Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 2019



жүктеу 338,05 Kb.
Pdf просмотр
бет15/22
Дата29.12.2019
өлшемі338,05 Kb.
#25384
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22

      Үшінші бағыт - төртінші өнеркәсіптік революцияға өту үшін алдын ала дайындық. 

McKinsey  Global  Institute  деректері  бойынша  бүгінгі  күні  әлемдік  ЖІӨ-нің  1,7  трлн. 

АҚШ  долларының  интернет  технологияларға  қатысы  бар,  өнеркәсіптік  интернетке 

қосылуы  мүмкін  (М2М)  1  трлн.  құрылғы,  бар  2025  жылы  М2М  технологияларының 

әлем экономикасына ықпалы орта есеппен 6 трлн. АҚШ долларын құрайды.

            Бағдарламаны  іске  асыру  кезеңінде  инновациялық-технологиялық  даму  саясаты 

мынадай тетіктер арқылы жүзеге асырылатын болады.

      Біріншіден, технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институтының қызметі 

инновациялық-технологиялық  даму  саясатын  іске  асыру  шеңберінде  мынадай 

бағыттарды іске асыруға бағдарланатын болады:

            1)  технологиялық  құзыреттіліктерді  дамыту.  Мақсаттар  - 

индустриялық-инновациялық  қызмет  субъектілерінің  озық  технологиялар  туралы 

хабардарлығын арттыру және оларды қолданудың тәжірибелік дағдыларына үйрету;

      2) шағын технологиялық компанияларды инкубациялау. Мақсаты - ең жаңа ғылыми

білімдерге және (немесе) озық технологияларға негізделген стартаптарды қолдау және 

ілгерілету;

            3)  өндірістік  секторды  технологиялық  жаңғырту.  Мақсаты  -  кәсіпорындардың 

технологиялық деңгейін арттыру, олардың технологиялық міндеттерін шешу.

            Аталған  бағыттарды  тиімді  іске  асыру  мақсатында  ақпараттық-талдамалық 

қызметті,  технологиялық  болжамдауды,  инновациялық  гранттар  ұсынуды, 

инновациялық  белсенділікті  ынталандыруды  және  инновациялық  қызметті 

насихаттауды  қоса  алғанда,  инновациялық  қызметті  мемлекеттік  қолдаудың 

қолданыстағы шараларын ұсыну бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.

            Екіншіден,  экономиканың  барлық  басым  секторларында  технологияларды  (

құзыреттерді)  дамыту  орталықтарын  дамыту  ұсынылады,  олардың  қызметін 

стратегиялық әріптестермен (ТҰК) әріптестік жасай отырып не тиісті салалардағы ірі 

отандық  кәсіпорындардың  құрамындағы  консорциумдардың  күшімен  (жаңа  немесе 



жұмыс  істеп  тұрған  салалық  ғылыми-зерттеу  орталықтарының  базасында) 

ұйымдастыру  ұсынылады.  Технологияларды  (құзыреттерді)  дамыту  орталықтарының 

рөлі экономика салаларында ғылыми-техникалық прогресс нәтижелерін енгізуге сайып 

келеді,  бұл  ретте  әлемдік  технологиялық  трендтердің  мониторингіне  ерекше  назар 

аударылады.

      Айталық, "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қоры шеңберінде

2019 жылға дейін тау-кен металлургиясы кешені бойынша "Ақылды индустрия", "Жаңа

материалдар  және  аддитивті  технологиялар",  "Ақылды  орта",  "Қаржылық 

технологиялар",  "Жаңа  энергетика  және  таза  технологиялар"  бағыттары  бойынша 

технологияларды (құзыреттерді) дамытудың 5 орталығын құру жоспарлануда.

      2016 жылы индустриялық интернет (төртінші өнеркәсіптік революция - "Индустрия

-4.0")  бойынша  ең  жаңа  шешімдерді  тесттен  өткізіп,  автоматтандыру  және 

тереңдетілген  талдау  бойынша  тау-кен  металлургиясы  кешені  бойынша 

технологияларды  дамыту  орталығының  4  модулінің  алғашқысын  іске  қосу  жүзеге 

асырылатын  болады.  2016-2019  жылдары  жаңа  материалдар  және  аддитивті 

технологиялар  бойынша  ұқсас  орталық  (мұнай  өңдеу  саласының  өнімдерінен  жаңа 

композиттік  материалдар,  сондай-ақ  аддитивті  технологиялар  арқылы  бірегей 

бөлшектер  алу),  Ақылды  технологиялар  орталығы  (5G,  "заттар  интернеті",  "ақылды 

орта"), Қаржылық технологиялар орталығы (Blockhain, egov-Asset management, private 

placement market, банкаралық аударымдар), Жаңа энергетика және таза технологиялар 

орталығы (энергияны сақтау жүйесіне назар және гибридті элементтер) іске қосылатын 

болады.


            Қажет  болған  жағдайда,  экономиканың  басқа  да  басым  секторларында 

технологияларды дамыту орталықтары құрылады.

      Назарбаев Университетінің "Астана Бизнес Кампусы" шеңберінде АҚШ-та жұмыс 

істейтін  ұлттық  зертханалар  қағидаты  бойынша  ел  үшін  стратегиялық  тұрғыдан 

маңызды  ғылыми  зерттеулерді  жүзеге  асыруға  арналған  инфрақұрылым  құру 

болжанады.




      Технологияларды дамыту орталықтарын құру экономиканың барлық салалары мен 

секторларында технологиялық саясатты әзірлеуге мүмкіндік береді, оларды іске асыру 

үшін салаларды дамытудың технологиялық жол карталары әзірленетін болады.

      Салаларды дамытудың егжей-тегжейлі жол карталары барлық мүдделі тараптарды: 

білім  және  ғылым  қоғамдастығын,  жеке  сектор  өкілдерін,  инновациялық 

инфрақұрылым  объектілерін,  отандық  және  шетелдік  инвесторларды,  даму 

институттарын  және  басқаларды  тарта  отырып  әзірленетін  болады.  Экономика 

секторларының технологиялық әзірлік деңгейін және ерекшелігін ескере отырып, даму 

институттарын  мемлекеттік  қолдау,  сондай-ақ  заңнамалық  сипаттағы  шаралар 

ұсынылатын болады.

      Экономиканың салалары мен секторларында мемлекеттік технологиялық саясатты 

үйлестіруді технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты жүзеге асырады.

            Осыған  байланысты,  технологиялық  даму  саласындағы  ұлттық  даму  институты 

экономиканың  салалары  мен  секторларында  технологиялық  саясатты  қалыптастыру 

жөніндегі 

бірыңғай 

(біріздендірілген) 

әдістемені 

қалыптастырады, 

ал 


индустриялық-инновациялық  қызметті  мемлекеттік  қолдау  саласындағы  уәкілетті 

орган оны бекітеді.

            Үшіншіден,  квазимемлекеттік  сектор  субъектілерінің  жоғары  технологиялы 

өнімдерді  (тауарлар  мен  көрсетілетін  қызметтерді)  сатып  алу  тетігін  дамыту  арқылы 

инновацияларға  сұранысты  қамтамасыз  ету  мәселесі  жүйелі  шешіледі.  Осыған 

байланысты,  ірі  ұлттық  компаниялардың  қатысуымен  қазіргі  нақты  технологиялық 

міндеттерді  шешуге  отандық  және  шетелдік  стартап  компанияларды  тарту  бойынша 

жыл сайын конкурстар өткізілетін болады.

      Осылайша, шетелдік стартаптарды қоса алғанда (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

елдеріне  назар),  500  стартапты,  сондай-ақ  стартаптарға  салынатын  инвестицияларды 

басқару,  қажетті  инфрақұрылымдық  жағдайлар  жасау  үшін  үздік  халықаралық 

венчурлік  қорлар  мен  акселераторларды  тарту  мақсатында  "Стартап  Қазақстан" 

бағдарламасы іске қосылады.



жүктеу 338,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау