Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы



жүктеу 5,79 Mb.
Pdf просмотр
бет27/102
Дата29.01.2020
өлшемі5,79 Mb.
#27579
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   102

91 
 
біліктілік  сол  білімді  іске  асыра  білу дағдысы» -  деп  А.Байтұрсынов 
айтқандай, кез-келген қызметкер біліктілігін ұдайы жетілдіріп отыруы тиіс.  
ҚР-ның  Президенті  Н.Назарбаевтың  2012  жылғы  жолдауында  елімізде 
білім  сапасын  арттыру  бағытын  жүзеге  асыру  мақсатында  ұстаздардың 
біліктіліктерін  арттыру  мәселесін  көтерді.  Осы  бастаманың  негізінде 
Кембридж  университетінің  бағдарламасы  бойынша  ҚР-да  «Білім  беруді 
дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасын»  іске 
асыру  мақсатында  «Педагогикалық  шеберлікті  арттыру»  тақырыбында  үш 
айлық  курс  жұмыстары  жүргізіліп  келді.   Үш  айлық  курстың  міндеті-
ұстаздардың  шеберлік  деңгейі  мен  белсенділік,  табыстылық  нәтижелерін 
шыңдап,  мектептегі  оқу-тәрбие  жұмысын  жоғары  деңгейге  көтеру.  Қай 
кезеңде, қай қоғамда болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. 
Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстазға үлкен жауапкершілікті талап 
етеді.  Өздігінен  білім  алатын,  жан-жақты  ізденетін,  алдағы  өмір  жолын  өзі 
болжай алатын тұлға тәрбиелеу-ұстаздың қолында. 
Қазақстан  Республикасының  Білім  туралы  Заңында:  «Білім  беру 
жүйесінің  басты  міндеттерінің  бірі  –  білім  беру  бағдарламаларын  меңгеру 
үшін  жағдайлар  жасау  керек»  деп  көрсетілген.  Қазақстанда  білім  беруді 
дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы 
жобасында  Қазақстандық  білім  беру  жүйесін  жақсарту  үшін,  ең  алдымен 
педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, біліктілігін дамыту бағытына үлкен 
мән берілген.  Елбасымыздың жолдауында  айтқандай:  Болашақта өркениетті 
дамыған  елдердің  қатарына  ену  үшін,  заман  талабына  сай  білім  қажет. 
Қазақстанды   дамыған  30  елдің  қатарына  жеткізетін  –  білім.  Ғылым  мен 
техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының теориясы 
мен оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соған орай оқытудың 
парадигмасы  өзгерді.  Білім  берудің  мазмұны  жаңарып,  жаңаша  көзқарас 
пайда  болды.  Осыған  байланысты  ұстаздар  алдында  оқытудың  әдіс-
тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді 
қолдана  білу  міндеті  тұр.  Осы  тұрғыда  әр  пән  мұғалімдерінің  оқыту 


92 
 
әдістерін, жаңа технологияларды таңдап пайдалану және авторлық үлгілерді 
қолдану  мүмкіндігі  берілген.  Оқыту  әдістерінің  кез  келген  түрін  белсенді 
әрекетке  айналдыру-мұғалімнің  әдіскерлік  шеберлігі  мен  шығармашылық 
ізденісіне байланысты.  
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  «Қазақстан 
жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында: «Орта 
білім  жүйесінде  жалпы  білім  беретін  мектептерді  Назарбаев  зияткерлік 
мектептеріндегі  оқыту  деңгейіне  жеткізу  керек. Мектеп  түлектері  қазақ, 
орыс,  ағылшын  тілдерін  білуге  тиіс.  Оларды  оқыту  нәтижесі  оқушылардың 
сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру 
болуға тиіс», - деп білім беру жүйесіне жаңа міндеттер қойған болатын. «100 
нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес 2016-2017 оқу жылынан бастап елімізде 
жаңартылған білім мазмұнына көшу жұмыстары қолға алынды.  
Бүкіл  әлемде  білім  беру  жүйелерінің  келешек  ұрпаққа  қандай  білім 
беретіні  туралы  мәселе  қайта  қаралуда.  Осы  мәселе  аясында  «Балалар  ХХІ 
ғасырда  табысты  болу  үшін  нені  үйренуі  керек?»  және  «Оқытудың  тиімді 
әдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар туындайды. Бұл сауалдар оқу 
бағдарламасымен  және  оқу  бағдарламасын  жүзеге  асыруда  қолданылатын 
педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты. Барлық оқушылар өздері өмір 
сүретін  әлемде  жұмыс  істеуге  дайын  болуы  өте  маңызды.  Оқушылар  күн 
сайын  БАҚ  және  түрлі  технологиялар  арқылы  орасан  зор  ақпаратпен 
танысатындықтан, 
тыңдалым, 
айтылым, 
оқылым 
және 
жазылым 
мүмкіндіктері  оқушыларды  барған  сайын  артып  келе  жатқан  жаһандану 
жағдайындағы қоғамда қарым-қатынас жасауға дайындайды. Оқушылар оқу 
арқылы  мәдени,  эмоциялық,  зияткерлік,  әлеуметтік  және  рухани  жағынан 
дамуға  мүмкіндік  алады.  Оқу  оқушылардың  жаңа  білімді  меңгеруіне  де, 
сондай-ақ алған білімін әрі қарай дамытуына да мүмкіндік береді. Қоғамның 
толыққанды  мүшесі  болу  үшін  адамдарға  барлық  тілдік  дағдылар 
айтарлықтай маңызды болып табылады.  


93 
 
Қазіргі  кезде  Қазақстан  Республикасында  жоғарыда  сипатталған 
жаһандық  проблемаларға  жауап  бере  алатындай  жұмыстар  республикалық 
деңгейде  жүргізілуде.  Оқу  бағдарламасындағы  ұлттық  стандарттарға, 
бағалауға, оқулықтар мен оқыту әдістеріне қатысты білім беру саласындағы 
өзекті  құндылықтар  мен  мақсаттар мектеп  оқушыларының  жалпы  үлгерімін 
арттыруды,  сондай-ақ  инновация  мен  көшбасшылықты  енгізу  үшін  талап 
етілетін  дағдыларды  дамытуды,  мектеп  мәнмәтіні  арқылы  ұлттық  сананы 
қалыптастырып,  іске  асыруды  және  ауқымды  халықаралық  тәжірибемен 
өзара  әрекеттесуді  көздейді.  Жаңартылған  оқу  бағдарламасы  мен  бағалау 
жүйесін енгізу аталған міндеттерді шешу үшін қабылданған шаралардың бірі 
болып табылады. 
Білім  беру  бағдарламасын  жаңарту  және  критериалды  бағалау  жүйесін 
енгізу  тұрғысынан  мұғалімдердің  педагогикалық  шеберлігін  жетілдіру 
мақсатымен    «Назарбаев  зияткерлік  мектебі»  дербес  білім  беру  ұйымының 
«Педагогикалық  шеберлік  орталығы»  және  «Өрлеу»  біліктілікті  арттыру 
ұлттық  орталығы»  базасында  ұйымдастырылып  жатқан  біліктілікті  арттыру 
курстарынан  республика  бойынша  ұстаздарымыз  өтуде. 
Курс  барысында 
мұғалімдер  жаңартылған  білім  беру  бағдарламасының  құрылымын, 
мазмұнын және мақсаттарын біліп  түсінумен қатар, жаңартылған білім беру 
бағдарламасына  сәйкес  педагогикалық  тәсілдерді,  оқу  материалдарын 
қолдана білуді меңгеруде. 
 
Қазіргі  кезде  табысты  болу  үшін  оқушыларға  білім  қандай  қажет  болса, 
дағды  да  сондай  қажет.  Бұл  оқушылардың  ақпаратты  есте  сақтап,  алған 
білімдерін ұғынуын, түсінуін және әр түрлі салада қолдана білуін талап етеді. 
Білімді  дәл  осылай  қолдану  оқушыларға  «ХХІ  ғасыр  дағдысы»  деп  жиі 
айтылып  жүрген  кең  ауқымды  құзыреттілікті  меңгеруге  мүмкіндік  береді. 
«Балалардың  білгені,  тапқан-таянғаны  өмірге  жанасып,  барлық  жұмысты 
балалардың  белсене,  құлшына  өздері  істеуі  шарт.  Өзі  еңбектеніп,  өзі 
бейнеттеніп  тапқан  білім  берік  болады.  Өмірінше  ұмытпайды»  деген  Ж. 
Аймауытұлының 
ойымен 
байланыстырсақ, 
жаңартылған 
оқу 


жүктеу 5,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   102




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау