неғұрлым бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды, ішкі нарық үшін ғана емес, сыртқы
нарықтар үшін де бәсекелі күреске бағдарланған бизнесті қолдауға назар аударылатын
болады.
Бұл ретте 2019 жылға қарай еңбек өнімділігін және экспортты ынталандыру
мақсаттарына бейімделген, жүйелік жағдайлар мен мемлекеттік қолдау құралдарының
кешенін қалыптастыру жоспарлануда. Өндірістерді автоматтандыру, роботтандыру
және цифрландыру элементтерін экономиканың барлық салаларына - өнеркәсіптен
бастап ауыл шаруашылығына дейін, саудадан бастап көлікке дейін енгізу ерекше рөл
атқаратын болады.
Екінші бесжылдық аяқталатын кезде қарай жаһандық технологиялық трендтерді
ескере отырып, қазақстандық индустриялық бизнес өңірлік нарықта ілгерілеуге
барынша жоғары мүмкіндіктер алатын ықтимал бағыттар анықталатын болады.
Бұл ретте Бағдарлама өңдеуші сектордың даму проблемаларына ғана бағытталады,
бұл экономиканың аралас секторларын - ең алдымен, өнімді көрсетілетін қызметтер
секторын, ауыл шаруашылығын әртараптандыру және ынталандыру, экономиканы
цифрландыру және т.б. жөніндегі басқа бағдарламаларды қатар іске қосу қажеттілігін
айқындап береді.
Келешекте индустрияландырудың кейінгі кезеңдерінде тиімді қазақстандық
өндірушілердің өңірлік нарықтарға жаппай шығуына және орнығуына қолдау
көрсетіледі.
Бизнес
пен
мемлекеттің
күш-жігері
Қазақстанның
индустриялық-технологиялық көшбасшы елдердің қатарына кіруі қамтамасыз етілетін
бірнеше бағытта мамандануын қалыптастыру мен бекітуге, сондай-ақ сұранысқа ие
жаңа технологияларды шоғырландыруға мүмкіндік беретін қолайлы инновациялық
ортаны қалыптастыруды аяқтауға жұмылдырылады. "Қазақстан-2050" Стратегиясында
қойылған, Қазақстанның 15-20 жыл ішінде дамыған елдердің технологиялық даму
деңгейіне жетуі жөніндегі міндет осылай орындалатын болады.
Өнеркәсіп пен көрсетілетін қызметтердің аралас секторларындағы әрбір
кәсіпорында тиімділік пен еңбек өнімділігін арттыру жөніндегі үздіксіз жұмыс
индустрияландырудың барлық кезеңдеріндегі табысты трансформацияның сөзсіз
шарты болады.
Экономикалық дамудың ағымдағы жағдайын, жаһандық трендтерін және олардың
Қазақстанға ықпалын талдау еңбекті бөлудің әлемдік жүйесінде лайықты орын алатын
орнықты сервистік-индустриялық экономикаға өту үшін жүйе түзуші ірі жобаларды
іске асыру және (немесе) жаңғырту арқылы базалық индустрия құру қажеттігін
көрсетті. Осы "тартылыс орталықтары" уақыт өте келе икемді, сыртқы жағдайлардың
өзгерісіне жылдам бейімделе алатын өнеркәсіпті құру онсыз мүмкін болмайтын
индустриялық кәсіпкерліктің сындарлы мөлшерін өсіруге мүмкіндік береді.
Шикізатты экономикадан инновациялы экономикаға көшу бизнес пен мемлекеттің
шынайы мүмкіндіктерін, экономикалық, саяси және әлеуметтік даму теңгерімі мен
прогресті ескере отырып, үдемелі серпінді айқындайтын ұзақ мерзімді және дәйекті
мемлекеттік саясатты талап етеді.
Бағдарламаны табысты іске асыру үшін құрылуы қажет индустриялық дамуды
ынталандыру және қолдау жүйесінде өңдеуші сектордың дамуына тікелей және (немесе
) жанама ықпалы бар 3 құрауышты бөліп көрсетуге болады:
1) қолайлы жағдай жасайтын экономикалық саясаттың негізгі бағыттары;
2) өңдеуші секторды қолдаудың жүйелік шаралары;
3) өңдеуші сектордың инвестициялық жобаларын қолдаудың атаулы шаралары.
5.1. Экономикалық саясаттың негізгі бағыттары мыналарды қамтиды:
1) ЕДБ арқылы кредиттеуге преференциялық қолжетімділікті қамтамасыз ететін
өңдеуші секторды қаржылай ынталандыру (өңдеуші секторды дамытуға және
өнімділігі жоғары әрі бәсекеге қабілетті жобаларды іске асыруға бағытталатын
кредиттердің көлемі, валютасы жағынан да, олардың құны жағынан да), бұл өзгелермен
қатар экономиканы қаржыландыруға жұмсалатын бюджет шығындарын төмендетуге,
ал ұлттық басқарушы холдингтер мен даму институттарына қаржы ресурстарын
бизнеске дейін жеткізу функцияларынан біртіндеп алшақтауға мүмкіндік береді;
2) Бағдарламаны іске асыру кезеңінде, оның ішінде мемлекеттік қолдауды ұсыну
шарттары мен тетіктерінің өзгермейтіндігіне, бюджеттік қаржыландыруды бөлу
жөніндегі міндеттемелерді кепілді орындауға және т.б. негізделген экономикалық
тұрақтылықты қамтамасыз ету тетігін әзірлеу;
3) мектепке дейінгі білім беруден жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық
буындарында жүйелі өзгерістерге көшу жолымен білім берудің сапасын жақсарту
арқылы білікті кадрлардың қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ еңбек нарығына білікті
шетелдік мамандардың қолжетімділігін жеңілдету. Білім беру жүйесі Білім беру мен
ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және
басқа тиісті бағдарламаларды бейімдеу арқылы экономиканы индустрияландыру мен
әртараптандыру жөніндегі қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттерге
бағдарланады. Индустрияландыруды жоғары білікті еңбек ресурстарымен уақтылы
қамтамасыз ету мақсатында орта мерзімді перспективада кадр қажеттілігін болжау
тәсілдері жетілдірілетін болады;
4) экономикаға мемлекеттің қатысуын азайту арқылы бәсекелестікті дамыту (
квазимемлекеттік сектор объектілерін жекешелендіру, өңдеуші секторда жаңа
мемлекеттік компанияларды құруға тыйым салу, банкроттық институтын дамыту);
5) бизнесті әкімшілендіру деңгейін төмендету процесін жалғастыруды қоса алғанда,
ЭЫДҰ стандарттары бойынша инвестициялық ахуал қалыптастыру;
6) өңдеуші өнеркәсіпте, әсіресе басым секторларда инвестициялау және кәсіпкерлік
қызмет үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасаудың орындылығы туралы мәселені
пысықтау;
7) инфрақұрылымдық саясат - сапалы және бәсекеге қабілетті көліктік,
ақпараттық-коммуникациялық, ғарыштық, энергетикалық, коммуналдық және газ
инфрақұрылымына қолжетімділікті қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: |