Құрылыс материалдарын өндіру және стандарттау кафедрасы



жүктеу 136,37 Kb.
Дата25.12.2017
өлшемі136,37 Kb.
#6035
түріНұсқаулар

Қазақстан республикасы Ғылым және білім министрлігі.

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті.


Құрылыс материалдарын өндіру және стандарттау кафедрасы


5В073000 «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» мамандығының (тарының)

студенттері үшін

«Бетон толтырғыштары» пәндері бойынша

Курстық жобалау және жұмыстарды орындауға арналған

Әдістемелік нұсқаулар

Құрастырған доцент, т.ғ.к

........................ ...........Б.Ч. Кудрышова

Павлодар
«Бетон толтырғыштары» пәні

Курстық жобалау және жұмыстарды орындауға арналған

әдістемелік нұсқаулар


Курстың теориялық тарауларын бекіту, кез келген қабырғалық немесе өңдеу материалдарының өндірісін тереңдеп оқыту, жобалау сұрақтарындағы инженерлік тапсырмаларды өздігінен шешуге дағдылану курстық жобаның мақсаты болып табылады.

Курстық жобаны орындауда студент лекцияда және тәжірибелік сабақтарда берілетін мәліметтермен шектелмеу қажет. Арнайы техникалық және патенттік әдебиетті, жобалық және нормативтік материалдарды оқып білу және кәсіпорындардағы өндіріспен танысу қажет.

Курстық жобада озық технология және ғылым мен техниканың жаңа жетістіктері, механикаландырудың және автоматтандырудың максималды дәрежесі, жобаланатын өндірістің экономикалық тиімділігі көрсетілуі керек.

Студент өздік жұмыстың авторы бола отырып барлық қабылдаған шешімдерге жауап береді, онымен қабылданған жобалық шешімдерді қорғайды және негіздейді, графикалық бөлімді дайындау машықтарын көрсетеді және оның сапасына жауап береді. Оқытушы оңтайлы нұсқаны таңдауда жалпы әдістемелік басшылықты жүзеге асырады.

Курстық жобаның құрамы және көлемі.

Курстық жоба ПМУ стандартына сәйкес орындалған графикалық бөлім және есептеу-түсініктеме хат түрінде келтірілуі тиіс.

Есептеу-түсініктеме хат А4 (210х297 мм) форматты қағазда машиналық тәсілмен жазылуы тиіс. Қағаздың сол жағынан ені 30 мм ақ жиек қалдыру қажет. Жобаның есептеу-графикалық бөлімінің басында тапсырмасы және мазмұны келтірілуі тиіс. Түсініктеме хаттың көлемі машиналық тәсілмен 30-40 бет. Сәйкес жерлерде кестелерге, суреттерге, сызбаларға сілтемелер болу керек.

Есептеу-түсініктеме хат келесі тараулардан тұрады:



  1. Кіріспе.

  2. Өнімнің номенклатурасы және өндірістік бағдарлама.

  3. Құрылыс алаңын таңдау негіздемесі.

  4. Шикізат материалдардың сипаттамасы.

  5. Отын түрі немесе жылу тасмалдаушы (теплоноситель) параметрлері.

  6. Технологиялық бөлім:

а) өндірістің технологиялық сұлбасын таңдау;

б) кәсіпорынның жұмыс істеу режимі;

в) негізгі технологиялық шектер бойынша өнімділігін есептеу;

г) материалдық баланс;

д) құрал-жабдықтарды таңдау.

7. Еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы.

8. Қоршаған ортаны қорғау.

9. Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Графикалық бөлім А-1 немесе А-2 форматты сызба қағазында және 1:100 немесе 1:200 масштабта орындалады. Сызбалар қарындашпен орындалады және қағаз шеттерінен 5 мм, ал сол жағынан сақтау және тігу үшін 20 мм жиектері болу қажет. Сызбаның төменгі оң жақ бұрышында жиекке жанасқан штамп орналасады. Штамптың жоғарғы жағында жабдықтың спецификациясы көрсетіледі.

Жоспарда және қимада негізгі технологиялық жабдықтың орналасуы, олардың өндірістің жеке бөлістерінің арасындағы өзара байланысы және құрылыс өстеріне байланысы көрсетілуі тиіс. Курстық жобаны орындау реті.

Курстық жоба келесі реттілікте орындалады:

а) жобалауға ұсынылатын тапсырмамен, жобаны орындауға әдістемелік нұсқаулықпен,тапсырмаға сәйкес ұсынылатын әдебиетпен танысу;

б) жобаланатын өндіріспен әрекеттегі кәсіпорында және әдебиет бойынша танысу;

в) өндіріс әдістері мен технологиялық үрдістің сұлбасын таңдау және негіздеу;

г) цехтің жұмыс істеу режимін таңдау;

д) цех өнімділігін есептеу;

е) шикізат материалдардың, жартылай дайын өнімдердің және отынның шығынын есептеу;

ж) жабдықтарды таңдау және есептеу;

з) өндірістік ғимараттың түрін және жабдықтарды орнықты орналастыру бойынша сұлбаларын таңдау, содан кейін оқытушымен келісіп, жобаның графикалық бөлімін орындау;

и) басқа технологиялық есептеулерді орындау, барлық тарауларды дайындау және есептеу-түсініктеме хатты ресімдеу.

Есептеу-түсініктеме хаттың құрамы және ресімдеу.

1 Кіріспе.

Есептеу-түсініктеме хаттың кіріспесінде жоба тапсырмасына сәйкес берілген өнім түрінің өндірісін дамыту келешегі және жағдайы туралы қысқаша шолу келтірілуі тиіс. Берілген салада ТМД мемлекеттерінде және шет елдерде жүргізілген соңғы ғылыми зерттеулер туралы мәліметтерді және жаңа технологиялық шешімдерді келтіру қажет. Шолуды құрастыру үшін материал ретінде ғылыми-техникалық және практикалық әдебиет қолданылады.

2 Өндірістік бағдарлама және өнімнің номенклатурасы.

Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы жылына, тәулікте, сағатына шығарылатын дайын өнімді қарастырады және шығарылатын өнім түріне қарай дана, м2 және м3 келтірілуі мүмкін. Қабырғалық материалдарды шығаратын кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы шығарылатын өнім бірліктерін 250×120×65 өлшемді шартты кірпішке аударылып көрсетіледі.

Өнімнің шығарылуына өндірістік бағдарламаны құрастыру үшін кәсіпорынның өнімділігін және жұмыс істеу режимін білу қажет. Бағадарламаның есептелуі жабдықтың жұмысістеуінің жылдық қоры бойынша өнімнің әрбір түрі үшін жүргізіледі.

Өндірістік бағдарлама бойынша барлық мәліметтер, цех өнімінің номенклатурасы 2-кестеге келтіріледі. Кестеде өнімнің атауы, маркасы, өлшемі, массасы, сонымен қатар берілген бұйым түрін регламенттейтін МСТ және т.б. берілуі тиіс.

1-кесте – Өнімді шығарудың өндірістік бағдарламасы және номенклатурасы





Бұйымның атауы

Маркасы, типтік өлшемі

Өлшемі, мм

Бұйымның массасы, кг

Бұйымға жұмсалатын шикізат шығыны

Өнімді шығарудың бағдарламасы

жылына

тәулігіне

Сағатына

ұзындығы

ені

биіктігі




№1 шикізат

№2 шикізат

№3 шикізат

дана

м3 немесе м2

дана

м3 немесе м2

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14










































3 Құрылыс алаңды таңдаудың негіздемесі.

Қабырғалық немесе өңдеу материалдарының өндірісі бойынша цех құрылысының алаңын шикізат кеніне максималды жақын орналастырады. Пайдаланушылық шығындарды және күрделі қаржыны азайтуды қамтамасыз ету үшін жобаланатын цехтің құрылыс алаңы келесі техникалық-экономикалық талаптарға жауап беру қажет:

а) құрылыс алаңының территория өлшемін өндірістің кеңеюін ескере қабылдайды;

б) шикізат тасымалын үнемдеу үшіналаңды шикізат материалдардың кен орындарына жақын орналастырады;

в) құрылыс алаңы энергиямен және сумен қамтамасыз етілуі тиіс және мүмкіндігінше жобаланатын немесе бар объектілерге жақын орналастырған жөн.

4 Шикізат материалдардың сипаттамасы.

Шикізат материалдардың сипаттамасы тарауында шикізаттың атауы, химиялық және гранулометриялық құрамы, біркелкілігі, физикалық-механикалық қасиеттері туралы мәлімет болу қажет. Жобаданатын өндіріске шикізатты жеткізу әдісін көрсету.

Цехтің құрылысы кем дегенде 25 жыл бойы өндірістің үздіксіз жұмыс істеуі үшін бекітілген қордың болуы жағдайында ғана мүмкін.

Табиғи шикізатты қолданған кезде жобаланатын өндірісте жеке карьерлік шаруашылық болуы тиіс, ал негізгі шикізат ретінде өнеркәсіп қалдықтарын қолданған кезде кәсіпорын территориясында сәйкес қоймалар болуы тиіс.

5 Технологиялық тарау

5.1 Өндірістің технологиялық сұлбасын және әдісін таңдау.

Өндірістің әдісін таңдау қабырғалық немесе өңдеу материалдарын шығаратын әрекеттегі өндірістің жұмысын салыстырмалы талдауды жүргізе іске асырылады.

Жүргізілген талдау негізінде өндіріс әдістерінің бірі қабылданады және оның артықшылықтары келесі көрсеткіштер бойынша көрсетіледі:



  • өнім бірлігіне жұмсалатын электрэнергияның, отынның, шикізаттың шығыны;

  • еңбек сыйымдылығы;

  • өнімнің сапасы;

  • кешенді механикаландыру және автоматтандыру мүмкіндігі;

  • санитарлық-гигиеналық жағдайлар;

  • еңбектің қауіпсіздігі.

Өндірістің технологиялық сұлбасын таңдау шикізат сапасына тәуелді және оның негізгі қасиеттерін (тығыздық, созылымдылық, біркелкілік, карьерлік ылғалдылық және т.б.) есептеп таңдалады. Технологиялық сұлбаны таңдау қолданылатын шикізат материалдардың ерекшеліктерін ескере отырып ақаусыз дайын бұйымдардың өндірісін қамтамасыз ететін қажетті технологиялық операциялар мен жабдықтардың тізбегін орнатуға негізделеді. Сонымен қатар өндірістің үздіксіздігі, тұтастығы, технологиялық жабдықтар санының қысқартылуы сияқты факторларды ескеру қажет.

Өндірістің технологиялық сұлбасы түсініктеме хатта технологиялық операциялардың, жабдықтардың сызбасы түрінде келтіріледі. Технологиялық операциялардың бағыты сызықша түрінде беріледі. Технологиялық үрдістің сипаттамасы қысқаша, нақты болу қажет және технологиялық үрдіс немесе оның жеке бөлістері туралы анық түсінік беру керек.

5.2 Цехтің жұмыс режимі.

Жұмыс режимі технологиялық жабдықты, шикізат шығынын, жұмыскерлердің тізімдік құрамын, жылына жұмыс тәуліктердің санын, тәуліктегі ауысым санын және ауысымдағы жұмыс сағатын есептеу үшін негіз болып табылады.

Кәсіпорынның жұмыс режимі құрылыс индустриясының кәсіпорының технологиялық жобалау нормалары бойынша Қазақстанның енбек туралы заңнына сәйкес орнатылады.

Цехтің жұмыс режимін таңдау кезінде негізгі технологиялық жабдықтың сипаттамаларын (ауысым, тәулік, апта бойы жабдықтың тоқтау мүмкіндігі немесе оның бір жыл бойы үздіксіз жұмыс істеу қажеттілігі), сонымен қатар жабдықтың ағымдағы және жоспарлы-алдын ала жөндеу жұмыстарының уақыт қорын ескеру қажет.

Жабдықтың жүйелі жөндеуін қамтамасыз ету үшін жабдықты қолдану коэффициентін 0,8 - 0,95 тең етіп алу ұсынылады.

Жабдықтың жұмыс уақытының номиналды жылдық қоры (1) формула бойынша анықталады:



(1)

мұндағы N – жылына жұмыс күндердің саны;

n – тәуліктегі жұмыс ауысымдардың саны;

t – жұмыс ауысымның ұзақтығы, сағатта.

Жабдықтың бір жыл ішіндегі есептік жұмыс уақыты (2) формуламен анықталады:

(2)

мұндағы Кт.и. – техникалық қолдану коэффициенті.





К1 – технологиялық жабдықтың ауысым ішіндегі жұмыс уақытынқолдану коэффициенті, ауысым ішінде жабдықты жөндеуге, майлауға, тазалауға уақыт шығыны, ауысымды тапсыруға және жұмыс орнын тазалауға уақыт шығыны ескеріледі.

К1 – 0,9 – жабдықтың үш ауысымды жұмысы кезінде;

К1 – 0,97 – екі ауысымды жұмыс кезінде;

К2 – жоспарлы-алдын ала жөндеуді қоса есептегендегі жабдықты қолдану коэффициенті;

К2 – 0,93 – жабдықтың үздікті жұмысы кезінде – жылына 305 күн;

К2– 0,9 – үздіксіз жұмыс кезінде – жылына 365 күн.

Курстық жобада қабылданған жұмыс режимі 2-кестеде келтіріледі.


2-кесте – Кәсіпорынның жұмыс режимі



Өндірістің атауы

Жылдағы жұмыс күндер саны

Тәуліктегі ауысым саны

Жұмыс аптасының ұзақтығы, күндер

Жұмыс уақытының жылдық қоры

тәулікте

сағатта

1

2

3

4

5

6

7





















5.3 Негізгі технологиялық бөлістер бойынша өнімділікті есептеу.

Цехтің қабылданған жұмыс режимі бойынша әрбір технологиялық бөліс үшін шикізат, жартылай дайын өнім және дайын өнім бойынша өндіріс көлемін есебі беріледі.

Өнімділікті есептеуде мүмкін ақауды және басқа өндірістік шығындарды қоса жүргізіледі.

Әрбір технологиялық бөлістің өнімділігі (3) формула бойынша есептеледі:

(3)

мұндағы Qn–бөлістің өнімділігі;



Qц – цехтің өнімділігі;

Рс – дайын өнім бірлігіне шығындалған шикізаттың шығыны;

К – берілген бөлістегі жоғалтулар.

5.4 Материалдық баланс.

Цехтің материалдық балансы деп өндіріске түсетін материалдар саны және дайын өнімді, жартылай дайын өнімді, жанама өнімді, қалдықтар мен материалдық жоғалтуларды қайта өңдеу нәтижесінде алынған материалдар санының арасындағы қатынастар теңдігімен түсіндіріледі.

Материалдық балансты құрастыру үшін келесі бастапқы мәліметтер қолданады:



  • өндіріс әдісі;

  • тапсырма бойынша өндіріс қуаттылығы;

  • шикізат ылғалдылығы, массасы;

  • жобаланатын зауыттың (цехтің) жұмыс режимі;

  • технологиялық үрдістің барлық стадияларындағы технологиялық жоғалтулар;

  • шикізат-жартылай дайын өнімнің, дайын өнімнің массасы.

Материалдық балансты есептеу негізінде өнім бірлігіне жұмсалған шикізаттың шығын коэффициенті анықталады және нормативтік мәліметтермен салыстырылады.
Ұсынылатын әдебиет тізімі
Негізгі:

1) Васильков С.Г. и др. Искусственные пористые заполинтели и легкие бетоны на их основе. Справ.пособ. / под ред. Ю.П. Горлова. – М.: Стройиздат, 1987.

2) Горбунов Г.И. Основы строительного материаловедения. – М.: ИАСВ, 2002.

3) Ицкович С.М., Чумаков Л.Л., Баженов Ю.М. Технология заполнителей бетона. Учебник. – М.: Высшая школа, 1981.

4) Ицкович С.М. Заполнители для бетона. – Минск: Высшая школа, 1983.
Қосымша:

5) Баженов Ю.М. Технология бетона. М.: ИАСВ, 2002.

6) Белов В.В., Петропавловская В.Г., Шлапаков Ю.А. Лабораторные определения свойств строительных материалов. – М.: ИАСВ, 2004.

7) Горлов Ю.П. Лабораторный практикум по технологии теплоизоляционных материалов, М.: Высшая школа, 1982.

8) Дворкин Л.И., Пашков И.А. Строительные материалы из отходов промышленности. – Киев: Выща школа, 1989.

9) Книгина Г.И., Вершина Э.Н. Лабораторные работы по технологии строительной керамики и легких пористых заполнителей. – М.: Высшая школа, 1977.

10) Материаловедение в строительстве. Под. ред. Рыбьева И.А. – М.: Издательский центр «Академия», 2006.

11) Микульский В.Г. и др. Строительные материалы (материаловеление и технология), -М., ИАСВ, 2004.



12) Наназшвили И.Х. Строительные материалы, изделия и конституции. Справочник. – М.: Высшая школа, 2004.

13) Элинзон М.П. Производство искусственных пористых заполнителей и керамики. – М.: Стройиздат, 1974.
жүктеу 136,37 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау