Қазақстан ЕАЭО техникалық регламенттерін және олардың дәлел базасын -
мемлекетаралық стандарттарды, оның ішінде халықаралық талаптармен үндестірілген
халықаралық стандарттарды әзірлеу процестеріне қатысуын жандандыратын болады.
Қазақстанның позициясын халықаралық және өңірлік деңгейлерде сақтау және
күшейту үшін техникалық сарапшылардың қатысуымен халықаралық және өңірлік (
мемлекетаралық) стандарттарды әзірлеуге байланысты жұмыстарды жүргізуді,
сондай-ақ сарапшыларға олардың халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық)
техникалық комитеттерге қатысуға жұмсалған шығындарының бөлігін өтеуді
субсидиялау тетігін пайдалану мүмкіндігі қаралады.
Техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйесі саласында
қызметкерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүзеге асырылады.
Ғылымды қажет ететін жаңа технологиялардың қарқынды енгізілуіне байланысты
эталондардың өлшеу және калибрлеу мүмкіндіктерін озық дамыту қажетті талап
болмақ.
Бұл үшін мемлекеттік эталондарды және эталондық құрылғыны жаңғырту жүзеге
асырылады, метрологиялық инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыс жүргізіледі.
8) білікті кадрлармен қамтамасыз ету.
Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат, ең алдымен, экономиканы -
әртараптандыру және индустрияландыру бойынша қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді
міндеттерге бағытталатын болады, сондай-ақ экономиканың өңдеуші салаларының
сұраныстарына сәйкес құрылады.
Өңдеуші секторды білікті кадрлармен қамтамасыз ету кадрлар даярлау сапасын
жақсарту арқылы жүзеге асырылатын болады. Аталған міндетті шешуге оқыту жүйесі
мен оқу бағдарламаларын жетілдіру, жоғары оқу орындары мен техникалық және
кәсіптік білім беру (бұдан әрі - ТжКБ) ұйымдарының материалдық-техникалық базасын
жергілікті бюджет есебінен жетілдіру, ТжКБ ұйымдарында сенімгерлік басқару тетігін
енгізу арқылы қол жеткізілетін болады.
Нарық тетігін ескере отырып, уақтылы болжамдау экономика қажеттіліктерін
барынша толық қамтамасыз етеді, бұл еңбек ресурстарының теңгеріміне алып келеді.
Аталған жұмыс "Атамекен" ҰКП-ның белсенді қатысуымен жүзеге асырылатын
болады.
Өңдеуші секторды білікті мамандармен қамтамасыз ету мақсатында "өмір бойы оқу
" қағидатына және даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру жүйесіне
негізделген тиімді кадрлық менеджмент енгізілетін болады. Аталған шара білім беру
ұйымдарының экономиканың өңдеуші секторының субъектілерімен өзара тығыз
іс-қимылын көздейді.
Өңдеуші секторды білікті кадрлармен қамтамасыз ету жаңа білім беру
бағдарламаларына өту жолымен білім беру сапасын арттыру, техникалық және кәсіптік
, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейлеріндегі жүйелі
өзгерістер арқылы жүзеге асырылатын болады. Базалық жоғары оқу орындары
Бағдарламаның салалары мен басымдықтарын өзектілендіруді ескере отырып, білім
беру бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын жаңартатын болады. Бұл өндірістің
инновациялық технологияларын сипаттайтын заманауи технологиялардың негізгі
міндеттерін шешуге мүмкіндік беретін құзыреттер беретін жаңа пәндерді қосуды
көздейді. Білім беру бағдарламалары басқару дағдыларын қалыптастыратын тәжірибеге
бағытталған сипатта болады, бұл мамандарға экономиканы әртараптандыруды жүзеге
асыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте жоғары оқу орындары және ТжКБ ұйымдары үшін
білім беру бағдарламалары мен кәсіптік стандарттар әзірлеуге жұмыс берушілер
тартылатын болады.
Алдағы уақытта Бағдарламаның басым салаларының қажеттіліктеріне бағытталған
магистратураның жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеудің және енгізудің оң
тәжірибесі бакалавриат бағдарламасына кезең-кезеңімен таратылатын болады.
Кадрлар даярлаудың нәтижелілігі, біріншіден, атаулы оқыту жүйесі, яғни,
студенттерді нақты кәсіпорындарда кәсіптік практикадан бір мезгілде өткізе отырып
оқыту арқылы; екіншіден, кәсіптік стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын
әзірлеу арқылы, бұл студенттердің негізгі құзыреттерді алуын болжайды; үшіншіден,
кәсіпорындардың білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарларының сапасын
сараптамалық бағалауы арқылы; төртіншіден, өндіріс мамандарын оқу процесіне
белсенді түрде тарту арқылы; бесіншіден, базалық жоғары оқу орындары өткізетін
ғылыми зерттеулерді кәсіпорындар қойған нақты технологиялық міндеттерге қайта
бағыттау және осы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін оқытылатын пәндер мазмұнына
қосу арқылы кәсіпорын қызметіне озық ғылыми нәтижелерді енгізу үшін
мүмкіндіктерді қалыптастыра отырып қамтамасыз етілетін болады.
2017 жылдан бастап бейіндік магистратураны үміткердің оқу үшін жоғары оқу
орнын таңдау құқығына негізделген нарықтық моделіне көшіре отырып, оған қабылдау
тетігі жетілдіріледі.
Базалық жоғары оқу орындары мен колледждер кәсіпорындармен бірлесіп, жаңа
білім беру бағдарламаларын енгізудің жинақталған тәжірибесін негізгі мамандықтарға
ілеспе басқа мамандықтарға ауыстыра отырып, туындайтын қажеттіліктерге
байланысты кадрлар даярлау бағытын кеңейтетін болады.
Кәсіптік магистратурада мамандар даярлауға басымдық беріледі, бұл экономиканың
жоғары білікті мамандарға қажеттілігін барынша қысқа мерзімде қамтамасыз етуге
мүмкіндік береді.
Экономиканы әртараптандыру базалық жоғары оқу орындарының қолданбалы
зерттеулер жүргізуі негізінде Бағдарлама шеңберінде жоғары технологиялық және
ғылымды қажетсінетін өндірістер құру арқылы қамтамасыз етілетін болады. Бұл
базалық жоғары оқу орындарының ғылыми жобаларын коммерцияландыру тетігін,
оның ішінде МЖӘ есебінен әзірлеуді көздейді. Өңдеуші секторда ғылыми зерттеулер
нәтижелерін коммерцияландыру үшін жағдайлар жасалатын болады.
Ресурстар зерттеу құнының кемінде 25%-ы көлемінде кәсіпорын тарапынан
міндетті қоса қаржыландыру шартымен конкурстық негізде бөлінетін болады.
Өңдеуші сектордың орнықтылығы, оның бәсекеге қабілеттілігі, инновациялық
технологиялар мен технологиялық процестерге уақтылы өту кадрлардың біліктілігін
Достарыңызбен бөлісу: |