Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 2019



жүктеу 338,05 Kb.
Pdf просмотр
бет11/22
Дата29.12.2019
өлшемі338,05 Kb.
#25384
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22

      Экономикалық саясаттың көрсетілген бағыттарын іске асыру жүргізіліп отырған 

индустрияландыру  саясатының  табысты  болуының  аса  маңызды  шарты  болып 

табылады.  Жоғарыда  көрсетілген  іс-шаралар  кешенін  толық  іске  асырмау  немесе 

тиімсіз  іске  асыру  Бағдарлама  шеңберінде  қол  жеткізуге  болатын  нәтижелердің 

төмендеуіне әкеледі.

      2016 жылдан бастап барлық көрсетілген бағыттар бойынша тиісті бағдарламалық 

құжаттарға  уәкілетті  органдар  индустриялық-инновациялық  қызметті  мемлекеттік 

қолдау  саласындағы  уәкілетті  органмен  және  бизнес-қоғамдастықпен  бірлесіп,  "

Атамекен" ҰКП үйлестіруімен әзірлеген өзгерістер енгізілетін болады.

            5.2.  Өңдеуші  секторды  қолдаудың  жүйелі  шаралары  мыналар  арқылы  іске 

асырылады:

      1) өңдеуші сектордағы инвестициялық ахуалды жақсарту.

            Жаңа  экономикалық  болмыс  (дамушы  нарықтардан  капиталдың  жылыстауы, 

шикізат  бағасының  құлдырауы)  жағдайларында  Бағдарлама  Қазақстанның  қолайлы 

инвестициялық  ахуалын  қалыптастыруға  және  тікелей  шетелдік  инвестицияларды 

тартуды  жандандыруға  бағытталады.  Ілгерілету  құралдарын  қолдана  отырып, 

Қазақстан  Республикасының  шетелдегі  инвестициялық  имиджін  қалыптастыру  және 

ілгерілету жөніндегі жұмыс күшейтіледі.

      Қазақстанның инвестициялық ахуалын жақсарту ЭЫДҰ стандарттарын енгізумен 

тығыз  байланысты.  Нәтижесінде  Қазақстан  2017  жылы  ЭЫДҰ-ның  Инвестициялар 

комитетіне  кіруді  жоспарлауда.  Осылайша,  Қазақстан  қабылдаған  ЭЫДҰ-ның 

ұсынымдары үздік әлемдік практикаға сәйкес болуға тиіс.

      Белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай шаралар көзделген.

      1. Кіру тобы:




      1) көші-қонды бақылау рәсімдерін жақсарту;

      2) шетелдік жұмыс күшін тарту рәсімдерін жетілдіру;

      3) визасыз режимді кеңейту.

      2. Фискалдық жүйе:

      1) салық және кеден заңнамасын әкімшілендіруді жетілдіру;

      2) трансферттік баға белгілеуді жетілдіру;

      3. Жүйелік құралдарды жақсарту:

            1)  Инвестициялық  штаб  шеңберінде  стратегиялық  инвесторлар  мен  ТҰК 

мәселелерін қарау;

      2) инвесторлар үшін "бір терезе" қағидаты бойынша қызметті жетілдіру.

            Инвестициялық  жобаны  іске  асыру  үшін  қажетті  көрсетілетін  мемлекеттік 

қызметтерді  ұсынуда  инвесторларға  жәрдем  көрсету  бөлігінде  орталық  мемлекеттік 

органдардың,  жергілікті  атқарушы  органдардың,  "Азаматтарға  арналған  үкімет" 

мемлекеттік  корпорациясының  және  басқа  да  ұйымдардың  өзара  іс-қимыл  жасауы 

арқылы инвесторлар үшін "бір терезе" қағидаты бойынша қызметті жетілдіру;

      3) "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп, өңірлік инвестициялық ахуалды жақсарту;

            4)  Қазақстан  Республикасының  Сыртқы  істер  министрлігінің  шетелдегі 

мекемелерінің жұмысын жандандыру;




      5) "Kaznex Invest" өкілдіктерін құру.

      Бұдан басқа, Қазақстанның қайта өңдеуші секторына кемінде 10 ТҰК тарту және 

ұлттық  экономикаға  қайта  инвестициялар  ағынын  ұлғайту  жөніндегі  міндеттер 

шешілетін болады.

      Алға қойылған міндеттерді іске асыру мынадай бағыттарда жүргізіледі.

            Бірінші  бағыт  -  "елдік  тәсіл":  басым  елдермен,  оның  ішінде  Қытай  Халық 

Республикасымен,  Ресей  Федерациясымен,  Иранмен  және  Түркия  Республикасымен 

инвестициялар тарту жөніндегі елдік бағдарламаларды іске асыру. Бұл ретте екіжақты 

инвестициялық  ынтымақтастықты  белсенді  ілгерілету  үшін  бірлескен  жобалардың 

тұрақты  мониторингі  жүргізіледі  және  Қазақстан  Үкіметі  мен  көрсетілген  елдер 

тарапынан әрбір жоба бойынша жан-жақты қолдау көрсетілетін болады.

      Екінші бағыт - жұмыс істеп жатқан инвесторларды қолдау (қайтадан инвестициялар

).  Кейіннен  жаңа  өнім  түрлерін  жасауды  немесе  жұмыс  істеп  тұрған  өндірістерді 

кеңейтуді  қайтадан  инвестициялау  үшін  инвесторларға  жан-жақты,  оның  ішінде 

туындайтын  проблемаларға  жедел  ден  қою  әрі  оларды  инвестициялық  омбудсменнің 

шешуі арқылы қолдау көрсетілетін болады.

      Үшінші бағыт - мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі - МЖӘ) тетігі арқылы 

инфрақұрылымдық инвестицияларды тарту.

      Инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік 

туралы  Қазақстан  Республикасының  жаңа  Заңы  қабылданатын  болады.  Бұл  МЖӘ 

саласындағы жобаларды белсенді іске асыруға арналған заңнамалық негіз.

            Бұл  үшін  жұмыс  инфрақұрылымдық  ірі  жобаларды  іске  асыруға 

шоғырландырылатын болады.

      Инвесторларды іздестіруді жеделдету мақсатында "Бәйтерек" ұлттық басқарушы 

холдингі"  акционерлік  қоғамының  (бұдан  әрі  -  "Бәйтерек"  ҰБХ"  АҚ)  жанынан 



жобаларды  қаржыландыру  және  әзірлеу  бойынша  дайындық  жұмыстарын  жүргізу 

ұйымдастырылады.

      Мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар кейіннен инвесторларды іздестіре 

отырып, іске асырылуы МЖӘ тетіктері арқылы жүзеге асырылатын жобалар тізбесін 

айқындауы қажет.

            Төртінші  бағыт  -  жекешелендіру.  Бұл  бағыт  шеңберінде  ел  экономикасын 

дамытуды  қаржылай  қолдаудың  жаңа  шараларын  енгізу  мәселесі  пысықталатын 

болады.


      Бұдан басқа, қазіргі кезде белсенді келіссөздер жүргізіліп жатқан Google сияқты 

технологиялық  ірі  компанияларды  тарту,  сондай-ақ  Фраунгофер  институты  және  т.б. 

сияқты  мамандандырылған  жетекші  ұйымдармен  бірлескен  кәсіпорындар  құру 

жоспарлануда.  Нәтижесінде  бұл  компаниялар  Қазақстан  үшін  зәкірлі  инвесторларға 

айналмақ.

      Экономиканы дамыту және инвестицияларды ынталандыру мақсатында қолайлы 

инвестициялық  ахуал  жасау  үшін  мемлекеттік  қолдаудың  мынадай  шаралары 

ұсынылатын болады.

      3.1. Бірінші деңгейдегі қолдау шаралары (базалық пакет).

            Инвестициялық  жоба  бойынша  инвестициялық  преференциялардың  мынадай 

түрлері ұсынылады:

      1) технологиялық жабдықты, олардың жиынтықтаушы және қосалқы бөлшектерін, 

шикізатты және (немесе) материалдарды импорттау кезінде кедендік баж салудан және 

инвестициялық  келісімшарттар  шеңберінде  шикізат  және  (немесе)  материалдар 

импортына салынатын қосымша құн салығынан босату;

      2) мемлекеттік заттай гранттар.




жүктеу 338,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау