әлемдік көшбасшы өндірушілердің тыңайтқыштары деңгейіне дейін жоғарылату;
шетелдік инвесторларды тарту және калий мен күрделі минералды тыңайтқыштар
өндірісі бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру; өнім топтарын
әртараптандыруға және еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған жұмыс істеп тұрған
кәсіпорындарды жаңғырту; тыңайтқыштарды зияткерлік енгізу практикасын дамыту,
бұл минералдық тыңайтқыштарды халықаралық тәжірибеге сәйкес пайдалану
тиімділігін арттырады; агроөнеркәсіпті химияландыруды ынталандыру; озық
агрохимиялық технологияларды игеру мақсатында ҒЗТКЖ-ны жандандыру.
Мұнай өңдеуде: К4, К5 экологиялық сыныпты мотор отындарын шығара отырып,
отандық мұнай өңдеу зауыттарын (бұдан әрі - МӨЗ) (Атырау МӨЗ, Шымкент МӨЗ
және Павлодар мұнай-химия зауыты) жаңғырту жобаларын аяқтау.
Мұнай-газ химиясында: полипропилен өндіретін зауыттың және "Ұлттық
индустриялық мұнай-химия технопаркі" АЭА инфрақұрылымының қажетті
объектілерінің құрылысын аяқтау; мұнай-газ химиясы өндірісін ұйымдастыру үшін ірі
инвесторларды тарту, кәсіптік кадрлармен және техникалық персоналмен қамтамасыз
ету.
Автомобиль өндірісінде: толық циклді зауыт салу (дәнекерлеу, бояу,
автоқұрауыштар); индустрияландырудың үшінші кезенінің соңына қарай
автомобильдер өндірісінің көлемін кемінде 200 мыңға дейін ұлғайту; автомобильдер
экспортын өндіріс көлемінен кемінде 40%-ға арттыру; 2018 жылға қарай 50%
оқшауландыруға қол жеткізу және құрауыштар базасы мен қосалқы бөлшектер (
бамперлер, тығыздағыштар, бензин бактары, газ шығару жүйелері, электрлік бұраулар
және басқалары) өндірісін дамыту; құрауыштар базасының отандық өндірушілерінің
бәсекеге қабілеттілігін күшейту мақсатында ҒЗТКЖ жандандыру.
Азық-түлік өнімдерінің өндірісінде: шетелдік инвесторларды тарту және қосылған
құны жоғары азық-түлік өнімдерін өндіру бойынша инвестициялық жобаларды іске
асыру; сауда-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, оның ішінде көтерме-тарату
орталықтарын салу; экспорттық стратегияны әзірлеу; тамақтану мәдениетін, оның
ішінде теңгерімді дұрыс тамақтануды насихаттау және халықтың табиғи және жаңа
піскен өнімдерді тұтынуын қамтамасыз ету арқылы қалыптастыру; ұлттық брендтер
жасау және ілгерілету; ҒЗТКЖ-ға бизнесті тарту.
Электр жабдықтарының өндірісінде: халықаралық сапа стандарттарына сәйкес
қолданыстағы өндірістік қуаттарды жаңғырту; шетелдік инвесторларды тарту және
қосалқы электр станциялары, жарық диодты бұйымдар, сыйымды трансформаторлар,
қуаты жоғары конденсаторлар, тарату құрылғылары және электр техникалық
жабдықтарға және басқа да өнімдерге арналған жиынтықтауыштар өндірісі бойынша
жобаларды іске асыру; шығындарды азайту және еңбек өнімділігін арттыру
мақсаттарында жаңа басқару технологияларын енгізу; бәсекеге қабілеттілікті арттыру
және инновациялық өнімдер өндіру мақсатында ҒЗТКЖ-ны жандандыру.
Аталған секторлар үшін бірінші және екінші деңгейдегі қолдау түрлерінен басқа,
мынадай құралдар қолданылатын болады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ЕДБ, ұлттық даму
институттары және басқа да заңды тұлғалар арқылы кредиттеуді ұйымдастыру;
2) жарғылық капиталдарға инвестицияларды жүзеге асыру;
3) қарыздар бойынша кепілгерлік және кепілдік міндеттемелер беру.
Бұдан басқа, квазимемлекеттік компаниялар жобаларды қаржыландыруға тартатын
қарыздар бойынша валюта тәуекелдерін хеджирлеу құралдарын қолдану мүмкіндігі
қаралатын болады.
Жұмыс істеп тұрған өндірісті қолдау олардың өнімнің өзіндік құнын төмендетуге,
еңбек өнімділігін арттыруға, ресурс тиімділігіне және кейіннен ішкі және сыртқы
нарықтарға белсенді түрде шығару үшін өндірілетін өнімнің номенклатурасын
кеңейтуге бағытталған өндірісті жаңғырту және қайта құрылымдау бойынша
іс-шаралар жүргізуі үшін ұсынылатын болады.
Мұндай жобалар іске асырылатын секторлар қара және түсті металлургия,
агрохимия, мұнай өңдеу болады. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды, оның ішінде
минералды тыңайтқыштар өндіру және мұнай өңдеу кәсіпорындарын жаңғырту және
реконструкциялау аяқталатын болады.
Мұндай жобаларды қолдау құралдары:
1) қолданыстағы салық заңнамасында көзделген салықтық және өзге де
преференциялар;
2) индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруға қатысуға тарту
мақсатымен әлеуетті шетелдік инвесторларды іздеу және олармен келіссөздер жүргізу
болып табылады.
Бұдан басқа, жұмыстан босатылатын персоналды қайта оқыту және жұмысқа
орналастыру міндетін шешу үшін "Жұмыспен қамту жол картасы 2020" бағдарламасын
және өңірлерде іске асырылатын басқа да тиісті бағдарламаларды бейімдеу арқылы
оларға жәрдем көрсетіледі, сондай-ақ экспорттық сауданы қаржыландыру, кредиттеу
және сақтандыру мүмкіндіктері қаралады.
Бұл ретте кәсіпорындарға қажетті инвестициялардың негізгі көлемін іздестіруді
және тартуды жүзеге асыру, сондай-ақ еңбек өнімділігін арттыру, энергия тиімділігі,
экспорт, өнімдердің жаңа түрлерін игеру өлшемшарттары бойынша Бағдарламада
қойылатын талаптарды сақтау жүктеледі.
Дамытылуы жаңа базалық индустрияны, мысалы, агрохимия, мұнай-газ химиясы
сияқты секторларда немесе өнімнің жаңа шектерін игеру және(немесе) өндірісті
оқшауландырудың деңгейі жоғары және инженерлік-технологиялық құзыреттіліктерді (
мысалы, автомобиль жасау, титан және мыс кіші секторлары және т.б.) біртіндеп
арттыра отырып, толыққанды өндірістік кластерлерді құру қажет болатын секторларда
мемлекеттің жаңа жобаларды қолдауы жүзеге асырылады.
Аталған секторларда жаңа ірі инвестициялық жобалар іске асырылатын болады.
Нәтижесінде қара және түсті металдар, минералды тыңайтқыштар өндірісі,
мұнай-газ химиясы, машина жасау секторлары, сондай-ақ олармен сабақтас өндірістер
Достарыңызбен бөлісу: |