"Стартап Қазақстан" бағдарламасы үш кезеңде іске асырылады.
Бірінші кезеңді іске асыру (салу алдындағы деңгей) - шетелдік стартаптарды қоса
алғанда (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдерге назар аудара отырып)
500 стартап тарту 2018 жылға қарай жетекші өңірлік стартап-хаб құруға мүмкіндік
береді.
Екінші кезең (салу деңгейі) - акселерация бағдарламаларының көмегімен 150
бәсекелес стартапты (оның ішінде бірінші кезеңге қатысушылар арасынан) тарту және
іріктеу ұлттық инновациялық экожүйенің маңызды элементін қалыптастыруға
мүмкіндік береді.
Қорытынды кезең - 50 стартап компанияны, оның ішінде сауданың 50%-дан
астамын Қазақстан Республикасының шегінен тыс жүзеге асыратын қазақстандық 20
технологиялық компанияны инкубациялау.
"Стартап Қазақстан" бағдарламасын қаржыландыру тетіктері:
1) стартаптарға салынатын инвестицияларды басқару үшін үздік халықаралық
венчурлік қорларды тарту (өз юрисдикциясында жұмыс істеу құқығымен кейіннен "
Астана" халықаралық қаржы орталығына ауысу арқылы);
2) стартаптар дайындау үшін әлемдік деңгейдегі бағдарламаларды ("Кремний
жазығынан") тарту (акселераттау).
Аталған бағдарламаны іске асыру Қазақстанда мынадай бағыттар бойынша
креативті кәсіпкерлікті және креативті экономиканы дамытуға түрткі болады:
1) кәсіпкерлік дағдылары мен "рухы" бар креативті таланттар тәрбиелеу;
2) экономиканың құрылымын өзгерту бойынша қозғаушы күш болуға жарамды
технологиялық стартаптардың сындарлы мөлшерін қалыптастыру;
3) креативті экономикаға арналған тұғырнамаларды жандандыру - креативті
экономика үшін экожүйелер қалыптастыру үшін хабтар құру;
4) технологиялық шешімдердің жаһандық тізбегіне бір мезгілде кіру арқылы басым
секторларда жаңа өндірістер құру.
Төртіншіден, инновациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыс 2016 - 2020
жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын
болады. Сондай-ақ географиялық орналасуын ескере отырып, технологиялық парктерді
бәсекелес ортаға беру мәселесі пысықталатын болады, мемлекеттің қатысуымен
құрылған қазіргі конструкторлық бюролар базасында жаңа өнімдер (тәжірибелік
үлгілер мен партиялар) әзірлеуге, кәсіпорындарда қолданылатын технологияларды
жетілдіруге және үздік әлемдік технологияларды жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар
жағдайларына бейімдеуге арналған тәжірибелік-эксперименттік учаскесі бар
инжинирингтік орталық құрылады.
6) кластерлік дамуды ынталандыру.
Кластерлік тәсілдерді іске асыру өнеркәсіптік дамуға, бәсеке қабілеттілікке және
экономиканың тиімділігіне жәрдемдесудің маңызды құралы болып танылған.
Индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті орган және индустрияны
дамыту саласындағы ұлттық даму институты Дүниежүзілік Банктің институционалдық
қолдауымен аумақтық кластерлерді дамытуға шоғырландырылады.
Индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институтын аумақтық кластерлерді
дамыту операторы ретінде айқындау мәселесі пысықталады.
Кластерлеу процесі нарық субъектілерінің өзара іс-қимылын дамытуға,
технологиялық жаңғыртуға, өсудің нарықтық стратегияларына, жұмыс тиімділігі мен
елдің барлық өңірлерінің даму қажеттіліктерін ескере отырып жеделдетілген
инновациялық дамуға бағытталған.
Бағдарламаны іске асыру кезеңінде мемлекет кемінде алты пилоттық аумақтық
кластерді және мұнай мен газды өндіру мен өңдеу, мұнай-газ химиясы, онымен
байланысты машина жасау және мұнай-газ өнеркәсібі үшін сервистік көрсетілетін
қызметтер бойынша бір ұлттық кластерді (бұдан әрі - Ұлттық кластер) дамытуға және
теңгерімді қолдауға шоғырланады.
Индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институты Дүниежүзілік Банкпен
бірлесіп, аумақтық кластерлерді дамыту саясатын әзірлеу және іске асыру кезінде
ақпараттық-әдістемелік қолдау көрсетеді, аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу
процесін ұйымдастыру мен іске асыруды, кластерлерді үйлестірушілерді үйлестіруді,
оқыту мен ұстауды жүзеге асырады, сондай-ақ кластерлік даму және аумақтық
кластерді дамыту бойынша жұмыс жоспарларын іске асыру бойынша бастамаларды
мониторингтеуді және бағалауды жүргізеді.
Аумақтық кластерді дамытудың барлық кезеңдерінде нақты өңірлерде қолайлы
инвестициялық және бизнес ахуалды жасау үшін жауапты және кластерлердің тиімді
әрекет етуіне мүдделі жергілікті билік органдары өкілдерінің, сондай-ақ кластерлерді
дамыту бастамалары мен олардың бәсекелік жағдайын жақсартуға бағытталған
іс-шаралардан түпкілікті артықшылық алушылар болып табылатын жеке сектордың
қатысуы маңызды.
Кәсіпорындардың рөлі аумақтық кластерді конкурстық іріктеуге қатысу үшін өтінім
әзірлеуге, сондай-ақ аумақтық кластерлерді дамыту бойынша жұмыс жоспарларын
әзірлеу мен іске асыруға қатысудан тұрады.
Кластерлерді құру мен аумақтық кластерді конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім
беру, аумақтық кластерлерді дамыту бойынша жұмыс жоспарларын әзірлеу мен
сүйемелдеу бастамашысының рөлін кәсіпкерлік субъектілері, өңірлік Кәсіпкерлер
палаталары, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, арнайы экономикалық
аймақтардың басқарушы компаниялары, бизнес-, қауымдастықтар атқара алады.