Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 2019



жүктеу 338,05 Kb.
Pdf просмотр
бет19/22
Дата29.12.2019
өлшемі338,05 Kb.
#25384
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

арттыру және қайта даярлаудың қалыптасқан жүйесімен қамтамасыз етілетін болады. 

Осы мақсатта екіжақты тәсілге негізделетін, заманауи технологиялық процестер үшін 

қажетті  жаңа  құзыреттерді  сипаттайтын  кадрлардың  біліктілігін  арттыру  және  қайта 

даярлау  бағдарламалары  әзірленетін  болады.  Бір  жағынан,  кәсіпорындар 

мамандарының  біліктілігін  арттыру  және  қайта  даярлау  жоғары  оқу  орындарының 

базасында  жүзеге  асырылады.  Екінші  жағынан,  профессор-оқытушылар  құрамының 

практикалық  дағдыларын  өзектілендіру  және  технологиялық  процестерді  тереңірек 

түсінуі  мақсатында  профессор-оқытушылар  құрамы  үшін  Бағдарламаның  басым 

салаларындағы  озық  кәсіпорындар  базасында  тағылымдамалардан  өту  жағдайлары 

пысықталатын болады.

      Бұдан басқа, профессор-оқытушылар құрамының, кәсіпорындар жұмыскерлерінің 

және оқытушылардың көптілділік даярлығын арттыру бойынша шаралар қабылданады.

            Жоғары  оқу  орындары  мен  ТжКБ  ұйымдарының  профессор-оқытушыларының 

құрамы кезең-кезеңімен әріптес кәсіпорындарда практикадан өтеді.

            Сонымен  қатар,  тәжірибе  алмасуды  қамтамасыз  ету  және  біліктілікті  арттыру 

мақсатында жоғары оқу орындары мен ТжКБ ұйымдарының шетелдік әріптестерімен 

студенттер алмасу жүзеге асырылатын болады.

      9) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру.

            Экономика  салаларының  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыру  үшін  энергия  үнемдеу 

және энергия тиімділігін арттыру бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.

            Халықаралық  деңгейде  танылған  энергия  сервисі  шарттарының  тетігі  арқылы 

энергия  үнемдеу  саласына  стратегиялық  инвесторларды  тарту  жөнінде  жұмыс 

жүргізіледі,  энергия  үнемдеу  және  энергия  тиімділігін  арттыру  саласындағы 

жобаларды қаржыландыру тетіктері құрылады.

      5.3. Өңдеуші секторды қолдаудың атаулы шаралары



      Индустриялық кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталған атаулы көмек шаралары 

секторлардың басымдығына байланысты сегменттеледі, қолданыстағы өндіріс жұмыс 

істейді немесе мемлекеттік қолдауға үміт артқан жаңа жобалар жұмыс істейтін болады.

            Мемлекеттік  қолдау  шараларын  ұсыну  үшін  жобаларды  іріктеу  кезінде  түйінді 

өлшемшарттар  еңбек  өнімділігін  арттыру  және  өңделген  тауарларды  өткізу  үшін 

нарықтарды кеңейту болады.

            1.  Бірінші  деңгейдегі  қолдау  шаралары  Қазақстан  Республикасын 

индустриялық-инновациялық  дамытудың  2015-2019  жылдарға  арналған  мемлекеттік 

бағдарламасына 

  көрсетілген  өңдеуші  өнеркәсіптің  барлық  секторларын 

1-қосымшада

және  қажет  болған  жағдайда  өнімді  көрсетілетін  қызметтердің  аралас  түрлерін  (

ақпараттық  коммуникациялар,  ғарыш  қызметі,  инжиниринг,  ғылыми  зерттеулер, 

геологиялық барлау және т.б.) қолдауға бағытталған және негізінен, еңбек өнімділігін 

ынталандыруға әрі дайын өнімдердің жаңа нарығын игеруге байланысты.

      Өңдеуші өнеркәсіптегі кәсіпкерлік субъектілерін одан әрі қолдау өнім экспортын 

ілгерілету,  еңбек  өнімділігін  арттыруды  ынталандыру,  сервистік  және 

ақпараттық-талдамалық көрсетілетін қызметтер, қарыздарды субсидиялау, "Бизнестің 

жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру

арқылы жалғасатын болады.

            2.  Екінші  деңгейдегі  қолдау  шаралары  Қазақстан  Республикасын 

индустриялық-инновациялық  дамытудың  2015-2019  жылдарға  арналған  мемлекеттік 

бағдарламасына 

  көрсетілген,  ішкі  және  өңірлік  нарықтарда  бәсекеге 

2-қосымшада

қабілеттілікті қамтамасыз ету үшін алғышарттардың болуы ескеріле отырып іріктелген 

өңдеуші өнеркәсіптің 14 басым секторын қолдауға бағытталған.

            Осы  секторлар  үшін  бірінші  деңгейдегі  қолдау  шараларынан  басқа  мынадай 

құралдар қолданылатын болады:

      1) инвестициялық преференциялар беру;




      2) ЕДБ арқылы шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерінің айналым қаражаты

мен жаңа жобаларын қаржыландыру;

      3) ЕДБ, Қазақстан Даму банкі және лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де 

заңды  тұлғалар  жеке  кәсіпкерлік  субъектілеріне  беретін  кредиттер  мен  жасалатын 

лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;

            4)  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес  ЕДБ,  ұлттық  даму 

институттары және өзге де заңды тұлғалар арқылы кредиттеуді ұйымдастыру;

            5)  микроқаржыландыру  ұйымдары  жеке  кәсіпкерлік  субъектілеріне  беретін 

микрокредиттердің сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау.

      3. Үшінші деңгейдегі қолдау шаралары экспорттық нарықтарға шығудың ең жоғары

әлеуетін  ескере  отырып  іріктелген  мынадай  басым  сектордағы  жобаларды  қолдауға 

бағытталған:

      1) қара металлургия;

      2) түсті металлургия;

      3) агрохимия;

      4) мұнай өңдеу;

      5) мұнай-газ химиясы;

      6) автомобильдер өндірісі;

      7) азық-түлік өнімдерінің өндірісі;



      8) электр жабдықтарының өндірісі.

      Бұл секторларды дамыту үшін мына міндеттер түйінді болып табылады.

      Қара металлургияда: еңбек өнімділігін және өндірістің экологиялылығын арттыру 

мақсатында дәстүрлі өндірістерді қайта құрылымдау және жаңғырту;

      шетелдік инвесторларды тарту және жоғары қосындыланған болат, қосылған құны 

жоғары  өнімдер,  ішкі  қажеттілікті  және  әлемдік  болат  құю  өнеркәсібі  үшін  дәстүрлі 

және  кешенді  ферроқорытпалар  өндірісі  бойынша  инвестициялық  жобаларды  іске 

асыру;  пішінді  илектің  (швеллерлер,  арқалықтар,  бұрыштамалар,  рельстер), 

метиздердің  (сымдар,  сым  арқандар,  тростар),  жалпақ  илектің  (тот  баспайтын, 

электролиттік, гальваникалық жабыны бар) дайын өнімдерін шығаратын жұмыс істеп 

тұрған  өндірістерді  одан  әрі  дамыту;  шағын  тонналы  өндірістерді  дамыту;  ҒЗТКЖ 

жандандыру, оның ішінде металлургия саласындағы серпінді технологиялар мен озық 

өнімдерді  игеру  мақсатында  МЖӘ  негізінде  "Шығыс  Қазақстан  облысындағы 

металлургия  орталығы"  тәжірибелік-эксперименттік  кешенін  құру  арқылы  (жоғары 

сапалы,  беріктігі  жоғары,  тоттануға  қарсы  және  басқа  да  болат,  3D  басуға  арналған 

ұнтақты металлургия) жандандыру.

      Түсті металлургияда: шетелдік инвесторларды тарту және мыс, алюминий, титан 

өндіруді одан әрі кеңейтуді, қорғасын, мырыш, никель және басқа да базалық металдар 

өндірісі үшін жаңа кен орындарын игеруді, сондай-ақ дайын бұйымдар мен қосылған 

құны  жоғары  өнімдер  (мыс  құбырлар,  мыс  таптағыш,  алюминий  табақтар  және  т.б.) 

өндіруді  ұйымдастыруды  көздейтін  инвестициялық  жобаларды  іске  асыру;  ілеспе 

металдарды,  оның  ішінде  жерде  сирек  кездесетін  металдар  мен  сирек  кездесетін 

металдарды  шығара  отырып,  шикізатты  кешенді  өңдеу;  еңбек  өнімділігін  және 

экологиялылықты  арттыру  мақсатында  жұмыс  істеп  тұрған  өндірістерді  жаңғырту; 

қосылған  құны  жоғары  өндірістер  құру  бойынша  жетекші  шетелдік  компаниялармен 

әріптестік  (жаһандық  ТҚҚ  шеңберіндегі  кооперация);  озық  өнімдер  мен  серпінді 

технологияларды игеру мақсатында ҒЗТКЖ (3D басуға арналған ұнтақты металлургия) 

жандандыру.

            Агрохимияда:  тыңайтқыштар  өндірісі  бойынша  өңірлік  хаб  құру;  отандық 

тыңайтқыштардың әрекет етуінің пайдалылығы мен функционалдық сипаттамаларын 




жүктеу 338,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау