Кластердің қосылған құны тізбегінің өңірлік жүйесінің қатысушылары бола отырып
, бизнес үшін көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар (ғылыми-зерттеу
институттары, университеттер, техникалық оқу орындары және т.б.) аумақтық
кластерді конкурстық іріктеуге қатысу үшін өтінім әзірлеуге, аумақтық кластерлерді
дамыту іс-шараларының жоспарларын іске асыру кезінде белсенді өзара іс-қимыл
жасауға тартылуы мүмкін.
Индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институты Дүниежүзілік Банктің
қолдауымен аумақтық кластерлерді дамыту саясатын іске асырудың әдіснамалық
негізін, оның ішінде өңірлерді бағалау мен секторларды талдауды, сол сияқты қандай
да бір кластерді дамытудың орындылығын айқындайтын конкурстық іріктеу
өлшемшарттарын бағалауды ескере отырып әзірлейтін болады.
Аумақтық кластерлерді дамыту бойынша таңдалған өтінімдер стратегиялық
талдауды және қосылған құн тізбегі, бизнестің жаһандық және елішілік үрдістері
бойынша бәсекелес серпінді бағалау жөніндегі іс-шараларды, өсу үшін кедергілер мен
бәсекеге қабілеттілікті арттыру мүмкіндіктерін үйлестіретін бірқатар әдістемелік
кезеңдерден өтеді.
Мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен ұйымдар
белгіленген тәртіппен аумақтық кластерді дамыту жөніндегі жұмыс жоспарларын іске
асыруға ықпал ететін барлық қажетті шараларды қабылдайды, оның ішінде мынадай
бағыттар бойынша:
1) жаһандық қосылған құн тізбектеріне интеграцияны арттыру және оның бәсекеге
қабілеттілігін жоғарылату жолдарын айқындау мақсатында кластер қатысушыларының
кооперациясы мен ынтымақтастығын қолдау және дамыту;
2) кластер қатысушылары үшін машықтар жинағы мен мамандардың
қолжетімділігін арттыру мақсатында кластердің адами ресурстарын дамыту;
3) кластерді қатысушылардың санын арттыру арқылы оның ішінде: жобалар үшін
бизнес-инкубаторлар құру; шетелдік инвесторларды тарту; кластерге жаңа
қатысушыларды тарту үшін халықаралық форумда ақпараттық-жарнамалық науқан
жүргізу арқылы кеңейту;
4) өнімдік, процестік инновацияларды және көрсетілетін қызметтер саласында
инновацияларды дамыту мақсатында инновациялар мен технологияларды дамыту,
оның ішінде: мамандандырылған инжинирингтік ұйымдар құру; жаңа өнімдерді әзірлеу
үшін технологиялық алаңдар құру (тәжірибелік үлгілер мен партиялар);
кәсіпорындарда бар технологиялар кластерін жетілдіру және үздік әлемдік
технологияларды жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жағдайына бейімдеу; кластер
қатысушыларының ҒЗТКЖ бойынша бірлескен жобаларын әзірлеуді қамтамасыз ету (
ғылыми-зерттеу институттарын, білім беру мекемелері мен кәсіпорындарын тарта
отырып); өнертабыстарды патенттеу бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну;
5) бизнес-ахуалды және инфрақұрылымды жақсарту, оның ішінде кластер
шеңберінде бизнесті жүргізу үшін жағдайларды жетілдіру мақсатында МЖӘ
шарттарында жақсарту, оған өңірлердегі энергетикалық, телекоммуникациялық,
коммуналдық және көліктік инфрақұрылымға қолжетімділікті қамтамасыз ету;
жасалатын жалпы пайдаланымдағы объектілерді, оның ішінде энергетикалық,
телекоммуникациялық, коммуналдық және көліктік инфрақұрылымды бірлесіп
пайдалану; кластер кәсіпорындары (сынақ базалары және (немесе) зертханалар, оның
ішінде сертификаттау зертханалары) шығаратын, оның ішінде Кеден одағының
техникалық регламенттерінің талаптарын қамтамасыз ету үшін өнімнің сапасын
арттыруға жәрдемдесу арқылы қол жеткізіледі;
6) тұтастай кластерді дамыту үшін басқа да өзіндік нақты іс-шаралар бойынша
қаржылай және қаржылай емес мемлекеттік қолдау шараларын көрсету, стратегиялық
жобаларды қаржыландыру және бірлесіп қаржыландыру арқылы барлық қажетті
шаралар қабылданады.
Кластерлік процестің барлық қатысушыларына құжаттарды дайындау және
ақпаратты жариялау жолымен әдіснамалық және ақпараттық қолдау көрсетілетін
болады.
Бағдарлама шеңберінде Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының
аумағында Ұлттық кластерді дамыту жалғасады.
Кластерлерді дамыту жөніндегі мемлекеттік шараларды іске асыру аумақтық
кластерді дамыту жөніндегі жұмыс жоспарларына және Ұлттық кластерді дамыту
стратегиясына сәйкес жүзеге асырылады.
7) техникалық реттеу және метрология.
Техникалық реттеу жүйесінің тұтастығын және бірлігін сақтау мен дамыту және
ДСҰ мен ЕАЭО талаптарын қамтамасыз ету мақсатында секторлардағы стандарттарды,
сондай-ақ салалық заңнаманы өнімге қойылатын талаптарды өздігінен нормалауға
және нормативтік құқықтық актілерде техникалық және технологиялық нормаларды
белгілеуге мүмкіндік беретін алып қоюларды жою жолымен құқықтық нормалаудың
техникалық және технологиялық нормалаудан аражігін нақты ажырату тұрғысынан
талдау және жүйелендіру жүргізу жоспарланған.
Экономика салаларын үдемелі индустриялық дамыту үшін халықаралық
талаптарды ескере отырып, ұлттық және мемлекетаралық стандарттардың жыл сайын
қабылдануын қамтамасыз ету қажет, бұл ретте Бағдарлама басымдықтарының
сәйкестігі және нақты қажеттілігі қағидаттарында құрылатын ұлттық стандарттарды
іріктеу қағидаты қайта қаралатын болады. Ол үшін техникалық реттеу және метрология
жөніндегі уәкілетті орган индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму
институтымен бірлесіп, шығарылатын, тұтынылатын, импортталатын және
экспортталатын өнеркәсіптік өнім номенклатурасына жыл сайын талдау жүргізетін
болады, оның қорытындысы бойынша бірінші кезекте әзірлеу/өзектілендіру,
халықаралық стандарттармен үндестіру қажет болатын стандарттардың тізбесі
айқындалатын болады.
Бұл талдау өнімнің қауіпсіздігімен тікелей байланысты, жеке сектор үшін
рентабельді емес салалардағы сынақ зертханаларын жабдықтау үшін бюджеттік
қаржыландыруды пайдалану туралы мәселені шешу кезінде де пайдаланылатын болады
.
Достарыңызбен бөлісу: |