Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 2019



жүктеу 338,05 Kb.
Pdf просмотр
бет22/22
Дата29.12.2019
өлшемі338,05 Kb.
#25384
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бірыңғай картасын әзірлеу және өзектілендіру 

арқылы  жақсартылатын  болады,  сондай-ақ  ұлттық  технологиялық  болжау 

институтының  шетелдік  ғылым  мен  техника  жетістіктерін  зерттеудегі,  әлемдік 

технологиялық трендтерді мониторингтеудегі, арнайы материалдар негізінде қосалқы 

мақсаттағы технологиялар трансфертіндегі рөлі күшейтілетін болады.

            ЭЫДҰ  үздік  тәжірибесі  негізінде  Бағдарламаның  нысаналы  индикаторлары  мен 

көрсеткіштеріне  қол  жеткізуді  мониторингтеу  және  бағалау  сапасын  арттыру  үшін 

статистикалық әдіснаманы және ақпаратты жетілдіру бойынша шаралар қабылданады, 

сондай-ақ барлық мүдделі пайдаланушыларды статистикалық ақпаратпен қамтамасыз 

етуді  ұйымдастыру  үшін  тиісті  нормативтік  құқықтық  актілерге  өзгерістер  енгізу 

мүмкіндігі қаралатын болады.

      Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту саласындағы ұсыныстарды әзірлеу 

мақсатында  құрылған  Қазақстан  Республикасын  өнеркәсіптік  дамыту  жөніндегі 

комиссияға маңызды рөл беріледі.

            Бағдарламаны  іске  асыру  барысында  индустрияны  дамыту  саласындағы  ұлттық 

даму институтының базасында қызметтің негізгі бағыттары бойынша жұмыс жүргізу 

көзделген:  өңірлерді  индустриялық-инновациялық  дамытуды,  салалық  және 

интеграциялық  аспектілерді  қоса  алғанда,  экономиканың  басым  секторларын  дамыту 

саласында  ақпараттық-талдамалық  және  консультациялық  көрсетілетін  қызметтер; 

мемлекеттік  органдар  мен  заңды  тұлғалардан  алынған  статистикалық  ақпарат  пен 

деректерге талдау жүргізуді, сондай-ақ ұсыныстар мен сараптамалық қорытындыларды

әзірлеуді көздейтін Бағдарламаны басқару бойынша көрсетілетін қызметтер; Қазақстан 

Республикасының 

Үкіметі 


жанындағы 

өнеркәсіптік 

даму 

саласындағы 



консультациялық-кеңесші орган қызметін талдамалық және сараптамалық қамтамасыз 

ету;  еңбек  өнімділігін  арттыруға,  өнім  берушілер  жүйесін  дамытуға  және  жаһандық 

салалық  тізбектерге  ықпалдастыруға,  аумақтық  кластерлерді  дамытуды  және 

процестерді  сүйемелдеуге  бағытталған  мемлекеттік  қолдау  шараларын  дамыту;  2016 

жылы  -  еңбек  өнімділігін  арттыру  және  2017  жылы  өңделген  өнімнің  бәсекеге 

қабілеттілігін  арттыру  факторларын  зерттеу  жүргізілетін  болады,  бұл  ретте  осы 

факторлардың өзгерістерін талдау жыл сайын жүзеге асырылатын болады.

      Еңбек өнімділігін ұлғайту және өңделген өнімді өткізу үшін нарықты кеңейту даму 

институттарының  атаулы  қолдау  шараларын  ұсыну  кезіндегі  түйінді  өлшемшарттар 



болып табылады. Даму институттары көрсететін барлық атаулы қолдау шаралары осы 

өлшемшарттарға  сәйкес  келтірілуге  тиіс.  Бұл  ретте,  даму  институттары 

өлшемшарттардың барлық өзгерістерін индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму

институтының  сараптамалық  қорытындысы  негізінде  индустриялық-инновациялық 

қызметті қолдау саласындағы уәкілетті органмен міндетті түрде келісуге тиіс.

      Индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институты егжей-тегжейлі есептер 

негізінде,  оның  ішінде  Мемлекет  басшысының  "Қазақстан  жаңа  жаһандық  нақты 

ахуалда:  өсу,  реформалар,  даму"  атты  Қазақстан  халқына 

  айтылған 

Жолдауында

өнеркәсіптік даму міндеттерін іске асыру қажеттілігін ескере отырып, басым секторлар 

мен  өңірлер  бөлінісінде  Бағдарламаның  түйінді  нысаналы  индикаторларының  (

инвестицияларды тарту, экспортты ұлғайту және еңбек өнімділігін арттыру бойынша) 

нақты декомпозициясы жүзеге асырылатын болады.

      Аталған жұмыс нәтижелері Бағдарламаны іске асыруға тартылған әрбір салалық 

және  жергілікті  мемлекеттік  орган  үшін  қысқа,  орта  және  ұзақ  мерзімді 

перспективаларға 

арналған 

нақты 

міндеттерді 



айқындау 

бөлігінде 

индустриялық-инновациялық  даму  және  мемлекеттік  жоспарлау  жөніндегі  уәкілетті 

органдардың жұмысына негіз болады.

            Декомпозиция  қорытындылары  бойынша  алынған  жоспарлы  мәндер  жауапты 

мемлекеттік  органдарға,  ұлттық  басқарушы  холдингтерге  және  даму  институттарына 

бекітілетін болады.

            2016  жылдың  соңына  дейін  мемлекеттік  және  жергілікті  атқарушы  органдар, 

ұлттық  басқарушы  холдингтер  мен  компаниялар  негізгі  нысаналы  индикаторлар 

декомпозициясын  ескере  отырып,  өздерінің  стратегиялық  жоспарларын,  аумақтарды 

дамыту  бағдарламалары  мен  стратегияларды  түзетуі,  өз  құзыреттері  шеңберінде 

нарықтарды  кеңейту  және  кедергілерді  алып  тастау  арқылы  салалар  мен 

кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік жасауы тиіс.

            Бағдарламаны  іске  асыруды  бақылау  және  бағалау  мақсатында 

индустриялық-инновациялық  қызметті  мемлекеттік  қолдау  саласындағы  уәкілетті 



мемлекеттік  орган  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  қатысуымен  тиісті 

іс-шаралар өткізу арқылы аралық қорытындылар жасайтын болады.

      Өңірлерде индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы 

уәкілетті  орган  тиісті  әдістеме  негізінде  ағымдағы  үрдістер  мен  проблемалық 

мәселелерді  уақтылы  айқындауға,  оларды  шешу  жолдарын  белгілеуге,  сондай-ақ 

өңірлердің  индустриялық-инновациялық  саясатын  жетілдіру  бойынша  ұсынымдар 

әзірлеуге мүмкіндік беретін, өңірлердің индустриялық-инновациялық дамуын тұрақты 

мониторингтеу мен талдауын жүзеге асырады.

            "Атамекен"  ҰКП,  бизнес-қауымдастықтар,  тәуелсіз  сарапшылар  Бағдарламаның 

тиімділігін тәуелсіз бағалауды жүргізетін болады.

      Бағалау міндеттерінің сипаттамасын, әдіснамасын, талдауды, қорытындылар мен 

ұсынымдарды қамтитын жыл сайынғы жария есеп тәуелсіз бағалау нәтижесі болады.

      Бұдан басқа, ЭЫДҰ әдіснамалық тәсілдерінің негізінде Бағдарламаны жекелеген 

міндеттер,  іс-шаралар  бойынша  немесе  қажет  болған  жағдайда,  кешенді  бағалауға 

беделді халықаралық сарапшыларды және консалтингтік ұйымдарды тұрақты негізде 

тарту мәселесі қаралады.

6. Қажетті ресурстар

      Бағдарламаны табысты іске асыру үшін мемлекеттің және жеке сектордың қаржы 

ресурстары шоғырландырылатын болады, бұл ретте мемлекет жеке инвестициялардың 

келуі  және  кәсіпорындардың  бәсекеге  қабілеттілігін  ұлғайту  үшін  жағдай  жасайтын 

қолдау шараларын қаржылық қамтамасыз етуге назар аударады.

      Қойылған мақсаттарға және индикаторларға қол жеткізу үшін өңдеуші өнеркәсіптің

негізгі  капиталына  инвестициялардың  болжалды  қажеттіліктері  шамамен  4,5  трлн. 

теңгені  құрайды.  Бұл  ретте,  2010-2014  жылдары  қол  жеткізілген  5-ке  1  деңгейіндегі 

негізгі  капиталға  инвестицияларға  қатысты  өңдеуші  секторды  қолдауға  тікелей 

бағытталған  мемлекеттік  қолдау  шараларын  қаржыландырудың  тарихи  паритетін 




ескере  отырып,  Бағдарламаны  бюджеттік  қаржыландыру  қажеттілігі  5  жыл  ішінде 

шамамен 0,9 трлн. теңгені құрайды.

            Бағдарламада  көзделген  іс-шараларды  мемлекеттік  қаржыландыру  көлемі  тиісті 

қаржы  жылдарына  арналған  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес 

нақтыланатын болады.

 

Қазақстан Республикасын



индустриялық-инновациялық

дамытудың 2015-2019 жылдарға

арналған мемлекеттік бағдарламасына

1-ҚОСЫМША

Өңдеуші өнеркәсіп және көрсетілетін қызметтердің

жекелеген түрлері

ЭҚЖЖ 

коды


ЭҚЖЖ кодына сәйкес қызмет түрлері

1

2



10

Азық-түлік өнімдерінің өндірісі

11.06

Уыт өндірісі



11.07

Минералды су және басқа да алкогольсіз сусындар өндірісі

13

Тоқыма бұйымдарының өндірісі



14

Киім-кешек өндірісі

15

Былғары және оған жататын өнімдер өндірісі



16

Жиһаздан  басқа,  ағаш  және  тығын  бұйымдарының  өндірісі;  сабаннан  және  тоқуға  арналған 

материалдардан жасалған бұйымдар өндірісі

17

Қағаз және қағаз өнімдерінің өндірісі



18

Жазылған материалдарды басып шығару және тыңдатып-көрсету

19

Кокс және мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі



20

Химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі

21

Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндірісі



22

Резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісі

23

Өзге бейметалл минералды өнімдер өндірісі



24

Металлургия өнеркәсібі

25

Машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдарының өндірісі



26

Компьютерлер, электрондық және оптикалық өнімдер өндірісі

27

Электр жабдықтарының өндірісі



28

Басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндірісі

29

Автокөлік құралдарының, трейлерлер мен жартылай тіркемелер өндірісі



30

Өзге көлік құралдар өндірісі




31

Жиһаз өндірісі

32

Өзге дайын бұйымдар өндірісі



33

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

38

Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; қалдықтарды кәдеге жарату



71.2

Техникалық сынақтар және талдаулар

82.92

Буып-түю


 

Қазақстан Республикасын

индустриялық-инновациялық

дамытудың 2015-2019 жылдарға

арналған мемлекеттік бағдарламасына

2-ҚОСЫМША

Өңдеуші өнеркәсіптің Бағдарлама шеңберіндегі басым секторлары

Басым сектор

ЭҚЖЖ

коды


ЭҚЖЖ кодына сәйкес қызмет түрлері

1

2



3

1. Қара металлургия

24.10

Шойын, болат және ферроқорытпалар өндіру



24.20

Болаттан жасалған құбырлар, құбыржолдар, пішіндер, ернемектер өндіру

24.31

Салқын тәсілмен созу



24.32

Таспаларды және енсіз жолақтарды суықтай таптау

24.33

Салқын қалыптау немесе бүктеу



24.34

Сымдарды салқын созу әдісі арқылы өндіру

24.51

Шойын құю



24.52

Құрыш бұйымдарды құю

2 .  

