Зертханалық жұмыс «КӨМІРТЕКТІ БОЛАТТЫ ТЕРМИЯЛЫҚ ӨҢДЕУ»
8.1 Жұмыстың мақсаты.
8.1.1 Көміртекті болатты термиялық өңдеу процесімен таныстыру
8.1.2 Болатты шынықтыру және босату кезінде көміртегінің мөлшеріне қарай қасиетінің өзгеруіне қорытынды беру
8.1.3 Термиялық өңделген болаттың қаттылығы суыну жылдамдығына байланысты өзгеруін анықтау.
8.2 Аспаптар мен материалдар
8.2.1 Зертханалық SNOL 8/1600 электрпеші.
8.2.2 Көміртекті болат үлгілері (эвтектоидтқа дейінгі, эвтектоидты, эвтектоидтан кейінгі).
8.2.3 Қаттылықты өлшеуіш құралдар (ТШ және ТК типті).
8.2.4 Болатты суытуға арналған сұйықтар (су және май) құйылған арнаулы ыдыстар.
8.2.5 Қысқыштар.
8.2.6 Егеу қағаздары.
Достарыңызбен бөлісу: |