Қазақстан республикасындағы еңбек рыногының МӘні және мәселелерін шешу жолдары



Дата13.01.2020
өлшемі56 Kb.
#26467

ЖОК 331.5(574)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК РЫНОГЫНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
Д.С Теңізбаева

Т.Ақылова


Мақалада Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының мәні, жүмыссыздықтың проблемалары мен шешу жолдары қарастырылған. Сонымен бірге соңғы он жылдағы жұмыссыздық деңгейінің статистикалық сипаттамасы қамтылған.

Қазақстан ТМД елдерінің арасында заңсыз еңбек күші проблемасын алғашқы болып шешкен ел. Қазақстан жалпы 105 елден келген шетелдік азаматтар жұмыс істейді,және сырттан келушілер саны жыл өткен сайын көбеюде.Мамандардың пайымдауынша Қазақстан жоғары білікті кадр дайындауына көңіл бөлмейінше келімсек жұмыс күші толастамайды.

Әлем жұртын бүгінгі таңда әлеуметтік қорғау жүйесі оның ішінде кедейшілік пен жұмыссыздықты азайту мәселесі басты проблемалардың бірі болып отыр.Сонымен қазіргі уақытта әлеуметтік қорғау жүйесінің және болашақ жоспарларында күрделі мәселенің бірі болып жұмыссыздық танылуда. Жұмыссыздық экономиканың дамуына өте үлкен зиян әкеледі.

Жұмыссыздық мәселесін бірнеше өкілдіктер зерттеп топтастырған. Мысалы, мальтузиандық мектептің ірі өкілі Т.Р. Мальтус жұмыссыздықтың пайда болуын халық санының артып кетуімен байланыстырды. Батыс мектептің өкілдері жұмыссыздықты жұмысшының еркін таңдауы деп есептеді. А. Пигу жұмысшылар шектен тыс жалақы талап етеді, сондықтан жұмыс күшіне сұраныс төмендейді. Кейнстік мектеп жұмыссыздықты тауарға сұраныстың төлем қабілеттілігінің жеткіліксіздігімен және жалақының жоғары деңгейімен түсіндіреді /1/.

Жалпы жұмыссыздықтың зардаптары келесідей:


  • жұмыссыздық (циклдық) жағдайында - өндіріс мүмкіншілігін толық пайдаланбағандықтан ұлттық байлықтың азаюына келеді;

  • ұзақ мерзімде болатын жұмыссыздық жағдайында жұмыссыз адамдардың біліктілігі жоғалады;

  • жұмыссыздықтың өсуі қоғамда қылмысты істердің өсуіне және халық әлеуметтік жағдайының төмендеуіне әкеледі.

ҚР Ата Заңының 1 бабында атап көрсетілгендей Қазақстан өзін зайырлы, құқықтық әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Оның басты қазынасы адам және оның өмірі мен құқықтары, бостандықтары.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы»-нда халықтың әл-ауқатының жағдайы мен жұмысбастылық үлкен роль ойнайды. Халықты жұмыспен қамту экономиканы көтерудің бірден-бір жолы. Жалпы республикамызда жұмыссыздық деңгейі 8,7 пайызды көресетсе,облысымызда 8-9 пайызды көресетеді. Ал экономика тұрақты дамуы үшін жұмыссыздық 6 пайыздан аспауы керек.

Қазақстан ТМД елдерінің арасында заңсыз еңбек күші проблемасын алғашқы болып шешкен ел. Қазақстан жалпы 105 елден келген шетелдік азаматтар жұмыс істейді,және сырттан келушілер саны жыл өткен сайын көбеюде. Мамандардың пайымдауынша Қазақстан жоғары білікті кадр дайындауына көңіл бөлмейінше келімсек жұмыс күші толастамайды.

2009 жылдың 1 шілдесінен бастап жүзеге асырылған «Дипломмен ауылға » бастамасы дер кезінде заң арқылы да,қаржы жағынан да дәйектелді. 2009 жылы бастаманы жүзеге асыру мақсатында 986 млн.астам қаржы бөлінді. Ауылға барған жас маман 90 мың теңге көлемінде бір жолғы көтерме ақы алатын болды. Сонымен баспана алу үшін 630 АЕК 15 жылға дейін мерзімге несие беру көзделді. Қарап отырсақ аз жеңілдітер емес. Жылдың қорытындысы бойынша Ауыл шаруашылық министрлігі бөлінген қаражаттарды 100 пайыз игерді. 2009 жылы іс жүзінде республикадағы ауылдық елді мекендерге 6582 маман жұмысқа орналасты, оның ішінде 5136 маман ұстаздар, немесе 78 пайызы,17 пайызы денсаулық сақтау мамандары, 3,5 пайызы мәдениет қызметкерлері,1,3 пайызы спорт, 0,7 - әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің мамандары құрайды. Алдыңғы жылдармен салыстырғанда 2009 жылы ауылға орналасқан мамандар саны 4,5 есеге өскен.

Жұмыссыздықты жоюға арналған «Жол картасы» бағдарламасы да өз көрсеткіштерін көрсетуде. Осы бағдарлама шеңберінде 2009 жылы ауылдық жерлерде 920 білім беру нысандар,атап айтсақ: 819 мектеп,55 балабақша,31 кәсіби-техникалық лицейлер,7 колледж, 320 мәдениет нысаны күрделі жөндеуден өтті.

Республика экономикасында 2010 жылғы қаңтарда (бағалау бойынша) 7,9 млн адам жұмыспен қамтылды. Өткен жылғы ұқсас кезеңге қарағанда олардың саны 100,4 мың адамға немесе 1,3%-ға көбейді. Жалдамалы қызметкерлердің саны аталған кезеңде 5,3 млн адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 66,6%) құрады.

2010 жылғы қаңтарда жұмыссыздар саны, бағалау бойынша, 542,9 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 6,4% құрады. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2010 жылғы қаңтардың соңына 63,4 мың адам ресми тіркелген. Жұмыссыздар ретінде тіркелгендердің үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,7%-ын құрады (2009 жылғы қаңтарда - 0,7%).

Төменде 1999-2009 жылдар бойынша Қазақстан Республикасы негізгі еңбек рыногының көрсеткіштері көрсетілген.



Еңбек нарығы нарық экономиканың құрамды бөлігі ретінде жұмыс беруші мен жалданған жалға алынған жұмысшылар мүдделерін үйлестіру механизмі. Еңбек нарығын реттеу еңбекпен қамту қызметі, көші-қон қызметі, жергілікті басқару органдары,еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Департаменті сияқты құрылымдар арқылы жүзеге асырылады.

Жұмыс күшіне сұраныстың жоғарылуына мынадай факторлар әсер етеді:


  • аймақтың дамуына қаржы салу,өндіруші күштердің дамуы;

  • шаруашылықты жүргізудің жаңа түрлерін дамыту;

  • жұмыспен қамтудың стандартты емес түрлерін;

  • өндірістің дамуын ынталандыру-халықтың сатып алу қабілеттілігін жоғарылату бойынша шаралардың нәтижесі;

  • жеңілдетілген несиелендіру және жаңа жұмыс орындаруын құруды қаржыландыру.

Жалпы, мамандардың пайымдауынша, бұл мәселенің оңтайлы шешілуі үшін  алдымен мынадай ұсыныстар ескерілуі керек:

а) Үкімет ең алдымен ұлттық кәсіби жұмысшы табын қалыптастыруға мән беруі тиіс. Жасыратыны жоқ 1992 - 1993 жылдары дайындалған кәсіби - техникалық мамандықтардың базасы бұл күні нарықтық заманға сәйкес келмей қалды. Қазір жаңарған техниканың тілін білетін қазақ азаматтары некен-саяқ. Сондықтан орта кәсіби мамандарды жаңа технологияның тілін білуге бейімдегеніміз жөн.

ә) Елдегі жұмыссыздықты жоя алмай тұрып, гастарбайтерлерді қаптату жұмыс күшін өзімізде қалыптастыруға  кері ықпал етеді. Сондықтан гастарбайтерлерге қатысты заңды ғана қатайтып қоймай, «сөлін ішіне жиған» мықты бағдарламалар арқылы жұмыс істеуіміз керек.

б) Сондай-ақ біртіндеп уақыт талабына сай ішкі миграциямызды да жөнге келтіріп алуымыз қажет. Қолайсыз аймақта тұрып жатқан халықтың қолайлы аймақтарға қоныс аударуына жағдай жасасақ оларды жұмыссыздықтан құтқарар едік.

Міне, жұмыссыздық мәселесін шешуде біздің Үкіметтің  басты мән беретін бағыты  осы болуы тиіс. Ал одан соң, әрине, өндіріс орындарын көбейтіп, агроөнеркәсіпке жан бітіріп, шикі өнімді өңдеудің тілін таба білсек,  жұмыссыз қалу жайын  талқылап та жатпайтын едік.
Әдебиет


  1. .Экономикалық теория оқулығы. Авторлар:С.С Мауленов, С.Қ Бекмолдин, Е.Қ Құдайбергенов. «Экономика» баспасы. -Алматы, 2003, - 194 бет

  2. Макроэкономика оқулығы. Авторлары: Н.Қ Мамыров, М.Ә Тілеужанова. «Экономика» баспасы. - Алматы, 2003,-432 бет.

  3. Макроэкономика дәрістерінің курсы оқулығы. Авторлары: Б.М Мұхамедиев, Р.Т Дуламбаева,Д.Ж Рахматуллаева. «Қазақ университеті» баспасы. -Алматы 2007, 172 бет.

  4. Қазақстан өңірлері бойынша халықтың экономикалық балсенділігі. Статистикалық жинақ. -Астана, 2009ж.

М.Х.Дулати атындағы Тара мемлекеттік университеті, Тараз



СУЩНОСТЬ РЫНКА ТРУДА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

И РЕШЕНИЕ ИХ ПРОБЛЕМ
Д.С.Тенизбаева

Т. Акылова


В данной статье рассматриваеться сущность рынка труда Республики Казахстан,проблемы безработицы и их дальнейшие решения.А также показаны уровень безработицы за последние десять лет по статистическим данным.

LABOUR MARKET ESSENCE AND THEIR SOLVING
D.S.Tenizbaeva

T.Akylova


In this article has considered essence of labour market, unemployment problems in Republic of Kazakhstan and the ways of solving this problem. Also has taken statistic description of the unemployment lever for the last ten years.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау