Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы



жүктеу 5,79 Mb.
Pdf просмотр
бет19/102
Дата29.01.2020
өлшемі5,79 Mb.
#27579
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   102

63 
 
жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) үйретеді. Жаңартылған білім беру 
бағдарламасының  ерекшелігі  «шиыршық»  қағидатымен  беріледі,  бағалау 
жүйесі де өзгереді.   
 
Жаңартылған  білім  беру  бойынша  критериалды  бағалау  кезінде 
оқушылардың  үлгерімі  алдын  ала  белгіленген  критерийлердің  нақты 
жиынтығымен  өлшенеді.  Оқушылардың  пән  бойынша  үлгерімі  екі  тәсілмен 
бағаланады:  қалыптастырушы  бағалау  және  жиынтық  бағалау. Бұл  бағалау 
түрлері баланың жан-жақты ізденуіне ынталандырады. Бұл бағалау жүйесінің 
артықшылығы - баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына 
ықыласын  туғызады. Қалыптастырушы  бағалау  күнделікті  оқыту  мен  оқу 
үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде 
өткізіледі.  Қалыптастырушы  бағалау  үздіксіз  жүргізіле  отырып,  оқушылар 
мен  мұғалім  арасындағы  кері  байланысты  қамтамасыз  етеді  және  балл  не 
баға  қоймастан  оқу  үдерісін  түзетіп  отыруға  мүмкіндік  береді.  Жиынтық 
бағалау  оқу  бағдарламасынның  бөлімдерін  (ортақ  тақырыптарын  және 
белгілі  бір  оқу  кезеңін  (тоқсан,  оқу  жылы,  орта  білім  деңгейі)  аяқтаған 
оқушының  үлгерімі  туралы  ақпарат  алу  мақсатында  балл  және  баға  қою 
арқылы өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау барлық 
пәндер бойынша қолданылады. 
 
Кіріктірілген  білім  беру  бағдарламасында  қазақ  тілі  пәнінің  берілу 
жайы  да  өзгеше.  Бағдарлама  оқушының  төрт  тілдік  дағдысын:  тыңдалым, 
айтылым,  оқылым,  жазылым  жетілдіруге  бағытталған.  Бұл  төрт  дағды  оқу 
жоспарында  «Шиыршық»  әдісі  бойынша  жыл  бойына  бірнеше  рет 
қайталанып  отырады  және  сынып  өскен  сайын  тілдік  мақсат  та  күрделене 
түседі. 
 
Заманауи  талап  бойынша  дарынды  балаларға  білім  беретін 
мамандандырылған  мектеп  мұғалімдерінің  ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды  пайдалану  жөнінде  кәсіби  құзыреттіліктерін  арттыруға 
ұмтылдыру  мақсатында  мектептерде  жүйелі  жұмыс  жүргізілуде.  Дарынды 
жасөспірімдерге  арналған  Ақтөбе  облыстық    мамандандырылған  «Білім-


64 
 
инновация»  лицей-интернатының  және  №  21  Үш  тілде  оқытатын  мектеп-
гимназияның  мұғалімдері  «Ұстаз»  кәсіби  білім  беру  орталығының  «Сандық 
сауаттылық»  курсынан  өтіп,  іс-тәжірибеде  ақпараттық-коммуникациялық 
технологияны,  атап  айтқанда  Google  формаларын,  Kahoot,  Plickers 
бағдарламаларын тиімді қолдануда.  
 
Ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды 
оқытуда 
пайдаланудың  көрсетілім,  модельдеу,  бағалау  мен  талдау,  ұсыну,  қайталай 
ұсыну  және  қарым-қатынас,  тестілеу  және  растау  сияқты  үлгілерімен 
танысады; өз іс-тәжірибесімен байланыстырып, өзін-өзі реттеу үдерісі жүзеге 
асады; өз бойларында технологиялық, педагогикалық және пәндік білімдерді 
ұштастыруға ұмтылады. 
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі 
базалық АКТ дағдылар негізінде құрылады және жұмысқа, қарым-қатынасқа, 
бос  уақытқа  арналған  технологияларды  дұрыс  шығармашылықпен 
қолданудан  тұрады.  Білім  алушылар  өздерінің  АКТ  бойынша  дағдыларын 
білім алу процесіндегі барлық оқу пәндері арқылы дамытады, яғни ақпаратты 
табу,  құру,  мәліметтермен,  идеялармен  алмаса  отырып,  кең  спектрлі 
жабдықтар  мен  қосымшаларды  пайдалану  арқылы  бірлесіп  қызмет  жасау 
барысында өзінің жұмысын бағалайды және жетілдіреді.  
Мектепте АКТ-ні БАҚ және мультимедиялық құралдарды пайдалануға 
қойылатын  талаптар:  дерекқордан  және  интернеттен  ақпаратты  іздеу,  табу; 
сандық, интернет жүйелері арқылы алынған ақпараттарды өңдеу және оның 
нақтылығын,  сенімділігін,  құндылығын  бағалай  алу;  сандық,  мәтіндік  және 
визуалдық  ақпаратпен  және  дерекқормен,  оның  ішінде  гиперсілтемелерді, 
электрондық  кестелерді,  графикалық  және  басқа  да  қосымшаларды 
пайдаланып  жұмыс  істеу  арқылы  мәліметті  жүйелеу;  заңдылықтар  мен 
үрдістерді  зерттеу;  модельдер  мен  модельдеуді  пайдалану  мүмкіндіктерін 
зерделеу,  сонымен  қатар  жылжымайтын  және  қозғалыстағы  бейнелерді, 
дыбыстарды және мәтіндерді мультимедиалық таныстырылымдар құру үшін 
біріктіру,  басқа  нұсқаларды  зерделеуде,  нақтылауда  және  нәтижелерді 


65 
 
жақсартуда  сандық  ақпараттың  икемділігін  толығымен  пайдалану; 
электронды 
байланыс 
арқылы 
басқа 
білім 
алушылармен 
және 
оқытушылармен  ынтымақтаса  онлайн  форумдарға,  виртуалдық  оқыту 
орталарына  қатысып,  қарым-қатынас  жасау  және  ақпарат  алмасу; 
интерактивті  тақтаны  белсенді  оқытуға  техникалық  қолдау  көрсету 
мақсатында  қолдану;  аяқталған  жұмыс  бойынша  мектептің  шеңберінде 
немесе  одан  тыс  жерде  мультимедиялық  таныстырылым  жасау  болып 
табылады. 
 
Қазіргі  заманда  елдің  бәсекеге  қабілеттілігі  оның  азаматтарының 
парасаттылығымен  анықталады,  сондықтан  білім  беру  жүйесі  болашақтың 
талабына  сәйкес  дамуы  тиіс.  Қорыта  айтқанда,  жаңа  бағдарламаның  мәні  - 
баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп 
қабырғасында  алған  білімін  өмірінде  пайдалана  білуі  керек.  Оқушылардың 
бойына  ХХІ  ғасырда  өмірдің  барлық  салаларында  табысты  болу  үшін, 
қажетті  дағдыларды  дарыту  үшін,  мұғалімдер  тынымсыз  еңбектену  керек. 
Жаңартылған білім беру мазмұнын тиімді жүзеге асыруда мұғалімнің кәсіби 
құзыреттілігінің маңызы зор болып табылады. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.  Қазақстан  Республикасының  Президанті  Н.Ә.Назарбаев 
«Қазақстанның 
үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауы, 2017.
 
2.  2017-2018  оқу  жылында  Қазақстан  Республикасының  жалпы  орта  білім 
беретін  ұйымдарында  оқу  процесін  ұйымдастырудың  ерекшеліктері 
туралы Әдістемелік нұсқау хат. 
3.  Байкенова  Б.А.,  Ислямова  С.А.  Оқыту  үшін  бағалауды  жүзеге  асыру. 
Оқыту  үшін  бағалау  жолын  жүзеге  асыруды  оқыту  платформасы  қалай 
жеңілдете  алады?  -  Астана:  «Назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  ДББҰ 
Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015. 
 
 


жүктеу 5,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   102




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау