Инвестор бұл преференцияларды алу үшін ойын бизнесін, жер қойнауын
пайдалануды, сондай-ақ акцизделетін тауарлар өндірісін қоспағанда, Қазақстан
Республикасының Үкіметі айқындайтын қызмет түрлерінің біріндегі қызметті жүзеге
асыруға тиіс.
3.2. Екінші деңгейдегі қолдау шаралары.
Инвестициялық жоба (оның ішінде инвестициялық басым жоба) бойынша
инвестициялық преференциялардың мынадай түрлері ұсынылады:
1) технологиялық жабдықты, оның жиынтықтаушы және қосалқы бөлшектерін,
шикізатты және (немесе) материалдарды импорттау кезінде кедендік баж
салықтарынан босату;
2) мемлекеттік заттай гранттар;
3) салық бойынша преференциялар корпоративтік табыс салығын (бұдан әрі - КТС)
төлеуден 10 жылға, жер салығынан - 10 жылға, мүлік салығынан - 8 жылға босату;
4) инвестициялық субсидия (инвестордың күрделі шығындарының 30%-ына дейін).
Бұл ретте аталған жобалар үшін салық мөлшерлемелерін ұлғайтуға қатысты (қосылған
құн салығы (бұдан әрі - ҚҚС) мен акциздерден басқа) және халықты жұмыспен қамту
саласындағы заңнаманың орнықтылығына кепілдік пен шетелдік жұмыс күшін тартуға
құқық беріледі.
Инвестициялық басым жоба дегеніміз Қазақстан Республикасының Үкіметі
айқындайтын қызметтің белгілі бір басым түрлері бойынша жаңадан құрылған заңды
тұлға іске асыратын әрі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және
инвестициялық преференцияларды алуға өтініш берілген күні қолданылатын айлық
есептік көрсеткіштің кемінде екі миллион еселенген көлемі мөлшерінде
инвестициялардың жүзеге асырылуын көздейтін инвестициялық жоба. Заңды тұлғаның
мемлекеттік тіркелуі инвестициялық преференцияларды ұсынуға өтінім берілген күнге
дейін күнтізбелік жиырма төрт айдан ерте жүзеге асырылмауға тиіс.
3.3. Үшінші деңгейдегі қолдау шаралары.
Барлық АЭА қатысушылары үшін мынадай салық жеңілдіктері көзделген:
1) КТС-тан босату;
2) жер салығынан босату;
3) мүлік салығынан босату;
4) АЭА аумағына өндіру процесінде толықтай тұтынылатын тауарларды өткізген
кезде ҚҚС-тан босату.
3.4. Инвестициялық омбудсмен.
Инвесторлардың құқықтарын қорғау үшін, оның ішінде сотқа талап-арыздарды
болдырмау үшін Инвестициялық омбудсмен институтының жұмыс істеуі жалғасады,
оның негізгі міндеттері мыналар:
1) инвесторлардың өтініштерін қарау және оларды шешу үшін, оның ішінде
мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып ұсынымдар шығару;
2) туындайтын мәселелерді соттан тыс және сотқа дейінгі тәртіппен шешуде
инвесторларға жәрдем көрсету;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын жетілдіру бойынша
ұсынымдар әзірлеу және енгізу болып табылады;
2) экспортты дамыту және ілгерілету.
Нарық көлемін, қашықтықты және сауда факторларын ескере отырып, өңдеуші
өнеркәсіп өнімін экспорттаудың негізгі бағыты ЕАЭО және Орталық Азия елдері,
Ауғанстан, Иран, Кавказ елдері, Қытайдың батыс өңірлері болады. Шекара маңындағы
өңірлер және тұтастай Ресей Федерациясының нарығы ерекше рөл атқарады, оларда
өңдеуші өнеркәсіптің импортында қазақстандық өнімнің үлесі ұзақ мерзімді
перспективада 6%-ға жетуге тиіс. Сондай-ақ саудаға қатысушы елдердің ҚҚТ кіру
арқылы "Жаңа Жібек жолы" жобасының әлеуеті пайдаланылады.
Экспорттық саясатты жетілдіру, оның ішінде оны үйлестіру тиімділігін арттыру
бөлігінде жетілдіру бойынша шаралар қабылданады.
Экспортты дамыту және ілгерілету жүйесіне жалпыұлттық тәсілдер қолданылатын
болады. Бұл ретте министрлердің және облыстар мен қалалар әкімдерінің
орынбасарларына өздері жетекшілік ететін салалардағы экспорттың көрсеткіштері
үшін жауапкершілік жүктелетін болады.
"Қазақстандық тауарлардың сыртқы нарықтарға экспортын ілгерілетуге жәрдемдесу
" бағдарламасы шеңберінде экспортқа бағдарланған отандық компанияларға экспортты
дамыту және ілгерілету саласындағы ұлттық институттың базасында "бір терезе"
қағидаты бойынша мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады.
Бұл үшін экспортты сервистік және қаржылай қолдау жұмыстары, сондай-ақ
мыналар жалғасады:
1) ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу.
Өңдеуші салалардың экспорттаушыларына елдің экспорттық әлеуеті және әлеуетті
өткізу нарықтары туралы ақпарат ұсыну (елдік, салалық шолу, арнайы мақсаттағы
бриф-талдаулар, өңірлер бойынша шолулар). Әлемдік сауда дамуының негізгі
үрдістерінің мониторингі (TradePerformance). Export.gov.kz. интернет-порталын дамыту
және ілгерілету. Қазақстандық экспорттаушылар үшін оқыту тренингтерін, оқу
турларын ұйымдастыру;
2) экспортты ілгерілету жөніндегі іс-шаралар.
Қазақстандық шикізат емес экспортты ілгерілету жөніндегі таныстыру
іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу (сауда миссиялары, отандық тауар белгілерін
таныстыру, кәсіпорындардың шетелдік көрмелерге, оның ішінде ұлттық стенд
нысанында қатысуы). Отандық өндірушілердің өнімін гуманитарлық сатып алу
нарығына ілгерілету (гуманитарлық ұйымдардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан
біліктілік алдындағы инспекция, гуманитарлық сатып алу мәселелері бойынша оқыту,
отандық кәсіпорындардың халықаралық мамандандырылған көрмелерге қатысуы);
3) экспорттық қабілетті дамыту.
Өңірлік экспорттаушылар кеңестерін және Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрлігі жанындағы Экспорттаушылар кеңесін өткізу. "
Қазақстанның экспорттық өнімі" анықтамалығын орыс және ағылшын тілдерінде, "
Экспорттаушыға көмек" нұсқаулық материалдарын орыс және қазақ тілдерінде
дайындап, басып шығару. Буып-түю индустриясы нарығын дамыту (оқу турлары/
өндірістік тағылымдамалар, үйрету семинарлары/дөңгелек үстелдер, конференциялар);
4) экспорттаушыларды шетелде қолдау.
Басым елдерде - стратегиялық ірі нарықтарда шетелдегі экспорт пен сауданы
ілгерілету жөніндегі өкілдіктер желісін ашу мәселесі пысықталатын болады;
5) отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық
қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу:
1) отандық өнімді шетелде жарнамалау шығындары;
2) шетелдік көрмелерге, жәрмеңкелерге, фестивальдерге тікелей қатысу;
Достарыңызбен бөлісу: |