3) каталог әзірлеу және басып шығару;
4) шетелде өкілдікті, сауда нүктесін, қойманы ұстау;
5) шетелде тауар белгілері мен өнімдерді тіркеумен байланысты рәсімдерді жүргізу;
6) өнімді шетелде сертификаттауға байланысты рәсімдерді жүргізу шығындары.
Қазақстандық экспорттық 3-4 бренд жасау және өткізу мақсатында мынадай
бағыттар бойынша жұмыс жүргізіледі:
1) консалтингтік және сарапшылық қолдауды тарта отырып, нысаналы нарықтарда
шатырлы брендтер жасау және ілгерілету;
2) нысаналы нарықтарда отандық өндіруші компаниялардың бәсекеге қабілетті
брендтерінің танымалдылығын ынталандыру (жарнамалық-таныстыру іс-шаралары,
сауда желілері мен сауда үйлері арқылы жылжыту);
6) экспорттаушыларды қаржылай қолдау.
Экспорттаушыларды кешенді қолдау мақсатында экспорттау операцияларын
коммерциялық және саяси тәуекелдерден сақтандыру, сондай-ақ экспорттық және
экспорт алдындағы қаржыландыру бөлігінде отандық экспорттаушы кәсіпорындарды
қолдау жөніндегі функциялары бар "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ еншілес ұйымының базасында
бірыңғай экспорттық агенттік - "ҚазЭкспортГарант" экспорттық-кредиттік сақтандыру
корпорациясы" акционерлік қоғамын (бұдан әрі - ҚазЭкспортГарант) құру мәселесі
пысықталатын болады.
ҚазЭкспортГарант құралдарының желісін кеңейту мәселесі пысықталады, онда
қаржылық-сақтандырушылық қолдау экспорттық және экспорт алдындағы
қаржыландыру арқылы экспорттаушылардың қаржыландыруға қолжетімділігін
ұлғайтуға ықпал етеді.
Бұдан басқа, ҚазЭкспортГаранттың экспорттық-кредиттік агенттік ретіндегі
мәртебесін жоғарылату мақсатында ҚазЭкспортГарантқа тәуекелдерді сақтандыру
сыйымдылығын ұлғайту тетігін ұсыну мүмкіндігі қаралатын болады. Сақтандыру
төлемдеріне кепілдік беру (заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша заңды тұлғаның
меншікті қаражаты жеткіліксіз болған кезде ғана жүзеге асырылуы мүмкін төлемдер)
және (немесе) жарғылық капиталды ұлғайту тетігі пысықталады.
Бұдан басқа, ҚазЭкспортГарантқа Экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы
ұлттық даму институтының экспорттаушыларды сервистік қолдау бөлігіндегі
функцияларын беру мәселесі пысықталады.
Барлық аталған шаралар Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне сай келеді,
атап айтқанда, ЭЫДҰ-ның негізгі қағидаттары мен стандарттарына сай келеді,
сондай-ақ назарды өз экспортын қолдау тетіктері мен құралдарын пайдаланатын
ДСҰ-ға мүше мемлекеттердің тәжірибесіне аударады.
Бұдан басқа, ЕДБ-ны қорландыру және "Даму" кәсіпкерлікті қолдау қоры" АҚ
субсидиялау есебінен экспорттық мәмілелерді қолайлы жағдайларда қаржыландыру
арқылы отандық өнімнің бәсекелік артықшылықтарын жоғарылату мақсатында
қаржыландырудан кейінгі мөлшерлемелерді субсидиялау тетігі пысықталады.
"Қазақстан Даму банкі" АҚ қызметі экспорттық әлеуеті жоғары ірі жобаларды
кредиттеуге, сондай-ақ өңделген тауарлардың экспорттық операцияларын кредиттеуге
бағдарланатын болады;
3) еңбек өнімділігін арттыру.
Еңбек өнімділігін ынталандыру жүйесін жетілдіру өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге
қабілеттілігінің өсуін айқындаушы фактор болады.
Бұл жұмыс нормативтік құқықтық құжаттарға өзгерістер арқылы шешілетін жүйелі
міндеттерді анықтауға бағытталған еңбек өнімділігін арттыру факторларын тұрақты
талдау негізінде жүргізілетін болады.
Еңбек өнімділігінің өзгеруін бағалау өлшемшарттарын мемлекеттік қаржылай
қолдаудың барлық құралдарын ұсына отырып, ұлттық басқарушы холдингтер және
даму институттары енгізеді.
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға
бағытталған мемлекеттік қолдау құралдары өңдеуші кәсіпорындарды және онымен
аралас өнімді көрсетілетін қызметтер секторы тарихи шығындарының орнын толтыру
арқылы өз құзыреттілігін, өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін арттыруға,
технологиялық процестерді жетілдіруге және т.б. бағытталған ұзақ мерзімді лизингтік
қаржыландыру және мемлекеттік қолдау шараларын беру арқылы өзінің өнімділігі мен
өндірісінің тиімділігін арттыруға ынталандыруды көздейді.
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға
бағытталған және өзінің бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыруға ұмтылатын
кәсіпорындарды сервистік және өзге қолдаудың негізгі құралы болып табылатын
мемлекеттік қолдауды оңтайландыру бойынша жұмыс жалғасады.
Осы жұмыс шеңберінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне "
ҚИДИ" АҚ - индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институтының базасында
шығындардың бір бөлігін өтеу түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады. Бұл
ретте, өтеуді ұсыну процесін қоғамдық сыртқы бақылау рөлі "Атамекен" ҰКП-ға
жүктелген. Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру операторы "Қазақстан Даму банкі"
акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БРК-Лизинг" акционерлік қоғамы болып
табылады.
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға
бағытталған мемлекеттік қолдау шеңберінде индустриялық-инновациялық қызмет
субъектілерінің шығындары өтелетін экономиканың басым секторларының тізбесін,
сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне ұсынылатын