Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 2019



жүктеу 338,05 Kb.
Pdf просмотр
бет21/22
Дата29.12.2019
өлшемі338,05 Kb.
#25384
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

дамиды,  бұл  өнімділігі  жоғары  жаңа  базалық  индустрияны  дамытуға  күшті  серпін 

береді.


      Мұндай жобаларды қолдау құралдары:

      1) қолданыстағы салық заңнамасында көзделген және Қазақстан экономикасының 

өңдеуші секторының инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған салықтық

және өзге де преференциялар;

      2) инвестициялық субсидиялар беру;

            3)  индустриялық-инновациялық  жобаларды  іске  асыруға  қатысуға  тарту 

мақсатында  әлеуетті  шетелдік  инвесторларды  іздеуді  жүзеге  асыру  және  келіссөздер 

жүргізу;


            4)  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес  ЕДБ,  ұлттық  даму 

институттары және басқа да заңды тұлғалар арқылы кредиттеуді ұйымдастыру;

      5) жер учаскелерін және жер қойнауын пайдалану құқығын беру болып табылады.

      Жобаны іске асырудың бастапқы кезеңінде бәсекеге қабілеттілік факторларын іске 

асыру үшін қажетті сапалы және қымбат емес көлік, энергетика, коммуналдық және газ

инфрақұрылымына қол жеткізуді қамтамасыз ету мәселесі пысықталатын болады.

      Жұмыс істеп тұрған өндірістер мен жаңа жобалар үшін қолдаудың барлық түрлері 

жариялылық, ашықтық, экономикалық орындылық қағидаттарында ұсынылады.

      Индустриялық-инновациялық жүйені мониторингтеу мақсатында республикалық 

деңгейде Индустрияландыру картасына:

      1) өңдеуші өнеркәсіптің 14 басым секторында іске асырылатын;



            2)  салалық  мемлекеттік  орган  оң  қорытынды  берген  және  Өнеркәсіпті  дамыту 

жөніндегі комиссия отырысында мақұлданған;

      3) құны 4,5 млрд. теңгеден асатын;

      4) еңбек өнімділігін арттыру және дайын өнімнің жаңа нарықтарын игеру бойынша 

Бағдарламаның  нысаналы  индикаторларына  қол  жеткізу  арқылы  Бағдарлама 

нәтижесіне тікелей ықпал ететін ірі жобалар енгізілетін болады.

            Қазақстан  Республикасын  өнеркәсіптік  дамыту  жөніндегі  комиссия  мемлекеттік 

қолдау  шараларына  қосу,  алып  тастау,  ұсыну,  сондай-ақ  республикалық 

Индустрияландыру картасының негізгі параметрлерін өзгерту бойынша ұсыныстарды 

әзірлейді.

      Индустрияландыру картасының жобалары бойынша жалпы үйлестіру жобаларды 

іске  асыруға  жауапты  мемлекеттік  органдармен  бірге  индустриялық-инновациялық 

қызметті қолдау саласындағы уәкілетті органға бекітіледі.

            Өңірлер  деңгейіндегі  индустрияландыру  картасының  жобаларын  мемлекеттік 

қолдаудағы жергілікті атқарушы органдардың рөлі.

            Өңірлер  деңгейінде  индустриялық-инновациялық  жүйенің  мониторинг  құралы 

Өңірлік  кәсіпкерлікті  қолдау  картасы  (өңірлік  карта)  болып  табылады,  ол  өңірдің 

экономикалық  мамандануына  сәйкес  келетін  және  Бағдарламаның  шеңберінде 

мемлекеттік  қолдау  шараларын  алған  өңдеуші  өнеркәсіп  секторларында 

индустриялық-инновациялық  қызмет  субъектілері  іске  асыратын  жобалар  тізбесін 

қамтиды.

            Мемлекеттік  қолдау  құралдарының  тиісті  операторлары  жергілікті  атқарушы 

органдарға  тоқсанына  кемінде  1  рет  индустриялық-инновациялық  қызметті  қолдау 

саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша көрсетілген қолдау шаралары 

туралы ақпаратты ұсынады.



            Өңірлік  картаның  жобалары  бойынша  жалпы  үйлестіру  мемлекеттік  қолдау 

шараларын ұсыну операторларымен, жергілікті уәкілетті органдармен және "Атамекен"

ҰКП-мен бірге өңірлік даму саласындағы уәкілетті органға бекітіледі.

            Мемлекеттік  органдар,  ұлттық  басқарушы  холдингтер,  даму  институттары 

ұсынатын  мемлекеттік  қолдаудың  барлық  құралдары  2016  жылдың  соңына  дейін 

Бағдарламада қойылатын талаптар ескеріле отырып түзетіледі.

      Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті 

орган өңдеуші сектор кәсіпорындарына көрсетілетін қолдау құралдарын қайта қарайды,

оларды  ұсыну  осы  Бағдарламаның  міндеттері  мен  өлшемшарттарына  тікелей 

байланысты  болады.  Даму  институттары  мемлекеттік  қолдауды  ұсыну  үшін  жаңа 

жобаларды  іріктеуді  техникалық  реттеу,  метрология  және  ішкі  нарықта  отандық 

өндірушілерді қолдау жөнінде талаптарға сәйкестігін ескере отырып, тиісті қағидалар 

мен регламенттер негізінде жүзеге асыратын болады.

            Жаңа  жобалардың  бастамашылары,  оның  ішінде  квазимемлекеттік  сектор 

субъектілері стратегиялық әріптесті, қажетті инвестициялардың негізгі көлемін іздеуді 

және тартуды өздеріне алады, сондай-ақ еңбек өнімділігі, энергия тиімділігі, экспорт, 

өнімдердің жаңа түрлерін игеру өлшемшарттары бойынша қойылатын талаптарға қол 

жеткізуге  міндеттенеді.  Мемлекеттің  және  квазимемлекеттік  сектордың  жобаға 

қатысуының  міндетті  шарты  одан  шығудың  нақты  жоспарының  болуы  болып 

табылады.

      Мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуды оңтайландыру мәселесі қаралатын және 

іске асырылатын инвестициялық жобалар үшін заңнаманың тұрақтылығы қамтамасыз 

етілетін болады.

            Отандық  өнімге  сұранысты  ынталандырудың  жаңа  құралдары,  оның  ішінде 

экономиканың  басым  секторларының  кәсіпорындарында  өндірілген  өнімдерді  сатып 

алушыларға  жеңілдікпен  кредит  беру,  сондай-ақ  факторингтік  мәмілелер  әзірленетін 

болады. Аталған бағыт бойынша жұмыс даму институттары, қаржы ұйымдары және "

Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның басқа да заңды тұлғалары арқылы жүзеге асырылатын болады

.



      Бұдан басқа, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ "Бәсекеге қабілеттілік көшбасшылары - ұлттық 

чемпиондар"  бағыты  шеңберінде  Қазақстан  Республикасының  аумағында  да,  өңірлік 

және  халықаралық  деңгейлерде  де  экономиканың  шикізаттық  емес  салаларында 

перспективалы  көшбасшы  бола  алатын  неғұрлым  бәсекеге  қабілетті  компанияларды 

қолдауды  жүзеге  асыратын  болады.  "Бәсекеге  қабілеттілік  көшбасшылары  -  ұлттық 

чемпиондар"  бағыты  ұзақ  мерзімді  болып  табылады  және  қатысушы  компанияларға 

кешенді қолдау көрсетуді болжайды.

      5.4. Бағдарламаны іске асыру тетігі, басқару және мониторингтеу.

      1. Бағдарламаны іске асыру тетіктері

            Бағдарламаны  іске  асыру  тиімділігін  арттыру  үшін  Бағдарламаны  іске  асыру 

жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) қабылданады.

            Аталған  құжатта  объективті  сандық  талдауға  және  ірі  жобалардың  бар  болуына 

негізделген  өңдеуші  өнеркәсіптің  және  өңірлердің  басым  және  өзге  де  секторлары 

бөлінісінде нақты нысаналы индикаторлар көрсетілетін болады.

      2. Бағдарламаны іске асыруды басқару

      Бағдарламаны іске асыруды басқару үшін оны іске асыруға, мониторингтеуге және 

қаржыландыруға  негізгі  қатысушылардың  арасында  институционалдық  тетіктер  мен 

жауапкершілікті нақты бөлу бекітілген.

            Қазақстан  Республикасының  Үкіметімен,  орталық  және  жергілікті  басқару 

органдарымен,  ұлттық  басқарушы  холдингтермен  және  институттарымен  қатар  "

Атамекен"  ҰКП  Бағдарламаны  іске  асыруға  арналған  құжаттарды,  оның  ішінде 

аумақтық  кластерлерді  дамыту  мәселелері  бойынша  құжаттарды  талқылауға  және 

әзірлеуге белсенді қатысады.

            Бағдарламаны  іске  асыруды  ақпараттық-талдамалық  сүйемелдеу,  оның  ішінде 

кәсіпкерлердің  бизнес-шешімдерді  қабылдауы  үшін  ақпарат  көзі  ретінде  Басым 



жүктеу 338,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау