Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 2019



жүктеу 338,05 Kb.
Pdf просмотр
бет1/22
Дата29.12.2019
өлшемі338,05 Kb.
#25384
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22


Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 

жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы және "Мемлекеттік 

бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 

жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығы.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 

жылдарға арналған 

 (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.

мемлекеттік бағдарламасы

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

            1)  бір  ай  мерзімде  Бағдарламаны  іске  асыру  жөніндегі  Қазақстан  Республикасы 

Үкіметінің іс-шаралары жоспарын әзірлесін және бекітсін;

            2)  "Қазақстан  Республикасындағы  мемлекеттік  жоспарлау  жүйесінің  одан  әрі 

жұмыс  істеуінің  кейбір  мәселелері  туралы"  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 

2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 

 белгіленген мерзімде және тәртіп пен 

Жарлығында

Бағдарламаны  мониторингтеу  мен  бағалау  нәтижелерін  Қазақстан  Республикасы 

Президентінің Әкімшілігіне ұсынсын.

            3.  Орталық  және  жергілікті  атқарушы  органдар,  сондай-ақ  Қазақстан 

Республикасының  Президентіне  тікелей  бағынатын  және  есеп  беретін  мемлекеттік 

органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

      4. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 

№ 681

 Жарлығымен.



      5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің 

Әкімшілігіне жүктелсін.




      6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н.Назарбаев

 

Қазақстан Республикасы



Президентінің

2014 жылғы 1 тамыздағы

№ 874 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың

2015-2019 жылдарға арналған

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

      Ескерту. Мемлекеттік бағдарлама жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 06.09.2016 

 Жарлығымен.

№ 315


      Астана, 2016 жыл

Мазмұны


      1. Бағдарламаның паспорты

      2. Кіріспе

      3. Ағымдағы жағдайды талдау

      4. Бағдарламаны іске асыру мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары және 

нәтижелерінің көрсеткіштері

      5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары 

және тиісті шаралар



      6. Қажетті ресурстар

1. Бағдарламаның паспорты

Атауы

Қазақстан  Республикасын  индустриялық-инновациялық  дамытудың  2015-2019 



жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

Әзірлеу  үшін 

негіз

1.  Мемлекет  басшысының  "Қазақстан-2050"  стратегиясы:  қалыптасқан  мемлекеттің 



жаңа саяси бағыты" атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына 

.

Жолдауы



2. Мемлекет басшысының "Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" 

атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына 

.

Жолдауы


3. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 

XXVI пленарлық отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырма.

Әзірлеуге 

жауапты


Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі.

Мақсаты


Еңбек  өнімділігін  арттыруға  және  өңделген  тауарлар  экспортының  көлемін  ұлғайтуға 

бағытталған өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін екпінді ынталандыру.

Міндеттер

1)  дәстүрлі  секторлардағы  кәсіпорындарды  жаңғырту  есебінен  тиімді  базалық 

индустрияны құруды аяқтау;

2) сала түзуші ірі жобаларды іске асыру арқылы индустриялық өсудің жаңа нүктелерін 

қалыптастыру;

3)  экспортқа  және  (немесе)  өз  еңбегінің  өнімділігін  үнемі  арттыруға  бағдарланған 

тиімділігі  жоғары  индустриялық  кәсіпкерліктің  пайда  болуы  үшін  жағдайларды 

қамтамасыз ету;

4)  инновациялық  белсенді  бизнестің  сындарлы  мөлшерінің  пайда  болуы  үшін 

алғышарттар жасау.

Іске 

асыру 


мерзімі

2015-2019 жылдар

Нысаналы 

индикаторлар

2019 жылға қарай мынадай экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу:

1)  өңдеуші  өнеркәсіп  өнімі  экспортының  құндық  көлемінің  2015  жылғы  деңгейге 

қарағанда 19%-ға өсуі;

2)  өңдеуші  өнеркәсіптегі  еңбек  өнімділігінің  2015  жылғы  деңгейге  қарағанда  нақты 

мәнде 22%-ға өсуі;

3)  өңдеуші  өнеркәсіптің  негізгі  капиталына  инвестициялар  көлемі  4,5  трлн.  теңге 

сомасында;

4)  өңдеуші  өнеркәсіптегі  энергия  сыйымдылығының  2014  жылғы  деңгейге  қарағанда 

кемінде 7%-ға төмендеуі.

Қаржыландыру 

көздері  мен 

көлемі


Бағдарламаны  2015-2019  жылдары  іске  асыруға  республикалық  бюджетте  көзделген 

жалпы шығыстар 878,3 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде:

2015 жылы - 134,98 млрд. теңге;

2016 жылы - 177,42 млрд. теңге*;

2017 жылы - 359,31 млрд. теңге*;

2018 жылы - 178,73 млрд. теңге*;

2019 жылы - 27,86 млрд. теңге*.

Ескертпе:  *  -  тиісті  қаржы  жылына  арналған  мемлекеттік  бюджетке  сәйкес  сомалар 

нақтыланатын болады.

2. Кіріспе




            Қазақстан  Республикасын  индустриялық-инновациялық  дамытудың  2015-2019 

жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы  (бұдан  әрі  -  Бағдарлама)  "Қазақстан-

2050" стратегиясының ұзақ мерзімді басымдықтарына, Қазақстанның әлемнің дамыған 

отыз  елінің  қатарына  кіруі  жөніндегі  тұжырымдамаға  сәйкес,  сондай-ақ  Қазақстан 

Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің XXVI жалпы

отырысында  Мемлекет  басшысы  берген  тапсырманы  орындау  үшін  және  Қазақстан 

Республикасы Президентінің "Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ

" атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына 

 іске асыру шеңберінде

Жолдауын


әзірленді.

      Өңдеуші өнеркәсіптің әлемдік экспортындағы Қазақстан Республикасының үлесін 

ұлғайту  және  барлық  факторлардың  өнімділігінде  дамыған  елдерден  алшақтықты 

қысқарту  арқылы  2035  жылға  қарай  өңдеуші  өнеркәсіпте  Экономикалық 

ынтымақтастық  және  даму  ұйымының  (бұдан  әрі  -  ЭЫДҰ)  ең  дамыған  елдерінің 

бәсекеге қабілеттілігінің орташа деңгейіне қол жеткізу индустрияландыру саясатының 

пайымы  болып  табылады.  2010-2014  жылдары  Қазақстан  Республикасын  үдемелі 

индустриялық-инновациялық  дамыту  жөніндегі  мемлекеттік  бағдарлама  (бұдан  әрі  - 

ҮИИДМБ)  шеңберінде  бірінші  кезең  іске  асырылды,  онда  индустриялық  даму  үшін 

заңнамалық, инфрақұрылымдық және институционалдық негіздер қаланды.

      Ағымдағы Бағдарлама ҮИИДМБ-ның қисынды жалғасы болып табылады және оны 

іске асыру тәжірибесін ескереді. Бағдарлама Қазақстанның экономикалық саясатының 

бір  бөлігі  болып  табылады  және  өңдеуші  өнеркәсіпті  тиімді  дамыту  үшін  жағдайлар 

жасауға бағытталған.

            Бағдарламаны  іске  асыру  шеңберінде  Қазақстан  Республикасының  Кәсіпкерлік 

кодексін  жетілдіру  қамтамасыз  етіледі,  "Қазақстан  Республикасындағы  кеден  ісі 

туралы"  Қазақстан  Республикасының  Кодексіне,  Қазақстан  Республикасының  Салық 

кодексіне,  "Ғылыми  және  (немесе)  ғылыми-техникалық  қызметті  коммерцияландыру 

,  арнайы  экономикалық  аймақтың  (бұдан  әрі  -  АЭА)  бүкіл  қызметі  кезеңіне 

туралы"


АЭА  қатысушылары  үшін  тұрақтылық  және  преференциялар  мен  салықтық 

жеңілдіктердің 

сақталуына 

кепілдіктер 

қамтамасыз 

етілетін 

"Қазақстан 

Республикасының  кейбір  заңнамалық  актілеріне  арнайы  экономикалық  аймақтарды 

жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарға, 



жүктеу 338,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау