Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы



жүктеу 5,79 Mb.
Pdf просмотр
бет24/102
Дата29.01.2020
өлшемі5,79 Mb.
#27579
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   102

80 
 
береміз.  Оқушылар  мұнда  аталған  мәтіндерді  не  байланыстыратынын 
анықтаулары қажет.  
Тіл  мен  әдебиет  сабақтарында  мәтіндер  бойынша  оқу  сауаттылығын 
арттыратын  сұрақтар  мен  тапсырмалар  жүйесін  беру  мұғалімнен  зор 
дайындықта  қажет  етеді.  Сұрақтар  жүйесі  оқушылардың  белсенді  ойлауын, 
білімі мен білік, дағдысын қолдана білуді қамтамасыз ететіндейетіп құрылуы 
керек.  Мысалы:  «Шығарманың  басты  ойы неде?  Шығармада  не  жазылғаны 
туралы  айтуға  болады?(оның  мазмұны туралы).  Шығарма  қалай  жазылғаны 
туралы  айтуға  болады?  (оның  стилі  туралы).»  сұрақтары    беріледі. 
Сұрақтарға  жауап  беру  арқылы  оқушылар  рефлексия  жасай  отырып,  мәтін 
мазмұнын  өз  мақсаттарына  қол  жеткізу  үшін  қолданып,  бiлiмдері  мен 
дағдыларын 
қоғамның 
белсендi 
өмiріне 
араласуына 
бағыттайды. 
Келесідегідей  түрдегі  сұрақтар  «не  мақсатпен  көрсетілген?    Қалай 
қолданасың?»  берілсе,  оқушылар  мәтін  мен  сұрақты  қолдана  отырып, 
логикалық  байланыс  жасауға  дағдыланады.  Немесе,  «Шығарманың  қай 
бөліктері  бір-біріне  қарама  қайшы?  Неліктен?»  сұрақтары  арқылы 
байқағыштыққа,  мәтіннің  әр  сөзін  дұрыс  қолдана  білуге,  тұжырымдауға 
үйренеді.  Сондай-ақ,  оқу  материалдарының  форматы  аспектісін  түсінуге 
бағытталған  шығармашылық  тапсырмалар  ұйымдастыру  сауаттылықты 
арттыруға  бағытталады.  Қазақ  тілі  мен  әдебиет  сабақтарында  «Екі  жақты 
түсініктеме  күнделігі»,  «Стиктердегі  сұрақтар»,  «Тұжырым  кестесі», 
«Пікірлер  парағы»,  «Үндестік  парағы»,  «Эйлер  шеңберін  құрау»  тәрізді 
тапсырмалар  оқушыларды  өзіндік  жеке  қасиеттерінің  дамуын  қамтамасыз 
етеді.       
Қазіргі  кезеңдегі    Қазақстан  Республикасының    мұғалімдерінің 
біліктілігін  арттыруына  негізделген  деңгейлі  бағдарламалар  мұғалімдерге 
үзіліссіз  даму  мен  өзін-өзі  жетілдіруге  негізделген.  Оларға  сабақ  беру  мен 
оқытуда  жаңа  тәсілдерді  түсінуіне,  өздерінің  жеке  ойланулары  мен 
тәжірибелеріне  өзгерістер  енгізуге  бағытталған.  Қазақстанда  педагогикалық 
шеберлік  орталығы  мен  Кембридж  университетінің  бағдарламасымен  оқу 


81 
 
мұғалімдердің  сабақ  беру  тәжірибесіне,  оқушылардың  оқуына,    жалпы 
алғанда  мектептің  жұмысына  оң  әсерін  тигізуде.  Бағдарламадағы 
модульдерді  сабақтарға  тиімді  ықпалдастыру  арқылы  оқушылардың  оқу 
сауаттылықтарын дамытуда жоғары нәтижеге қол жеткізуге болады.  
Оқу  сауаттылығын  арттыру  мақсатындағы  жұмыстар  оқушылардың 
ойын, тіл шеберлігін, сауаттылығын, шығармашылық қабілетін арттыратын, 
тіл  шеберлігінің  ұшталуын,  тіл  ұстартуды  көздейді.  Астарлы  ойды  түсіну 
қабілеті  ұшталған,  ойын  жүйелі  жеткізуге  бейімделген,  сөз  сазына  зер 
салатын,  өз  шеберлігі  мен  кемшілігін  аңғара  білетін,  жазба  тіл  шеберлігі 
қалыптасқан, айшықты сөйлеуге бейімделген тұлғаның тәрбиеленіп шығуына 
жол ашу – әр мұғалімнің міндеті.  
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.  «PISA-2018/компьютерлік  формат  халықаралық  зерттеуі  құралдары»: 
Жинақ - «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ. Астана, 2016. 
2.  Мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту 
жөніндегі  2012-2016  жылдарға  арналған  ұлттық  іс-қимыл  жоспары.  –
Астана: 2012.  
3.  ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020  жылдарға арналған мемлекеттік 
бағдарламасы, Астана, 2010. 
4.  Основные  результаты  международного  исследования  образовательных 
достижений 15-летних обучающихся PISA-2012. Национальный отчет. 
– Астана: НЦОСО, 2013. 
5.  Грамотность  чтения  учащихся.  Учебное  пособие.  Филиал  «Центр 
педагогических  измерений»  АОО  «Назарбаев  Интеллектуальные 
школы». Астана, 2014. 
 
