Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы


ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ



жүктеу 5,79 Mb.
Pdf просмотр
бет23/102
Дата29.01.2020
өлшемі5,79 Mb.
#27579
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   102

76 
 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ 
МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ 
 
                                                        Аханбаева Сандугуль Ермуратовна,  
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 
гуманитарлық ғылымдар магистрі,  
«Облыстық мамандандырылған әскери  
мектеп-интернаты» КММ, Павлодар қ. 
 
Түйін 
Аталған  баяндамада  тіл  мен  әдебиет  сабақтарында  оқушылардың  оқу 
сауаттылығын  арттырудың  мәселелері  қарастырылды.  Негізгі  мақсаты- 
оқушылардың  оқу  сауаттылығын  арттыру  мәселелері  бойынша  тәжірибе 
алмасу.  Оқу  сауаттылығын  арттыру  үшін  мәтінмен  жұмыс  жасау 
дағдыларының негізгі қадамдары анықталып,  оның тәжірибе жүзінде қалай 
жүзеге асырылатындығы сөз етілді. 
 
Summary 
In this report the increasing ways of students' reading skills on language and 
literature  lessons  are  considered.  The  main  aim  is  the  experience  exchanges  by 
increasing the reading skills of the students.  For increasing the reading skills, the 
main  steps of  working  with  texts  are  identified  and  their  realisation in  practice is 
talk. 
 
Қазіргі  біздің  білім  беру  жүйесінің  алдында  білім  берудің  бәсекеге 
қабілеттілігін арттыру, яғни оның өмір шындығына бейімделу мәселесі өзекті 
болып  отыр,  өйткені  қазіргі    қоғамдағы  адам  түрлі  өмір  жағдайларында 
дұрыс  шешім  қабылдау  үшін  жоғары  кәсібилікті  және  интеллектуалдық 
қабілет- күштерді  талап ететін жағдайларда өмір сүріп, қызмет етіп келеді. 
Қоғам соңғы жылдарда үздіксіз білім берудің мән-мағынасы өмір ағымында 


77 
 
адамның  қажеттіліктеріне  орай  бірнеше  іс-әрекет  түрін  өзгерту 
маңыздылығымен  байланысты    екендігін  түсінді.  Оқу,  оқи  білу  оқу 
шапшаңдығын  меңгерумен  ғана  шектелетін  ерте  мектеп  жасында 
қалыптасқан  қабілет  қана  емес,  бұл  –  үнемі  дамитын,  дами  түсетін  білім, 
білік,  дағды  жиынтығы,  яғни  әртүрлі  іс-әрекет  және  қарым-қатынас  
жағдайларында  өмір  бойында  жетіле  түсетін  адамның  қасиеті  болып 
табылмақ. Бұның барлығы тіл мен әдебиет мамандарының алдында жаңа оқу 
міндетін  қойып  отыр.  Бұл  –  оқушылардың  оқу  сауаттылығын  арттыру.  Пән 
мұғалімдерінің оқушылардың оқу сауаттылығын арттырудағы басты міндеті 
оқушылардың мәтін мазмұнын түсіне білуіне  және оларға ой жүгірте білуіне, 
мәтін  мазмұнын  өзіндік  пайымдау  жасауға  пайдалана  білуіне  жағдай  жасау 
болып табылады.   
PISA халықаралық зерттеу құралдарына қатысты еңбектерге сүйенсек: 
«Оқу  сауаттылығы  дегеніміз  –  адамның  ақпараттың  мазмұнын  бағалау, 
түсіну  және  интерпретациялау  қабілеті  болып  табылады.  Оқушының  бұл 
басты  төрт  оқырмандық  құзыреттілігі  оның  коммуникативтік  дағдыларын 
анықтайды»,-делінген. Биылғы мектеп түлектерінің тест үлгісінде тапсырған 
«оқу  сауаттылығы»    PISA,  PIRLS  зерттеулерінде  қолданылатын 
тапсырмаларға  ұқсас  болып  келді.  Тест  тапсырмаларының  мазмұнында 
«Адам  және  оның  қоршаған  ортасы»,  «Білім  және  ғылым»,  «Мемлекеттер 
және  қалалар»,  «Әлеуметтік  қарым-қатынас»,  «Табиғат»  тақырыптары 
қамтылған.   
Қазіргі  уақытта  оқушылардың  оқу  сауаттылығының  жеткілікті 
қалыптаспауының басты себептері:  
1)  Тестілеудің  қалыпты  емес  үлгісі.  Оқыту  үдерісінде  оқушылардың  оқу 
мәтіндерінде  пәнаралық  сипаттағы  тапсырмалар,  жалпы  және  жеке 
міндеттерді  шешу  үшін  қажет  болатын  өмірлік  жағдайлар  көп  кездесе 
қоймайды.   


78 
 
2)    Құбылыстар  мен  оқиғаларға  әртүрлі  көзқарастардың  ара  қатынасын 
белгілеуді  талап  ететін  тапсырмаларды  орындау,  өз  ой-пікірін  ұсыну 
оқушыларға қиындық туғызады.  
Бұл  қиындықтарды  еңсеру  үшін,  оқушылардың  мәтінмен  жұмыс  істеу 
дағдыларына ерекше назар аудару қажет, себебі оқу сауаттылығының басты 
мақсаты:  оқушылардың    мәтінмен  жұмыс  істей  білу  дағдыларын  анықтау. 
Біздің  пән  мұғалімі  ретіндегі  басты  мақсатымыз  –оқушылардың  мәтінмен 
жұмыс  істей  білу  дағдыларын  жетілдіре  түсу.  Оқушылардың  мәтінмен 
жұмыс істеу дағдыларын қалай арттыруға болады?-деген   
сауалға үңілсек. 
Мәтінмен жұмыс істеудің негізгі міндеттері:  
-  мәтіндерге  өз  тұжырымын  жасай  отырып,  белсенділік  таныту, 
шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алуға даярлау; 
-  тілдік  жағдаяттарда  қарым-қатынасқа  түсе  алу  даярлығын  білдіретін 
құзыреттілікті қалыптастыру жолдарын қарастыру; 
-  ана  тілін  жетік  білетін,  ұлттық  мәдени  құндылықтарды  бағалай  алатын 
тұлға даярлау. 
 
Тіл  мен  әдебиет  сабақтарында    мәтіндер  бойынша  оқу  сауаттылығын 
арттыратын  сұрақтар  мен  тапсырмалар  жүйесін  беру  мұғалімнен  зор 
дайындықты қажет етеді. Сұрақтар жүйесі оқушылардың белсенді ойлауын, 
білімі  мен  білік,  дағдысын  қолдана  білуді  қамтамасыз  ететіндей  етіп 
құрылуы керек. 
Мәтінмен жұмыс істеудің  қадамдары:  
-мәтін мазмұнын жалпы бағдарлау және оның бүтін мағынасын түсіну; 
- ақпаратты табу; 
-мәтінді түсіну, талдап беру; 
- мәтін мазмұнын қорытындылау және оны бағалау. 
1.Мәтін мазмұнын жалпы бағдарлау және оның бүтін мағынасын түсіну
басты тақырыпты, жалпы мақсатын  анықтау. Берілетін тапсырмалар: мәтінге 
ат  қою  немесе  оны  мәтін  ішінен  табу;  мәтіннің  жалпы  мағынасын  ашатын 


79 
 
қысқаша тезис құру; мәтінде берілген нұсқаудың тәртібін түсіндіру; мәтіннің 
негізгі бөлімдерін  өзара салыстыру, сәйкестендіру. Бірнеше ой түйіндерінің 
ішінен ең маңыздысын таңдау. 
2. Ақпаратты табу- мәтінді шолып өту, оның негізгі элементтерін анықтау, 
қажетті ақпарат бірлігін табумен айналысу. 
3.  Мәтінді  талдап  беру.    Мәтін  ішіндегі  әртүрлі  сипаттағы  ақпаратты 
салыстыру,  қарама-қайшылығын  анықтау,    ұсынылған    тезистерді  растау 
үшін ішінен дәлел табу. Құрастырылған пайымдаулардан қорытынды жасау, 
автордың ойы туралы немесе мәтіннің басты ойы туралы қорытынды жасау.  
4. Мәтін мазмұнын қорытындылау және оны бағалау.  Мәтінде табылған 
ақпаратты 
басқа 
ақпарат 
көздерімен 
байланыстыру, 
Мәтіндегі 
пайымдауларды  бағалау.  Өз  дүниетанымы  тұрғысынан  көзқарасын  қорғау 
үшін  дәлелдер  табу.  Мәтіннің  құрылысын,  жанрлық  ерекшелігін  анықтау, 
стилистикалық түсініктеме беру. 
Тіл  мамандары  көбінесе  тұтас  мәтіндермен  жұмыс  істейді.  Бұған  тіл 
мен  әдебиет  оқулықтарының  тапсырмалары  бағытталған.  Өз  сабақтарымда 
оқушылардың  мәтінді  толық  түсінуіне  бар  мүмкіндіктерді  жасаймын. 
Мәтінді жақсы түсіну үшін: оның тақырыбын, ой-мұратын анықтап, мәтінге 
ат  қоюға,  кілтті  сөздер  мен  сөз  тіркестерін    табуға  бағыттаймын.  Мәтінмен 
жұмыс  кезінде  оқушылар  артық  пайымдаулардан  арылып,  негізгісін, 
қажеттісін  таңдап  алуды  үйренеді.  Әрине,  бұның  өз  қиындығы  да  бар.  Бұл 
қадамдар  көбінесе  сыни  тұрғыдан  ойлау  стратегиялары    арқылы  жүзеге 
асырылады.  
Келесі  мәтіннің  жалпы  мәнін  ашатын  тезисті  құрастырды  немесе  мәтіннен 
автордың негізгі ойы анықталатын сөйлемдерді табуды ұсынамыз. Мәтіннің  
түрін, сөйлеу стилін анықтатамыз. Оның ішінде дәлелді жауаптар келтіру, өз 
көзқарасын мәтіннен табылған мысалдар негізінде дәлелдеу ұсынылады.  
Сөйлеу  стильдерін,  мәтін  түрлерін  өткен  кезде  бір  тақырып,  жанр  , 
түрлерімен  (баяндау,  суреттеу,  талқылау)  біріктірілген  бірнеше  мәтіндерді 


жүктеу 5,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   102




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау