1. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы



Дата03.01.2020
өлшемі91 Kb.
#25840
түріКонкурс


Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға жалпы конкурстар жариялайды
Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 31 А, кабинет 212. Анықтамалар үшін телефон: 32-48-13, электрондық пошта: ukzsp_atyrau@mail.kz

1. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы

(1 бірлік), D-O-4 санаты бойынша лауазымдық айлық ақысы мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтіліне байланысты 83 353 теңгеден 112 376 теңгеге дейін.



Лауазымның функционалдық міндеттері:

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдар санының өсуіне ықпал етеді. Қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне, басқармаға қарасты мекемелерге әдістемелік көмек көрсетеді. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларының, оған теңестірілгендердің, тылда еңбек еткен адамдардың тізімдерін жасақтайды; келіп түскен гуманитарлық көмектерді комиссия арқылы бөлу, тарату жұмыстарын және бөлінген көмектерге оған бақылауды ұйымдастырады. Соғыс және еңбек ардагерлеріне, мүгедектерге, жалғызбасты қарттарға әлеуметтік қолдау жұмыстарын ұйымдастырады. Есту аппаратымен қамтылған азаматтар есебін жүргізеді. Бөлімнің қарауына жататын арыздар мен өтініштерді қарап, оларға жауап беру жұмыстарын жүргізеді. «Қамқорлық» айлығы шеңберінде шараларды іске асырады. Облыстық еңбек және соғыс ардагерлері ұйымымен, облыстық мүгедектер, соқырлар қоғамдарымен және қайырымдылық қорларымен бірігіп жұмыс жүргізеді. Бөлім құзырына жататын ай сайынғы, тоқсан сайын, жарты жылдық және жылдық есептерінің уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді. Мүгедектің жеке оңалту бағдарламасына сай мүгедектерді арнаулы жүріп-тұру техникалық құралдарымен қамтамасыз ету жұмыстарын пандус-түгендеу есебін жүргізеді. Соғыс және еңбек ардагерлеріне, мүгедектерге емдеу-сауықтыру берілген жолдама есебін ұйымдастырады. Қала және аудандар бойынша мүмкіндіктері шектеулі балалардың жеке есебін жүргізеді. Халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарының мүгедектерді әлеуметтік қорғау, мүмкіндіктері шектеулі балаларды медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау мәселелері бойынша денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарымен қарым-қатынасын үйлестіріп отырады. Сонымен бірге, мүгедектерді оңалту мәселелері бойынша республикалық протездік-ортопедиялық орталықпен, республикалық есту қабілетін түзеу орталығымен және оның Атырау қаласындағы бөлімшесімен, мемлекеттік емес ұйымдармен қарым-қатынаста жұмыс жасайды. «Е-собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйе бойынша Атырау қалалық және аудандық бөлімдерінің жұмыстарын ұйымдастырады, жұмыс жасайды. Істерді бекітілген номенклатураға сәйкес қалыптастырады, олардың сақталуын қамтамасыз етеді және белгіленген мерзімде мұрағатқа тапсырады. Аумақты дамыту бағдарламаның көрсеткіштерін жасақтап, орындалуын қамтамасыз етеді; кезекті қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру көрсеткіштерінің орындалысын қамтамасыз етеді. Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту және орындау бойынша мәселелерді жүзеге асырады. Азаматтардың арыз-шағымдарына қолданыстағы заңдарға сәйкес уақтылы жауап береді;



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары білім: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (еңбекті ұйымдастыру және реттеу, әлеуметтану, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаны басқару), құқық (құқықтану), қызмет (әлеуметтік жұмыс), техникалық ғылымдар және технология, (қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау), денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру, білім (педагогика және психология, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану.



2. Шетелдік жұмыс күшін тарту және көші-қон бөлімнің бас мамандары (2 бірлік), D-O-4 санаты бойынша лауазымдық айлық ақысы мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтіліне байланысты 83 353 теңгеден 112 376 теңгеге дейін.

Лауазымның функционалдық міндеттері:

Жұмысқа тартылатын шетелдік алынған рұқсаттар бойынша мамандардың тізімін бекіту үшін және рұқсат мерзімін ұзартуға жұмыс берушілердің ұсынған құжаттарын қарайды және одан туындайтын шараларды қабылдайды. Кәсіпорындарға берілген рұқсаттар мен олар бойынша нақты жұмысқа тартылған шетелдік мамандардың саны туралы мәліметтердің жинақталуын қамтамасыз етеді. Берілген рұқсаттар бойынша Қазақстан азаматтарына жаңа жұмыс орындарын ашу, жұмысқа тартылған шетелдік мамандарды ауыстыру үшін қазақстандық кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру шарттарын есепке ала отырып, мәліметтерді (өткен жылмен салыстыра отырып) жинақтайды. Орталық атқарушы органның бекіткен үлгісі бойынша шетелдік жұмыс күшін квоталау үшін ұсыныс және алдағы жылы шетелдік жұмыс күшін тартудың негіздемесін жасақтайды, қолданыс мерзімі аяқталған рұқсаттар бойынша жұмысқа тартылған шетелдік мамандар үшін жұмыс берушілер ашқан депозиттік есепшоттарды жабуға рұқсат хаттар дайындайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің “Қазақстан Рнеспуликасының шетелдік жұмыс күшін тартуға квотаны белгілеу, жұмыс берушілерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібі Ережелері” талаптарын орындайды. Алынған рұқсаттар бойынша жұмысқа тартылатын шетелдік жұмыс күшінің тізімдерін бекіту және рұқсат мерзімін ұзартуға жұмыс берушілер ұсынған құжаттарды тексереді. «ИРС» бойынша деректер базасымен жұмыс жасайды. Аумақты дамыту бағдарламаның көрсеткіштерін жасақтап, орындалуын қамтамасыз ету; кезекті қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру көрсеткіштерінің орындалысын қамтамасыз етеді. Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту және орындау бойынша мәселелерді жүзеге асырады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша есептерді жинақтап, уақтылы құзырлы органдарға тапсырады. Істерді бекітілген номенклатураға сәйкес қалыптастырады, олардың сақталуын қамтамасыз етеді және белгіленген мерзімде мұрағатқа тапсырады.Оралмандар арасында Қазақстан Республикасы заңнамаларын жеткізіп түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Оралман және босқындар мәртебесін беру немесе бас тарту туралы шешім қабылдауға жинақталған іс-құжаттардың шынайлығымен заңдылығын тексеру. Тіркелуге келген оралмандарды Қазақстан Республикасы «Халықтың көші-қон туралы» заңына сәйкес қабылдауларды ұйымдастыру. Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту, көшіп қону квотасын енгізу жұмыстарын ережеге сәйкес жүргізу және қадағалау. Облыс бойынша көші-қон процесстеріне сараптама жасау және олардың жүзеге асуын қадағалау. Оралмандардың көшіп келу квотасына енген оралмандарға тұрақты тұратын жеріне бару және мүлкін апару жөніндегі шығыстардың өтеудің, келген жері бойынша тұрғын үй сатып алу үшін қаражат бөлу және біржолғы жәрдемақылар төлеу тәртібінің заңдылығын тексеру. Оралмандарды уақытша орналастыру орталығына тіркелу кезіндегі оралмандар отбасының деректерінің шынайлығын қадағалап және квотаға енуіне, Қазақстан Республикасы азаматтығын алып, жеке куәлігін алғаннан кейін тіркеуден түсіріліп, тіркелуін бақылау, оралмандар мен босқындар мәртебесін беру, айыру, тоқтату жөніндегі өтініштерін уақытында тіркеу, іс-құжаттардың сапалылығын қамтамасыз ету. «Оралман» электрондық деректер базасындағы өтініш берушінің әрбір отбасы мүшесі деректерінің шынайылығына және уақтылы, сапалы енгізуін бақылау. Толтырылған құжаттарды дұрыстап қабылдап алу, қызметшілердің еңбек тәртібін қатаң сақтауын қадағалау. Азаматтық–хал актілерін тіркеу мәселесін үйлестіреді және орындалуын қадағалайды. Аумақты дамыту бағдарламаның көрсеткіштерін жасақтап, орындалуын қамтамасыз етеді. Әлеуметтік-еңбек саласындағы, азаматтық хал актілерін тіркеу мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту және орындау мәселелерін жүзеге асырады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша есептерді жинақтап, құзырлы органдарға ұсынады. Азаматтардың арыз-шағымдарына қолданыстағы заңдарға сәйкес уақтылы жауап береді.Бөлім басшысының бөлімге жүктеген басқа да міндеттерін өз құзыреті шегінде нақты және уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары білім: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (еңбекті ұйымдастыру және реттеу, әлеуметтану, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаны басқару), құқық (құқықтану), қызмет (әлеуметтік жұмыс), техникалық ғылымдар және технология, (қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау), денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру, білім (педагогика және психология, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану.



Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күні.

Қажетті құжаттар тізбесі:

1) нысанға сәйкес өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен нысанға сәйкес толтырылған қызметтік тізім;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесу өткізудің орны: Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында өтеді.

Байқаушылар туралы ақпарат: Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан


_________________________________

(мемлекеттік орган)



Өтініш

Мені___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар: _______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________ _______________________________________________________________________________ ________________ _____________________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.


 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

Нысан


 "Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

 
ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения



2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)



3.

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения



4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)



5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками



6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)



7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)



8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)



9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)









ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения









_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

_______________
күні/дата


Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау