Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына



жүктеу 162,5 Kb.
Дата31.05.2018
өлшемі162,5 Kb.
#18617



Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы « 18 »

№ 816 қаулысымен

бекітілген

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына

қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік

қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру

қағидасы

1. Жалпы ережелер

1. Осы Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) ауыл кәсіпкерлері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) екінші бағытына қатысатын өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар мен табысы аз адамдар қатарындағы адамдар (бұдан әрі – адамдар) үшін кәсіпкерлік негіздерін оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру, жеке ісін ашуға немесе кеңейтуге жәрдемдесу және инфрақұрылымды дамытуды жайластыру тәртібін айқындайды.

2. Осы бағыт шеңберінде мемлекеттік қолдаудың мынадай түрлері көрсетіледі:

1) оқитын адамдарға (оқу орнына дейiн және керi жол жүруiне және жатақханада тұруына немесе тұрғын үйдi жалға алумен байланысты шығындарды өтеуге) субсидия бере отырып, кәсіпкерлік негіздерін оқыту;

2) микрокредит беру;

3) Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын жобалар үшін жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру;

4) консультативтік қызмет көрсету.

3. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) халықты жұмыспен қамту орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын мемлекеттік мекеме;

2) әлеуметтік келісімшарт – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен айналысушы және табысы аз азаматтары қатарындағы жеке тұлға мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;

3) өтініш беруші – Бағдарламаға қатысу үшін Халықты жұмыспен қамту орталығына жазбаша өтініш берген жеке тұлға;

4) Бағдарламаға қатысушылар – Бағдарламаға қатысуға оң шешім алған, өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары және оралмандар;

5) аудандық/қалалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – жергілікті атқарушы органның жанындағы Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия;

6) өңірлік комиссия – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы жанындағы Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия;

7) уәкілетті өңірлік ұйым – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экономиканың белгілі бір салаларында және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға уәкілеттік берілген ұлттық басқарушы холдинг және акциясының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлға, сондай-ақ банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, мемлекет жүз пайыз қатысатын ұйым;

8) Бағдарлама операторы – халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды үйлестіруші орталық атқарушы орган;

9) кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі уәкілетті орган – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі;

10) инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті орган – аудандық/қалалық маңызы бар жергілікті атқарушы органның құрылыс және аумақтарға құрылыс салу мәселелеріне жауапты құрылымдық бөлімшесі;

11) микроқаржы ұйымдары (бұдан әрі – МҚҰ) – Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қызметін жүзеге асыратын микрокредиттік ұйымдар және кредиттік серіктестіктер;

12) микрокредиттік ұйым – «Микрокредиттік ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 6 наурыздағы № 392 Заңында айқындалған тәртіппен микрокредит беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

13) кредиттік серіктестік – жеке және (немесе) заңды тұлғалар оған қатысушылардың кредитке және басқа қаржыға, оның ішінде банк қызметтеріне қажеттіліктерін олардың ақшаларын шоғырландыру арқылы және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа көздердің есебінен қанағаттандыру үшін құрған заңды тұлға;

14) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган – бюджетті атқару, республикалық бюджеттің және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есебі негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

15) құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі орталық уәкілетті орган – сәулет, қала құрылысы және құрылыс, тұрғын үй қатынастары, коммуналдық шаруашылық және коммуналдық қалдықты жайғастыру, сондай-ақ сумен жабдықтау және су бұру саласында басқаруды жүзеге асыратын орталық уәкілетті орган.



2. Азаматтардың Бағдарламаның екінші бағытына

қатысу талаптары мен шарттары

4. Бағдарламаның екінші бағытына қатысушылар ауыл кәсіпкерлері мен өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар мен табысы аз адамдар қатарындағы адамдар болып табылады.



5. Бағдарламаның екінші бағытына қатысқысы келетін адамдар халықты жұмыспен қамту орталықтарына осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

6. Өтініш беру кезінде мынадай құжаттар ұсынылады және мыналар қоса беріледі:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, паспорты, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін оралманның куәлігі);

2) салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) мен әлеуметтік жеке кодының (ӘЖК) немесе жеке сәйкестендіру нөмірінің (ЖСН) көшірмелері;

3) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың (азаматтарды тіркеу кітабы, мекенжай бюросының анықтамасы, селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы) көшірмесі;

4) еңбек кітапшасының көшірмесі немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжат (еңбек қатынастарындағы қызметкерлер үшін);

5) білімі туралы құжаттың (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ оқу оқығанын растайтын басқа да құжаттардың (куәлік, сертификат және басқалар) көшірмелері;

6) отбасы құрамы туралы анықтама;

7) денсаулық жағдайы туралы анықтама (денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысанға сәйкес);

8) өтініш берушінің келісімімен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының дерекқорынан алынған, уәкілетті орган куәландырған табысы туралы анықтама немесе табысы туралы үзінді көшірме;

9) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту бойынша бизнес-ұсыныс;

10) жоба үшін жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыруға осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім (қажет болған жағдайда).

Жеке ісін кеңейтуді жоспарлайтын адамдар:

1) салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ екенін;

2) төлем қабілеттілігін (адам қызметін пайдаланатын екінші деңгейдегі банктің немесе оның филиалының қолы қойылған және мөрі басылған адамның банктің немесе оның филиалының алдындағы (адам бірнеше екінші деңгейлі банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болған жағдайда, мұндай анықтама осы банктердің әрқайсысынан беріледі) міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берген күннің алдында үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешегі жоқ екені туралы анықтамасының түпнұсқасы) растайтын құжаттарды қосымша ұсынады.

7. Халықты жұмыспен қамту орталықтары он жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды, өтініш берушілермен әңгімелесу өткізеді, кәсіпкерлік негіздерін оқуға деген қажеттілікті айқындайды, өтініш берушілер келіскен жағдайда оларды кәсіпкерлік негіздерін оқуға жібереді және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі уәкілетті органға хабарлайды.

8. Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларының тізімін айқындау кезінде мынадай өлшемдер ескеріледі:

1) кәсібінің (мамандығының) және біліктілігінің болуы;

2) білім деңгейі;

3) бизнес-ұсыныстарының Бағдарламаны іске асыру шеңберінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы бекіткен өңірде кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарына және осы Қағиданың 3-тарауында айқындалған микрокредит беру шарттарына сәйкестігі.

9. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі уәкілетті орган халықты жұмыспен қамту орталығының ақпараты негізінде және қолданыстағы заңнамаға сәйкес кәсіпкерлік негіздерін оқытуды қамтамасыз етеді, олардың оқу мерзімі бір айдан аспауға тиіс.

Оқу бағдарламасы мен оны өткізу кестесі халықты жұмыспен қамту орталықтарымен келісіледі.

Оқу ұйымы Бағдарламаға қатысушылардың тұрақты тұратын жерінен тыс жердегі елді мекендерде орналасқан жағдайда, олардың мынадай шығыстары:

1) жол ақысын төлеу туралы ұсынылған құжаттардың негізінде оқу орнына дейін және кері жол жүруге, бірақ төрт айлық есептік көрсеткіштен асырмай;

2) тұру қызметтерінің ақысын төлеу туралы ұсынылған құжаттардың негізінде жатақханада тұру үшін (тұрғын үйді жалға алу шығыстарын өтеу), бірақ айына он айлық есептік көрсеткіштен асырмай өтеледі.

10. Бағдарламаның әлеуетті қатысушылары жобалардың бизнес-жоспарларын әзірлейді және халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдауы бойынша микроқаржы ұйымдарына өтініш береді, олар он бес жұмыс күні ішінде қарап, микрокердит беру мүмкіндігі (немесе мүмкін емес екені) туралы шешім қабылдайды және қорытындыны халықты жұмыспен қамту орталықтарына жібереді.

Бизнес-жоспарларда жобалар үшін жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру және қосалқы технологиялық жабдықты сатып алу қажеттілігі көрсетіледі.

11. Халықты жұмыспен қамту орталықтары МҚҰ-дан оң қорытынды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жобалары жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуды және жайластырды қажет ететін Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларының тізімдерін инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

12. Инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуды және жайластырды қаржыландыру мүмкіндігі (немесе мүмкін емес екені) және қажетті көлемі туралы қорытынды дайындайды және халықты жұмыспен қамту орталығын хабардар етеді.

13. Халықты жұмыспен қамту орталығы Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларының осы Қағиданың 6-тармағында көзделген құжаттарын, МҚҰ-ның және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті органның қорытындыларын қоса отырып, Комиссияның қарауына береді.

14. Халықты жұмыспен қамту орталығы Комиссияның ұсынымы бойынша өтініш берушілерді Бағдарламаға қатысушылардың қатарына енгізу (енгізуден бас тарту) туралы шешім қабылдайды және енгізген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды бұл туралы жазбаша хабардар етеді.

15. Бағдарламаның екінші бағытына қатысушылар құрамына енгізілген адамдармен халықты жұмыспен қамту орталығы Бағдарлама операторы әзірлеген нысан бойынша әлеуметтік келісімшарт жасалады.

16. Халықты жұмыспен қамту орталығының өтінішті қарау және ол бойынша шешім қабылдауының жалпы мерзімі МҚҰ-ның қорытындысын алған сәттен бастап он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.

17. Бағдарламаны іске асырудың барлық кезеңдерінде адамдардың оған қатысуы туралы ақпарат «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде орналастырылады.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары әлеуметтік келісімшартты қолдауды және оған мониторинг жүргізуді жүзеге асырады, жүргізілген іс-шаралардың тиімділігін бағалайды және Бағдарламаға қатысушылардың өздеріне қабылдаған міндеттемелерді орындауын бақылайды.


3. Микрокредит беруді ұйымдастыру тәртібі
18. Облыстық маңызы бар (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарға республикалық бюджеттен бюджеттік кредит қайтарымдылық, жеделділік және ақылылық қағидаттары негізінде 0,01 % сыйақы ставкасымен бес жылға беріледі.

19. Облыстық маңызы бар (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы орган уәкілетті өңірлік ұйымды белгілейді және 5 жылдан аспайтын мерзімге кредит береді.

Мыналар үшін:

1) қаржы агенттігі мәртебесі бар уәкілетті өңірлік ұйым үшін жылдық сыйақы ставкасы 0,01 % мөлшерінде белгіленеді;

2) басқа заңды тұлғалар үшін жылдық сыйақы ставкасы айналыс мерзімі бюджеттік кредит мерзіміне сәйкес келетін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган эмитенттеген, бағалы қағаздардың ұйымдасқан қайталама нарығындағы операциялардың нәтижелері бойынша өткен тоқсанда қалыптасқан мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірістің орташа мөлшерлік ставкасы деңгейінде белгіленеді.

20. Уәкілетті өңірлік ұйым МҚҰ-ның кредит беруінің белгіленген қағидаларына сәйкес Бағдарламаға қатысу үшін МҚҰ іріктеу бойынша ашық конкурс өткізеді.

21. Бағдарламаға қатысу құқығын алған МҚҰ мен уәкілетті өңірлік ұйымның арасында кредит беру туралы шарт жасалады.

22. МҚҰ үшін уәкілетті өңірлік ұйым ұсынатын кредиттер бойынша жылдық сыйақы ставкасы өңірлік комиссияның келісімімен, уәкілетті өңірлік ұйым үшін белгіленген кредит бойынша сыйақы ставкасының және кредит беруді ұйымдастыруға байланысты жоспарланатын шығыстардың негізінде, уәкілетті өңірлік ұйым үшін белгіленген кредит бойынша белгіленген сыйақы ставкасының үстінен 1 %-дан асырмай белгіленеді.

МҚҰ үшін қаржы агенттігі мәртебесі бар уәкілетті өңірлік ұйым ұсынатын кредиттер бойынша жылдық сыйақы ставкасы өңірлік комиссияның келісімімен белгіленеді.

23. Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит беру шарттары мынадай:

1) кредит микрокредиттік ұйымдар үшін кепіл ұсынылғанда немесе кредиттік серіктестердің барлық мүшелері немесе қаржылық жағдайлары уәкілетті өңірлік ұйымның талаптарын қанағаттандыратын үшінші тұлғалардың кепілдіктері болған жағдайда қайтарымдылық негізінде ұсынылады. Бұл ретте бюджеттік кредитті қайтаруды қамтамасыз ету құны сыйақы сомасын ескергенде, бюджеттік кредиттің мөлшерінен аз болмауға тиіс;

2) нысаналы сипатта болады – жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту, айналым капиталын толықтыру;

3) тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарыздарын өтеуге және жылжымайтын тұрғын үй алуға, сондай-ақ сауда саласындағы қызметті жүзеге асыруға берілмейді;

4) кредит беру мерзімі – бес жылдан аспайды;

5) кредиттің ең жоғары сомасы – үш миллион теңгеден аспайды;

6) кредит бойынша негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдікті кезең ұсынылуы мүмкін, ол кредиттің берілген мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспауға тиіс;

7) соңғы қарыз алушы үшін кредит ресурстары бойынша жылдық ең жоғары тиімді сыйақы ставкасын өңірлік комиссиямен келісе отырып, уәкілетті өңірлік ұйым белгілейді.

Кредит ресурстары бойынша жылдық ең жоғары тиімді сыйақы ставкасының мәні кәсіпкерлік қызметтің түріне байланысты саралануы мүмкін.

24. Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларының жобаларын қарау кезінде МҚҰ:

1) өтініш берушілердің жеке ісін ұйымдастыруға немесе кеңейтуге арналған бизнес-жоспарларын бағалауды жүзеге асырады;

2) өтініш берушілермен жеке әңгімелесуді жүргізеді және қажет болған жағдайда, төлем қабілеттілігін және кепілді қамтамасыз етудің болуын айқындау үшін өтініш берушінің табысы мен ресурстарына қосымша тексеру жүргізеді.

25. Оң шешім қабылданған жағдайда МҚҰ-ның қорытындысы бес жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталықтарына жіберіледі. Шешім теріс болған жағдайда МҚҰ бас тарту себептерін көрсете отырып, бұл туралы өтініш берушіге хабарлайды, өтініш берушіге құжаттар пакетін қайтарады және халықты жұмыспен қамту орталықтарына хабарлайды.

26. МҚҰ шарт жасау және микрокредит беру туралы ақпаратты шарт жасалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталықтарына жібереді.

4. Жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды

дамытуды және жайластыруды ұйымдастыру
27. Инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті органды жергілікті атқарушы орган өзі айқындайды.

28. Инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті орган:

1) халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсынған жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру өтінімдерін қарайды;

2) ұсынылған жобаларды іске асыру мүмкіндігі (немесе мүмкін емес екені) және оларды қаржыландырудың қажетті көлемі туралы қорытынды дайындайды;

3) заңнамада белгіленген жағдайларда, әрбір жоба бойынша техникалық-экономикалық негіздеме немесе жобалық-сметалық құжаттама әзірлейді.

29. Техникалық-экономикалық негіздемені және/немесе жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу, сондай-ақ қосалқы технологиялық жабдықты сатып алу шығыстарын қоса алғанда, жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру шығындары Бағдарламаға қатысушыға берілетін кредиттің жалпы сомасынан аспауға тиіс.

30. Халықты жұмыспен қамту орталығы адамды Бағдарламаға қатысушылардың құрамына енгізу туралы оң шешім қабылдаған жағдайда, инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті орган қолданыстағы заңнамаға сәйкес жобаның жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту және жайластыру бойынша шаралар қабылдайды.

5. Кәсіпкерлік негіздерін оқытуды және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуды қаржыландыру
31. Қаржылық тәртіпті қамтамасыз ету және бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізу үшін нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы:

1) Бағдарлама операторы мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері арасында Бағдарламаға қатысушыларға кәсіпкерлік негіздерін оқыту бойынша;

2) құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы орталық уәкілетті орган мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері арасында Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын жобалардың қолданыстағы инженерлік-коммуникациялық жүйелеріне тарту және қосу мақсатында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша келісімдер жасалады.

32. Бағдарлама операторы мен құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы орталық уәкілетті орган бюджет заңнамасына сәйкес тиісті республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды жүргізеді.

33. Нысаналы даму трансферттері жергілікті атқарушы органдарға объектілер бойынша бөлінбей, бір сомамен аударылады.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары тиісті шешім қабылданғаннан кейін екі апта мерзім ішінде іске асырылуына қаражат бөлінетін жергілікті инвестициялық жобалар туралы объектілер бөлінісіндегі жиынтық ақпаратты бюджетті атқару жөніндегі және құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі орталық уәкілетті органдарға жібереді.

34. Бюджеттік кредиттің мақсатты пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру үшін бюджетті атқарыу жөніндегі орталық уәкілетті орган, Бағдарлама операторы мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері арасында осы Қағидада ескертілген шарттарда кредиттік шартқа қол қойылады.

35. Бағдарлама операторы бюджет заңнамасына сәйкес бюджеттік кредиттерді тиісті республикалық бюджеттік бағдарлама бойынша аударады.

36. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне қарай:

1) Бағдарлама операторына – кәсіпкерлік негіздерін оқудан өткен, микрокредит алған, жеке ісін ұйымдастырған немесе кеңейткен Бағдарламаға қатысушылар саны туралы;



2) құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы орталық уәкілетті органға – салынған және реконструкцияланған және/немесе сатып алынған және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға қосылған объектілер саны туралы есептерді ұсынады.
_________________________
жүктеу 162,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау