Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 2019



жүктеу 338,05 Kb.
Pdf просмотр
бет14/22
Дата29.12.2019
өлшемі338,05 Kb.
#25384
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22

мемлекеттік қолдау шаралары бөлінісіндегі шығындар түрлерін қоса алғанда, оны іске 

асырудың  өзге  де  құжаттарын  индустриялық-инновациялық  қызметті  мемлекеттік 

қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

            Шығындардың  түрлері  бойынша  олардың  баптарының  тізбесін 

индустриялық-инновациялық  қызметті  мемлекеттік  қолдау  саласындағы  уәкілетті 

орган алдын ала мақұлдағаннан кейін индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму 

институты бекітеді.

            2017  жылдан  бастап  шығындарды  өтеу  тетігіне  өтінімдерді  онлайн  қабылдау 

мүмкіндігі де кіреді.

            Көрсетілген  тәсілдерді  іске  асыру  үшін  нормативтік  құқықтық  актілерге  тиісті 

өзгерістер енгізілетін болады.

      Ел халқында отандық тауарларды тұтынудың және елдің әлеуметтік-экономикалық 

әлеуетін  дамытуға  үлес  қосудың  жағымды  тұстарын  қалыптастыру  мақсатында 

жергілікті қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институты сапалы, сұранысқа ие 

өнімді  өндіретін  өнеркәсіптік  кәсіпорындарды  қолдау  бойынша  әлеуметтік 

идеологиялық материалдармен іс-шараларды жасауды және таратуды жүргізеді;

      4) интеграциялық саясат.

      ЕАЭО Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға

ықпал ететін маңызды интеграциялық бірлестік болып табылады.

      ЕАЭО шеңберінде ортақ экономикалық кеңістіктің жұмысы үшін құқықтық база 

жұмыс істейді. Мүше мемлекеттер өнеркәсіптік ынтымақтастықты жүргізетін болады.

      Өнеркәсіптік кооперацияны ынталандыру және жаһандық ҚҚТ жасау көзделді, олар

бойынша  басым  бағыттар  бойынша  ЕАЭО-да  барынша  пайдалы  өнеркәсіптік 

кооперация үшін құралдар ұсынылады.




      Сондай-ақ, ЕАЭО туралы шарттың 

 іске асыру үшін тең қолжетімділік 

88-бабын

және әділ сауда жағдайларында Қазақстан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің мемлекеттік 

және муниципалдық сатып алуына практикалық қолжетімділікті қамтамасыз етуі қажет

.

            Осыған  байланысты,  өнеркәсіптік  кооперацияны  қолдау,  өңдеуші  өнеркәсіптің 



бәсекеге қабілеттілігі деңгейін арттыру және дамуын ынталандыру мақсатында кешенді

ақпараттық-технологиялық,  техникалық  сүйемелдеуді  және  мемлекеттік  ақпараттық 

жүйелердің, оның ішінде:

            1)  "Қазақстандық  тауарлардың,  жұмыстар  мен  көрсетілетін  қызметтердің 

интернет-порталы" мемлекеттік ақпараттық жүйесінің;

            2)  "Жер  қойнауын  пайдалану  жөніндегі  операцияларды  жүргізу  кезінде 

пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды 

өндірушілердің  тізілімі"  мемлекеттік  ақпараттық  жүйесінің  функционалын  кеңейтуді 

жүзеге  асыруға  мүмкіндік  беретін  қолданыстағы  ақпараттық  жүйелердің  бірыңғай 

интеграциялану тетігі әзірленеді.

      Кедендік-тариф саясатын іске асырған, сондай-ақ еркін сауда аймақтары туралы 

келісімдер  мен  үшінші  елдермен  ЕАЭО-ның  өзге  де  преференциялық  келісімдерін 

жасасу  бойынша  қызметті  жүзеге  асырған  кезде  Қазақстан  Республикасының 

өнеркәсіптік мүддесін ескеру қажет.

            Қазақстан  2015  жылдан  бастап  ДСҰ  мүшесі  болды,  бұл  ел  үшін  көптеген 

артықшылық  береді:  сыртқы  нарықтарда  кемсітпеушілік  тәсілі,  ашықтық, 

инвестициялар мен сауда үшін қолайлы ахуал; сонымен қатар көрсетілетін мемлекеттік

қолдаудың көлемі мен түрлері бойынша шектеулер.

            Бағдарлама  шеңберінде  отандық  кәсіпорындардың  бәсекеге  қабілеттілігінің 

төмендеуіне  жол  бермеу  және  ДСҰ  мен  ЕАЭО  қағидаларына  сәйкестігі  мақсатында 

өнеркәсіпті мемлекеттік қолдау жүйесі қайта қаралатын болады.



            Қазақстанның  мүдделерін  ескере  отырып,  индустрияны  дамыту  саласындағы 

ұлттық  институттың  қолдауымен  мемлекеттік  органдар  мен  жеке  бизнес  үшін 

консультациялық  көрсетілетін  қызметтерді  ұсыну  үшін  өнеркәсіптік  ынтымақтастық 

бөлігінде  интеграциялық  процестерді  сарапшылық  сүйемелдеу  бойынша  жұмыс 

күшейтілетін болады.

      5) инновациялық-технологиялық даму.

            Отандық  кәсіпорындардың  инновациялық  белсенділігінің  ағымдағы  деңгейін, 

инфрақұрылымның  технологиялық  әзірлігін,  сондай-ақ  адами  капиталдың  деңгейін 

ескере  отырып,  2050  жылға  қарай  әлемнің  бәсекеге  барынша  қабілетті  отыз  елінің 

деңгейіне  уақтылы  қол  жеткізу  үшін  ұлттық  инновациялық  жүйені  кезең-кезеңімен 

дамыту ұсынылады.

            Бірінші  кезеңде  өзіндік  инновацияларды  дамыту  үшін  құзыреттілік  пен 

инфрақұрылымды құруды бастау қажет.

      Бұл кезеңді іске асыру мынадай бағыттарда жүреді:

      Бірінші бағыт - өндірістік процесте жаңа тәсілдерді (автоматтандыру, роботтандыру

, цифрлық модельдеу, симуляция мен визуалдау және т.б.) қолдану, энергия тиімділігі 

және  ресурстарды  үнемдеу  бойынша  озық  технологияларды  енгізу  арқылы  ауыл 

шаруашылығы,  тау-кен  металлургиясы  кешені,  көлік  және  мұнай  химиясы  сияқты 

экономиканың  дәстүрлі  (базалық)  секторларын  технологиялық  жаңғырту. 

Жаңғыртудың негізгі талабы осы бағыттағы технологиялық көшбасшы елдердің ұқсас 

кәсіпорындарының деңгейіне қол жеткізуді қамтамасыз ету болады.

            Екінші  бағыт  -  Қазақстан  Республикасы  үшін  экспорттық  және  инновациялық 

әлеуеті  жоғары  жаңа  энергетика,  жаңа  материалдар,  ақпараттық-коммуникациялық 

технологиялар,  биотехнологиялар  сияқты  экономиканың  жаңа  бағыттарын  құру.  Бұл 

ретте  әлемдік  ғылыми  және  технологиялық  трендтер  тұрақты  негізде  қадағаланатын 

болады.



жүктеу 338,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау