Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2016 жылғы «___» ____
№ бұйрығына
7-қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы « 17 » сәуірдегі
№ 219 бұйрығына
10-қосымша
«Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын
ресми құжаттарға апостиль қою»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі –мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әділет департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мынадай баламалы негізде:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:
1) Мемлекеттік корпорацияға – көрсетілетін қызметті берушіге түскен уақыттан бастап 2 (екі) жұмыс күні (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
2) порталда – құжаттарға апостиль қою күнін, уақытын белгілеу туралы хабарлама алу – 1 (бір) жұмыс күні;
3) көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыруы үшін рұқсат берілетін ең ұзақ күту уақыты – 15 (он бес) минут;
4) көрсетілетін қызметті алушыға Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі:
Жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес «апостиль» мөртабаны бар дайын құжаттарды қағаз жеткізгіште беру не мемлекеттік қызмет көрсетуді қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап.
Порталда көрсетілетін қызметті алушының «Жеке кабинетіне» қызметті көрсетушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуді қарау нәтижелері, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің берілетін күні және жері көрсетіліп, хабарлама жолданады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы көрсетіледі.
«Қазақстан Республикасының Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 желтоқсанындағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға апостиль қою үшін әр құжатқа 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.
Мемлекеттік баж сомасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 537-бабына сәйкес, мөлшерлемелер бойынша есептеледі және заңдық маңызы бар іс-әрекеттер жасалған және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың құжаттар берген орны бойынша есепке алынады.
Мемлекеттік баж мөлшері мен төленген күнін растайтын төлем құжатын беретін банк мекемелері арқылы төленеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге электрондық сұрау салуды портал арқылы берген кезде төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
8. Жұмыс кестесі:
1) Мемлекеттік корпорацияда – Еңбек заңнамасына сәйкес және белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жексенбі және мейрам күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзіліссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «электрондық» кезек тәртібімен, Астана және Алматы қалаларының әділет департаменттері апостильдеуге жататын құжаттарды - аумақтық қағида бойынша қабылдайды, Министрлік апостильдеуге жататын құжаттарды – Астана қаласының Мемлекеттік корпорациялары, жеделдетіп қызмет көрсетусіз қабылдайды, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады.
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы не сенімхат бойынша оның өкілі Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы апостиль қою туралы өтініш (бұдан әрі - өтініш);
2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) апостиль қойылуға тиіс құжат;
4) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат;
5) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда, нотариатта куәландырылған сенімхат;
6) басқа мемлекеттік органдар берген құжаттардың қолтаңба мен мөр таңбасының үлгісі.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, сондай-ақ егер тіркеу Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін жүргізілген болса, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер жөнінде мәліметтерді, көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорация қызметкеріне «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық өтініш;
2) сканерленген көшірмесі түріндегі апостиль қойылуға жататын құжат электрондық сұрау салуға қоса беріледі.
Мемлекеттік қызмет Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде табысталады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды табыстау кезінде, өтініштің қабылданғанын растайтын:
портал арқылы - көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» сұратылымның қабылданғаны туралы мәртебесі және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін алу тәртібі көрсетіледі;
Мемлекеттік корпорацияда сұрау салудың нөмірі мен қабылданған күні, сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі, қоса берілген құжаттардың саны мен атауы, құжаттарды беру күні, уақыты және орны, құжаттарды рәсімдеуге қабылдаған Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушының (немесе нотариатта куәландырылған сенімхат бойынша өкілінің) жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация нәтиженің бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, содан соң одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң өтініш жасаған кезде, көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға табыс ету үшін бір жұмыс күні ішінде жолдайды.
10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын берген жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдап алудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым олардың басшыларының атына немесе Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне (бұдан әрі –ҚР Әділетмині) беріледі.
Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация немесе ҚР Әділетмині арқылы жұмыс кестесі бойынша қолма-қол қабылданады.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымында
жеке тұлғаның - оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), пошталық мекенжайы көрсетiледі;
заңды тұлғаның - оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетiледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе ҚР Әділетминінің қабылдап алған адамының тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде, ҚР Әділетминінің қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағым жасаудың тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.
Шағымды көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген кезде жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып тұрады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, ол мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күн ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа жүгіне алады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
13. Тұрмыс-тіршілігін шектейтін кемістігіне байланысты ағза функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған көрсетілетін қызметті алушыларға қажет болған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
көрсетілетін қызметті берушінің – www.adilet.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде;
Мемлекеттік корпорацияның –www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алуға мүмкіндігі бар.
«Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан
APOSTILLE
(Convention de la Науе du 5 octobre 1961)
1. Ел: Қазақстан Республикасы
Pays, Country
Осы ресми Құжатқа
Le present acte public, This public document
2. ________________________________________________ қол қойды
a ete signe par, has been signed by
3. ________________________________________________ ретiнде
agissant en qualite de, acting in the capacity of
4. ________________________________ мөрiмен/ мөртаңбасымен бекiтiлдi
est revetu du sceau/timbre de, bears the seal/stamp of
Куәландырылды, Atteste, Certified
5. ___________________________ 6. _________________________ күнi
a, at le, the
7. кiммен ________________________________________________________
8. sous № ___________________
9. Мөр/мөртаңба 10. Қолы ____________________
Sceau/timbre, Seal/stamp Signature
|
«Қазақстан Республикасының әділет
органдарынан және өзге мемлекеттік
органдарынан, сондай-ақ нотариустардан
шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Нысан
_____________________________ басшысы
_____________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының
Т.А.Ә (бар болса)
мекенжайы бойынша тұратын ______________________________________
(тұрғылықты мекенжайын көрсету)
жеке басты куәландыратын құжат ________
______________________________________
(құжаттың атауы және №, кім және қашан берген)
Апостиль қою туралы
өтініш
____________________________________________________________________
(құжаттың атауы мен мазмұны)
_____________________________________________________________________________________________________________ апостиль қоюды өтінемін
(қашан, кім берген)
_______________________________________________________берілген.
(нотариустың\ құжатқа қол қойған лауазымды адамның Т.А.Ә (бар болса)
Апостиль қойылған құжат______________________________________________
(құжат жіберілетін елдің атауы)
органдарына тапсыру үшін қажет _____________
20 ____ ж. «_____» _____________ (өтініш берушінің қолы) Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға келісім беремін
«__» ____ __ 20 жылғы __________
(қолы)
_________________________________________________________________
(апостиль мөртабанын қойған лауазымды адамның Т.А.Ә. (бар болса)
____________ журнал бойынша №
«Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге
мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын
ресми құжаттарға апостиль қою»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша
Нысан
________________________________
(Т.А.Ә (бар болса) не көрсетілетін
қызметті алушының атауы)
_________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы
қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № __ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:
жоқ құжаттардың атаулары:
________________________________________;
________________________________________;
________________________________________.
ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызметті (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы көрсетілсін) көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат әр тарапқа бір-біреуден 2 данада жасалды.
_________________________________________________________________
(Мемлекеттік корпорация қызметкерінің Т.А.Ә (бар болса) қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә (бар болса) _____________
Телефоны __________
Алдым: Т.А.Ә (бар болса) / көрсетілетін қызметті алушының қолы______________________
20__ жылғы «___» _________
Достарыңызбен бөлісу: |