Ұлттық ойыншықтар кешені бойынша домбыраны құрастыру арқылы ұлтық аспап туралы түсініктерін дамыту, ойыншық домбыраны құрастыру іскерлік дағдыларын қалыптастыру, ұлттық аспаптарға деген сүйіспеншілік сезімдерге тәрбиелеу.
|
9
|
Қаңтар
|
2
|
Бәйтерек
|
Дәнді дақылдарды пайдаланып «Байтерек»безендіру,дақылдармен жұмыс жасай білуге дағдыландыру, ұқыпты жұмыс жасауға және еңбек нәтижесіне жете білуге үйрету өзінің туып өскен қаласын,елін-жерін,Отаның сүйе білуге тәрбиелеу.
|
10
|
Қаңтар
|
4
|
Сыйқырлық тізбелер:мойынщақ пен білезік
|
Қағазды уқалап,умаждап бүктеу арқылы «моншақтар»жасау дағдыларын қалыптастыру,жаңа техникамен таныстыру, еңбек нәтижесіне жете білуге үйрету;сұлулықты,әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу.
|
11
|
Ақпан
|
2
|
Ою-өрнектер
|
Сым темірлермен жұмыс жасауға дағдыландыру,ою-өрнек элементтерін сым темірді иіп жасауға және одан өрнек құрастыруға жаттықтыру,көркемдік талғамдарын қалыптастыру,еңбек нәтижесіне жете білуге тәрбиелеу.
|
12
|
Ақпан
|
4
|
Орманға саяхат
|
Сіріңке «шырпылары» алуан түрлі бейнелерді құрастыру арқылы балалардың ой-қиялын дамыту,өздігінен дербес әрекет етуге баулу,есте сақтау арқылы түрлі бейнелер жасай білуге дағдыландыру,саусақ,қол бұлшық еттерін дамыту,бірлесіп еңбек ете білуге,өзара түсіністікке тәрбиелеу.
|
13
|
Наурыз
|
2
|
Жаңғақ қабығынан құрастыру.
|
Табиғи материалдармен жұмыс жасауды жетілдіру,грек жаңғағын пайдалану арқылы белгілі бір заттардың бейнесін құрастыра алуға дағдыландыру,ой-қиялын дамыту;саусақ,қол бұлшық еттерін жетілдіру,ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
|
14
|
Наурыз
|
4
|
Мысық
|
Сіріңке қораптарын пайдалану арқылы мысықтың бейнесін жасауға үйрету,желімдеу,қағазды қиып жапсыру дағдыларын бекіту,ұқыпты жұмыс жасау дағдыларын бекіту,ұқыпты жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру,үй жануарларына деген сүйіспеншілікпен сезімдерін тәрбиелеу.
|
15
|
Сәуір
|
2
|
Сиқырлы бөтелкелер.
|
Қалдық материалдардын белгілі бір затты жасай білуді жалғастыру,оларды пайдаланып шығармашылықпен белгілі бір бейнені жасауға үйрету,ой-қиял дамыту, пластик бөтелкелерді қағаз қиып жабыстыру арқылы оның бөліктерін жасату,ұқыптылыққа,ептілікке,икемділікке тәрбиелеу.
|
16
|
Сәуір
|
4
|
Аққу
|
Балаларды жаңа табиғи материал түрі,ұлу қауашақтарымен таныстыру.Олардың ерекшілігі мен пішіні,көлемі,түсімен және онымен жұмыс жасау әдістерімен таныстыру,эстетикалық талғамын дамыту,ұқыпты жұмыс жасай білуін және құстарға деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.
|
17
|
Мамыр
|
2
|
Менің Астанам.Ірі құрылыс материалдарымен ұжымдық жұмыс.
|
Топтағы ірі құрылыс материалдарынан өз ойларынан құрылыс жасай білуге бағыт беру, өздері жасаған құрылыстарын әңгімелеп айтып беру және ойын іс-әркетінде жасалған құрылысты талдау жасау, бірлесіп еңбек ету арқылы ұжымдық еңбек нәтижесіне жете білуге,өзара түсіністікке тәрбиелеу.
|
18
|
Мамыр
|
4
|
Менің Отаным.Ұжымдық жұмыс.
|
Балалардың әртүрлі заттармен жұмыс жасау дағдыларын бекіту,оларды пайдаланып белгілі бір мазмұн бере отырып коллаж құрастыруға үйрету,бірлесіп еңбек ете отырып ұжымдық жұмыс нәтижесіне жетуге тәрбиелеу.
|
Достарыңызбен бөлісу: |