 
 
 
 


82 
 
МЕКТЕПТЕГІ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНА БАҒЫТТАЛҒАН 
БІЛІМ-РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ КЕПІЛІ 
 
Байсаринова Раушан Алтыбаевна
 орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 
Ауғанбаева Бақытгүл Омарғалиқызы,  
директордың ғылыми инновациялық  
жұмысы жөніндегі орынбасары, 
дарынды балаларға арналған Жамбыл  
атындағы облыстық арнайы  
мектеп-гимназия-интернат, Өскемен қаласы 
 
Резюме 
В этой статье рассматриваются подходы в работе с одаренными детьми 
и  пути  их  реализации.  Саморазвитие  детей  и  самостоятельное  решение 
проблем  при  исследовательской  работе.  Также  раскрывается  опыт  работы  с 
одаренными детьми в школе. 
 
Summary 
In this article ways and solutions according to the work with gifted children 
are described. The main key is to graft the ability to solve problems during the 
scientific research by their own. What is more the work of schools is discussed. 
 
Оқушыларды  ғылыми  ізденіс,  зерттеу  жұмыстарына  баулу  –  бүгінгі 
білім  беру  үдерісінің  басты  талабы.  Олар  әр  түрлі  конкурстарға,  ғылыми 
жоба жазып, қорғауға  қатыстырылуда. Ал  енді оқушыларды  ғылым  әлеміне 
қалай  әкеліп,  қалай  жетелеу  керек,  оның  тиімді  жолдары  қандай  деген 
өзекжарды  мәселелер  ғалымдарды  да,  ұстаздарды  да  ойлы,  жүйелі 
жұмыстарға  жетелейді.  Оқушыларды  ғылыми  жұмысқа  баулу  төменгі 
сыныптардан басталуы  керек.  


83 
 
Мектеп мұғалімінің бұл үдерістегі басты мақсаты - оқушыларды дербес 
ойлауға,  өз  беттерімен  еңбектенуге,  ізденуге,  проблеманы  өздерінше  шеше 
білуге  баулу  болып  табылады.  Ал  бұл  мақсаттар  бірте-бірте  оқушылардың 
білімге  селқос,  ықылассыз  қарауын  өзгертіп,  дайын  дүниені  қайталап 
берумен  ғана  шектелетін  іс-әрекеттерін  тежейді.  Керісінше,  оларды  таным, 
ойлау  белсенділіктерін  дамытып,  зерттеу,  іздену  жұмыстарына  ынтасын 
арттырады. Ең бастысы, оқушы ешкімге «тәуелсіз» зерттеу еңбегіне төселеді, 
өзін-өзі оқытады, білімдерін өз ізденістерімен алуға түрткі жасайды. 
Оқушыға зерттеу, іздену жұмысында жетекшісі, ұстазының ақыл-кеңесі 
бағыт-бағдары  қажет.  Бұл  жөнінде  ғалым  А.С.  Обухов  былай  дейді: 
«Успешность  исследовательской  деятельности  обеспечивается  совместными 
усилиями  преподавателя  и  обучаемых,  т.к.  это  «творческий  процесс 
совместной  деятельности  двух  субъектов  (двух  личностей)  по  поиску 
решения  неизвестного,  в  ходе  которого  осуществляется  трансляция  между 
ними  культурных  ценностей,  результатом  которой  является  формирование 
мировоззрения» [1,35]. Бұл мәселеге Ресейліктердің ерекше көңіл бөліп келе 
жатқанын  жүйелі  түрде  шығып  тұратын  «Исследовательская  работа 
школьников»  атты  журналдан  көруге  болады.  Ғалымдар,  тәжірибелі 
жаңашыл  ұстаздар  оқушыларды  ғылыми-зерттеу  жұмысына  баулудың 
теориялық, практикалық мәселелерін жазып, арнайы зерттеуде. 
Ұлтты  ұлт  етіп  дүниежүзілік  деңгейге  көтеретін  оның  саналы  да 
дарынды  талапты  ұрпағы.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә. 
Назарбаевтың: «Қазақстан ұлы державада болуы үшін бізге күш қуат, қажыр 
қайраты  мол,  ақылды  да  ойлы,  дарынды  жастар  керек»,  -  деген  сөзі  бүгінгі 
ұрпақ тәрбилеп отырған педагог біздерге үлкен ой салады [2,1].  
Дарын  –  зерделілігімен  дамып  отыратын  үздіксіз  үдеріс.  Психология 
ғылымының докторы В. Панов: «Дарындылық оқушы үшін қабілеттілік қана 
емес,  ол  –  сын.  Дарынды  оқушы  ұстаз  үшін  мәртебе,  әрі  сын...»,  -  деген 
[3,45].  Дарынды  оқушымен  жұмыс  мұғалімнің  өзіне,  қызметіне,  кәсіби 
біліктілігіне жаңа, жоғары талаптар қояды. Осы талаптарға сай жұмыс істеп 


жүктеу 5,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   102




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау