Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 2019



жүктеу 338,05 Kb.
Pdf просмотр
бет2/22
Дата29.12.2019
өлшемі338,05 Kb.
#25384
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

түзетулер  енгізіледі,  сондай-ақ  энергияны  үнемдеу  бойынша  заңнамалық  шектеулер 

мен нормативтер жетілдіріледі.

      Бағдарлама бизнес ахуалға ықпал ететін мемлекеттік саясат аспектілеріне сезімтал 

болып  табылады.  Бағдарламаның  сәтті  болуы  Қазақстан  Республикасының  бизнесті 

жүргізу шарттарын жақсарту (Doing business), елдің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату

(Global  Competitiveness  Index),  "сары  парақтар  қағидатын"  (Yellow  Pages)  ескере 

отырып,  жоспарланған  жекешелендіруді  жүргізу  арқылы  экономикаға  мемлекеттің 

қатысу үлесін төмендету, Қазақстанның тікелей шетелдік инвестицияларға (бұдан әрі - 

ТШИ)  (FDI  Confidence  Index  by  A.Т.  Kearney)  сенім  индексіне  және  ЭЫДҰ 

Инвестициялар  комитетіне  кіруі,  адами  капитал  индикаторларын  жақсарту  бойынша 

алға  қойылған  міндеттерге  қол  жеткізуіне  байланысты  болмақ.  Бағдарламаны  іске 

асырудың  тиімділігі  қаржыландыру  моделіне,  оны  іске  асыруға  бюджет  қаражатын 

бөлудің  толықтығы  мен  уақтылығына,  сондай-ақ  ведомствоаралық  өзара  іс-қимылға 

тәуелді.


      Тұтастай алғанда, Бағдарламаны табысты іске асыру үшін ауыл шаруашылығын, 

жер қойнауын пайдалануды, ақпараттық-коммуникациялық, ғарыштық, көліктік және 

өзге  инфрақұрылымды,  көрсетілетін  қызметтерді,  білім  беруді  қоса  алғанда  дамыту 

саласындағы мемлекеттік саясаттың (қолданыстағы және жаңадан қабылданған) оның 

түйінді  қағидаттарына  қайшы  келмеуі  және  макроэкономикалық  тұрақтылық 

шараларының қамтамасыз етілуі қажет.

3. Ағымдағы жағдайды талдау

            3.1.  Қазақстан  Республикасында  индустриялық  дамудың  ағымдағы  жағдайын 

талдау

      "Индустрияландыру" термині ретінде өңдеуші өнеркәсіптің өзін дамытуға көшуге, 



оның  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыруға  бағытталған  құқықтық,  экономикалық, 

ұйымдастырушылық  және  өзге  де  шаралар  кешеніне  байланысты  дәстүрлі  ұғым 

қолданылады.



            Тау-кен  өндіру  секторына  аса  құбылмалылық  тән  екенін  ескере  отырып, 

экономиканың  басқа  секторларын  -  ауыл  шаруашылығын,  көрсетілетін  қызметтерді, 

өңдеуші өнеркәсіпті жедел дамыту қажет.

            Өңдеуші  өнеркәсіп  орта  таптың  қалыптасуына  көбірек  ықпал  етуде.  Айталық, 

Ақпараттық технологиялар және инновациялар қорының (АҚШ)  деректері бойынша 

1

өңдеуші өнеркәсіпте 1 жұмыс орнын құру басқа секторларда 2-ден 5-ке дейін қосымша 



жұмыс  орындарын  құруға  әкеледі,  технологиялардың  дамуы  жұмысшылардың  білімі 

мен  дағдыларын  арттыруға  алып  келеді;  АҚШ-та  өңдеуші  өнеркәсіптегі  жалақы 

деңгейі  экономиканың  басқа  секторларына  қарағанда  орта  есеппен  9%-ға  жоғары; 

өңдеуші  өнеркәсіп  секторлары  экономикадағы  неғұрлым  инновациялы  секторлар  - 

АҚШ-та  бұл  секторға  ғылыми-зерттеу  және  тәжірибелік-конструкторлық 

жұмыстардың (бұдан әрі - ҒЗТКЖ) 70%-ы тиесілі; өңдеуші өнеркәсіп пен көрсетілетін 

қызметтер секторының жай-күйі өзара тәуелді (мысалы, ақпараттық-коммуникациялық 

технологияларға  (бұдан  әрі  -  АКТ)  негізделетін  көрсетілетін  қызметтер  өңдеуші 

өнеркәсіп тауарларына өте тәуелді).

       http://www2.itif.org/2011-national-manufacturing-strategy.pdf.

1

      2015 жылы Қазақстан экономикасының құрылымында өнеркәсіп шамамен 25%-ды 



иеленетін  болады,  бұл  ретте  көрсетілетін  қызметтер  секторының  озыңқы  өсуі 

салдарынан  оның  үлесі  біртіндеп  төмендеп  бара  жатыр:  2012  жылы  —  29,2%,  2013 

жылы — 27%, 2014 жылы — 26,6%. Дамыған, сол сияқты дамушы елдердің көбінде 

осыған ұқсас процестер байқалады. Дегенмен, көрсетілетін қызметтердің экспорттағы 

үлесі мардымсыз, сондықтан таяудағы болашақта экспорттың жалпы өсуіне көп ықпал 

ете  алмайды.  Сондықтан  бүгінгі  жағдайда  мұнай  емес  экспорт,  негізінен,  өңдеуші 

сектор тауарларының есебінен өсуі мүмкін. 2015 жылы экспорттың жалпы көлеміндегі 

өңдеуші өнеркәсіптің үлесі шамамен 30%-ды құрайды.

            Тау-кен  өндіру  секторы  жұмыспен  қамтудың  3,5%-ын  (2012  жылы  -  2,6%,  2013 

жылы - 2,9%) және экономикадағы жалпы қосылған құнның 14,7%-ын (2012 жылы - 

16,5%, 2013 жылы - 14,7%), ал өңдеуші сектор - тиісінше 6,3% (2012 жылы және 2013 

жылы - 6,4%) және 10% (2012 жылы - 10,8%, 2013 жылы - 10,4%) қамтамасыз етеді. 




Өндіруші  өнеркәсіптегі  негізгі  капиталға  инвестициялар  жалпы  көлемінің  30%-ын 

құрайды (2012 және 2013 жылдары - 29%), ал өңдеуші өнеркәсіпте бар болғаны - 11% (

2012-2013 жылдары - осындай 11%).

      ҮИИДМБ іске асырылған жылдары өңдеуші өнеркәсіп дамуға айтарлықтай серпін 

алды. Өндірістің нақты көлемінің индексі 2008 жылға қарағанда тау-кен секторын (20%

) басып озып, 24,2%-ға өсті. Еңбек өнімділігі нақты мәнде 1,9 есе ұлғайды, ал ЭЫДҰ 

елдерінің орташа деңгейінен айырмашылық 69%-дан 55%-ға дейін қысқарды. Өткен 5 

жылға  қарағанда,  өңдеуші  өнеркәсіпке  шамамен  3  есе  артық  ТШИ  тартылған,  ал 

олардың жалпы көлемдегі үлесі 10%-дан 15,5%-ға дейін (2012 жылы - 12%, 2013 жылы 

- 10,6%) 1,5 есе өсті. 20-дан аса жаңа маңызды секторлар пайда болды, ал қосымша 50 

тауар салыстырмалы артықшылықпен (RCA индексі) экспорттала бастады.

            Қазақстан  факторлар  ілгерілететін  экономикадан  инвестициялар  ілгерілететін 

экономикаға  өту  кезеңінде  тұр.  Сонымен  қатар,  қалыптасқан  макроэкономикалық 

жағдайда  индустрияландыру  және  инвестициялар  тарту  процесінде  Қазақстан 

объективті шектеулерге тап болды. Халықаралық валюта қорының (бұдан әрі - ХВҚ) 

елдер  бойынша  2013  жылғы  қыркүйектегі  есебіне   сәйкес  экономикада  "голланд 

2

кеселінің"  белгілері,  атап  айтқанда,  сауда-саттықта  қолайсыз  жағдайлардың 



қалыптасуы,  экономикадағы  шығындар  деңгейінің  өсуі  және  институционалдық 

проблемалар байқалған. Бұдан басқа, Қазақстан "орташа кіріс тұзағы" - біліктілігі мен 

инновациялары  жоғары  дамыған  экономикалармен  де,  кірісі  төмен,  жалақы  деңгейі 

төмен әрі өнеркәсіптік тауарлардың өндірісі арзан экономикалармен де бәсекеге түсуге 

қабілетсіздік проблемасымен бетпе-бет келді.

        ХВҚ елдік есебі № 13/291, қыркүйек 2013 жыл.

2

            Нәтижесінде,  жалпы  ішкі  өнімнен  (бұдан  әрі  -  ЖІӨ)  негізгі  капиталға 



инвестициялар деңгейі 2005 жылғы рекордтық 32%-дан 2014 жылы 16%-ға дейін түсіп 

кетті.  Осыған  ұқсас  экономикадағы  ақша  көлемінің  деңгейі  2009  жылғы  ең  жоғары 

40,5%-дан  2014  жылы  32%-ға  дейін  төмендеп  барады,  әрі  осы  көрсеткіш  бойынша 

Қазақстан көптеген елдерден едәуір артта қалып қойды. Урбандалу деңгейі өте төмен, 

бұл  сұранысты  кең-байтақ  аумаққа  шашыраңқы  орналастырады  және  адами 

капиталдың сапасына әсер етеді, бизнесті жүргізу шығындарын ұлғайтады.




жүктеу 338,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау