105
ұмтылған оқытушылардың өздерінің ынта-ықыласына байланысты деп
санаймыз. Ендеше, мобильді оқытуды дамыту кері айналмайтын үдеріс
екендігі, сондай-ақ болашақта дамытылуы және тереңдетілуі тиіс маңызды
құрал екендігін атап айтуымыз керек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» № 319 Заңы,27.07. 2007 ж.;
2. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 2011ж.;
3. Голицына И.Н., Половникова Н.Л. Мобильное обучение как новая
технология в образовании // Образовательные технологии и общество. 2011.
№ 1. С. 241-252.
4. Kukulska-Hulme A. Introduction. In: Kukulska-Hulme, A., Traxler J. eds.
Mobile Learning: a Handbook for Educators and Trainers. Open & Flexible
Learning Series. Abingdon: Routledge, - 2005. - P. 1-6.
5. MoLeNETproject [Электронды ресурс] URL:
www.molenet.org.uk
;
6. Дуйсеева Г.О., Оразбекұлы Қ., Беркимбаев К.М. Педагогикалық үдерістің
дамуындағы математика сабағында мобильдік сыныпты қолданудың
маңыздылығы. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҒЫЛЫМЫ МЕН ӨМІРІ. Астана 2017.№3
(46) 2017
7. eLearning Guild. Mobile Learning: What it is, why it matters, and how to
incorporate
it
into
your
learning
strategyURL:
http://www.m-
learning.org/knowledge-centre/whatismlearning
.
106
ДЕБАТ - НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ТЕХНОЛОГИЯ
Джулаева Гулзат Мырзагаликызы,
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,
М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық
дарынды балаларға арналған мамандандырылған
мектеп-интернаты
Резюме
В данной статье рассматривается технология проведения дебатов. Дебаты
представляют
собой
эффективное
средство
развития
творческих
способностей и критического мышления, а также позволяет учащимся
применять свои знания и навыки на практике, самостоятельно находить
решения различних жизненных ситуаций в повседневной жизни.
Summary
This article considers the technology of debate. Debates are an effective means
of development of creative abilities and critical thinking, and allows students to
apply their knowledge and skills to practice independently find solutions to
different life situations in everyday life.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына ұсынылған «Қазақстанның
үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты кезекті
жолдауында: "Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің
міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық
буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз
бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет [1.1]",- деген болатын.
Яғни келешектің іргетасы жастарымыздың білімі мен білігі келіскен ұрпақ
болып қалыптасуы жолында нақты тапсырмалар берілді. Санаға сәуле шашар
оқу-білім оқушы бойына құр беріліп қоймай, өмірдің кез келген ағымында өз
қажетіне жарата алатындай, нәтижеге бағытталуы тиіс. Бүгінгі таңда білім
107
беру үдерісінде болып жатқан тың жаңартулар, ауқымды өзгерістер мен
ғылыми зерттеулер білім беру қызметіне жаңаша серпінмен қарауды, әрі қол
жеткен табыстарды бағалай отырып, оқушылардың шығармашылық
қабілетін және сыни ойлауын дамытуды көздейді.
Осы орайда білім беру мазмұнын жаңарту білім берудің қазіргі заманғы
үрдістерін және қазақстандық білім берудің үздік практикасын кіріктіруге
бағытталғандығын да айта кету керек.
Елбасымыз "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласында:
"Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі
керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым
бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен
биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді",- деген болатын. Яғни білімді ұрпақтың
ел ертеңін нықтауда алар орны зор екендігі белгілі.
Бұл ретте оқушыларымызды жаңа технологиямен қаруланған,
білімнің асылын бойына сіңірген, жан-жақты дамыған, рухани бай, жаңашыл
жеке тұлға етіп қалыптастыру басты мақсат болып табылады. Бүгінгі таңда
оқушы құзіреттілігін арттыру да басты межелердің бірі. Психологиялық
сөздіктерде «компоненттілік», «құзіреттілік – жеке тұлғаның қоршаған
ортадағы адамдармен тиімді қарым-қатынас жасай алу қабілеттері» делінген.
Competent сөзі французша «копонетті» заңға сай, латынша «сай болу»,
«қабілеті», «талап қою», «жарамды», ағылшынша «қабілетті» деген
мағынаны білдіреді.
Сонымен, құзіреттілік деп оқушының алған білімі мен дағдыларын
тәжірибеде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық
проблемаларды шешу үшін қолдана алу қабілетін айтады [2.1]. Оқушының
құзіреттілін арттыру өз білімін өмірде қажетіне жарату үшін не істеуіміз
керек? Осы орайда дебат технологиясының берері мол екені анық.
Оқушы құзіреттілігін
арттыру, сыни
ойлауын дамыту
Сөйлеу мәнерін жетілдіру,
пікірталастар ұйымдастыру
Бәсекелестік қабілеті
бар, ізденімпаз,
білімді, шығармашыл,
жеке тұлға
Достарыңызбен бөлісу: |