Т ү с т і  



металлургия

24.41


Бағалы (асыл) металдар өндіру

24.42


Алюминийді өндіру

24.43


Қорғасын, мырыш және қалайы өндірісі

24.44


Мыс өндіру

24.45


Басқа түсті металдар өндіру

24.53


Жеңіл металдарды құю

24.54


Басқа түсті металдарды құю

3. Мұнай өңдеу

19.20

Мұнайдың өңделген өнімдерін өндіру



4. 

Мұнай-газ 

химиясы

20.14


Басқа негізгі органикалық химиялық заттар өндіру

20.16


Бастапқы қалыпта пластик өндіру

20.17


Бастапқы қалыптағы синтетикалық каучук өндіру

10.11


Етті қайта өңдеу және консервілеу

10.12


Үй құсының етін қайта өңдеу және консервілеу

10.13


Ет өнімдерін және үй құсының етінен жасалған өнімдерді өндіру

10.20


Балықты, шаян тәрізділерді және моллюскаларды өңдеу және консервілеу

10.31


Картопты өңдеу және консервілеу

10.32


Жеміс және көкөніс шырындарын өндіру


5. 

Азық-түлік 

өнімдерінің өндірісі

10.39


Жемістер мен көкөністерді өңдеу және сақтаудың өзге де түрлері

10.41


Май және тоң май өндіру

10.42


Маргарин және оған ұқсас тағамдық майларды өндіру

10.51


Сүтті өңдеу және сырды өндіру

10.61


Ұн-жарма өнеркәсібінің өнімдерін өндіру

10.62


Крахмалды және крахмалдан өнімдер өндіру

10.71


Нан  өндіру;  ұннан  жасалған  кондитерлік  жаңа  өнімдерді,  торттарды  және 

пирожныйларды өндіру

10.72

Кептірілген  нанды  және  печеньені  өндіру;  ұзақ  сақтауға  арналған  ұннан 



жасалған  кондитерлік  өнімдерді,  торттарды,  пирожныйларды,  пирогтарды 

және бисквиттерді өндіру

10.73

Макарон өнімдерін өндіру



10.81

Қант өндіру

10.82

Какаоны, шоколадты және қантты кондитерлік тағамдарды өндіру



10.83

Шайды және кофені өңдеу

10.85

Дайын тағам өнімдерін өндіру



10.86

Балалар тағамын және емдәмдік тамақ өнімдерін өндіру

6. Агрохимия

20.15


Тыңайтқыштар және құрамында азот бар құрамаларды өндіру

20.20


Пестицидтерді және басқа агрохимиялық өнімдерді өндіру

7.  Өнеркәсіпке 

а р н а л ғ а н  

химикаттарды 

өндіру

20.11


Өнеркәсіптік газды өндіру

20.12


Бояғыш заттар мен пигменттерді өндіру

20.13


Басқа негізгі бейорганикалық химиялық заттарды өндіру

20.30


Бояулар,  лактар  және  ұқсас  бояғыш  заттар,  типографиялық  бояулар  мен 

мастика өндіру

20.41

Сабын және жуу құралдарын, тазалағыш және жылтыратқыш заттар өндіру



20.51

Жарылғыш заттар өндіру

20.59

Басқа санаттарға енгізілмеген басқа химиялық өнімдер өндіру



8.  Автомобильді 

жасау


29.10

Автокөлік құралдарын өндіру

29.20

Автокөлік  құралдарына  арналған  шанақтарды  өндіру;  трейлерлерді  және 



жартылай тіркемелерді өндіру

29.31


Автокөлік  құралдарына  арналған  электрлік  және  электрондық  жабдық 

өндіру


29.32

Автокөлік  құралдарының  және  олардың  қозғалтқыштарының  бөлшектері 

мен құрал-саймандарын өндіру

30.99


Басқа топтарға енгізілмеген басқа көлік құралдары мен жабдықтарын өндіру

9 .  


Э л е к т р  

техникалық  машина

жасау

25.21


Орталық жылыту радиаторлары мен бу қазандықтарын өндіру

25.29


Басқа металл цистерналар, сұйыққойлар және контейнерлер өндіру

25.30


Орталық жылыту қазандықтардан басқа, бу қазандықтарын өндіру

27.11


Электр қозғалтқышы, генераторлар, трансформаторлар өндіру

27.12


Электр таратушы және реттеуші аппаратура өндіру

27.20


Батареялар және аккумуляторлар өндіру

27.31


Талшықты-оптикалық кабель өндіру

27.32


Электр сымының және кабельдің басқа түрлерін өндіру


27.33

Электрмонтаждық құрылғыларды өндіру

27.40

Электрмен жарықтандыру жабдықтарын өндіру



27.90

Басқа электр жабдықтарын өндіру

28.11

Авиациялық,  автокөлік  және  мотоциклді  қозғалтқыштардан  басқа, 



қозғалтқыштарды және турбиналарды өндіру

28.25


Өнеркәсіптік тоңазыту және желдету жабдығын өндіру

1 0 .  


А у ы л  

шаруашылығы 

машинасын жасау

28.30


Ауыл шаруашылық және орман шаруашылығы техникасын өндіру

11. 


Теміржол 

машинасын жасау

30.20

Темір жол локомотивтерін және жылжымалы құрамаларды өндіру



12. 

Тау-кен 


машинасын жасау

28.91


Металлургияға арналған машиналар мен жабдықты өндіру

28.92


Тау-кен  қазушы  өнеркәсіпке,  жер  асты  қазба  жұмыстары  мен  құрылысқа 

арналған техниканы өндіру

13. 

Мұнай-газ 



машинасын жасау

28.12


Гидравликалық жабдықты өндіру

28.13


Басқа сорғыларды және сығымдағыштарды өндіру

28.14


Басқа крандар мен шұралар өндіру

28.29


Басқа  топтарға  енгізілмеген  жалпы  мақсаттағы  өзге  машиналар  мен 

жабдықтарды өндіру

28.99

Басқа топтарға енгізілмеген арнайы мақсатқа арналған басқа машиналар мен



жабдықтарды өндіру

14. 


Құрылыс 

материалдарының 

өндірісі

16.21


Бір  қабатты  шпонды,  фанерлерді,  жұқа  тақтайларды  және  панельдерді 

өндіру


22.21

Пластмасса  табақтар,  шиналар  мен  профильдерге  арналған  камералар 

өндіру

22.23


Пластиктен құрылыс материалдарын өндіру

23.11


Жалпақ шыны өндіру

23.12


Жалпақ шыны жасау және өңдеу

23.13


Шұңғыл шыны өндіру

23.14


Шыны талшықтар өндіру

23.19


Шыныдан басқа бұйым түрлерін өңдеу және өндіру

23.20


Отқа төзімді бұйымдар өндіру

23.31


Керамикалық төсемдер мен плиталар өндіру

23.32


Кірпіш,  черепица  және  күйдірілген  саздан  өзге  құрылыс  материалдарын 

өндіру


23.42

Керамикалық гигиеналық сантехникалық жабдықтар өндіру

23.43

Керамикалық оқшаулау материалы мен оқшаулағыш гарнитура өндіру



23.49

Басқа керамикалық бұйымдар өндіру

23.51

Клинкерлерді қоса цементті өндіру



23.52

Әк және құрылыс гипсін өндіру

23.61

Бетоннан жасалған құрылыс заттарын өндіру



23.62

Құрылыс мақсаттары үшін құрылыс гипсінен жасалған бұйымдар өндіру

23.63

Пайдалануға дайын бетон өндіру



23.64

Құрғақ бетон қоспаларын өндіру




23.65

Асбетостоцементтен және талшықты цементтен бұйымдар өндіру

23.69

Бетоннан, құрылыс гипсі мен цементтен жасалған басқа бұйымдарды өндіру



23.70

Тасты кесу, өңдеу және әрлеу

23.99

Басқа топқа енгізілмеген өзге бейметалл минералды өнім өндіру



© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және 

құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК



жүктеу 338,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау